Хирургиялық ауруларды емдеуде новокаин блокадасын қолдану жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Хирургиялық ауруларды емдеуде новокаин блокадасын қолдану.
Орындаған : Қатренова Г.
Тобы : ВМ-201
Тексерген: Жакиянова М. С
Семей қаласы 2015
Жоспар :
1. Новакаин блокадасын қолдану әдістері.
2. В. В. Мосиннің плевра үстіне жүргізілетін новокаин тосқауылы
3. А. А. Варганов бойынша новокаинді жамбас қуысына жіберу.
Новакаин блокадасын қолдану әдістері.
- Новокаин блокадалары. Ең алғаш медицина саласында негізін қалаған А. В. Вишневский (1933) . Оның негізі организмдегі құбылыстарды реттейтін вегетативті жүйке жүйесін орталық нерв жүйесінен бөліп тастау - блокадалау.
Малдәрігерлік тәжірибеде новокаин және соған ұқсас дәрілердің ертінділері пайдаланылады. Ішкі жұқпалы емес ауруларда қолданылатын блокадалар:
- А. И. Федотов пен Н. А. Уразаев ұсынған мойын тұсындағы симпатикалық жұлдызды түйінді блокадалау өкпе ауруларын емдеуде жақсы нәтиже береді.
- В. В. Мосин ұсынған екі жақты эпиплевральды блокада ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеуде қолданылады.
- И. Я. Тихонин ұсынған белдеме, немесе бүйрек маңайының блокадасы асқазан мен ішек ауруларында, кейбір шаншу құбылысымен сипатталатын ауруларда қолданылады.
Бұл әдісті іріңді процестер кезінде, организмдегі маңызды ағзалар жұмысы бұзылғанда, мал жалпы әлсіреген кезде қолдануға болмайды.
В. В. Мосиннің плевра үстіне жүргізілетін новокаин тосқауылы
Тосқауылдың маңызы: бұл тәсілдің маңызы диофрагманың ұшынан плевра үстіндегі дәнекер ұлпасына 0, 5% новокаин ертіндісін жіберуде. Симпатикалық түйіннің шекара бөлігі және нервтері тосқаулданады. Блокаданы қолданатын көрсеткіш: эндометрит, сервицид, вагинит, аналық жыныс бездерінің кистасына, мезгілсіз болған толғатуға қарсы, жатыр мойынының қатты жиырылуына, шудың түспейіне, жатыр субинвалюциясына, қынаптың және жатырдың айналып кетуіне, тас қарынның атониясына, желінсау және гастритке қарсы қолданады. Тосқауыл (блокада) жасау әдісі. Саусақтың ұшымен соңғы қабырғаның алдыңғы жағынан өтетін сызықпен арқаның ұзын етінің қиылысқан жерін табады. Одан соң инені теріден өткізіп омыртқаның денесіне 30-35о С көлбеулікпен салады. Ол үшін мандрені бар инекция инесін қолданады. Егер мандренді алғаннан кейін инеден қан ағып, кеуде қуысына ауа сорылмаса, инеге жылытылған новокаин ерітіндісі бар шприцті жалғайды. Новокаинді жіберген кезде инені кері тартып, қайтадан плевра үстіне қарай итереді. Иненің дұрыс орналасқанына көз жеткізу үшін шприцтен босатып қараған
жөн. Егер инеден алған сайын тамшы шықса, онда иненің дұрыс орналасқанына күмән болмайды. Егер ертінді кедергісіз поршеннің 46 салмағымен енсе ерітінді плевра үстіне емес, кеуде қуысына кеткені. Бұндай
жағдайда инені кері тарту қажет. Новокаинді малдың 1 кг салмағы 0, 5 мл
енгізеді. Новокаин ерітіндісінің жалпы дозасын екіге бөліп сол және оң жағына егеді. Керекті жағдайда блокаданы 5-7 күн өткен соң қайталайды.
С. Г. Исаевтың құйымшақалды тосқауылы (прескралды блокадасы) . Тосқаулдың маңызы; новокаиннің 0, 5 % ептіндісін тік ішек жанындағы дәнекер ұлпасына жіберу арқылы симпатикалық және құрсақ асты нерв шоғырынан кететін нервтерді тосқаулдау. Блокаданы қолданатын көрсеткіш; туу кезінде жатыр мойнының ашылмай қалуы, жатыр, ұрық жолы, аналық жыныс бездері қабынған кезде, шуы түспегенде. Блокада жасау әдісі. Сиырдың арқасының деңгейіне дейін құйрығын көтереді. 15 см инені құйрық асты мен тік ішектің арасынан қадайды. Одан соң иненің ұшын 10-15 см 5-100 оң жаққа бағыттан алға жылжытады да, 0, 5%новакаин ерітіндісінің жалпы дозасының жартысын жібереді. Жалпы дозасы малдың 1кг салмағына 1мл-ден. Одан соң сол жаққа жоғарыда аталған ерітіндінің қалғанын егеді. Жатыр мойны ашылмағанда және шу түспегенде 24 сағаттан соң, ал басқа ауруларда 3 күннен кейін қайталайды.
А. Д. Ноздарчев бойынша жамбас нерв шоғырына тосқауыл жасау . Сиырда қатар орналасқан дәнекер ұлпасынан тұратын қос жамбастық қуыс болады. Ол арқылы жыныстық, гемаройдалдық нерв өтеді. Бұл блокаданың маңызы осы аталған нервтерді тосқауылдау. Блокаданы жасайтын көркесеткіштер; қарқынды толғату кезінде, жатыр мойнын ашу үшін, патологиялық тууда, жыныс органдарына операция жасағанда (қвнаптың айналуы, жатірдың түсуі, кесер тілігін жасағанда, сонымен қатар эндомитритке қарсы, шу түспегенде) . Жыныстық және геморойдалдық нервтер уақытша жансызданады. Тосақуыл жасау әдісі: инені құйымшақ сүйегінің 3-ші омыртқасының тұсынан қадайды (ең жоғарғы нүктесі), одан 5-8см сыртқа қарай 15 см инемен теріні тесіп, құйымшақ сүйегінің шетіне дейін апарады. Одан соң инені әрі қарай 1-2 см енгізеді. осы кезде құйымшақ- шоңданай тарамысы оны өзіне тән, ұлпаның тығыздығынан және иненің «түсіп» кетуінен байқауға болады. Иненің дұрыс орналасқанына көз жеткен соң алдымен беретін 0, 5 % новакайннің жылы ерітіндісінің жарты дозасын жібереді (1 кг салмаққа 1мл), дозаның екінші жартысын екінші жағына жібереді. Блокаданы 48-72 сағаттан кейін қайталайды. Төменгі құйымшақ (сакралды) анестезияси. Тосқауылдың маңызы; новакаин ерітіндісін бірінші және екінші құйрық омыртқаларының ортасынан жұлын айналасына жіберу арқылы жатыр мойнының қынаптың нервтерін уақытша жансыздандыру. 47 Блокаданы жасайтын көрсеткіштер: жатыр мойнының жиырылуы, қатты толғатқа нда, жатырдың және қынаптың айналып түсуінде, шу түспегенде. Анестезия жасау әдісі: инені сиырдың бірінші және екінші құйрықомыртқалары доғасының ортасынан шаншиды. Ине қадау орнын белгілеу үшін құйрықты жоғары және төмен қимылдатады, сол кезде бірінші және екінші құйрық омыртқаларының ортасында ойпат пайда болады. 1 мм диаметрлі инені доғааралық байланысқа қарайбағыттайды. Инені малдың қоңдылығына байланысты 2-4 см дейін кіргізеді. Иненің дұрыс орналасуына көз жеткен соң (иненің тесікінен қан ақпайды) оған шприц жалған эпидуралық қуысқа новакайннің 10-15 мл жылы ерітіндісін жібереді. Новокаиннің дозасын былай белгілейді: жамбас сүйегінің басынан шоңданай төмпешігіне дейінгі жүргізілген сызықты үшке бөледі. Мысалы, аталған аралық 42 см, оны үшке бөлеміз, сонымен новокайннің дозасы 14 мл- ге тең (төменгі сакралды анестезия) . Егер доза асып кетсе (20 мл-ден жоғары) малдың артқы аяқтары парезге ұшырап, құлап түседі (жоғары сакралды анестезия) .
Д. Д. Логовинов бойынша новокаинді қолқаға жіберу. Тосқаулдың маңызы: жыныс мүшелерінің нервтеріне қан арқылы әсер ету. Көрсеткіштері: шудың түспей қалуы, жатыр субинвалюциясы, жіті қабыну процестері. Енгізу әдісі: қолқаға пункция жасау үшін 20198 -ші инені мандренмен қолданады. Инені оң жақтан 4-5-ші белдеме омыртқаларының қанатының арасына жон ортадан өткен сызықты бір алақан (7-8 см) орын қалдырып, инені 25-30 0 көлбеулікпен омыртқаның денесіне тірелгенше итереді. Содан кейін инені кері қарай тартып, төменірек алып, 2-4 см дейін тереңдетеді. Егер қолқа тесілсе мандрендіалған соң инеден қан шапшып шығады. Кейін инеге және шприцін резина түтік арқылы жалғап, поршеннің күшімен жайлап новокаиннің 100 150 мл жылы ерітіндісін жібереді. Керек жағдайда 1% ерітіндісінің орнына10%новокаиннің 10мл дозасын егеді. Қабыну процесін емдегенде инекцияны араға 2-3 күн салып қайталайды.
А. А. Варганов бойынша новокаинді жамбас қуысына жіберу. Тосқауылдың маңызы: жамбас қуысына жіберу нәтижесінде новокаин жыныс мүшелерінің нервтеріне әсер етеді. Көрсеткіштері: жыныс мүшелерінің қабынуы, аналық жыныс бездерінің кистасы, жатырдың айналып түсуі және субинвалюциясы, шудың түспеуі. Енгізу әдісі: малдың оң және сол жағынан И -33 инесімен (6 см-ге дейін қысқартылған) төртінші құйымшақ омыртқасының тұсынан денесінің орта сызығынан 10-15 см аластатып инені жон ортасынан 400 көлбеулікпен енгізеді. Теріні тесіп иненің ұшы ұлпа аралығынан жамбас қуысына өткенше 48 итереді, тарамысты тескен соң инені 1 -1, 5 см тереңдетңп екі жағында да 1% новокаин мен антибиотиктердің қоспасын егеді, 48 сағаттан кейін көрсеткіштерге қарап егуді қайталайды.
М. М. Сенкиннің пранефралды тосқауылы (И. Г. Морозов дамытқан) Тосқаулдың маңызы: бүйрек айналасындағы май торына новокаинді енгізіп, сол жердегі вегетативтік нерв жүйесінің елементтеріне (талшықтарына, түйіндеріне, тарамыстарына) әсер ету. : шудың түспеуі, туғаннан кейінгі жіті эндометрит, жатыр субинвалюциясы. Тосқауыл әдісі: блокаданы оң жақтан жасайды. Малдың оң жағынан 2-3- ші бел омыртқаларының қанатының арасынан ұзыннан жатқан жон арқаның сызығынан 8-9см төмен алып, 1-15 см мандрені бар инені 850 көлбеулікпен енгізеді. Инені 3-4 см тереңдікке енгізеді, одан соң резинка түтігін жалған және шприцімен новокаиннің ерітіндісімен егеді. Блокаданы 5-7 күннен кейін қайталайды. Новокаиннің 0, 5 % ерітіндісін малдың 1 кг тірі салмағына 1 мл-ден қолданады. Жатыр айналып түскенде қолданылатын
Д. Д. Логвиновтың тосқауылы Тосқауылдың маңызы: айналып түскен жатырдың сірлі қабатына новокаин ерітіндісін жіберіп, онда орналасқан нерв ұштарын жансыздандыру. Көрсеткіштері: жатырдың айналып түсуі. Тосқауыл әдісі: айналып түскен жатырды арнайы тазалаудан өткізген соң оның кілегей, етті, сірлі қабатын 15 см инемен тесіп, сірлі қуысына 1% ерітіндісін (100-150 мл) егеді. Г. С. Фатеевтің тосқауылы. Тосқауылдың принцпі: жіберілген новокаиннің тік ішек және жыныс нервтеріне әсер етуі (тік ішек пен жатыр мойнының арасындағы кеңістікке) . Көрсеткіштері: шудың түспеуі, жатыр субинвалюциясы, эндометриттер, вестибулиттер, вагиниттер, желінің артқы бөлігінің қабынуы. Тосқауыл әдісі: қан алуға арналған 7-8 см Бобров инесінқолданады. Құйымшақ шоңданай ойпатының алдыңғы жағынан 3-4 см жанына алдыңғы аяқтың тізе буындарына қарай инені 4-5 см-ге енгізеді. Жалпы дозасы 300-350 мл новокаиннің 0, 5% ерітіндісі. Аталған доза екіге бөлініп, екі жақтан егіледі. Бір малға новокаинді 30-50 ӘБ окситоцинмен қосып қолдануға болады. Жалпы доза екіге болінеді. Блокада екі жақтан жасалады. 49 Емдеудің хирургиялық тәсілдері. Бұл тәсілдерде айналып түскен жатыр мен қынапты орнына салып жыныс ернеуін тігу, шуды қолмен алып тастау, пересистенттік сары денені сығып тастау, аналық жыныс безінің кистасын езіп тастау, фетотомия және кесар тілігін жасау жатады. Гормоналды, ваготропты препараттармен және басқа тәсілдермен емдеу. Жыныс қызметін күшейту үшін түрлі гормоналды, ваготропты (нейротроптық) препараттарды қолданады. Гормоналды препараттармен емдеуге: синестрол, прогестерон, фоликулин, буаз биенің қанының сары суы, гравогормон, пититурин, және окситоцин жатады. Аталған эстрогендік препараттарды нейтроптық препараттармен қатар қолданса, олар дамуын күшейтіп, шырыш ақтырып, жатыр мойнын ашады, тонусын арттырады, соның салдарынан жатыр қуысы керексіз сұйықтардан тазартылады. Гонодотроптық препараттарды аналық жыныс бездерінің қызметі төмендегенде, ұзаққа созылған эндомитриттерде, персистенттік сары дене болғанда және аналық жынысбездерінің кистасында қолданады. Етке және тері астына егілетін дозасы 2500-3000 ӘБ. Азықтандыру нашар болған кезде аталған препараттар нәтиже бермейді. Прогрестеронды аборттық (іш тастаудың) алдын алу үшін қолданылады. Қолдану дозасы және егілу жиілігі потологиялық процестің өтуіне байланысты. Питиутрин, окситоцин гормондары жатрдың бұлшық етінің жиырылуына әсер етеді. Іш тастау және эндометрит болғанда атлған дәрілер 40-60 ӘД дозасында бұлшық етке
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz