Суық және ыстық басып емдеу әдістері жайлы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

1. Ыстықтық-суықтықпен емдеу әдістері туралы жалпы түсінік.

2. Пайданылған әдебиеттер.

Физиотерапия - грек тілінен аударғанда. Physis -табиғат; Therapeia -емдеу.

Организмге сыртқы ортаның кейбір табиғи, не қолдан жасалған физикалық факторларының әсерін және сол факторларды ауруды емдеу үшін, не алдын алу үшін қолдану әдістерін оқытатын ілім.

Табиғи физикалық факторларды қолдану өте ерте кезде іске аса бастаған. Бірақ ол кезде емдеу әдістеріне ғылыми негіз қаланбаған. Ол факторлардың негізін түсініп, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп қолдану біздің эрамыздың 17 ғасырынан басталады. Ал физиотерапия жеке пән болып жоғарғы оқу орындарында 20 ғасырдан бастап оқытыла бастады.

Ал малдәрігерлік тәжірибеде физикалық факторларды қолдану 20 ғасырдың 30-шы жалдарынан басталады.

Физикалық емдеу әдісін таңдап алу аурудың жағдайына байланысты жүргізіледі.

Малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер:

  • Ыстықтық-суықтықпен емдеу.
  • Механикалық әдістермен емдеу.
  • Электр тоғымен емдеу
  • Жарық сәулесімен емдеу

Соның ішінде біз тоқталатын әдіс ыстықтық-суықтықпен емдеу әдісі.

Ауруды емдеуде ыстықтық пен суықтықты қолдану өте көп тараған, ертеден келе жатқан әдістердің түріне жатады. Бұл әдістің негізгі мақсаты мал организмінде ауырған кезде болатын физиологиялық өзгерістерді қалпына келтіру.

Ыстықтық-суық ең бірінші кезекте терінің рецепторларына әсер етеді де, ол әсер шартты және шартсыз рефлекстер арқылы барлық организмге тарайды. Мал организмінің сыртқы ортаның ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай туғызады.

Ыстықтық пен суықтықты төмендегідей жағдайларда қолдануға болады.

Ыстықтық процедураларын: Қатерлі ісіктерде, қан аққан кезде, аневризмдерде, жүректің орны толтырылмайтын жеткіліксіздіктерінде.

Суықтықты процедуларын: Жедел іріңді процестерде, өлі тіңдер пайда бола бастағанда, қан азайғанда.

Пайданылған әдебиеттер.

1. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. К. Н. Қожанов. Алматы-2006. 66-бет

Жоспар.

1. Емдік балшықтармен емдеу әдістері.

2. Пайданылған әдебиеттер тізімі.

Ертеден келе жатқан су, минералды және органикалық заттардан тұратын қоспалармен емдеу әдісі.

Шипалы балшықтардың құрамында антибиотиктерге, витаминдерге, гормондарға, ферменттерге, бактериофагтарға. гистаминдерге ұқсас қосылыстар болады. Кейбір газдар мен радиоактивті заттардың юолуы да мүмкін. Шипалы балшықтардың емдік қасиеттері осы қосылыстардың организмге тигізетін әсерлерімен сипатталады.

Шипалы балшықтардың 4 түрін ажыратады:

  • Лай, өлі балшық (ил) -ащы және тұщы көлдердің теңіздерді түбінде кездеседі.
  • Сапропель немесе өлі балшықтың шіріген түрі - ашық су қойнауларында, көлдерде кездеседі.
  • Шым тезек (торф) - тұщы су қойнауларында, батпақты жерлерде өсімдіктердің ыдырап, шіруінен пайда болады.
  • Вулканнан, жанар таулардың қопарылысынан пайда болатын шипалы балшықтар. Олар ыстық күкіртті су көзі бар жерлерде кездеседі.

Шипалы балшықтар 3 бөліктен тұрады:

  • Кристалл қаңқасы- минералды заттардың ерімеген ұсақ бөлшектері.
  • Коллоидты фракциясы- кристалл қаңқасының ұсақ бөлшектерін біріктіріп тұратын жартылай сұйық зат.
  • Шипалы балшықтың ерітіндісі(рапа) -минералды заттардың судағы ерітіндісі. Балшықтардың химиялық құрамы осы ерітіндінің аз-көптігіне тікелей байланысты.

Шипалы балшықтың бөліктерін өзара проценттік қатынасы:

Құрамы
Ил
Торф
Сапропель
Құрамы: Кристалл қаңқа
Ил: 10
Торф: 39
Сапропель: -
Құрамы: Коллоиды
Ил: 20
Торф: 13
Сапропель: -
Құрамы: Рапа
Ил: 70
Торф: 48
Сапропель: 90-96

Шипалы балшықтармен емдеу үшін әртүрлі ванналар, жапсыру(аппликация), орау әдістері, тік ішек, қынап арқылы тамподндар қолданылады.

Емдеу жерлерінде табиғи жағдайға жуықтатылған, балшықтарды дұрыс сақтауға болатын арнайы, көлемді орындар болуы керек.

Оларды әдейілеп жасалған ағаш күбірлермен, бет жағына рапа(тұздық) құйып сақтайды және тасымалдайды. Қыста жылы жерде сақтайды. Қолданар алдында су ваннасында 55*-қа дейін қыздырады.

Малдың терісін жылы сумен жуып тазалайды да, құрғатып сүртеді. Қолданылған шипалы балшықты бөгде заттардан (ұсақ тастар, ұлутастардың қабыршықтары тазаланғаннан кейін, 50-52*-қа дейін қыздырады да, оны суық балшықпен 45*-қа жеткізеді. Бір рет қолданылған шипалы балшықты екінші рет қайта қолданбайды.

Қолдану ұзақтығы 1-1, 5 ай, күн аралатып, әрбір сеансының ұзақтығы 30-40 минуттан.

Процедурадан кейін малды жылы сумен жуып, құрғатып, үстін жылылап ұстайды.

Емдеу техникасы:

Саз балшық организмге физикалық, химиялық және биологиялық тиімділігі бар, жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігі өте төмен, созылмалы зат. Сұр және сарғыш балшықтардың қасиеттері мен әсерлері шипалы балшықтардың әсеріне жуық. Құрамында Na, K, Ca, Mg - катиондары; C16 So-4 - аниондары; HCO-3, Fe - қоспалары кездеседі.

Емдік ретінде оларды ыстық және суық түрлерінде пайдаланады. Ол үшін саз балшықты қою кілегей тәрізді етіп сезеді де денеге жағу арқылы, немесе брезент дорбаға салып аяққа кигізу арқылы емлеуге болады.

Саз балшықты 30-минут сайын ауыстырып отыру керек және 48-сағаттан артық қолдануға болмайды.

Пайданылған әдебиеттер тізімі.

1. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. К. Н. Қожано. Алматы-2006 ж. 71-74 бет аралығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суық пен ыстық басып емдеу әдістері
Дифференциалды диагнотикасының Ба-ган Инь-ЯН, сыртқы және ішкі, суық және ыстық, толық және бос кеңістіктің негізгі қағидалары
Дәстүрлі емдеу әдістері
Суық және ыстық басып емдеу әдістері. емдік балшықтар және емдеу әдістері жайлы
Суық және ыстық басып емдеу әдістері. Емдік балшықтар және емдеу әдістері
Емдік балшықтар және емдеу әдістері
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері туралы
Суық және ыстық басып емдеу әдістері
ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz