Қарасан кезіндегі биопрепараттар жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы : Қарасан кезіндегі биопрепараттар.
Орындаған: Советов Жандос
Тексерген: Жакиянова М. С
Семей қаласы 2015
Жоспар
1. Қарасан туралы түсінік.
2. Індеттік ерешеліктері.
4. Алдын алу шаралары.
5. Паталогиялық өзгерістер.
6. Ажыратып балау.
7. Алдын алу шаралары.
Қарасан - жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Қарасан өте заманнан белгілі, бірақ, оны ұзақ уақыт топалаңмен шатастырып келді. 1870 ж Ф. Шабер бан жағынұл екі жұқпалы аурудың клиникалық белгілерін талдап, бір - бірінен ажыратты. Қоздырушысын 1887 ж С. Арлуэн мен Ж. Томас ашты. 1925 ж Лекленш пен Валлъ вакцина ұсынды. Ауру бүкіл дүниежүзінде байқалды.
Қоздырушысы - Clostridium chauvoei - түзу, аздап иілген таяқша, ұзындығы 2 - мкм. Ұлпалардан алынған жағындыда жеке дара немесе қосарланып орналасады, қозғалады, жаңа өсіндіде грамоң, ескірген кезде грамтеріс боялады. Өлексе мен сыртқы ортада микробтың ортасында, болмаса шеткерірек орналасқан, оның диаметрінен үлкен спора түзеді, қауашақ түзбейді. Қоздырушысы табиғатта кеңінен тараған, топырақта, көңде, түбі лай су қоймаларында кедеседі. Дені сау сиыр, қой, жылқы т. б. жануарлардың ішектерінің ішіндегісінен бөліп алуға болады.
CL. chauvei - нағыз ауасыбағасыз микроб. Қан, бауыр, ми қосылған қоректік орталарда ( китт - троцци, Хотингер орталары) өседі. Қоздырушысының қн бойындағы соматикалық О - антигені осы микроб түрінің барлық өкілдеріне ортақ. Жіпшелеріндегі Н - антигені бойынша қойдан және сиырдан юөлінген штамдарының айырмашылығы бар.
Қоздырушысының споралары аса төзімді келеді. Олар топырақта, суда бірнеше жыл, шіри бастаған етте, көңде 6 айға дейін сақталады. Тура түскен күн сәулесі 24 сағ, . Қайнату 2 сағ, . Автоклавтау 30 - 40 мин. өлтіреді. Еі сенімді дезинфектант - 4%формальдегид ерітіндісі.
Індеттік ерекшеліктері. Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы ауырады. Жас төл колостральдік иммуниетінің, ал сақа мал иммундеуші субинфекцияның әсерінен төзімді келеді. Негізінен қоңды, бұлшықеттерінде гликоген мол жас жануарлар ауырады. Түйе мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардың ішінде теңіз тышқаны аса сезімтал.
Ауру алиментарлық жолмен және зақымданған тері арқылы жұғады. Қоздырушысының денеге бойлауына ауыздың кілегейлі қабығының бүлінуі, ішек - қарынның қабынуы, кейбір гельминтоз аурулары жағдай жасайды. Қойларға негізінен тері арқылы. Қырыққан кезде жұғады.
Ауру жылдың кез келген мезгілінде кездескенімен, жазғы, күзгі маусымдығы айқын сезіледі. Көптеген өлкелерде қарасанның ең көп байқалатын уақыты - күздігүні. Бұл кезде жайылымдағы шөптер қурап, қатайып, тікенектенеді, егін орылып, аңызға мал жайылады. Тамырлы мал азығын жинап алған жерге мал жіберіледі. Осының бәрі қоздырушының топырақтан жұғуына жағдай жасайды. Сондықтан да қарасан топырақ инфекциялары тобына жатады.
Өтуі мен симптомдары . Жасырын кезеңі өте қысқа 1 - 2 күн, кейде 5 күнге дейін созылады. Әдетте ауру кенеттен басталады да, жіті осы ауруға тән карбункулезді түрде өтеді. Жекелеген жануарларда кәдімгідей емес үзілмелі түрде өтуі мүмкін. Өте жіті қағынған т үрі де байқалады.
Жіті өтуі дененің ыстығы 41 - 42 С дейін көтерілуімен басталып дененің бұлшық еті мол тұстарында ( сан, сауыр, мойын, әуке) кейде ауызда, аңқада, тез үлкейген ( 8 - 10 сағатта) ісік пайда болады. ісік бастапқыда тығыз, ыстық болады, ауырсынады, басып көргенде сықырлайды, тықылдатқанда ( перкуссия) тимпаниялық дыбыс береді. Кейіннен ісік суынып, сезімталдығы басылады. Ол жердің терісі қызыл - қоңыр түске енеді. Маңындағы сөл түйіндері ұлғаяды. Карбункулалар санында, сауырында, жауырында болғанда мал ақсайды. Дерт ауызда болғанда тіл сықырлайтын ісікке шалдығады. Аңқада болған процесті құлақтың түбін басып көргенде шығатын дыбыс арқылы аңғаруға болады. тереңде орналасқан бұлшық еттердің зақымданғаны өлексе сойғанда ғана байқалады.
Инфекциялық процесс өрбігенде жануардың жалпы күйі нашарлайды. Ауырған мал күйзеліп, жемшөпке қарамайды. Тынысы жиілеп, жүрек ырғағы бұзылып, минутына ( 100-120), қан тамыры толымсыз соғады. өлер алдында дененің температурасы қалыптан төмендейді. әдетте ауырған мал 1 - 2 күнде, кейде 3 - 10 күнде өледі.
Кейбір жануарларда, әсіресе, кәрі малда, ауру кәдімгідей емес үзілмелі түрде байқалуы мүмкін. Ондай жағдайда жануардың тәбеті нашарлап, сәл күйзеліп, кейбір бұлшықеттерін басып көргенде домбығу білінбесе де ауырсынады. Бұндай жағдайда 3 - 5 күнде жазылып кетеді.
Аса жіті өтуі біршама сирек, әдетте 3 айлық бұзауларда кездеседі. Ауру қағынған түрде, дененің қызынуы, қатты күйзеліс арқылы карбункуласыз байқалады да, 6 - 12 сағ, ішінде өліммен аяқталады.
Қойда қарасан сиырдағыдай өткенімен, сықырлауық домбығу көбінесе байқалмайды. Малдың аузынан көбік ағып, тісін шықырлатады, іші кеуіп, жүнсіз тықыр жерлері қоңыр - сарғылттанып дымданады ( қанды тер шығады) . Ауру өте жіті өтіп, бірнеше 6 - 24 сағатта кейде 2 - 3 өліммен бітеді.
Жұқпалы аурулардың емі . Жұқпалы аурумен ауырған жануарларды емдеу кешені түрде жүргізіледі. Бұл кешен этиотропты және симптоматикалық емдеу шараларынан тұрады. Этиотропты ем-аурудың себебіне, яғни оның қоздырушысына қарсы бағытталады. Ол үшін сол ауруға тән өзгеше және сонымен қатар өзгеше емес дәрі-дәрмектер қолданылады. Белгілі бір аурудың қоздырушысына әсер ететін өзгеше дәрмектерге иммунды қан сарысуы, имуноглобулиндер, бактериофагтар жатады. Өзгеше емес дәрі-дәрмектерге антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және химиялық препараттар жатады.
Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ауырған жануардың жағдай күйіне байланысты дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады. Оларға жүрекке әсер ететін қақырық түсіретін, зәр шығаратын дәрілер, су-тұз алмасуын қалпына келтіретін ертінділер, дененің жалпы қуаттандыратын , т. б. дәрмектер жатады.
Жұқпалы ауру шыққан сәтте аталған шараларды орындау жеткіліксіз. Ол шарттар ауру болмаған уақытта да тиянақты түрде іске асырылатып отыруы керек. Жұқпалы ауру байқалғанда, ауруға қарсы иммундік дәрмектер қолданылады. Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жанаспаған боллса, вакциналау арқылы белсенді иммундеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта қолдан жұқтыру арқылы ауруды жасанды түрде қоздырып, иммунитетті қалыптастыруға тиым салынған.
Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жанасқан болса, немесе тез арада ауру шығып кету қаупі туса, онеда иммуноглобулиндік дәрмектер арқылы енжар иммундеу әдісін қатар қолдану, яғни симультанды иммундеу, жақсы нәтиже береді. Бұның нәтижесінде егілгеннен соң бірден организмде енжар иммунитет қалыптасады
Патологиялық анатомиялық белгілері. Топалаңдағы сияқты өлексе тырсиып ісінген және табиғи тесіктерден қан араласқан сұйықтықтар ағады. Кілегй қабықтары қызарған немесе көгерген. Қарасанға тән негізгі өзгерісті эмфизематозды ісік маңынан байқауға болады. Тері асты клетчаткасы және бұлшық ет арасындағы ұлпалардан сарғыш-қызыл жалқаяқты байқауға болады. Бұлшық еттері құрғақ, күңгірт-қызыл түсті (Қара сан деген атау осы белгісінен туындаған), газ көпіршіктерімен ығыстырылғанжәне басқан кезде сықырлайды. өзгеріске ұшыраған бұлшық еттен өзіне тән күйген майдың иісі шығады. Кеуде және құрсақ қуыстарында сірілі және сірілі-геморрагиялық жалқаяқ көрінеді. Бауыры аса ұлғая қоймайды, бірақ көбінесе көлемі грек жаңғағына дейін жететін маңайы ұлпалармен шектелген ірілі-ұсақты өліеттену ошақтары басып кетеді. Олардың түстері қоңыр-қызылдан қошқыл қызылға дейін болады. Кесіп қарағанда құрғақтау, газ көпіршіктеріне толып кеткендігін көруге болады. Талағы ұлғайған, капсуласы газдың әсерінен созылып кетуі де мүмкін. Қаны ұйыған. Ішектің кілегей қабығы қызарған, қанталап ісінген. Осындай қанталауларды паренхиматозды ағзалардың сірі қабығының астынан кездестіруге болады.
Патогендігі және жұғу жолдары 3 айдан 2-3 жасқа дейінгі жас, кейде одан да ересек мүйізді ірі қара мал ауырады. Ет бағытындағы тұқымдары сүт бағытындағымен салыстырғанда бұл ауруға сезімтал болып келеді. Қойлардың да бұл ауруға шалдыққаны тіркелген. Ауру көбінесе жайлым кезеңінде және әсіресе құрғақшылық кездерінде малдар құрғаған тікен шөпті тамыр-топырағымен қопарып жегенде пайда болады. Тамырмен және онымен ілескен топырақпен жануар аузына қарасанның қоздырғышы да түседі. Қоздырушы құрғақ шөптің сабақ, тамырымен жыртылып-жарақаттанған ауыз кілегей қабығы арқылы организмге енеді. Ауруды жұқтырудың екінші бір жолы мал су ішетін су көздері. Мал қорада тұратын кезеңде де ауру сирек те болса шығуы мүмкін, ол қоздырғышпен зақымдалған азықты жегеннен болады.
Ауруды балау кезінде неге назар аудару керек: Ұқсас аурулардың бірі - топалаңнан айыру үшін ауырған малдың жасын ескеру керек: топалаңмен жас малдар да, сақа малдар да бірдей ауруға шалдығады, қарасанмен әдетте жасмалдар ғана ауырады. Қарасан кезінде ісік - жамбас, жаурын сияқты бұлшық етке бай жерлерде орналасады; сықырлауық, салқын, жансыз, терісі өліеттенген болады. Топалаңда ісіккез-келген жерден пайда бола береді, сондай-ақ сықырламайды. Сойып қарағанда қарасаннан айырмашылығы топалаңда өлексенің қаны қара-қошқыл, ұйымайды, талағы күрт ұлғайған, болбыр. Қарасанды қатерлі ісіктен (газды ісік) ажырату қиынға соғады. Бұли жағдайда ескеретін нәрсе қатерлі ісік жарақаттардың немесе ауыр өткен туулардың салдарынан туындайтындығы. Сойып қарағанда қарасанда өлексенің еттері құрғақ және қара-қошқыл түске енген, ал қатерлі ісік кезінде еттер әдетте дымқыл, жылтыр, қызғылт, тіпті күлгін түсті болады. Сондай-ақ қатерлі ісік кезінде бауыр мен талақта өліеттенген аймақтар болмайды. Зақымдалған етті бактериологиялық зерттеудің шешуші маңызы бар.
Жануарларды қарасан ауыруының профилактикасы мақсатында мынандай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) мал қорымдарын (биотермиялық шұқыр) тиісті санитарлық жағдайда ұстау және оны қоршау жұмыстарын жүргiзу;
2) қарасан ауыруынан өлген жануарлар көмiлген жерлердiң топырағын зарарсыздандыру;
3) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлердi құрғату бойынша жұмыстарды жүргiзу;
4) суаттарды, құдықтарды қалпына келтiру, жануарлар су iшетiн зақымданған немесе күдiктi суаттарды жабу;
5) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз мал союға, шарасыз өлтірілген жануарлардың етiн және ет өнiмдерiн сатуға тыйым салу;
6) қолайсыз аулаларды, өлген жануарлар жатқан қора-жайлар мен жерлердi тазарту және дезинфекциялау;
7) 3 айдан 4 жас аралығындағы iрi қара малдың барлық сезімтал басына профилактикалық вакцина егуді жүргізу. Қарасан ауруы тiркелген шаруашылықта 6 айдан жоғары жастағы қойлар вакцина егуге жатады .
Қарасан ауруын жою жөнiндег іс-шараларға:
Қолайсыз пункттерде қарасан ауыруына бейiм жануарлар дене қызуы өлшеп клиникалық қаудан өткiзедi. Ауырудың клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, дене қызуы) белгілері байқалған жануарлар оқшауланады.
Жануарлардың өлекселері терісімен бірге өртеу арқылы жойылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz