Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі ролі



Салық есебі – салық заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес топтастырылған бастапқы құжаттардың негізінде салықтар бойынша салық базасын айқындау үшін ақпарат жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі.Салық есебі салық төлеуші есепті (салық) кезең бойына жүзеге асырған шаруашылық операцияларға салық салу үшін, сондай-ақ салықтардың дұрыс есептеліп, бюджетке төленуін бақылау үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатымен есептеу тәртібі туралы толық та рас ақпаратты қалыптастырады. Салық есебінің міндеттері мен атқарымын орындау үшін салық заңмасында арнаулы тәсілдер мен әдістер айқындалған, олардың жиынтығы Салық есебінің өзара байланысты әдіснамасын құрайды. Салық құжаттамасына: есеп беруге-есептесуге арналған салық құжаттамасы, ілеспе салық құжаттамасы, салық есебінің, хабарламасының талдамалы тізілімдері жатады. Салық құжаттамасының ерекшелігі – бастапқы салық құжаттамасы болмаған жағдайда Салық есебін жүргізу үшін шаруашылық операциялардың жасалуы тіркелетін бастапқы бухгалтерлік есеп құжаттары негіз болады.
Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші салық органдарына табыс етстін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақиараты бар құжаттама:
- салықтың әрбір түрі және бюджетке төленетін басқа да
міндезті төлемдер бойынша, сондай-ақ жииақтаушы зейнетақы қорына төлейстін міндетті төлемдер бойынша салық төлеуші жасайтын салық декларациясы, есеп айырысу;
- арнаулы салық режимін қолдануға патент алуға өтініштер;
- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды тіркеу картозкаларын алуға өтініш; қосылған кұн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;
- қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдер
нормаларын қолдануға берілген өтініштер;
- осы кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын,
салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген салықтар, жиындар және міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңымен анықталған тәртіпке сәйкес тиісті бюджеттерге түсіп отырады.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Семей қаласы
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
Есеп және аудит кафедрасы
Салық есебі пәні

СӨЖ

Тақырыбы: Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі ролі.
Орындаған: Уразбекова Сания. УА-205 тобы.
Тексерген: Сарсенбаева А.А.

Семей қаласы
2015 жыл
Салық есебі - салық заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес топтастырылған бастапқы құжаттардың негізінде салықтар бойынша салық базасын айқындау үшін ақпарат жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі.Салық есебі салық төлеуші есепті (салық) кезең бойына жүзеге асырған шаруашылық операцияларға салық салу үшін, сондай-ақ салықтардың дұрыс есептеліп, бюджетке төленуін бақылау үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатымен есептеу тәртібі туралы толық та рас ақпаратты қалыптастырады. Салық есебінің міндеттері мен атқарымын орындау үшін салық заңмасында арнаулы тәсілдер мен әдістер айқындалған, олардың жиынтығы Салық есебінің өзара байланысты әдіснамасын құрайды. Салық құжаттамасына: есеп беруге-есептесуге арналған салық құжаттамасы, ілеспе салық құжаттамасы, салық есебінің, хабарламасының талдамалы тізілімдері жатады. Салық құжаттамасының ерекшелігі - бастапқы салық құжаттамасы болмаған жағдайда Салық есебін жүргізу үшін шаруашылық операциялардың жасалуы тіркелетін бастапқы бухгалтерлік есеп құжаттары негіз болады.
Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші салық органдарына табыс етстін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақиараты бар құжаттама:
салықтың әрбір түрі және бюджетке төленетін басқа да
міндезті төлемдер бойынша, сондай-ақ жииақтаушы зейнетақы қорына төлейстін міндетті төлемдер бойынша салық төлеуші жасайтын салық декларациясы, есеп айырысу;
арнаулы салық режимін қолдануға патент алуға өтініштер;
салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды тіркеу картозкаларын алуға өтініш; қосылған кұн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;
қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдер
нормаларын қолдануға берілген өтініштер;
осы кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын,
салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген салықтар, жиындар және міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының Бюджеттік жүйе туралы Заңымен анықталған тәртіпке сәйкес тиісті бюджеттерге түсіп отырады.
Салық салу мақсатында жүргізілетін есептің пайда болғанына аса көп уақыт өте қойған жоқ. Салық есебінің қалыптасуы, ХХ ғасырдың басында І Дүниежүзілік соғыс кезіндегі шығындарың үлкен көлемі соғысқа қатысушы мемлекеттердің үкіметін қосымша қаржыландыру көздерін іздеуге итермелеп, содан үкіметтің ұйымдар табысына салық салуды енгізуге байланысты болып табылады. Осы кезден бастап мемлекет, яғни салық органдары ұйымдардың бухгалтерлік есеп ақпараттарына қызығушылық таныта бастады. Осылайша, салық салу мақсатына арналмаған бухгалтерлік есеп, өзіне тән емес функцияларды атқара бастады. Мемлекеттің бухгалтерлік есепке фискалды функцияны жүктеуі мен оны фискалды мақсаттарға бағындыруы қисынды еді. Мемлекеттік органдар үшін салық салынатын базаны өзгерту арқылы салықтық түсімдерге түзетулер жасау мүмкіндігінің болуы тиімді болып табылады. Мұндай өзгертудің құралы салық салу мақсатындағы есептің болуы әбден мүмкін.
60-жылдардың соңында әлемдік бірлестіктегі салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатының өзіндік құралы ретінде ерекшеленді. Ережелер реттеу түріндегі экономикалық қатынастардың мәнінен емес, салық салудың қажеттілігінен қалыптасты. Бухгалтерлік есептің ережелерінің біржақты бұрмалануы қаржылық есептің басқа пайдаланушыларының қызығушылығына қарама қайшы келе бастады. Сол себептен бухгалтерлік және салық есебін бөлу қажеттілігі туындады. Алайда, соңғы уақытқа дейін көптеген мемлекеттерде салық есебі мен бухгалтерлік есебін түбегейлі бөліп тастамауға көп күш жұмсалды, яғни олар екі есеп арасында компромиске келуге тырысты. Бухгалтерлік және салықтық есептің бір-бірімен байланысы бойынша мәселе әр елдегі ғалымдар мен практиктердің қарастыратын объектісі болып табылды. Осы өзара байланыс мәселесі есеп пен есептіліктер "модельдері" бойынша мемлекеттерді классификациялауда қолданылады. Яғни бұл жағдайдағы классификациялау негізі қаржылық есептілікті қалыптастыру ережелері мен салық салу ережелерінің сәйкестік деңгейі мен өзара әсері болып табылады. Осының негізінде екі топты бөліп көрсетуге болады:
-- бухгалтерлік және салықтық ережелердің өзара байланысының жоғары деңгейі;
-- бухгалтерлік және салықтық ережелердің өзара байланысының төменгі деңгейі;
К. Поубс және Р. Паркер секілді авторлар мемлекеттерді тікелей бөліп көрсетпейді, бірақ мемлекеттерді бухгалтерлік және салықтық ережелердің өзара байланысының жоғары деңгейі және төменгі деңгейі деп қарастырған [1].
Бухгалтерлік және салықтық ережелердің өзара байланысының жоғары деңгейіне Германия (салықтық есептілік пен қаржылық есептілікке сәйкес болу керек), Франция, Испания, Греция, Япония, Бельгия, Италия, т.б. секілді мемлекеттер жатады. Бұл елдерде бухгалтерлік есепте қолданылатын негізгі құралдарға есептелетін амортизация нормасы, салық салу мақсатындағы нормаларға сай болу керек. Бухгалтерлік және салықтық ережелердің өзара байланысының төменгі деңгейіне Ұлыбритания (тәуелсіздіктің жоғары деңгейі), АҚШ, Нидерланды, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және Қазақстан жатады. Мұдай мемлекеттерде салық органдары салық салынатын базаны анықтау үшін қаржылық есептілікке түзетулер енгізеді, алайда бұл есептің қалыптасуына тікелей әсер етпейді. Авторлардың бухгалтерлік және салықтық есептің арақатынасының екі жүйесін бөліп көрсетуі әлемдік жалпы және кодифицирленген құқықтық жүйелерге сәйкес келеді. Яғни кодифицирленген құқықтық жүйеге (Батыс Еуропа) 1-топ, ал жалпы құқықтық жүйеге (Ұлыбритания, АҚШ, т.б.) 2-топ сәйкес келеді. Кодифицирленген құқықтық мемлекеттерде қаржылық есептілік, ең алдымен, кредиторлар мен мемлекеттік органдардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Салықтық және қаржылық есептердің байланыс деңгейінің жоғары болуы ұйымдарда қаржыландырудың негізгі көзі мемлекет пен банк болып табылатындығында. Мұндай мемлекеттерде салық есебі бухгалтерлік есептің трансформациясына бағытталған, белгілі ережелер жиынтығы ретінде қарастырылады. Сондай-ақ бұл жағдайда салықтық есептің бухгалтерлік есептен басымдығын атап өтуге болады. Белгілі бір дәрежеде салықтық есептің бухгалтерлік есепті ығыстыру мүмкіндігінің бар екендігі жайлы да айтып кетуге болады.
Жалпы құқықтық жүйе орнаған мемлекеттерде есеп жүргізу ережелері көбінесе бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің стандарттары бойынша Кеңес жасап шығарған стандарттар негізінде анықталады. Қаржылық есептілік, ең алдымен, инвесторлардың (капитал нарығының) ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Салықтық және бухгалтерлік есептің арақатынасының төменгі деңгейде болуы, ұйымдарды қаржыландырудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің мақсаты
Коммерциялық емес сфераның қаржысы
Мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қазынашылдық
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
Міндеттемелер есебі және банктегі бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Жанама салықтар есебін ұымдастырудың теориялық негіздері
«Семей жолдары» ЖШС-тың жылдық жиынтық табысы
Бухгалтерлік есеп және аудит
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Пәндер