Құрылыста қолданылатын металдар және оның ерекшеліктері,қасиеттері, қолданысы



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім.
2.1 Металл конструкциялар
2.2 Болат конструкциялар
2.3 Алюминий конструкциялар
2.4 Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қара жəне түсті (көбінесе алюминийден) металдардан жасалған конструкциялар ғимараттар құрылысында, əсіресе үлкен адындам, биіктік, жүктеу жəне коррозияға қарсы талаптар үшін кеңінен қолданылады. Металл конструкцияларының құрылыста кең тарауы – олардың темірбетон жəне тастан жасалған байланыстырғыш конструкцияларымен салыстырғанда, беріктігінің жоғарылығы, сенімділігі, өнеркəсіптігі, тез құралатындығы мен жеңілдігінде. Металл конструкцияларын қолдану тиімділігінің комплексті көрсеткіші – құрылыс коэффициенті болып есептеледі. Ол металл конструкциялары салмағының бүкіл ғимарат немесе құрылыстың байланыстырғыш конструкциялары мен тетіктерінің салмағына қатынасы. Ол ғимараттар мен құрылыстың байланстырғыш конструкцияларының конструктивтік формасын жəне үйлестіру сапасын материал шығынын, сондай-ақ оларды дайындау қиындығын, тұрғызу мерзімі мен құнын ескере отырып сипатталады. Құрылыс коэффициентінің ең аз мəніне – көп жағдайда аз қоспалы əрі беріктілігі жоғары болат пен қорапталар қолданғанда, жұқа қабырғалы прокаттық жəне иілген профильдер, кеңістік алдын ала кернелген, аспалы, құбырлы, басқа да жүйелерді қолданғанда жетуге болады. Алюминий қорытпалары тығыздығының шойын, болатпен салыстырған-да 2,7-2,9 есе аз екендігіне жəне конструкцияларды жеңілдету мүмкіндігіне қарамастан, серпімділік модулінің үш есе төмендегіш байланыста жоғары температурада беріктігі төмендейді (100-150оС-тан жоғары). Ал жоғары жылулықтың ұлғаюы арқасында жүктеуге шыдамдылығының жеткіліксіздігінен, байланыстырғыш конструкцияларда қолданылуы шегерілген. Металл конструкцияларын біріктірудің негізгі түрі – дəнекерлеу. Алайда ол дəнекерленетін элементтердің біріктірілуі аймағында металдың құрылымдық жəне химиялық өзгерістерін туғызады. Бұл дəнекерленген жерде сызаттың пайда болуы мен морт сынуына себеп болады. Əсіресе көміртек, күкірт жəне фосфордың мөлшері көп қайнайтын болат қолданғанда, болаттың құрылымы ірі түйіршікті жəне дəнекерленетін элементтері өте қалың болғанда да өзгерістер туғызады. Келеңсіз жағдайларды болғызбау үшін тынық немесе жартылай тынық болат пен электродтар қолданылады. Жіктердің салқындау жылдамдығын шлак, флюстердің жылуизоляциялық қабаты арқылы реттейді. Коррозияға – шойын төзімді келеді, мұны шойыннан жасалған конструкциялық элементтердің өте қалыңдығы, сондай-ақ феррест-перлит металл негіздерінің коррозиялану өнімдерінің графит бөлшектерін цементтеуімен түсіндіруге болады. Шойын коррозиясының бұл түрін – графиттену деп атайды, ол сұр жəне қақтауға төзімді шойындарға тəн. Алюминий қорытпалары коррозияға төзімділігімен ерекшеленеді, ол оның бетінде берік Al2O3 оксид қабыршағының пайда болуына байланысты. Алайда жағымсыз жағдайларда олар да коррозияланады. Олар теңіз суына, сілтіге, Cl– , F– , Bi– , SO-2 4,Cu2 + иондары, сусыз спирт бар ортаға; ылғал ағашпен (букпен), құрылыс ерітінділері жəне бетонмен түйісуге төзімсіз. Магний мен марганец қоспалары алюминийдің коррозия төзімділігін арттырады.
1. Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет. ISBN 9965-34-929-0
2. Қазақ Энциклопедиясы

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырыбы: Құрылыста қолданылатын металдар және оның
ерекшеліктері,қасиеттері, қолданысы

Орындаған: Сайын Н. С.
Тексерген: Уркинбаева Ж. И.

Семей
2015

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім.

1. Металл конструкциялар

2. Болат конструкциялар

3. Алюминий конструкциялар

4. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

Қара жəне түсті (көбінесе алюминийден) металдардан жасалған конструкциялар
ғимараттар құрылысында, əсіресе үлкен адындам, биіктік, жүктеу жəне
коррозияға қарсы талаптар үшін кеңінен қолданылады. Металл
конструкцияларының құрылыста кең тарауы – олардың темірбетон жəне тастан
жасалған байланыстырғыш конструкцияларымен салыстырғанда, беріктігінің
жоғарылығы, сенімділігі, өнеркəсіптігі, тез құралатындығы мен жеңілдігінде.
Металл конструкцияларын қолдану тиімділігінің комплексті көрсеткіші –
құрылыс коэффициенті болып есептеледі. Ол металл конструкциялары салмағының
бүкіл ғимарат немесе құрылыстың байланыстырғыш конструкциялары мен
тетіктерінің салмағына қатынасы. Ол ғимараттар мен құрылыстың байланстырғыш
конструкцияларының конструктивтік формасын жəне үйлестіру сапасын материал
шығынын, сондай-ақ оларды дайындау қиындығын, тұрғызу мерзімі мен құнын
ескере отырып сипатталады. Құрылыс коэффициентінің ең аз мəніне – көп
жағдайда аз қоспалы əрі беріктілігі жоғары болат пен қорапталар
қолданғанда, жұқа қабырғалы прокаттық жəне иілген профильдер, кеңістік
алдын ала кернелген, аспалы, құбырлы, басқа да жүйелерді қолданғанда жетуге
болады. Алюминий қорытпалары тығыздығының шойын, болатпен салыстырған-да
2,7-2,9 есе аз екендігіне жəне конструкцияларды жеңілдету мүмкіндігіне
қарамастан, серпімділік модулінің үш есе төмендегіш байланыста жоғары
температурада беріктігі төмендейді (100-150оС-тан жоғары). Ал жоғары
жылулықтың ұлғаюы арқасында жүктеуге шыдамдылығының жеткіліксіздігінен,
байланыстырғыш конструкцияларда қолданылуы шегерілген. Металл
конструкцияларын біріктірудің негізгі түрі – дəнекерлеу. Алайда ол
дəнекерленетін элементтердің біріктірілуі аймағында металдың құрылымдық
жəне химиялық өзгерістерін туғызады. Бұл дəнекерленген жерде сызаттың пайда
болуы мен морт сынуына себеп болады. Əсіресе көміртек, күкірт жəне
фосфордың мөлшері көп қайнайтын болат қолданғанда, болаттың құрылымы ірі
түйіршікті жəне дəнекерленетін элементтері өте қалың болғанда да өзгерістер
туғызады. Келеңсіз жағдайларды болғызбау үшін тынық немесе жартылай тынық
болат пен электродтар қолданылады. Жіктердің салқындау жылдамдығын шлак,
флюстердің жылуизоляциялық қабаты арқылы реттейді. Коррозияға – шойын
төзімді келеді, мұны шойыннан жасалған конструкциялық элементтердің өте
қалыңдығы, сондай-ақ феррест-перлит металл негіздерінің коррозиялану
өнімдерінің графит бөлшектерін цементтеуімен түсіндіруге болады. Шойын
коррозиясының бұл түрін – графиттену деп атайды, ол сұр жəне қақтауға
төзімді шойындарға тəн. Алюминий қорытпалары коррозияға төзімділігімен
ерекшеленеді, ол оның бетінде берік Al2O3 оксид қабыршағының пайда болуына
байланысты. Алайда жағымсыз жағдайларда олар да коррозияланады. Олар теңіз
суына, сілтіге, Cl– , F– , Bi– , SO-2 4,Cu2 + иондары, сусыз спирт бар
ортаға; ылғал ағашпен (букпен), құрылыс ерітінділері жəне бетонмен түйісуге
төзімсіз. Магний мен марганец қоспалары алюминийдің коррозия төзімділігін
арттырады.

Болат конструкциялар

Болат конструкцияларының негізгі конструктивтік формаларына өндіріс
ғимараттары, қоғамдық ғимараттардың қаңқалары мен үлкен адымдық жабындары,
көпірлер мен қабатаралық, мұнаралар мен діңгектер, витраждар, терезелік,
есіктік толтырулар, аспа төбелер, т.б. жатады. Құрылыс конструкциясынынң
бастауыш элементтері: – болат парақ – қалың ыстықтай тапталған, парақтар
жəне орамалар түрінде, қалыңдығы 4-160 мм, ұзындығы 6-12 м, ені 0,5-3,8 м;
ыстықтай жəне суықтай тапталған, қалыңдығы 4 мм-ге дейін, жұқа, орамалы;
кең сөрелі əмбебап, жиектері өңделіп, тегістелген ыстықтай топталған
қалыңдығы 6-60 мм; – профильді болат – бұрыштықтар, швеллелер, таврлар, қос
таврлар, құбырлар, т.б. (12.1-сурет), олардың конструкциялық, төзімділігі
мен үнемділігін қамтамасыз ететін симметриялық қималар жинақталады. –
тігінсіз ыстықтай тапталған диаметрі 25-550, ал қабырғаның қалыңдығы 2,5-
7,5 мм радио, теледидарлық тіректерге арналған дөңгелек құбырлар; – электр
əдісімен дəнекерленген диаметрлері 8-1620 мм жəне қабырғасының қалыңдығы 1-
16 мм дөңгелек құбырлар; жақтарының өлшемдері 60-180 мм, қабырғалық
қалыңдығы 3-8 мм қимасы квадрат немесе тік бұрыш құбырлар. – құбырлар
жеңідетілген жабын, қабырға фахверкалары, жақтаулар, витраждар
конструкцияларында қолданылады. – қалыңдығы 1-8 мм таспалар немесе тілімдер
жасалатын суықтау иілген профильдер (12.1-сурет). Олар негізінен ғимарат
жабынының үнемді, жеңіл конструкциясы ретінде қолданылады. 12.1-сурет.
Прокаттық профильдердің негізгі түрлері а) болат парағы; ə) бұрыштық
профильдер; б) швеллер; в,г,д) сөрелерінің ені əр түрлі қоставрлар; е) жұқа
қабырғалы қоставрлар мен швеллерлер; ж) тігіссіз жəне электр əдісімен
дəнекерленген құбырлар– əртүрлі қызмет атқаратын профильдер – терезе, есік
жəне көшешам жақтаулары, кран рельстері, цинктелген профильді төсемдер,
болат арқандар мен аспалы жабындар, көпірлер, діңгектер, алдын ала
кернелген жабын конструкциялары, құбырлар, резервуарлар, т.б. арналған
жоғары беріктік сым. Пішімі, өлшемдері, салмағы жəне шектері көрсетілген
прокатты профильдердің тізімі – сортамент деп аталады. Мұнда ең үнемдісі –
жұқа қабырғалы профильдер болып есептеледі. Бастауы – элементтерден зауытта
үстін үзінділерін, кран асты жəне көпір балкаларын, фермалар, аркалар,
цилиндр жəне итарқалы жабындар, т.б. блоктарға дейін іріленіп, құрылыс
алаңында құрастырылатын конструкциялар дайындалады. Металл конструкциялары,
жоғары өнімділік пен өнімнің сапасын қамтамасыз ететін арнайы зауыттар мен
монтаждық ұйымдарда жасалып, жинақталады. Металл конструкцияларының
атқаратын қызметі мен пайдалану жағдайына, ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділік дəрежесіне байланысты, сыртқы ауаның есептік қысқы
температурасында суыққа төзімділігі ескеріліп болаттардың əртүрлі
категориясын пайдалану ұсынылады. VII-тарауда көрсетілгендей, барлық
конструкциялар 4 топқа бөлінген. Оларға қойылған талаптар: болат маркалары
біріншіден – төртінші топқа дейін азаяды. Егер алдыңғы үш топта негізгі
жауапты конструкциялар ретінде күрделі қоспаланған, жақсы пісірілетін жəне
суыққа төзімді болат қолдану ұсынылса, төртінші топта – конструкциялар үшін
қарапайым ВСТ 3СП (ПС), (КП) болаттары қолданылады. Болатты аз мөлшерде
мыс, фософор, никель, хром (мысалы, І жəне ІІ топ болаты, 15Г2АФДпС,
10хСНД, 10хНДП, 12ГН2МФАЮ, т.б.) қоспалау, əсіресе атмосфералық коррозиядан
қорғау үшін тиімді. Аз қоспалы болаттардың бетінде FeOOH – аморфты
гидроксидтен тұратын тығыз, қорғаушы тот қабығының пайда болу қабілеті,
көптен жасауға мүмкіндік берді. Олар өндіріс ғимарраттарын, көпірлер,
тіректер мен басқа атмосфералық жағдайларда пайдаланатын конструкцияларға
қолданылады. Картенді сырлаудың қажеті жоқ, өйткені бүкіл қызмет ету
мерзімінде коррозияланбайды. Қабыршақтың қорғау қасиеті: ылғалданып кеуіп
отырған сайын, күшейе түседі. Картен құрамы – С жəне Р – 0,09%, Mn жəне Cu
– 0,4%, Cr – 0,8% жəне Ni – 0,3%.

Алюминий конструкциялары

Алюминийдің құрылыста қолданылуы 1896 жылы Монреальдағы Life Building
ғимараттарындағы алюминий ернеу мен 1897-1903 жылдары Римдегі екі мəдени
ғимараттардағы алюминий жабынын орнатудан басталды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи битумдар негізіндегі көмірсутекті материалдардың экологиялық қауіпсіздігі
Құрылыстық конструкциялар
Полимерлер және оның түрлері, ерекшеліктері, өндірісте қолданысы
Құрғақ құрылыс қоспалары мен құрылыс ерітінділері, жіктелуі, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданысы
Композициялық материалдар. Ыстыққа төзімді болаттар мен қорытпалар. Кесу аспабына арналған болаттар. Өлшеу аспабына арналған болаттар
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Табиғы, жасанды және синтетикалық ЖМҚ алу тәсілдері жайлы
ІА тобының элементтері
Серпімді деформациялар
Флотация туралы түсінік және флотациялық процестер
Пәндер