Ген түсінігі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ген түсінігі
2. Геннің қызметі
3. Геннің қасиеттері
Қорытынды бөлім
Ген түсінігін генетика ғылымына 1909 жылы Иогансен енгізген. Т.Морганның 1926 жылы теориясы бойынша ген дегеніміз – бір белгінің жарыққа шығуына жауап беретін ары қарай бөлшектенбейтін хромосома бөлігі. Ген тұқым қуалау материалының, мутацияның, рекомбинацияның бірлігі. Қазіргі теория бойынша ген дегеніміз – бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауапты белоктың 1-ші реттік құрылымы жайлы информация жазылған ДНҚ молекуласының кесіндісі. Гендер хромосома бойында орналасып, өз қызметін бір-біріне тәуелсіз, жеке атқарады. Ген нуклеотидтерден тұрады; нуклеотидтер саны, орналасу тәртібі әр геннің ерекшелігін сипаттайды. Әрбір геннің өзіне тән мөлшері, нуклеотидтер саны, молекулалық массасы бар.Барлық Гендер ДНҚ-дан тұрады және әрбір жеке жасушадағы мыңдаған осындай Гендер жеке ДНҚ молекуларының үзіндісі түрінде емес, хромосома деп аталатын, ірі құрылымдық бірлік құрамында болады. Жасушаның бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді және жаңа түзілген жас жасушаалар осындай ата-аналық Гендер жиынтығының көшірмесін алады. Соның нәтижесінде жасушааның барлық белгілері (қасиеттері) ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды. Әртүрлі органимздердегі Геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид негіздерінің жұбынан құралады деп есептеуге болады. Мыс., жануарларда кездесетін SV-40 вирусындағы ДНҚ-ның ұзындығы 5000 нуклеотид, яғни ол 5 геннен; Т4 бактериофагы — 200, ішек бактериясы — 4600, ал адамның гаплоидты жасушасы 100000 — 500000 Гендерден тұрады. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендел организм белгілерінің жеке тұқым қуалайтынын және шағылысу (будандастыру) кезінде ұрпақтарында жоғалмай сақталатынын анықтады. Будандардың бірінші ұрпағында ата-ананың біреуінің ғана белгісінің басым болуы доминанттық деп аталады. Генетикада Гендерді латын әліпбиінің әріптерімен белгілеу қалыптасқан, мыс., доминантты Генді бас әріппен (А), ал рецессивті (басылыңқы) Генді кіші (а) әріппен белгілейді. Микроорганизмдерде белгілі бір қосылыстар синтезіне жауапты Гендерді сол қосылыстар атауының алғашқы әріптерімен және “+” (қосу) белгісімен белгілейді, мыс., hіs+ — гистидин Гені, leu+ — лейцин Гені, тағыда басқа Гаметалардың түзілуі мен ұрықтану процестеріндегі әртүрлі Гендер бойынша белгілердің тәуелсіз ажырауы мен гомологтық емес хромосомалар әрекетінің арасындағы қатарластық (параллелизм), тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалады.
1. Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
2. Алиханян С. И., Акифьев А. П., Чернин Л. С. Общая генетика. — М.: Высш. шк., 1985. — 446 с.
3.Гершензон С. М. Основы современной генетики. — Киев: Наук. думка, 1983. — 558 с.
4.Гершкович И. Генетика. — М.: Наука, 1968. — 698 с.
5. Дубинин Н. П. Генетика. — Кишинёв: Штииница, 1985. — 533 с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-математика факультеті

СӨЖ №1

Орындаған: Камакова Нұр
Е-313 тобы

Семей 2015 ж

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ген түсінігі
2. Геннің қызметі
3. Геннің қасиеттері
Қорытынды бөлім

Геннің құрылымы және қызметі.
Ген түсінігін генетика ғылымына 1909 жылы Иогансен енгізген. Т.Морганның 1926 жылы теориясы бойынша ген дегеніміз - бір белгінің жарыққа шығуына жауап беретін ары қарай бөлшектенбейтін хромосома бөлігі. Ген тұқым қуалау материалының, мутацияның, рекомбинацияның бірлігі. Қазіргі теория бойынша ген дегеніміз - бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауапты белоктың 1-ші реттік құрылымы жайлы информация жазылған ДНҚ молекуласының кесіндісі. Гендер хромосома бойында орналасып, өз қызметін бір-біріне тәуелсіз, жеке атқарады. Ген нуклеотидтерден тұрады; нуклеотидтер саны, орналасу тәртібі әр геннің ерекшелігін сипаттайды. Әрбір геннің өзіне тән мөлшері, нуклеотидтер саны, молекулалық массасы бар.Барлық Гендер ДНҚ-дан тұрады және әрбір жеке жасушадағы мыңдаған осындай Гендер жеке ДНҚ молекуларының үзіндісі түрінде емес, хромосома деп аталатын, ірі құрылымдық бірлік құрамында болады. Жасушаның бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді және жаңа түзілген жас жасушаалар осындай ата-аналық Гендер жиынтығының көшірмесін алады. Соның нәтижесінде жасушааның барлық белгілері (қасиеттері) ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды. Әртүрлі органимздердегі Геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид негіздерінің жұбынан құралады деп есептеуге болады. Мыс., жануарларда кездесетін SV-40 вирусындағы ДНҚ-ның ұзындығы 5000 нуклеотид, яғни ол 5 геннен; Т4 бактериофагы -- 200, ішек бактериясы -- 4600, ал адамның гаплоидты жасушасы 100000 -- 500000 Гендерден тұрады. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендел организм белгілерінің жеке тұқым қуалайтынын және шағылысу (будандастыру) кезінде ұрпақтарында жоғалмай сақталатынын анықтады. Будандардың бірінші ұрпағында ата-ананың біреуінің ғана белгісінің басым болуы доминанттық деп аталады. Генетикада Гендерді латын әліпбиінің әріптерімен белгілеу қалыптасқан, мыс., доминантты Генді бас әріппен (А), ал рецессивті (басылыңқы) Генді кіші (а) әріппен белгілейді. Микроорганизмдерде белгілі бір қосылыстар синтезіне жауапты Гендерді сол қосылыстар атауының алғашқы әріптерімен және "+" (қосу) белгісімен белгілейді, мыс., hіs+ -- гистидин Гені, leu+ -- лейцин Гені, тағыда басқа Гаметалардың түзілуі мен ұрықтану процестеріндегі әртүрлі Гендер бойынша белгілердің тәуелсіз ажырауы мен гомологтық емес хромосомалар әрекетінің арасындағы қатарластық (параллелизм), тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалады. Бұл теория бойынша Гендер хромосомаларда тізбектеле орналасады да, олар тұқым қуалаушылықтың материалдық негізін қалайды (қ. Мейоз). Жасушадағы ақуыздың синтезделуі және олардың қарым-қатынасы туралы ақпарат тек Гендерде болады, яғни әрбір Ген белгілі бір ақуыз (полипептидті тізбек) синтезіне жауапты. Ақуыз синтезін бақылай отырып, Ген организмдегі барлық химиялық реакцияларды басқарады, яғни оның белгілерін (мысалы, шаштың түсін, қанның тобын, өсуді және т.с.с.) анықтайды. Гендер өзінде болатын ферменттер құрылымы және басқа жасушалық ақуыздар туралы ақпарат есебінен жасушалық метаболизмге бақылау жасайды. Ал ферменттер тірі организмдерде жүретін барлық химиялық реакцияларды басқаратын биокатализатор рөлін атқарады.Геннің құрылымы мен қызметін, Ген мен ферменттер арасындағы өзара байланысты әрі қарай тереңдете зерттеудің нәтижесінде "бір ген -- бір полипептид" деген ұғым тұжырымдалды.Геннің қызметі туралы қазіргі көзқарастың қалыптасуына Америка ғалымдары Д. Бидл, Э. Тейтем (Татум) және С. Бензер жүргізген зерттеулердің әсері көп болды (1940 -- 60).

Геннің қызметі:
1.Тұқым қуалау информациясын сақтайды
2.Геннің екі еселенуі
3.Белоктың биосинтезін басқаруы
4.ДНҚ репарациясы - ДНҚ синтезіндегі бұзылыстардың қалпына келуі.
Геннің қасиеттері:
1.Геннің дискреттілігі
2.Геннің арнайылылығы
3.Геннің плейотроптылығы
4.Ген әсерінің өлшемділігі
5.Геннің бірнеше әртүрлі формада кездесуі
ДНҚ (ДезоксирибоНуклеин Қышқылы) - бұл біздің генетикалық мәліметтеріміздің жолсерігі және барлық ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ағзамыздың қан жасушасынан өзге барлық жасушасы біздің ДНҚ- көшірмесіне ие. Адам баласы ұрықтану кезінде әкесі мен анасынан ДНҚ алады. Біздің әрқайсымызда 23 хромосома бар. Оның әрбір жұбының бірі әкесінен екіншісі анасынан алынған. Бұл 23 хромосома ядролық ДНҚ ретінде де белгілі, себебі ол әрбір жасушаның ядросында (қанның қызыл жасушасынан өзге) жатады. 23-ші хромосома - бұл жыныстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи хроника
Генетикалық өзгергіштік түсінігі
Генетика этикасы. Жаңа евгеника. Гендік инженерия. Гендік ақпарат
Аллельді гендер
Орта ғасырдағы Еуропа тарихы
Жеміс өсімдіктерінің генофондын және интродукциясын сақтау
Генетикалық өзгергіштік
Ипотека жүйесін автоматтандыру
Хромосомалық аберрациялар
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ КАУШСІЗДІПНЕ еҚАРСЫ КЫЛМЫСТАР
Пәндер