Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Мазмұны
Кіріспе
I.тарау
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы
сипаттама.
II.тарау
Егін шаруашылығының түрлері және оның агро өнеркәсіп
кешенінде алатын орны.
III.тарау
Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп
кешенінде алатын орны.
IV.тарау
Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының даму жолдары
мен проблемалары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.

Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік бағдарламасын бүкіл еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және өнеркәсіптің салаларын шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе, агроөнеркәсіптік кешеннің әр түрлі салаларының дамуымен анықталады. Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», «дәнді дақыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығы кәсіпорындары», ұғымдары төңірегінде қалыптасады. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы салаларымен таныс боласыздар. ХХ ғасырда дүние жүзілік шаруашылықтың дамуындағы маңызды кезең ғылыми техникалық прогреске (ҒТП) байланысты өнеркәсіптік кешендердің кіріктірілуі (АӨКК). Бұл процесс Қазақстан шаруашылығына да әсерін тигізеді. АӨКК – тің басты факторлары, негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған және қайта өңдеуден өткізілген тағам өнімдері мен халық тұынатын тауарларға деген сұраныстың артуы. ХХ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзілік агроөенркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі мен өзара байланыс формалары саяси және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әр түрлі болады. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың ас маңызды бағыты болып отыр. Ал, ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары - өсімдік және мал шаруашылығы бір – бірімен тығыз байланысты және іс жүзінде бірін – бірі толықтырып отырады. Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісінің салалық құрылымында өсімдік шаруашылығы басым, оның үлесіне ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің 56,9 % - ы, тиесілі. Өсімдік шаруашылығы мәдени дақылдар түріне қарай; дәнді техникалық, жемшөптік, бау – бақша дақылдары болып бөлінеді.
Республикамыздың ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығының маңызы зор. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 43,1 % - ы осы мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығының басты саласына қой мен ешкі, ірі – қара мал (етті –сүтті ірі қара), жылқы және түйе шаруашылығы жатады. Агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларына; тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп жатады. Тамақ өнеркәсібі – халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Тамақ өнеркәсібінің ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері, балық, кондитер, шарап жасау т.б. салалары дамыған. Тамақ өнімдері еліміздегі азық – түлік өнімдерінің 90 % - ын құрайды. Жеңіл өнеркәсіп Республика аумағында әркелкі тараған. Оның түрлі салалары мен кәсіпорындары шикізат көзіне, маман жұмысшы күші мен тұтынушы аудандарға жақын орналасады. Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі – тоқыма өнеркәсібі.

Пайдаланған әдебиеттер
1. М.Ш. Ярмухамедов Экономическая география Казахской ССР. А. Мектеп 1975
2. Э.А. Туркебаев, Б. Двоскин, К. Исентаев. Проблемы региональной эконо -
мики Казахстана. Изд. «Қазақстан» 1977
3. Э.А. Туркебаев, Б. Двоскин. Экономические проблемы развития террито –
риально – производственных комплексов. Изд. Наука 1982
4. Б. Двоскин. Экономика – географическое районирование Казахстана. Изд. Наука 1986
5. Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Алматы 1983
6. У. Есназарова. Қазақстанның физикалық және экономикалық география –
сын оқыту. Алматы Рауан, 1994
7. Маңғыстау энциклопедиясы. Алматы 1997
8. Ақмола энциклопедиясы. Алматы 1995
9. Е.Р. Ердаулетов. Экономическая социальная география Казахстана.
Алматы 1997
10. Н.Н. Карменова. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік геогра –
фиясының лабороториялық сабаққа арналған оқу құралы.
11. Қарағанды энциклопедиясы. Алматы 1985
12. Қазақстан Республикасының 2003 – 2005 жылдарға арналған мемелекет –
тік аграрлық азық – түлік бағдарламасы. Алматы 2003
13. Қазақстан агроөнеркәсібі. Рауан 1990
14. «Ақиқат» 2004 № 2
15. «Ақиқат» 2002 № 3
16. Қазақстан энциклопедиясы.

I-тарау
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы
сипаттама.
II-тарау
Егін шаруашылығының түрлері және оның
агро өнеркәсіп
кешенінде алатын орны.
III-тарау
Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп
кешенінде алатын орны.
IV-тарау
Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының даму жолдары
мен проблемалары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның
ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені –
еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі
құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың
жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік
қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық
табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік бағдарламасын бүкіл
еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және өнеркәсіптің салаларын
шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе, агроөнеркәсіптік кешеннің әр
түрлі салаларының дамуымен анықталады. Бұл тақырыпта агроөнеркәсіптік,
ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығына жарамды жер, жайылым, егістік
жер, өсімдік және мал шаруашылығы, дәнді дақыл шаруашылығы, ауыл
шаруашылығы кәсіпорындары, ұғымдары төңірегінде қалыптасады. Сонымен қатар
агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, оның
ішінде өсімдік және мал шаруашылығы салаларымен таныс боласыздар. ХХ
ғасырда дүние жүзілік шаруашылықтың дамуындағы маңызды кезең ғылыми
техникалық прогреске (ҒТП) байланысты өнеркәсіптік кешендердің кіріктірілуі
(АӨКК). Бұл процесс Қазақстан шаруашылығына да әсерін тигізеді. АӨКК – тің
басты факторлары, негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған
және қайта өңдеуден өткізілген тағам өнімдері мен халық тұынатын тауарларға
деген сұраныстың артуы. ХХ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзілік
агроөенркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі мен өзара
байланыс формалары саяси және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктерінің
анықталуына байланысты әр түрлі болады. Қазақстанның агроөнеркәсіптік
кешенін дамыту аграрлық саясаттың ас маңызды бағыты болып отыр. Ал, ауыл
шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Ауыл шаруашылығының
негізгі салалары - өсімдік және мал шаруашылығы бір – бірімен тығыз
байланысты және іс жүзінде бірін – бірі толықтырып отырады. Еліміздің ауыл
шаруашылығы өндірісінің салалық құрылымында өсімдік шаруашылығы басым, оның
үлесіне ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің 56,9 % - ы, тиесілі. Өсімдік
шаруашылығы мәдени дақылдар түріне қарай; дәнді техникалық, жемшөптік, бау
– бақша дақылдары болып бөлінеді.
Республикамыздың ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығының маңызы
зор. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 43,1 % - ы осы мал шаруашылығына
тиесілі. Мал шаруашылығының басты саласына қой мен ешкі, ірі – қара мал
(етті –сүтті ірі қара), жылқы және түйе шаруашылығы жатады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларына; тамақ өнеркәсібі мен жеңіл
өнеркәсіп жатады. Тамақ өнеркәсібі – халықтың тағамға деген сұранысын
қанағаттандырады. Тамақ өнеркәсібінің ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері,
балық, кондитер, шарап жасау т.б. салалары дамыған. Тамақ өнімдері
еліміздегі азық – түлік өнімдерінің 90 % - ын құрайды. Жеңіл өнеркәсіп
Республика аумағында әркелкі тараған. Оның түрлі салалары мен кәсіпорындары
шикізат көзіне, маман жұмысшы күші мен тұтынушы аудандарға жақын
орналасады. Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі – тоқыма
өнеркәсібі.
I - тарау
Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама.
Аграрлық сөзі ( латын тілінде agrarius) – жер, жерді игеру, жерді
пайдалану деген ұғымды білдіреді. ХХ ғасырдың екінші жартысында
дүниежүзілік агроөнеркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі
мен дара байланыс формалары саяси және әлеуметтік – экономикалық
ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әртүрлі болады. Қазақстандағы
агроөнеркәсіптік кешеннің құрылу кезеңі 1985-1990 жылдарға сәйкес келеді.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса
маңызды бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті –
елімізді азық – түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен
қамтамасыз ету.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенге – ауыл шаруашылығы шикізатын қайта
өңдеу, сақтау, тұтынушыға жеткізу жатады. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің
дамуын қамтамасыз ететін (ауыл шаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібі,
минералдық тыңайтқыштар өндіру кәсіпорындары) басқа да салалары бар.
Аграрлық өнеркәсіптік кешен – республика шаруашылығының жетекші
саласының бірі.
Агроөнеркәсіптік интеграция процесінің дамуы Қазақстанда бірнеше
кезеңде жүргізіледі. Ол тарихи сатылардың қарапайым түрінен барынша күрделі
түріне дейін қамтыды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу, азық –түлік
салғыртын, азық – түлік салығымен алмастыру мемлекет пен шаруалар
арасындағы экономикалық байланыстар сипатын түбірінен өзгертті. Басқарудың
экономикалық тәсілдерін қолдану ауыл шаруашылығын қайта құру мен
кооперативтік жоспарды ойдағыдай жүзеге асыруда шешуші маңызға ие болды.
Ауыл шаруашылығы өндірген шикізатты қайта өңдеу тек ауыл шаруашылығы
кооперациялары мен тұтыну жүйесінде ғана жүзеге асырылды. Ал бұл
салалардың күш –қуаты әлсіз болатын.Агроөнеркәсіптің кешенінің дамуындағы
көптеген өзгерістер коллективтендіруді аяқтау, маши-на – трактор
станцияларын құру, ірі – ірі егін және мал шаруашылығын ұйымдастыру
кезеңімен байланысты.Ауыл шаруашылығының кейбір салаларын дамытуды
жеделдету үшін арнайы мамандандырылған мал өсіретін, сүт өндіретін, егін
шаруашылығымен айналысатын, сөйтіп осының негізінде мал өсіруші, қой
өсіруші деген сияқты және басқа да көптеген мамандандырылған мемлекеттік
бірлестіктер ұйымдастыруға бағыт алынды. Агроөнеркәсіптік кешеннің
қалыптасуының осы кезеңіне ауылшаруашылығының басқа да салаларға
тәуелділігінің аздығы, берік байланысты дамытуға ұмтылудың жетімсіздігі тән
еді. Агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастырудыңформасы мен мазмұны жағынан
бүтіндей ерекше түрі басқару трестік жүйесінен территориялық -
өндірістік құрылымына көшу болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік комплекстің барлық салаларының
материалдық – экономикалық базасындағы саналы өзгерістер мен ілгерілеушілік
болды.Аграрлық өндіріс жоспарлы түрде машиналы ірі индустрияға көшіріле
бастады, шаруашылық аралық кооперация мен агроөнеркәсіптік интеграция
дамыды. Республикалар мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеттері мен өлкелік,
облыстық комитеттері, сондай-ақ аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктері
құрылды. Енді еліміздің әртүрлі аудандарында ғылыми өндірістік
бірлестіктер, өндірістік жүйелер құрыла бастады.Олардың бір – бірінен
айтарлықтай ерекшеліктері болғанмен, бәрінің де мүдделері ортақ.
Біріншіден, ғылым мен тәжірибе тығыз байланысты болып, ғылыми жаңалықтардың
өндіріске барар жолын қысқартса,екінші жағынан серіктестер арасындағы
кооперативтік келісім – шарт негізіндегі байланыстар өзара шаруашылық
есепке қызығушылық пен жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Агроөнеркәсіптік
комбинаттар; бірлестіктер, фирмалар ғылыми өндірістік
және өндірістік жүйелер, шаруашылық есеп пен мердігерлік әдіске көшкен әр
түрлі фирмалар біздің аграрлық экономикамыздағы шын мәніндегі жаңа
құбылыстар болып отыр.Егін шаруашылығы мен өнеркәсіпті ұштастыру және
агроөнеркәсіптік өндірісті басқарудың жаңа түрлерінің артықшылық-тары
былай сипатталады: біріншіден бұл жаңалықтарды дұрыс пайдалану
нәтижесінде шынайы интеграция, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сатып
алудың; сақтаудың, қайта өңдеудің және тағамдық дайын азық–түліктерді
сақтаудың бірыңғай процесі қамтамасыз етіледі.Бірлестіктердің және оның
құрамына енетін шаруашылықтар мен кәсіпорындардың экономикалық жағдайы,
оған қоса агроөнеркісіптік кешеннің қызметкерлерінің материалдық жағдайының
жақсы дамуы өндірілген өнімнің айтарлықтай бөлігін тұтынушыларға тікелей,
дүкендер арқылы сатуға байланысты болғандықтан, шикізатты қайта өңдеу мен
тағамдық азық – түліктердің сапасына деген көзқарас пен қамқорлық
артады.Агроөнеркәсіптік құрамалардың еңбек коллективтерінің материалдық
жағдайларының жақсаруы мен әлеуметтік мәселелерінің шешілуі түпкі өнімдерді
сатуға түгелдей байланысты болып отырған жағдайда өндірісті ұйымдастыруды
шын мәніндегі шаруашылық есеп пен өзін - өзі қаржыландыру принципінде
жүргізуге итермелейді және мәжбүр етеді.
2002-2003 жылдары Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін негіз
бола алатын екі құжат қабылданды. Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылға
арналған мемелекеттік аграрлық азық – түлік бағдарламасы және 2010 жылға
дейін салалық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Оларда
агробизнесті оңтайлы құрылымы қалыптасуымен агротехнология деңгейінің
өсуімен ауыл шаруашылық өндірісінің маркетингтік стратегияға көшуімен,
ішкі рынокте импорт алмастырумен, алыс және жақын шетелдерге экспорттың
артуымен селоның әлеуметтік дамуының шапшаңдауымен байланысты қаралған. Ал
бұған ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге түсуіндегі (конкуренция)
қабілеттілігін арттыру және өндірісті диверсификациялау жолымен ғана қол
жету мүмкін еді.
Ауыл шаруашылығы – агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Ауыл
шаруашылығында экономикалық белсенді халықтың жартысы еңбек етеді.
Экономикалық белсенді халық (ЭБХ) дегеніміз - қоғамдық өндірісте жұмыс
істейтін (қызмет көрсету саласы мен жеке шаруашылық иелерін қоса
есептегенде) халықтың бір бөлігі. Қазақстандағы жер реформасына байланыс ты
ауыл шаруашылығы үш санатқа бөлінеді. Олар: ауыл шаруашылығы кәсіпорыны,
шаруа шаруашылығы және халықтың жеке шаруашылығы.
1) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыл шаруашылығы салаларының негізгі
қызметін атқаратын заңды түрде жұмыс жасайтын ұйым.
2) Ал шаруа шаруашылығына ауыл шаруашылығына жарамды жерлер пайдаланып,
отбасылық еңбек бірлестіктерін құру, ол жерлерге ауыл шаруашылығы өнімдерін
егіп, одан өнім алу жатады.
3) Халықтың жеке шаруашылығына олардың жеке бау – бақшалары, саяжайға
бөлінген жері және олардан алын-ған өнімдері жатады.
Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен ерекшелігі – ол табиғатқа, топырақ
пен ауа райы жағдайына тәуелді. Ауыл шаруашылығы өндірісі жер ресурс-тарына
негізделген. Ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер бөлігі
ауыл шаруашылығына жарамды жер деп атала-ды. Оның құрамына жайылым,
егістікке жарамды жер мен пішендемелік жер кіреді.
Жайылым жер дегеніміз – мал жайылымы үшін пайдаланылатын ірі қара мал
жаюға қолайлы ауыл шаруашылығына жарамды жердің бір бөлігі.
Егістік жер – дегеніміз көп жылғы шөптесін және ауыспалы мәдени
дақылдарды егуге жарамды жер.
Пішендемелік жер – пішендеме шабу үшін жүйелі түрде пайдаланылатын
жер. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары - өсімдік және мал шаруашылығы
бір–бірімен тығыз байланысты және іс жүзінде бірін –бірі толықтырып
отырады. Қазақстанда ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы ежелден
негізгі өндіріс саласы болып келеді. Қазақ жерінде біздің заманымыздан
бұрын 2- жылдық-тан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту
үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой,
ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте
аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел
– археологиялық қазбалардан табылған қыш құмыралардағы арпаның, бидайдың,
тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Себебі тастан,
ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек
өзен, көл жағасындағы жерлер өңделді. ХХ ғасырдың 50 жылдарынан 90
жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылық құрылымының негізін кеңестік
шаруашылықтар мен ұжымдық шаруашылықтар құрады. 1990 жылдан бастап
республиканың өнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік – экономикалық
өзгерістер болды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған
жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағында 149,1 млн га жер бар.
Оның 25,7 млн га егістік, 3,6 млн га шабындық, 103,5 млн га-ы жайылымдық
(1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру және
ұжымдар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. 1997ж. Қазақстанда жалпы
саны 42335 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі
шаруашылық серіктестіктері, 701-і акционерлік қоғамдар, 3714- і өндірістік
кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-і мемлекеттік
кәсіпорындар. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын
ғана өзгеріс-ке ұшыратып қоюға ғана жоқ, сонымен бірге оларды жедел
дамытуға,өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға
мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылық салалары бойынша жалпы өнім құны
705,4 млрд теңгеге жетті (1997ж.). Оның 41,5% -ы мал шаруашылығы үлесіне
тиеді. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21,5 млн
га оның ішінде дәнді дақылдар 15,7 млн га болды. Бидай 11,5 млн га, күріш
65,2 мың , жүгері 69 мың га қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың
га, күнбағыс 223,9 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал азық дақылдары 5,4 млн
га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі – 12,4 млн т құрайды.
Оның ішінде бидай 8,9 млн т, күріш 255,0 мың т, қант қызылшасы 139 мың т,
жүгері ұны 111,2 мың т, мақта 198мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1,5 млн
т, көкеніс 880 мың теңге болады. Ауыл шаруашылық дақылдарының әр га-дан
түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант
қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц,
көкеністен 100.6 ц болады. 1997 аяғында ірі қара малдың саны 4,4 млн, оның
ішінде сиыр 2,2 млн, қой мен ешкі 10,9 млн, жылқы 7,7 млн, құс 15,9 млн
болды. Ет 1,3 млн т, сиыр сүті 3,2 млн т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде
өндіріледі. (Қазақстан энциклопедиясы бойынша).
Нарықтық саясат кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы елеулі
өзгерістерді бастан кешті. Мал шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны төмен
болғанымен бірақ, олардың өскіні, ал өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өсу
қарқыны жыл сайын елеулі өзгеріп отыратынын, өйткені, ол табиғи – климаттық
жағдайлардың қандай болуына бағынышты екенін байқауға болады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы өндірістік – шаруашылық ара
қатынасының тұрақсыздығы, ауылға мемлекеттік қолдаудың – тоқтатылуы,
инфляцияның шарықтап кетуі, несие ресурстарының қымбаттауы, сондықтан
оларға өнім иелерінің қол жетпеуі, төлемеушіліктің өсуі, ауыл шаруашылығы
өнімдері оған қажетті ресурстардың бағалары арасындағы теңсіздіктің аса
үлкен болғаны себепкер болды. Сала өніміне деген сұраныстың шектелуі – ауыл
шарушылығының негізгі проблемасына айналды. Нарықтық реформалар кезіндегі
Қазақстанның аграрлық азық – түлік кешеніне тән ерекшелік халықтың жеке
қосалқы шаруашылықтырының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі үлес
салмағының айтарлықтай өскендігі болып табылады. Қазақстандағы жеке қосалқы
шаруашылық аграрлық сектордың тиімді құрылымына айналады да оның дамуы
бірнеше бағытта жүзеге асуы мүмкін.
- Тұтынушы шаруашылығы түрінде , егер ол, тек қана жеке қажетті
қанағаттандыруға жұмыс істейтін болса;
- Егер ол өнімді өзі үшін өндіріп, ал артығын рыноктық құрылымдар
арқылы сатса, онда аралас түрде.
- Егер өнім сату үшін өндірілетін болса, онда тауарлы шаруашылық
түрінде;
- Жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) кооперативке бөлінсе бірлестіктер
түрінде. Бұлардың әр тобы үшін әрқайсысының өзіне тән міндеттері шешілуге
тиіс, бірақ, түбінде олардың бәрі де елдің ауыл шаруашылығының әлуметтік
және экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау қажет.
Қазақстанда шаруашылық жүргізудің шағын түрлерін дамытуды өңірлік
бағдарламаларын әзірлеген жөн. Онда мыналар қаралғаны дұрыс:
- халыққа малдың төлі мен құстың балапанын сату;
- Ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан бордақылап; кейін кәсіпорын арқылы
сату үшін, малдың төлі мен құстың балапанын бөліп беру;
- Халықтан көкөністі; жеміс пен жидекті; сүт пен етті сатып алуды
ұйымдастыру өңдеуші кәсіпорындардың сүт қабылдайтын пунктерін ашу;
- Картоптың және басқа дақылдардың тұқымын сату;
- Құрама жемге; минералдық тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау
құралдарына, мал дәрігерлік препараттарға жеңілдігі бар баға тағайындау;
- Мал мен құс ұстайтын халыққа мал азығын аванспен беру;
- ЖҚШ мал тұқымын асылдандырудың, малдәрігерлік, фитосанитарлық және
агротехникалық қызмет көрсетудің мемлекеттік жүйесіне қосу; 2003-2005
жылдарға арналған мемлекеттік азық – түлік бағдарламасының негізгі мақсаты
агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін қалыптастыру және бәсекеге
қабілетті өнім өндіру негізінде Қазақстанның азық – түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
елдің азық – түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;
ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін ішкі және
сыртқы рыноктарда сату көлемін ұлғайту;
ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету;
Аграрлық азық – түлік бағдарламасының тиімділігін бағалау үшін
агроөнеркәсіптік кешеннің сапалық жай – күйін анықтауға мүмкіндігін беретін
өлшемдер жүйесі қайталанылатын болады. Ағымдағы жай – күй мен күтілетін
нәтижелер мынадай өлшемдер топтары бойынша бағаланатын болады:
1) Халықты азық – түлікпен қамтамасыз етуді және қамтамасыз ету жүйесінің
тұрақтылық деңгейін сипаттаушылар,
а) азық – түліктің нақты және экономикалық қол жетімділік деңгейі;
ә) ішкі тұтыну саудасындағы тамақ өнімдері импортының үлес салмағы;
б) мемлекеттің материалдық резервтер жүйесінде азық – түлік запастарының
болуы;
в) ел халқының тұтыну нормаларының стандарттарын қамтамасыз ету үшін
тамақ өнімдерін өндірудің қажетті көлемін сипаттайтын шекті мәндер;
г) тамақ өнімдерінің сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік
деңгейі;
2) Ауыл шаруашылығы өндірісін және қайта өңдеудің дамытудың
тиімділігінсипаттаушылар: а) аграрлық бизнес пен қайта өңдеу кәсіпорындары
кірістерінің деңгейі;
ә) ғылыми негізделген аграрлық технологиялар мен қайта өңдеу тех
нологияларын қолдану деңгейі:
б) ішкі азық – түлік саудасындағы негізгі тамақ өнімдерінің бәсекеге
қабілеттілігі;
в) сырқы сауда айналымы;
г) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің көлемі мен өткізу рыноктары
сыйымдылығының теңдестірілуі;
ғ) халықты жұмыспен қамтудың өсуі.
3) Аграрлық азық-түлік кешенін мемлекеттік реттеу деңгейін сипаттау-
шылар;
а) заңнамалық базаның агроөнеркәсіптік нарықтық өндірістің қажеттілік-
теріне сәйкестігі;
ә) ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлар мен қызметтер көрсетуге
кедендік –тарифтік және салық режимі;
б) тамақ өнімділігіне баға белгілеуді реттеу деңгейі;
в) ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік
бақылау және қадағалау жүйесі.
г) ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік
қолдау мөлшерлері және тиімділігі.
Республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік
қолдау деңгейі бүгінде 22 млрд теңгеге тең, ал жанама жеңілдіктер беруді
(салықтар жеңілдіктері, борышты өтеу мерзімін қысқарту, сыртқы заемдар
бойынша кепілдіктер) қоса есептегенде, ол 81 млрд теңге болады. Бұл 1996
-1998 жылдармен салыстырғанда, абсалютті көрсеткіштерді 14,5 пайызға
жоғары, алайда теңгеге есептегенде, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
1996 – 1998 жылдардағы 0,18 теңгеден 2001 жылы 0,16 теңгеге төмендеген.
Ауыл шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен жасалатын шығыстар
Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда 0,7 %, Ресейде -1%, Европаның қалған
елдерінде – 25-тен 30%-ға дейін болады. Бір ауыл шаруашылығы құрылымына
шаққанда Республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдау сомасы Қазақстанда –
1200$, АҚШ-та 45000$. Салыстырмалы талдау Қазақ-станда 10га егістік жерге
шаққанда мемлекеттік көмек деңгейі 7,5 $ болатынын көрсетеді. Бұл Канадамен
салыстырғанда (83$) 11есе, АҚШ-пен салыстырғанда (107,5$) 15 есе,
Финляндиямен (500$) салыстырғанда 65 еседен астам. ЕҚ-мен салыстырғанда
(855$) 115 есе, Швейцариямен (4214$) салыстырғанда 570 есе төмен екенін
көрсетіп отыр.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің АҚШ-та 70%-ына, Германияда 50%-
ына, Жапонияда 75%-ына дотация беріледі. Егер ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіру бойынша мемлекеттік қолдаудың қандайда бір жүйесі болса, өнімдерді
ұқсатуға қатысты ол осы уақытқа дейін қалыптастырылмаған. Мәселен, бүкіл
1996-2001 жылдар кезеңінде салаға едәуір дәрежеде Азия Даму Банкі
заемдарының есебінен жеңілдікті кредит беру арқылы ғана қолдау жасалып
келді. Импорт алмастыру бағдарламасында тамақ өнімдерін өндіруге тиісінше
назар аударылмаған.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді (АӨК) ғылыми қамтамасыз ету
жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан
Республикасының ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына (бұдан
әрі – ҰААЗО) жүктелген.Республиканың аграрлық ғылыми саласында 29 ғылыми-
зерттеу иституты, 18 тәжірибелік ауыл шаруашылығы, орман және ветеринарлық
станциялар және 31 тәжірибелік шаруашылық бар, олар республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар нысанында жұмыс істейді және Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҰААЗО қарамағына енеді. Білім
және ғылым министрлігі ҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілген және
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аграрлық - өнеркәсіптік кешенді
ғылыми қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалардың әкімшісі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарлардың және микроорганизмдердің 2001-
2005 жылдарға арналған гендік қорын сақтау, дамыту және пайдалану
республикалық нысаналы бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 2001 жылы –
230 млн т, 2002 жылы – 406 млн теңге, ал 2001 – 2005 жылдарға арналған
Қазақстан аймақтары бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруді, ұқсату мен
сақтауды ғылыми қамтамасыз ету салалық ғылыми – техникалық бағдарламасы
бойынша 2001 жылы - 404,3 млн теңге, 2002 жылы - 404,43 млн теңге
болады. Соңғы 2 жылда ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыру көлемі
2001ж. - 28,6 млн теңге, 2002ж. - 36,8 млн теңге болған Ауыл
шаруашылығындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бюджеттік бағдарламасының
әкімшісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер мен
жануарлардың элиталық тұқымдарының гендік қорын сақтау тұқымдарды және
асыл тұқымды жануарларды өсіру мен сату үшін элиталық тұқым өсіру мен
мал тұқымын асылдандыру шаруашылықтарына субсидия беруді гендік қор
бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырып келеді және
гендік қорды шаруашылықты пайдалануды қамтамасыз ету және өндірілген тұқым
шарушылығы мен асыл тұқымды өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін
жауап болып отыр.
ІІ - ТАРАУ.
Өсімдік шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын
орны
Ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді
өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Қазақстанда егіншіліктің өзіндік көне
тарихы бар. Ежелгі арийлердің (бзб 1-2 мыңжылдықтар) сақтардың (бзб 9-12
ғасырлар) үйсін қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің
мал шаруашылығы мен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы
егіншілік, диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. Бірақ , ол замандардағы
егіншіліктің нақтылы ауылы белгісіз. 20-ғасырдың басында Қазақстандағы егіс
көлемі көбейіп, күріш өсіру 41 млн га-ға жетті. Егістің басым көпшілігі
дәнді –дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында,
қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей, өңірінде егілді.Сырдария
өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. 1913 ж. дәнді
дақылдардың өнімділігі орта есеппен әр гектарына 5,6 ц-ге жетті. Өнім
мөлшері әр жердің топырағының табиғи құнарлылығына, ауа райының
құбылмалылығына байланысты әр жерде, әр жылы өзгеріп тұрды. Дегенмен
егістік жер көлемі, одан алынатын өнім мөлшері 1917 жылға дейін бір қалыпты
сақталып келді. Қазан төңкерісінен кейінгі 4-5 жыл ішінде егістік жер
аумағы 1,8 млн га-ға дейін азайып, оның өнімділігі де күрт төмендеді. Тек
1923 жылдан бастап бұл көрсеткіштер бұрынғы қалпына келе бастады. 1953 ж.
егістік жер аумағы 11,8 млн га-ға жетті. Оның ішінде дәнді дақыл егісі 7
млн га құрады. Қазақстанда егіс шаруашылығын одан әрі дамыту жолында,
әсіресе соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-
трактор станциялары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша
механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 86,5 % сепкішпен себіліп,
97%-і комбайнмен жиналды. Өндіріске ауыспалы егіс жүйесі өндіріліп, тұқым
шаруашылығына, тұқымның сапасына тиісті көңіл бөлінді. Егістік жердің 73,5
%-на жоғарғы сапалы тұқым сорттары егілді. 1953ж. егістік жерден республика
бойынша орта есеппен гектарынан 7,7 ц өнім жиналды. Басқа дақылдардан да
мол өнім алуға қол жетті. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің
дүниежүзілік рекорды тіркелді. 1954ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай
игеру басталды. Алғашқы 5-6 жыл ішінде-ақ Республика бойынша 25 млн га тың
жер игерілді. Оның 17 млн га – ға жуығы еліміздің солтүстігінде орналасқан.
Көп көлемде жаңа жер игеруге байланысты, дәнді дақылдардың егістік көлемі
айтарлықтай ұлғайды. Жүгері, тары, қарақұмық дақылдарының да егістік көлемі
барынша ұлғайды. Органикалық және минералдық тыңайтқышқа, өсімдікті түрлі
зиянкестер мен аурулардан, арамшөптен қорғаудың химиялық, биологиялық,
агротехникалық шараларына көңіл бөлінді. 1960-90 ж. орта есеппен дәнді
дақыл жыл сайын 24,5 млн ға егіліп, әр га-нан 8,9 ц өнім жиналды. Алайда
тың игеру науқаны мен егістікке қолайсыз жерлердің де жаппай жыртылуы жер
қыртысының бүлінуіне, жайылымдық жерлердің тарылуына алып келді. 20-
ғасырдың соңғы онжылдығында ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаларға
байланысты, егістік жер көлемі біршама азайды. Мысалға 1998 ж. 18,6 млн га
болса, 1999 ж.15,2 млн га болды. Топырақ, ландшафт және климат
жағдайларының әр түрлілігіне байланысты дақылдарды іріктеу, топыраққа
әдістері мен тәсілдері белдемдік және нақты жағдайларға сәйкес жүргізіле
бастады. Осыған байланысты әр белдем үшін егіншілік жүйесі жасалды.
Егіншіліктің экстентивті және интенсивті түрлері бар. Экстентивті түрінде
егіншіліктен өнім алу үшін қосымша күш көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің
артуы көбінесе топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан
кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына
байланысты. Егіншіліктер экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты.
Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек
қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін
көтеру т.б) жұмсап, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін
арттырды.Қазақстанда егіншіліктің құрғау, суармалы тәлімі мен таудағы
түрлері қалыптасқан. Құрғау егіншілігі жауыны аз, желді, құрғау далалы
аймақтарда орналасқан.бұл жерлерде құрғаушылыққа төзімді дақылдар өсіріліп,
топырақта ылғалды сақтандыру агротехникалық шаралар жүйесі қолданылады.
Суармалы егіншілікте көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылда, көп
жылдық жем шөптер, күріш өсіріледі. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау
аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Ауыл шаруашылық дақылдарын, егін
өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жаңа тәсілдерін зерттейтін
агрономия ғылымының саласы егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын
арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің және топыраққа
механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып, жоғары
әрі тұрақты өнім алу егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз
жағдайлардан қорғау мәселелерін зерттейді.
Еліміздің нарықтық экономикаға көшуіне байланысты 1990 жылдары жер
реформасының алғашқы кезеңі басталды. Жер реформасының алғашқы жылдарында
республика парламенті шаруа шаруашылығы, жер кодексі, жер реформасы,
және жер салығы жайлы төрт түрлі заң қабылдады. Осы заңдарды жүзеге асыру
нәтижесінде жер реформасының бірінші кезеңі жүрді (1990-1993 жылдар).
Бұрынғы жерге және өндіріс құралдарына иеліктері бар, акционерлік қоғам,
жолдастық шаруашылық, кооператив, кәсіпорын, шаруа шаруашылығы және олардың
қауымдастықтары болып қайта құрылды.
Жер реформасының екінші кезеңінде ( 1994-1995 жылдары) жер туралы
заңды нарықтық экономика жағдайына қарай ыңғайлау, яғни жерді мемлекет
меншігінде сақтай отырып,жерді пайдалануға сатып алу, сату заңдарын
белгілеу енгізілді.
Жер реформасының үшінші кезеңінде (1995 жылдан бері қарай) жерге жеке
меншіктік заңдарды белгілеу енгізілді. Республикада 3,5 млн жеке меншік
иелері 350 мың га жерге ие болды. Жекешелендірудің және аграрлық секторды
реформалаудың барысында республика жаңа әлеуметтік – экономикалық құрылым
қалыптасты. Жер реформасының негізгі мақсаты – жерді пайдаланудың
тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушы өндірістерді
көбейту және халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсарту. Жалпы жер мәселесі
өте күрделі процесс, оны әр ел өзінің даму кезеңдеріне сәйкес әр түрлі
шешеді. Жер мәселесі жалпы қоғамның экономикалық, саяси және ұлттық дамуын
қамтиды. Сондықтан жер мәселесі жан-жақты ойластырылып шешілді. Өнім алу
үшін пайдаланылып отырған ауыл шаруашылық жер егістік жер, егін егілген жер
көлемдерінің қаншалықты азайып кеткенін жоғарыда нақты деректермен
көрсеттік. Егін егілген жердің көлемі ғана емес сондай-ақ дақылдардың әр
гектардан алынатын түсімі де кеміп кетті. Өндіріс екі жағынан да күйзеліске
ұшырап отыр.
Суармалы жерлердің жай-күйі:
Суармалы жер қоры 2364,8 мың га құрап, бұл жерлер ауыл шаруашылығы
жалпы өнімінің 30% - нан астамын өндіруді қамтамасыз етеді. 1991 жылы ауыл
шаруашылығы өндірісінде 2284 мың га суармалы жер пайдаланылды, ал 2001 жылы
нақты 1317 мың гектар жер суарылды қалған 1047 мың га сортаң жерлердің
айналымынан шығарылуына, суару жүйелерінің ақауларына, судың болмауына
немесе жетіспеуіне, топырақты суландыру жағдайларының ұйымдастыру іс-
шараларының нашарлауына, ең алдымен қаржылық және материалдық – техникалық
ресурстардың болмауына байланысты пайдаланылмады.
Ауыл шаруашылығында су пайдалану проблемалары.
Ауыл шаруашылығында суды пайдалануды, жер суландыру құрылыстарына
меншік қатынасын реттейтін заңнамалық базаның жоқтығы.
Суды жеткізіп беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құны қымбат
болғандықтан республиканың оңтүстік облыстарындағы шаруашылықтарды 408 млн
теңге көлемінде дебиторлық берешек қалыптасты, бұл ауыл шаруашылығында суды
пайдаланушыларға қызмет көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілер
қызметінің залалды болуына себепші болады.
Жер суландыру құрылыстарының әбден тозығы жетуі салдарынан жер
суландыру жүйелерінің ПӘК-і нормативтік көрсеткіштен екі есе төмен;
Оңтүстік облыстардың сумен жабдықталуынан трансшекаралық өзендердің
суларын бөілісу жөніндегі мемлекетаралық қатынастардың реттелуіне
тәуелділігі.
Химияландыру
1987 жылға дейін ауыл шаруашылығына минералдық тыңайтқыштар берудің және
қолданудың көлемі бірте-бірте ұлғайғаны байқалды. 1987 жылдан бастап
республикада тыңайтқыштарды қолдану төмендей бастады. Әсіресе 1991 жылдан
бастап күрт төмендегені байқалады.бастапқы кезеңмен салыстырғанда осы
кезеңде 30%-ға азайды. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі азаюымен бір
мезгілде ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімдігі кемиді. Топырақтағы
минералдық коректің жылжымалы нысандары азаяды. Отандық минералдық
тыңайтқыштар өндірісі 1990жылғы 1484,9 мың тоннадан, 2000 жылы 6,7 мың
тоннаға кеміді.соңғы екі жылда химиялық жолмен отау көлемі 15-20 % -ға
ұлғайғанына қарамастан олар қажетті деңгейдің тек әлі де 50-55% -ын
құрайды. Тамыр өркені және тамыр сабақ арамшөптерінің басып кетуі 6-10 %-ға
азайғаны байқалады. Біржылдық қосжапырақты және біржылдық астық тұқымдас
арамшөптердің басып кетуі 12%-ға, ал қара сұлы бойынша 17%-ға ұлғайды.
1991 жылдан бастап дәнді дақылдардың тұқымын және одан кейінгі
жылдарда себілген тұқымның 40-50 %-на дейінін дәрілеу көлемінің азайюына
байланысты топырақта және тұқымдық материалда фитопатогендердің шоғырлануы
үдеп бара жатыр. Егістіктердің дәнді дақылдар ауруларының барлық түрімен
зақымдануы жоғары күйде қалып отыр – тамыр шірігі жыл сайын 40-50%-да
байқалады, бидай мен арпаның тозаңды қаракүйемен залалдануы – 13%, арпа
егістіктерінің қатты қаракүйемен залалдануы -6 %-ға дейін, жаздық және
күздік бидай егістіктерінің – 8 %, дәнді дақылдар егістіктерінің ақ дақпен
және өсімдік татымен залалдануы 1 млн гектардан артық алқапта байқалды,
залалдану 30-40% - ға жетеді, ал фунгицидтер қолданудың көлемі 5% дан 20%
-ға дейін жетті.
Топырақ құнарлылығын сақтау және ұдайы молықтыру жөніндегі шаралар:
Облыстарда агрохимиялық қызмет станциялары жүйесі бір мемлекеттік
мекеме нысанындағы ғылыми - әдістемелік агрохимиялық қызмет орталығын
ұйымдастыру арқылы ауыл шаруашылығының агрохимиялық қызметін қалпына
келтіру, әртүрлі нысандағы тіркелген агрохимиялық қызмет станцияларының
және ғылыми мекемелер мен МемҒӨӨ - жер зертханаларының бәсекелестік
ортада агрохимиялық зерттеу жүргізу, минералдық және агрохимиялық
тыңайтқыштарды тиімді қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемін еліміз бойынша тұтас алғанда
2003 жылы -380,1 мың тоннаға, 2004 жылы - 439,0 мың т – ға және 2005 жылы
– 599,5 мың тоннаға жеткізу.
2003 жылы 1333 мың га алқаптағы жерге агрохимиялық зерттеу жүргізу.
Отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің минералдық
тыңайтқыштар сатып алуына субсидия беру.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен дәрілеуіштер мен гербицидтер
арзандату жолымен оларды қолдануға субсидия беру.
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру арқылы ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылғын төмендетпеуі үшін
жауапкершілік тетегін әзірлеу.
Бұрын минералдық тыңайтқыштар өндірген Казфосфат, ЖШС, Қазақстан
ЖАҚ, және Аутал ЛТД ЖШС кәсіпорындарында оларды қолданылып жүрген
құрамдағы заттарымен өндіруді 600 мың тоннаға жеткізу және олардың түр-
түрін ұлғайту.
Минералдық тыңайтқыштар енгізетін арнаулы техника өндірісін қалпына
келтіру үшін қаржы лизинг тетігін қолдану арқылы жағдай жасау.
Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жыл сайын 25-30 адам
шамасында агрохимик және топырақтанушы мамандар даярлауды көздеу.
Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың негізгі бағыттары;
Ауыл шарушылығы тауарын өндірушілердің төлем қабілетінің жоқтығына
орай және осыған байланысты сұраныстың болмауынан ауыл шаруашылығы
техникасын шығаратын кәсіпорындар өндірілетін өнімнің номенклатурасын
әртараптандыратын және соның нәтижесінде қазіргі уақытта тек
ауылшаруашылығы техникасын шығаруға ғана маманданған кәсіпорындар іс
жүзінде жоқ.
Қазақстантрактор ААҚ (Павлодар қаласы) 4 класты Т- 95,4 шынжыр
табанды тракторын шығаруды игерді;
Кейбір машина жасайтын кәсіпорындар техниканың әлеуметтігін сақтау
мақсатында одан әрі дамытуды қажет ететін ауыл шаруашылығы техникасын
шығару жөніндегі жекелеген жобаларды іске асыруда. Мәселен 2001 жылғы
шілдеден бастап Шағын литражды двигательдер зауыты ЖШС Петропавл
зауытынан Украиналық машина жасаушылармен бірлесе отырып өнімділік қабілеті
7-8 кгсек және 9-11 кгсек эксперименттік 9 Нан комбайны құрастырылып
шығарылды.
Тіркемелі кең ауқымды ЖВП-9, 1 дестемелегішін Қазақстандық
кәсіпорындардың 48 %-дық үлестік қатысуымен құрастырып шығару игерілді;
ЗИНСТО ААҚ-да трактор тіркемелерін, сыдыра жыртқыш және шөп шабатын,
агрегаттар шығару жолға қойылды. Агромаш АҚ (Астана) тұқым сепкіштер,
топырақ эрозиясына қарсы қолданылатын құралдар шығаруды қайта қалпына
келтірді. Бүгінгі күнде республикамызда ауыл шаруашылығы техникалары
мен қосалқы бөлшектер шығаруға бағдарланған 129 зауыт бар. Бұл зауыттар
ауыл шаруашылығы мақсатындағы өнімнің 391 түрін шығарады. Зауыттардың 2002
жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы кредиторлық және дебиторлық
берешектері 5,8 млрд теңгені құрайды, оның ішінде кредиторлық берешек – 2,7
млрд теңге болады.1994 жылдан 1999 жылға дейін ауыл шаруашылығы іс жүзінде
жаңа техника алған жоқ. Бюджеттік бағдарламаларды қоса алғанда соңғы үш
жылда барлығы 7279 бірлік техника сатып алынды, оның 1193-і трактор және
2388-і комбайн. Бұл республикадағы осы саланы техникалық жарақтандырылуына
тұтас алғанда айтарлықтай ықпал етпейді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру агрономиялық тәсілдерді жетілдіруді
әрқашан талап етіп келеді және талап ете бермек. Осы уақытқа дейін
өндірісте кең тараған технология белгілі бір ауыспалы егіс топырақты
негізгі және егу алдындағы өңдеу жүйесімен, ылғал жинау, аурулармен,
зиянкестермен күресу жүйесімен сипатталады. Топырақ құнарының арту жағдайы
егін шаруашылығы өндірісінде жақсы агротехникалық ортада барынша жоғары
өнім беретіндігімен ерекшеленетін сапалы жаңа сорттарды пайдалануды қажет
етеді. Селекцияда мұндай сорттар интенсивті жеке типтегі сорттар, ал бұл
сорттарды өсіру технологиясы интенсивті технология деп аталады.
Бүгінгі күнгі егін шаруашылығы жағдайында интенсивті технология -
ның мәнісі:
1) Егістікті ауыспалы егіс жүйесіндегі ең жақсы дақыл бойынша,ең алдымен
таза қара парлар бойынша орналастыруда;
2) Дәннің сапасы жоғары, жақсы өнімді интенсивті типке жататын сорттарды
өсіруде;
3) Өсімдіктерді минералдық корек элементтерімен және олардың
топырақтың мөлшерін есепке ала отырып үйлесімді түрде қамтамасыз ету,
вегетация кезінде оларды бөлшектеп қолдануда;4)Өсімдіктерді арамшөптерден,
зиянкестерден және аурулардан қорғаудың интеграцияланған жүйесін құруда;
5) Топырақты эрозиядан қорғауға, ылғал жинау мен сақтауға ауыл шаруашылығы
дақылдарының дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған технологиялық
тәсілдердің уақтылы және сапалы орындалуында интенсивті технологияның түпкі
мақсаты дақыл өнімінің өсуі мен тұрақтылығын арттыруды және дәннің
жақсартуды қамтамасыз ету.
Интенсивті технологияны енгізу шараларын жүргізгенде ;
1) Белгілі бір дақылды күтіп-баптаудың интенсивті технологиясы жөніндегі
ұсыныстарды, зерттей үйреніп, оның негізгі элементтерінің мазмұндарын
қорыту керек;
2) Интенсивті технологияны енгізген озат шаруашылықтарды таңдап алып,
солардың ұқсас мәліметтерін қорыту қажет.
3) Пайдаланып отырған шаруашылық бойынша белгілі бір дақыл үшін негізге
алатын мәліметтер қолда болуы тиіс.
4) Ауытқуларды анықтап, тұжырымдар мен ұсыныстарды қисынға келтіріп
мазмұндау керек.
Астықты интенсивті технология бойынша өндіруді ұйымдастыру мен оның
тиімділігін талдай отырып, сондай-ақ қосымша шығынның көзін табу қажет. Ол
үшін интенсивті технология бойынша өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылының
барлық егіс көлеміне есептегенде шығынның жалпы арту мөлшерін есептеп
шығару керек.
Астық – елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің негізгі компоненті.
Соңғы үш жылда (1999-2001ж) дәнді дақылдар егіс алаңдарының
тұрақтанғандығына орай олардың түсімділігі өткен үш жылмен салыстырғанда
4,8 ц га –ға немесе 67% -ға өсіп, 11,5 ц га –ға жетті. Астық өндіру 3,9
млн тоннаға немесе 39 % - ға ұлғайды және орташа жылдамдық деңгейі шамамен
13,9 млн тоннаға жетті. Негізгі экспорттық дақыл – бидай өндірудің көлемі
1996-1998 жылдардағы 7,1 млн тоннадан 1999-2001 жылдарда 11,0 млн тоннаға
дейін өсті. Қазақстан астық экспорттаудан әлемде алтыншы орынды иеленеді.
Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін
жақсартушы ретінде әлемдік рынокта сұранысқа ие болып отырған жоғары
сапалы, құрамында протейн мол астықтың қалыптасуына ықпал етеді. Астықты
ішкі рыногын тұрақтандыру және реттеу, нан және тоқаш нан тағамдарының
бағасы негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында, көктем, жаз кезеңінде
астықтың сату резервтеріне интервенция жүргізуінен тұрады. Соңғы үш жылда
(199-2001ж) күрішті өндіруден орташа түсімділігі 28,8 ц га болып , жыл
сайынғы түсімі 204,1 мың тонна көлемінде тұрақтанды, майлы дақылдардың
егістік алаңының азаю үрдісі байқалуда. Сонымен қатар түсімділігінің 4-6 ц
га деңгейінде тұрақтануы майлы дақылдардың жалпы өнімін 18-20 % -ға
арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның астық саласының техникамен орташа қамтамасыз етілуі,
техникалық дақылдың коэффициентін қоса есептегенде 55 % - дан аспайды.
Астық өндірісі құрылымының жетілмегендігі, астық өндірісіндегі бидайдың
үлес салмағы жемдік, дәнді бұршақ, жарма дақылдары есебінен 1999-2001
жылдары орта есеппен 79 %-ды құрады, егістік алаңдары құрылымындағы шаусыр,
қыша және рапс сияқты майлы дақылдардың үлесі 4-%-ды құрайды.
Өсімдік шаруашылығы егістіктен, бау-бақша және жүзім
шаруашылықтарынан құралған. Егістік дақыл түрлеріне дәнді дақыл, техникалық
дақыл, мал азықтық дақылдар жатады. Қазақстанның өсімдік шаруашылығы ауыл
шаруашылығының негізгі мамандану бағытын айқындайды. Сондықтан өсімдік
шаруашылығы жетекші рөл атқарады. Өсімдік шаруашылығының алдына қойған
негізгі міндеттері – мәдени дақылдарды жан-жақты зерттеп, мол өнім алудың
тәсілдерін ойластыру. Өсімдік шаруашылығында жарық пен жылудың, ылғал мен
минералды қоректердің, топырақ құрамының бір-біріне қатынасы ауылшаруашылық
дақылдарының түсіміне мол әсер етеді. Республикамызда егістік жер
солтүстік, солтүстік –батыс, шығыс және оңтүстіктегі тау етектеріндегі
игерілген аумақты алып жатыр. Жалпы егістіктің көлемі 1990ж. 36 млн
гектарды құрады. Кейінгі жылдары елімізде жүргізіліп жатқан жекешелендіруге
және құнарлығын арттыруға байланысты егістік көлемі 12-13 млн га жерге
артты. Бұл бұрынғы көлемге қарағанда 1,5-2 есе азайған. Себебі: егіс
танаптарының құнарлығы кемігендіктен ол жер шабындыққа, мал жайылымына
берілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алқабындағы дәнді дақылдардың
үлесі 48%-дан, 65 %-ға дейін, ал дәнді дақылдардың құрылымында тиісінше 71%-
дан 82 %- ға дейін ұлғайды.
Дәнді дақыл шаруашылығы – егіншілігінің басты саласы. Еліміз
қоңыржай белдеуде орналасқандықтан, дәнді дақылдардың барлығы дерлік
егіледі. Дәнді дақыл шаруашылығы халықты нан өнімдерімен, ал мал
шаруашылығы жем-шөппен қамтамасыз етеді. Дәнді дақылдаран біздің елімізде
негізінен мыналар өсіріледі; күздік бидай, арпа , сұлы, жүгері, тары,
күріш, қарақұмық. Қарақұмықтан басқасы астық тұқымдастарына жатады.
Елімізде негізгі астық дақылы – бидай, барлық егіс көлемінің 12-ін
алады. Бидайдың өсіп-өнуі үшін топырақ пен жылудың маңызы зор. Құнарлы қара
топырақ зонасы республикамыздың солтүстік, солтүстік – батыс және солтүстік
–шығыс бөлігін алып жатыр. Біздің елімізде бидайдың екі түрі бар. Жаздық
бидай және күздік бидай өсіріледі. Жаздық бидай ылғалды көп қажет етеді, ол
қара және қызыл – қоңыр топырақта жақсы өседі. Оны көктемде себеді. Жаздық
бидайдың коректік сапасы жоғары, белокқа, крахмалға, майға бай. Өсірілетін
негізгі аудандар – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан,
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары. Күздік дақылдарға бір жылдық астық
тұқымдас өсімдіктер жатады.
Республикамыздың шығыс, орталық, солтүстігінің қары қалың, топырағы
құнарлы, күзгі және көктемгі жауын – шашыны жеткілікті аймақта өсіріледі.
Күздік бидайдың шаруашылықта маңызы зор, оның дәнінен жоғарғы сортты ұн,
макарон және жарма, сонымен қатар кондитерлік тағамдар жасалынады.
Қазақстан Кеңес Одағы кезінде бидай өнімін беруші ірі аймақ
болды.1986-90 жылдары орташа жылдық өнім 24,4 млн тоннаны, ал сыртқа шығар
көлемі 4,6 млн тоннаны құрады. 1990 жылдан кейін Қазақстанның бидай
өнімдері егістік көлемінің қысқаруына байланысты өтпелі дағдарыс кезеңін
бастан өткізді.
Тары – құрғаққа төзімді жарма дақылы. Тарының шаруашылықтағы маңызы
жоғары, азық-түлікке және май азықтық мақсатта өсіріледі. Тары үй құстары
үшін бағалы азық. Республикамыздың қара топырақты, тың және тыңайған
жерлерінде, яғни Ақтөбе, Ақмола, Павлодар облыстарында жақсы өсіріледі.
Арпа – шаруашылықтағы маңызды азық-түліктік, мал азықтық және
техникалық мақсатта өсіріледі. Бидай ұнымен қосып нан пісіруге болады.
Арпаның негізгі бір ерекшелігі – климат жағдайына байланысты дәніндегі
химиялық құрамының өзгергіштігі. Оңтүстік аудандарда өскен арпаның дәні
белокқа бай, ал солтүстікте өскен арпаның дәнінде крахмал көп мөлшерде
кездеседі.
Сұлы жемшөптік дақылдарға жатады. Ол жылқы және жас төлдер үшін аса
бағалы концентратты жем болып табылады. Сұлы ұнынан кисель жасалады. Сұлы
ылғалды өте көп қажет етеді, бірақ топырақ талғамайды.
Жүгері – жылу сүйгіш дақыл, құрғақшылыққа төзімді. Сазды қара және
қоңыр топырақта жақсы өседі, сондықтан да еліміздің барлық аудандарында
өсіріледі. Оның дәнінен крахмал, сірке, спирт, май қағаз, консервілер
дайындалады. Коректік сапасы жоғары, құрамы белок, крахмал, майға бай. Ауыл
шаруашылығы үшін құнарлы азық, сабағы мен жапырақтарынан қоректілігі жоғары
сүрлем дайындалады.
Қарақұмық – суды аз қажет ететін жарма дақылы. Сондықтан ол Павлодар
облысы мен Алтайдағы тәлімі егіншілік алқаптарында өсіріліеді. Қарақұмық
негізіенен организмге сіңімді, жарма алу мақсатында өсіріледі, дәнінде
белок, май, крахмал, мөлшері көп.
Қазақстанның суармалы аймақтарын күріш алқабы алып жатыр. Күріш –
негізгі астық дақылдарының бірі. Күріш жармасының тамақтық сапасы
өте жоғары әрі сіңімді. Күріш ұнында белок, май, органикалық
фофорлы қосылыстар мен көп. Күріш сабанынан сапалы қағаздар, жұқа және
берік темекі орау қағаздары жасалынады. Ол Қызылорда облысының Сырдария
өзенінің аңғарында, Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара өзенінің
бойында, Алматы облысында Қаратал, Іле өзендері аңғарында өсіріледі.
Техникалық дақылдарға шитті мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, темекі, зығыр
жатады.
Шитті мақта – бағалы талшықтық дақыл, вегетация мерзімі ұзаққа
созылады. Мақта өсіру үшін күн сәулесі және ылғал қажет. Сондықтан ол
Қазақстанның оңтүстік аудандарында өсіріледі. Онда жаз 6-7 айға созылады,
жаз айларындағы ауаның температурасы +46 ºС –ға дейін көтеріледі. Соңғы
жылдарда мақтаның егістік алаңдарына жүргізілген талдау 1996 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz