Гангрена ауруы



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Гангрена туралы түсінік
2. Патологиялық анатомия. Патогенез.
3. Клиника.

4. Классификациясы. Жіктелуі.
5. Емдеу



ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Газды гангрена - ежелгі заман мен ортаңғы ғасырдан белгілі. Гиппократ санның ашық сынықтары жайындағы тарауында, аяқ-қолдың қатты ісінуі мен сарғаюы өлімге қауіпті асқыну көрінісі деді, яғни газды гангренаның барлық симптомдарына ұқсастығын айтады. Бұл ауруды 19 ғасырда пысықтап жазған. Өткен жүз жылдықтың басында Дюпюитрен, ал кейіннен Пирогов (1848) осы аурулармен кездесіп, оны жарақаттанған және өздігінен пайда болатын эмфиземаның дамуымен байланысты деп шешті. Бір жағдайларда эмфизема жарада атмосфераның ауаның енуімен, ал басқа жағдайларда – ауаның эритроциттерден ыдырауымен байланыстырды. Пирогов бұл ауруды жергілікті ступором жедел гангреналы ісіну деп атады. Н.И. Пирогов бұл аурудың этиологиясын тірі жанды затпен байланыстырып және оның патологиялық процесін оқытудың жолын көрсетті. Әсіресе Н.И. Пироговтың осы ауруды соғыс кезіндегі тузызушы анализдерін, таралуын, соғыс кезіндегі жедел-іріңді, ауруханалық гангреналардан жай талқымалы сипатта болуын атап көрсетуі зор болды.
1. Гостищев В.К. Общая хирургия. -М.: Медицина, 2001. -663с.
2. Малярчук В.И., Пауткин Ю.Ф. Курс лекции по общей хирургии. -М.: Изд. Российского университета дружбы народов, 1999. -314с.
3. Гуляев А.Е., Лохвицкий С.В., Ширинский В.Г. Антимикробная профилактика в хирургии. –Москва: Триада - X, 2002.
4. Гостищев, В. К. Общая хирургия. М.: ГЭОТАР-МЕД,2003.-220с.
5. Гостищев В.К. Общая хирургия:Учебник.- Изд. 3-е,перераб. и доп.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2004.-608с.
6. Петров С.В. Общая хирургия:Учебник для вузовс компакт- диском.-3-е изд.,перераб.и доп.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2005.-768 с.
7. Нартайлаков М.А. Общая хирургия.- Ростов-на- Дону:Феникс,2006.-256с.
8. Плечев В.В., Мурысев Е.И. Профилактика гнойных осложнений в хирургии. -М.: Триада-Х,2003.-310с.
9. Колесов А.П. Анаэробные инфекции в хирургии. - Л.: Медицина, 1982.-156с.
10. Изимбергенов Н.И. Лечение гнойных ран. - Актобе, 2001.-137с.
11. Хирургические инфекции / Под ред ЕрюхинаИ.А. - СПб.: Питер,2003.-40с.
12. Чернов В.Н. Общая хирургия.-Ростов-на-Дону:МарТ,2004.-256с.
13. Абаев Ю.К. Справочник хирурга. Раны и раневаяинфекция.-Ростов-на-Дону.: Феникс, 2006.-428с.
14. Хирургические инфекции / Под ред ЕрюхинаИ.А. - СПб.: Питер,2003.-40с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Гангрена .

Тексерген: Ахметжанов О.Н.
Орындаған: Бахытова Г.Б

Семей ,2015-2016

Жоспар
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Гангрена туралы түсінік
2. Патологиялық анатомия. Патогенез.
3. Клиника.

4. Классификациясы. Жіктелуі.
5. Емдеу

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Газды гангрена - ежелгі заман мен ортаңғы ғасырдан белгілі. Гиппократ санның ашық сынықтары жайындағы тарауында, аяқ-қолдың қатты ісінуі мен сарғаюы өлімге қауіпті асқыну көрінісі деді, яғни газды гангренаның барлық симптомдарына ұқсастығын айтады. Бұл ауруды 19 ғасырда пысықтап жазған. Өткен жүз жылдықтың басында Дюпюитрен, ал кейіннен Пирогов (1848) осы аурулармен кездесіп, оны жарақаттанған және өздігінен пайда болатын эмфиземаның дамуымен байланысты деп шешті. Бір жағдайларда эмфизема жарада атмосфераның ауаның енуімен, ал басқа жағдайларда - ауаның эритроциттерден ыдырауымен байланыстырды. Пирогов бұл ауруды жергілікті ступором жедел гангреналы ісіну деп атады. Н.И. Пирогов бұл аурудың этиологиясын тірі жанды затпен байланыстырып және оның патологиялық процесін оқытудың жолын көрсетті. Әсіресе Н.И. Пироговтың осы ауруды соғыс кезіндегі тузызушы анализдерін, таралуын, соғыс кезіндегі жедел-іріңді, ауруханалық гангреналардан жай талқымалы сипатта болуын атап көрсетуі зор болды.

Безді флегмона және анаэробты гангрена. Қоздырғыштары. Патолого-анатомиялық көрінісі. Клиникасы. Емдеуі. Профилактикасы. Шіріген инфекция. Қоздырғыштары. Симптоматологиясы. Емдеуі.
Анаэробты инфекция - бұл сепсиске ұқсас жара мен жалпы жағдайдың құрт ауыр өзгерістері дамитын ауру. Анаэробты инфекция анаэробты микробпен зақымдалуынан болатын бір қатар ауруларды қамтиды. Біз бүгін тек анаэробты гангрена мен газды флегмона туралы айтамыз. Айта кететін жағдай, жараның анаэробты инфекциямен зақымдалуы ең ауыр жағдай болып табылады. Екінші дүниетүзілік соғыс кезінде бұл инфекцияның таралуы процент бойынша өздігінен тең болмады. Анаэробты гангрена көбінесе жайылмалы жаншылған жұмсақ ұлпаларда - оқ тиген жараларда, сол жеоде өттегінің көп мөлшерде қысылуында кездеседі. Бұл ауыр процессті жараларға өте көп атаулар - 70 анаэробты инфекцияға тән атауы белгілі. Көбінесе бұл ауру анаэробты инфекция деп аталынады. Стручков газды гангренаны әрі анаэробты гангрена, әрі соғыс-дала тілмесі деп атады, ал бұл аурудың халық атауы Антонов оты деп аталынады.
Бейбітшілік кезінде анаэробты инфекция сирек кездеседі. Ұлы Отан соғысы кезінде газды инфекциямен зақымдалуы орташа есеппен 9,2-0,3%, ал таралуы 20-дан 50%-ке дейін жетеді. Анаэробты инфекциямен зақымдалуы судан, киімнен былғану сатысына байланысты. Соғыс кезінде жіберілген халықтың санына байланысты жиі кездеседі.
Этиологиясы:
Газды инфекцияның негізгі 4 қоздырғышы бар:
* B. Perfrinqens
* B. Oedematiens
* V. Septicus
* B. Huystolicus
B. Huystolicus, адамға патогенді емес, бірақ алғашқы аталған үшеуі ең күшті бұзғыштық қасиеті бар. Бұл ұлпаны еріткіш микроб, жарада ауыр өзгерістерге әкеледі және кең жайылмалы болып келеді.B. Perfrinqens, жиі кездеседі. Оны сүтте, зәрде, киімде, нәжісте жиі табылады. Бұл микробты таза жарада, бұл жағдайда ол сапрофит сияқты және бұндай жарасы бар науқастарды газды гангреналы деп есептеуге болмайды. Газды гангрена пайда болуы үшін жарада жергілікті шарттарға сәйкес келуі керек (әсіресе ұлпалардың бұзылуы, сазбен көп мөлшерде былғануы), сонымен қатар зақымдалған адамның реактивтілігінің өзгеруіне тән болуы керек. Бұл микробтың негізгі қасиеті қант болған ортада қоректеніп және көбейеді.
B. Perfrinqens қиын құрамдас токсинмен газ түзіп, ұлпалардың күлдіреуіне әкеледі, ал бұл газды инфекцияға тән белгі.
Микробтың токсиндері көптеген компоненттерден тұрады: гемолизин, миотоксин, некротоксин және тағы басқа. Бұл микроб гемотогенді және лимфогенді жолмен жылдам таралып, гемолиз ұлпалардың ісінуімен, олардың өліеттенуін тудырады. Жүйке жүйесін зақымдайды.
B. Oedematiens, қатты әсер ететін токсин бөліп шығарады, ол ұлпаларды түссіз немесе ақшыл қызыл түсті ісінуін тудырады. Ұлпалар осыдан толқымалы түрде болады. Микроб спецификалық гемолитикалық әсері бар..
V. Septicus, табиғатта кең тараған, ұлпаларда ісінуді тудырады, оның серозды геморрагиялық сіңірілуі мен өлуіне әкеледі. Бұл микроб токсинін бөліп, лейкоциттерге теріс әсер етеді, фагацитарлық белсенділікті төмендетеді. Барлық қоздырғыштардың жалпы ерекшеліктері, олардың анаэробты болуы, яғни оттегінсіз жағдайда өмір сұреді, олардың барлығы экзотоксин бөледі, барлығы грамм (+) оң, сондықтан емдегенде сәйкес келетін дәрі-дәріліктер тағайындайды, барлығы спора шығарады, олар өте тұрақты, экзотоксиндерінің протеолитикалық қасиеті бар.
Микробтар табиғатта кең тараған әсіресе олар нәжісте, топырақта көп. Сондықтан газды гангрена аяқ жараларында, жыныс және зәр шығару мүшелер аймағында жиі асқынады. Бірақ бұл микробтар адамдар сирек кездесетін жерлерде де - биік тауларда, орманда кездеседі.
Анаэробты инфекцияның қоздырғыштары оқ тиген жараларда 80% дейін егіледі, яғни Ұлы Отан соғысы кезінде, ал B. Perfrinqens-70% табылды, B. Oedematiens-43%, V. Septicus - 9%, B. Huystolicus - өте сирек, яғни тез өледі.
Бірақ бұл микробтарда симбиоз жиі байқалады. Жараларда анаэробтармен бірге аэробтарда, стафилококктар, стрептококктар, ішек таяқшасы және тағы басқалары жиі кездеседі, бұлар аурудың ағымын төмендетеді. Себебі газды инфекциядан дамыған терең аймағында аэробтар ұлпалармен өттегіні тежейді, анаэробты флораның дамуын тудырады.
Газды инфекцияның дамуына әкеп соқтыратын жағдайлар.
А. Жергілікті факторлар:
1. Ашық сынықтарда жұмсақ ұлпалардың шектеусіз зақымдалулары жараларда нашар аэрациялық жағдайлар туғызады
2. Анаэробты инфекция, бұл бұлшық еттік инфекция, сондықтан да ірі бұлшық еттері дамыған аймақтардағы (мысалы: сан, тізе, иық) жаншылуда, жараларда жиі дамиды. Тармдалған бұлшық ет ұлпалары, анаэробтардың көбею жері болып табылады.
3. Ірі қан тамырларының жаралуымен байланысты жергілікті қан айналымының бұзылуы, жгутпен ұзақ уақыт байлаумен болғанда ұсақ тамырлардың тромбозы кезінде.
4. Веноздың айқын ұюлар кезінде, осыдан тотығу процесі зардап шегеді.
5. Жарақаттанғаннан кейінгі үсік немес үсінген жарақатты аяқ-қолдар.
6. Орналасуы - көбінесе аяқтардың жараларында кездеседі
Б. Газды гангренаны туғызатын жалпы себептер
1. Жедел қан жоғалту, жедел анемия
2. Жалпы суық жиюі
3. Шок
4. Қалжыраған өткерген аурулардан ағзаның әлсіреуі
5. Ылғалды ауа-райы жараның жермен ошғануы қолайлы жағдай туғызады
В. Жараларды хирургияның өңдеу дефектілері
1. Алғашқы көмектің кешжасалуы
2. Алғашқы хирургияның өңдеуді жараларда уақытылы жасалмады немесе
өңдеудің толық жасалмауы
3. Жараларды алғашқы хирургиялық өңдеуді дұрыс жүргізілмеген жағдайда
(ұлпаларды толығымен алмаған жағдайда, бітеу тігіс кезінде)
4. Жарада бөгде затты қалдыруі
5. Жараларды қан кетуді шала тоқтату кезінде тұйық тампонада жасағанда
6. Былғанған жараларға профилактика жүзінде анаэробқа қарсы сарысу
енгізбегенде
7. Иммобилизация дұрыс болмағанда және зардап шеккен адамның себепкер
ауруын дұрыс тасымалданбағанда
Патологиялық анатомия. Патогенез.
Анаэробтар қолайлы жағдайларда, яғни ағзаның қабілеттігінің төмен болғанда және қоректену ортасына қолайлы жерлерінде ұлпаларға еніп көбейе бастайды және өзінің бұзу қызметін дамытады.

Қолайлы ортасы өлген және зақымдалған ұлпа және неғұрлым интенсивті зақымдалса соғұрлым анаэробтар тез әсер етеді. Бұл процесс өздігінен дами алмайды, ал егерде ағзаға көмектеспесе, өлімге әкеледі. әсіресе бұлшық ет ұлпасында бұл процесс өтеді, яғни гликогенге бай орта, сондықтан бұл анаэробтарға ең жақсы қоректену ортасу болып табылады. Ұлпаларға микробтар мен олардың токсиндерінің әсер етуін 2 фазаға бөлуге болады:
І фазада ұлпада ісіну болады
ІІ фазада газды түзілулер байқалып бұлшық еттер мен дәнекер ұлпаның ұлпаның газды гангреналы пайда болады
І - фаза ісінудің пайда болуы, кез келген анаэробтардың әсерінен болады. Токсиндердің тамыр қабырғасына әсер етіп, плазма мен пішінді элементтердің өтуіне (сыртқы шығуына) мүмкіндік жасайды. Алғашқы кезде ісінуді ағзаның қорғану қабілеттілігі деп қарасьыруға болады, осыған орай ісі токсиндерінің сұйықталып, әрі қарай ісіну тек қана ұлпаларды механикалық қыспай, сонымен қатар токсиндердің күшіне қарай ұлпаларды зақымдап және оларда анаэробтардың дамуына ыңғайын келтіреді. Ісіктің сұйықтығы әр түрлі түсте болады түссізден, алқызыл, қарақоныр түске дейін болады, сұйықтықтың бұлыңғыр түсті болуы іріңді инфекциялардың болуын көрсетеді
ІІ фаза - ісінудің кейін анаэробтардың ферментативті әсерінің нәтижесінен ұлпаларда газды түзілулер пайда болады. Барлық анаэробтар қантты ыдырату қабілеттілігімен газ түзеді. әсіресе айқын газды түзілулер бұлшық еттің гликогені мен белоктарының ыдырауымен өтеді. Флораға байланысты ортада иісті, кейде іріңді иісті газдар түзеді. Газды түзілістер ісінумен қоса жүрмейді. Ісіну көп болса, соғұрлым газ аз, кейде керісінше. Газды құрылымы қоздырғышқа байлынысты, бірақ көбінесе ол сутегі, көмір қышқылын, аммиак және азоттан тұрады.

Ісік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан және лимфа айналымының бұзылуы
Бейспецификалық аортоартериит
Бауырдың майлы дистрофиясы
Паренхималық дистрофиялар
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Бактероидтармен қоздырылған анаэробты инфекциялар
Диабеттік табан жайында
Диабет
Қой маститінің түрлері
Топырақ гельминтоздары
Пәндер