Шет тіліндегі кәсіби бағытталған терминология


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: «Шет тіліндегі кәсіби бағытталған
терминология»


Топ:
Қ - 319 с

Орындыған: Қайроллаев. Ә. Ж.

Тексерген: Мұқанова Қ. Қ.

Семей 2015 ж

Кәсіби бағытталған шет тіліндегі терминология

Терминдердің қалыптасуының ұзақ тарихы бар, жасалу жодары әр алуан, сөзжасам тәсілдерін толық қамтыған, бір жүйеге келтірілген, ғылым тілі ретінде қалыптасқан; қазақ дипломатиялық терминдерінің даму долы қысқа, бірақ қарқынды әрі жүйелі қалыптасу үстінде, дамуы мен қалыптасуы әртүрлі екі тілдің терминологиясының даму барысын салыстыра зерттеу, әр типті терминдердің әрқалай берілетіндігін айқындау, қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдердің даму тенденциясын болжауға мүмкіндік береді;

Шет тілінен сөз қабылдағанда, сөздің ішкі формасы, дәлелдемесі ұмытылады. Мысалы, “Бидің бір түрін” білдіретін фокстрот шығу тегі жағынан ағылшынның - foxtrot, сөзбе-сөз аударғанда “түлкінің аттамы” деген сөз. Қазақ тілінде, сондай-ақ басқа тілдерде де бұл сөздердің арғы төркіні, шығу тегі мүлдем ескерілмейді.

Терминология - терминдер саналы икемдеуге және реттеуге оңай көнімді лексиканың ерекше секторын құрайтын, өңдірістің, қызметтің, білімнің жиынтығы. Туыстық терминдері - адамдардың бір-бірімен туыстық атаулары.

Сонымен қатар әртүрлі ғылым саласында қолданылып, әртүрлі өрісте жұмсалып, бірақ әртүрлі ұғымдарды білдіретін, яғни омоним сөздер де көптеп кездеседі.

Информатика терминдерін, сонымен бірге сөздіктерде жазылған олардың мағынасы мысалдарын көрсете отырып, семантикалық жолмен пайда болған кейбір англицизмдерді қарастырайық:

“Ваsе” 1) база, негіздеме; 2) астына қойылатын зат; 3) баспа сызбаларының пластинкасы. Бұл сөздің мағынасы жалпы қолданыстағы “негіз”, “негіздеме”, “базис” мағынасына жақын келеді; “Сеll” есте сақтайтын құралдың қарапайым бағытталған бірлігі; “жады ұясы”. Бұл мағына жалпықолданыстағы “бөлім”, “ұя” деген мағынаға келеді; “Ғіlе” файл, жазба жалғастырушы, бұл жалпықолданыстағы “құжаттар жиынтығы”, “картотека” мағынасынан келген т. б. [9; 27 б. ] .

Тарихта бір тілдің басқа тілге лексикалық әсер етуінің көптеген мысалдары кездеседі. Мәселен, араб сөздерінің түрік және парсы сияқты тілдерге енген сөздері 70-80% құрайды. Қазіргі ағылшын тілінде, әртүрлі мәліметтер бойынша 55%-тен 75%-ке дейін роман тілдерінен енген сөздер кездеседі. Кәріс тілінің лексикасында қытай тілінен енген сөздер 75% құрайды [10; 27 б. ] . М. Фаснердің “Этимологический словарь русского языка” бойынша әйгілі орыс этимологы О. Н. Трубачев қызықты есептеулер жасады. Бұл сөздікте: 1) жалпы славян сөздері (бұрын енгендері де) - 3191; 2) шығыс славян сөздері - 72; 3) орыс сөздері - 93; 4) соңғы кезде енгендері - 6304; 5) экспрессивті, дыбысқа еліктеуіш, шығу тегі түсініксіз - 1119; 6) жалқы есімдер - 818 [10; 28 б. ] . Академик Ә. Т. Қайдар өз мақаласында мәдени өмірімізде басқаларға қарағанда басымырақ қолданылатын әлеуметтік-экономикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігіне талдау жасаған. Ол аталмыш сөздікте қамтылған 1150 терминнің 763-і орыс тілінен толық, жартылай калька түрінде қабылданған терминдер мен терминдік тіркестер, ал 387-сі таза қазақша алынған терминдер, яғни орыс тілінен кірген терминдердің таза қазақша алынған терминдерден екі есе артық екенін көрсеткен. Сонда қазақ тілінде жасалған терминдердің үлесіне 34-35 % тисе, қалған 64-65% орыс тілінен алынған таза және аралас терминдердің есесіне тиіп тұрғанын атап көрсетеді [11] . Жоғарыда берілген сандар кез-келген тілде шет тілдерден енген сөздер маңызды орын алатынын атап көрсетеді. Басқа тілдерден сөздердің енуі - әрбір дамыған тілде және ғылым тілін сипаттайтын табиғи үрдіс.

Қазақ терминологиясында шет тілінен енген сөздердің келесі түрлерін ажыратуға болады:

1) материалдық кірмелер;

2) калькалар;

3) аралас кірмелер (полилексемдік терминдер мен күрделі сөздерде) .

Материалдық кірмелер барысында бір тілден екінші тілге ешбір өзгерусіз ұғыммен бірге атау да енеді: bit - бит, filе - файл, frате - фрейм, coder - кодер, processor - процессор т. б.

Шет тілінен енген сөздер мен сөз тіркестерінің үлгісі бойынша жасалған, олардың құрылысының көшірмесі болып табылатын сөздер мен сөз тіркестері калька деп аталады. Мысалы, языкознание - тіл білімі, естествознание - жаратылыс білімі, предисловие - алғы сөз т. б. Теориялық және лексикографиялық деректерге сүйене отырып калькаларды төрт түрге бөлеміз: 1) құрылымдық калька; 2) семантикалық калька; 3) сөзжасамдық калька; 4) жартылай калька.

Құрылымдық калькалар - сөздің дыбысталуы емес, сөздің морфемалық құрылымы мен морфемалардың мағынасы енген сөздер болып табылады: adder - “сумматор”, programmability - “программалану”, coding - “кодтану ” т. б.

Семантикалық калькалар - басқа тілдегі сөздің ауыспалы мағынасын қабылдап алу. Мысалы: blank - “бос жер”, break - “үзіліс” т. б.

Сөзжасамдық калькалауда шетел тілі мен қазақ тілінің ішкі ерекшеліктері ескеріледі. Мәселен, қазақ тілінде префикстік тәсіл тән болмағандықтан, мұндайда шет тілінен енген сөздің баламасы ретінде қазақ тіліндегі белгілі сөздер не солардан жасалған туындылар қолданылады. Мысалы, мировоззрение - дүниетаным; синтетикалық тәсілмен: аптека - дәріхана т. б.

Жартылай калька - сөзжасамдық кальканың бір түрі: мұнда кальканың бір бөлігі ғана аударылады. Мысалы, фр. “антиcops ”, қазақша “антидене ”, орысша “антитело ” т. б.

Аралас кірмелерде - англицизмдердің лексикалық және семантикалық типтері бар, мысалы: application program - “қолданбалы программа”, buffer memory - “буферлі еске сақтау /жад/”, macrodetinition - “макроанықтама”, macrocell - “макроұя ” т. б.

Шетел тілінен қазақ тіліне енген кірме терминдер ассимиляцияға ұшырайды. Трансформацияға да тән, яғни беруші тілдің графикалық дыбыстық бірізділігі тән. Мысалы: opera nd - “операнд”, price li st - “прайс-лист”, te rm - “терм”.

Қазақ тілінің сөзжасам процесіне англицизмдердің қатысы бірдей дәрежеде емес. Оларға тән мынандай ерекшеліктерді атап көрсетуге болады:

  1. Бірқатар англицизмдер қазақ тіліне туынды түрде, яғни жұрнақтармен бірге кірген:журналист, редакция, радикализмт. б.
  2. Қазіргі қазақ тіліндегі англицизмдердің құрамында ешбір жұрнақ қабылдамай-ақ, жеке сөз ретінде қолданылатын сөздер де бар:атлас, глобус, протоколт. б.
  3. Кейбір англицизмдер тек көмекші етістіктермен тіркесіп келіп қолданылады:редактор болу, анализ жасау, операция жасаут. б.
  4. Қазақ тілі қорындағы англицизмдер тілдің сөзжасам құбылысының барлық амал-тәсілдерімен түрленіп, сөзжасамдық ұя жасай алады. Қазақ тіліндегі ең өнімді лы//лі; лық//лік қосымшалары арқылы жаңа сөз тудырады:автор+лық, классика+лық, дидактика+лық, оператор+лық, стиль+ді т. б.
  5. Кейбір англицизмдер төл сөздермен немесе англицизмдері өзара тіркесіп, қосарланып келеді:вегетациялық кезең, ғарыштықаппараттар, аналитикалық геометрия, биологиялық прогрессжәне т. б. Бұл мысалдардан терминдердің бірінші сыңары шетел сөздерден екінші сыңары қазақ тілінің төл сөзінен жасалған, ал кейбір терминдердің екі сыңары да шетел сөздердің тіркесуі арқылы жасалғанын көруге болады.
  6. Қазір қазақ тілі оқулықтары мен ғылыми әдебиеттерде шет тілінен енген сөздердің орнына қазақ тілі баламаларын қолданып жүр:мотив//уәж, универсал//әмбебап, методология//әдістанымжәне т. б.
  7. Қазақ тіліне калькалану арқылы енген шет тілінен енген сөздері: а) сөзжасамкалькалау арқылы: киногерой - кинокейіпкер, телерассказ -телеәңгіме, предисловие - алғы сөзт. б. Сөзжасамдық калькалауда шетел тілі мен қазақ тілінің ішкі ерекшеліктері ескеріледі. Қазақ тіліне префикстік тәсіл тән болмағандықтан, мұндайда шетел сөзінің баламасы ретінде қазақ тіліндегі белгілі сөздер не солардан жасалған туындылар қолданылады:перестройка - қайта құру, синтетикалық тәсілмен:парник - көшетханат. б.

Қазіргі дамушы қоғам адамнан барынша шығармашылықтылықты, қабілеттілікті және шеберлікті (профессионализмді) талап етеді. Кез-келген мемлекетте халықтың, яғни әрбір азаматтың өз ісіндегі шеберлігін дамыта, өрістете отырумен қатар біліктілігін дәлелдеуін жоғары қояды. Сөз таластыруға болмайтын біліктілік, дәлірек айтқанда терминология біліміндегі біліктілік тек қана лингвистикалық тіл білімінде емес жалпы білім саласында, әсіресе ағылшын тіл білімінде де алатын орны ерекше. Мемлекетіміздің жан-жақты табысты өркендеуі мен дамуының нәтижесінде ағылшын тілін арнайы мақсатта оқыту мен үйрену мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр. Ағылшын тіл білімінің лингвистика саласының бір бөлігі терминология саласы болып табылады. Әрбір тілдің сөздік қорының басым бөлігін терминология құрайды. Бұл сала да - қарқынды даму үстіндегі және тілдегі тілдік жаңа құрылымдардың көп бөлігінің тудырушысы. [1, 189 б. ]

Қоғамның әртүрлі салаларындағы экономикадағы, мәдениетттегі, ғылым мен білім салаларындағы өзгерістер осы әр саладағы терминологиялық жүйені жетілдіруді өзекті мәселелердің біріне айналдыруда.
Сан алуан ғылым салалары өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүйелі ұғымдардан тұрады. Ұғымдардың атауға ие болуы, белгілі бір термин ретінде қалыптасуы терминдену заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Түрлі лексемалардың семантикалық өрісте қолданылуы сияқты, терминдер де терминологиялық өрісте пайда болып, оның ішкі заңдылықтарына бағынады. [2, 184 б. ]

Бүгінгі таңда Қазақстанның өзге елдермен жасайтын келісімдері мемлекеттік тілде жазылатыны белгілі, яғни халықаралық қатынаста мемлекеттік тіл өз қызметін атқара бастады. Елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер тіліміздің жан- жақты, оның ішінде терминология саласының дамуына жағдай туғызды. Тілімізге шет тілінен енген сөздердің көптігі соншалықты, әбден сіңісіп, кірігіп өзіміздің төл сөзге айналып бара жатқаны да заңдылық сияқты. Термин жасауда шет тілінен енген сөздерді аудару барысында осы салада көптеген қоғамдық пікірталас туындап отыр. Тіпті бұл терминология мәселесі XX ғасырдың бас кезінде-ақ ең өзекті тақырыпқа айналғанын аңғаруға болады. Мәселен, 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының съезі сол кезде үлкен маңызға ие болған. Мұны қазақ терминологиясының ғылыми негізде дамуының алғы шарты ретінде атап өтуге болады. Аталған мәжілісте Е. Омарұлының оқыған «Қазақша пән сөздер» атты тақырыптағы баяндамасы қызу пікір-талас туғызғанын сонда Айтылған пікірлерден байқауға болады. Қазіргі таңда қазақ тіліндегі терминология мәселесін зерттеу барысында ұлттық интеллигенция өкілдерінің бірі Х. Досмұхамедұлы мен Н. Төреқұлов, М. Тұрғанбайұлы, Е. Омарұлының айтып кеткен пікірлері әлі күнге дейін өз маңызын жоймағанын пікірлерді оқығанда байқайсың. Баяндама барысында арнаулы сала тілін қалыптастырудың түрлі жолдарын қарастыра келіп, шет тілінен кірген терминдерді алуға болатынын, алайда сөзжасам кезінде тілдегі үндестік заңының қатаң сақталуын ескертеді. «Қазақ тілінде үндестік заңы бар екені рас болса: Қазақ тіліне кіргізілген жат сөздердің бәрін де сол заңға келтіріп алу керек, сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрін де біріңғай жіңішкертіп, я бәрін де жуандатып алу керек», - дейді. Сол съезде сөз алған Нәзір Төреқұлов термин болатын сөздің ұғымдық мағынадан өзгеріске ұшырамауын басты назарда ұстау керек дей келе «қазақ тілінен лайық сөз табылмайтын болғанда, пән сөзді асыл түбірінен алу керек», - деген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріздендіру – терминологиялық қорды қалыптастыру жолы
ХІХ ғ.екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі
Терминология және ақпараттық қызметы
Қазақ терминологиясы қалыптасуының кезеңдік сипаты
Терминология және медициналық терминдер
Шет тіліндегі кәсіби бағытталған терминология жайлы
Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы
Термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары
Терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz