Пассивті операцияларды жүзеге асыру формасы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Cемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Пассивті операцияларды жүзеге асыру формасы

Орындаған: Қайролла Е. Д.

Топ: ФН-305

Тексерген: Акишева Д. М.

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе:
  2. Негізгі бөлім:Пассивтік операциялардың формалары, ресурстары; Депозит; Банкаралық несие;
  3. Қорытынды.

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Банк ресурстары пассивтік операциялар нəтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы жəне несие сөздігінде: ''пассивтік операциялар - бұл несиелік жəне активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары’’ - делінеді.

Ал, соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар - бұл нəтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Бұл анықтамалар бірін бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

2. 1 Пассивтік операциялардың формалары мен ресурстары

Пассивтік операциялардың төмендегідей формалары болады:

• коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;

• банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту жəне құру;

• басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;

• депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.

Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:

- банктің меншікті қаражаттары;

- банктің тартылған қаражаттары.

Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кəсіпорындар жəне ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтеледі. Шын мəнісінде, меншікті жəне тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.

Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты - бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

Банктің меншікті қаражаттары - банктің экономикалық дербестігін жəне қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін əр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

Банктің меншікті қаражатына жататындар:

- банктің жарғылық капиталы;

- банктің резервтік капиталы;

- қосымша капиталы жəне пайда есебінен құрылған басқа қорлары;

- сақтандыру резервтері;

- бөлінбеген пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы - банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын жəне өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

• пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;

• акционерлік банк;

• шетел капиталының қатысумен.

Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.

Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша дивиденттер төленеді.

Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен жəне белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нəтижесінде құрылады.

Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нəтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тəуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тəуекелді жабуға жəне бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін жəне резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.

Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Олардың ролі біршама жоғары тұрады. Заңды жəне жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.

Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі, олардың басым бөлігін құрайды.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін дəстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тəсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Әлемдік банктік тəжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тəсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

І топ - депозиттер;

ІІ топ - депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

2. 2. Депозит

Депозит - бұл клиенттердің (жеке жəне заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған жəне өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Қазіргі банктік тəжірибеде салымдардың, депозиттердің жəне депозиттік емес ресурстардың шоттарының əр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бəсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға жəне олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

- талап етуіне дейінгі депозиттер;

- мерзімді депозиттер;

- жинақ салымдары;

- бағалы қағаздар.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты əр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын əр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тəжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады :

- мемлекеттік, акционерлік кəсіпорындардың, сондай-ақ əр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

- əр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

- есеп айырысудағы қаражаттар;

- жергілікті бюджеттер қаражаттары жəне олардың шоттарындағы қаражаттар;

- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық жəне басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі жəне пайдаланылады.

Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

- ақша салу жəне оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді салым (депозит) - белгілі мерзімі бар жəне тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым. Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.

Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:

- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, əрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;

- шоттағы қаражат баяу айналады;

- тұрақты пайыз төленеді;

- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп отырады;

- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;

- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі - жинақ салымдары . Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу жəне алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тəжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне жəне мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

- мерзімді жинақ салымдары;

- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

- ұтыс салымдары;

- ақшалай-заттай ұтыс салымдары

- мақсатты жəне ағымдық салымдар;

- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

- валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін жəне сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер жəне жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уəде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде жəне т. с. с) толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын жəне пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік жəне жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік жəне жинақ сертификаттары - бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты жəне оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін жəне оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куəландыратын банк-эмитенттің жазбаша куəлігі.

Депозиттік жəне жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

1. атаулы сертификаттар;

2. мəлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік жəне жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мəлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік жəне жинақ сертификаттары сатылған тауарлар жəне көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Əлемдік тəжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

1. Аударылатын;

2. Аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік жəне жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

Нау-шот жəне куəландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады. Нау-шоттар - бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер болып табылады.

Нау-шоттың келесідей өзіне тəн ерекшеліктері болады:

- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;

- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;

- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.

Куəландырылған чектер шоттары - бұл куəландырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттары.

Куəландырылған чектер - бұл банктің, шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куəландыруы. Американдық банктік тəжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады.

Оның мынадай ерекшелігі бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Коммерциялық банктер туралы
Коммерциялық банктерді құру, олардың қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Коммерциялық банктердің қызметі
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Қаржы және банктер
Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz