Қазақ әдеби туындыларының аударылуы жайлы



Аударма қызметі
Көркем аударма
Ы.Алтынсариннің аудармалары.
Абай аудармалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Аударма қызметі – аса қиын, жауапты қызмет. Ол аудармашыдан ең алдымен шынайы болуды, ғылыми ұстанымдарға бойсынуды талап етеді.
Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап оның аудармаға қажетті қос тілдің екеуін де – өз ана тілі мен аударылатын шығарма жазылған бөтен тілді де барынша жақсы меңгерумен байланысты. Әлгіге қоса, аудармашы тіл сырын, сөз мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркемдік, әсемдік тұрғысынан ұғына алатындай қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы да керек.
Тәржіме тіліне қарап сол кезеңдегі ұлттық әдеби тіл деңгейіне баға беруге болады, әрі тілдің тарихын қалыптастыруға да мүмкіндік ашылады. Аударма шығармалары қазақ өлеңінің көркемдік құралдарын қалай байытқаны бұрын бізде болмаған шалыс ұйқастан, он буындық тармақтардан, тасымалдың тың түрлері арқылы өлең мақамының өзгеруінен де танылады. Тілдің өзіндік сипатына байланысты тәржіменің түпнұсқадан да асып түсуі мүмкін деген ой ортаға салынып отыр. Мәселе мынада. Өлең – өлшемге байлаулы өнер. Ақ өлеңнің де өзінің ішкі ырғағы бар. Ақын қай шумақты құрағанда да ырғаққа, ұйқасқа, буынға, бунаққа қарамай тұрмайды. Соған орай оның өз ойын, өз образын, өз бояуын дәйім дәл өзінің көздегеніндей етіп жеткізе алмауы әбден мүмкін. Мұның өзі ең мінсіз деген шығармалардан да табылуы мүмкін. Сол ойдың, сол образдың, сол бояудың өзге тілдегі өзге ырғаққа, өзге ұйқасқа, өзге буынға, өзге бунаққа түпнұсқадағыдан гөрі әуездірек, әрлірек болып түсуі де мүмкін. Тәржіме поэтикасы мәселесінде пішін мен мазмұн бірлігінің маңызы үлкен. Белинский аудармашы талантын пішінді дәл табу таланты деп атаған болатын. “Ұлттық пішін дегеніміз халықтық ойлау машығының көркем бейнелерде көрініс тапқан тұтас жүйесі. Ол әрбір халықтың тарихының, тұрмысының, сенім-нанымының, әдет-ғұрыптарының, үйренген үрдістерінің, талғамының ерекшелігінен құралады. Аудармашының еңсеруіне тура келетін қиындықтарының ең үлкенінің бірі ұлттық пішіннің ерекшеліктерін дәл ұстай білу, соны өзге тілде жеткізе білу” . Пішін мен тілді бөлек-бөлек қарастыру қисынға келмейді. Пішін – кең ұғым. Тіл көбіне-көп пішінге қызмет етіп қана қоймайды, пішінді құрайды да. Кешегі кеңес әдебиетінде шығарманың көркемдік пішініне көңілдегідей мән берілген жоқ. Қит етсе қоғамның қынынан формализм деген айыптың алдаспаны суырылып шыға салатын. Социалистік реализм әдісін ұстанатын ақын-жазушылар өздерінің төл туындыларында қолдана бермейтін, қолдана қалса идеологиялық билік, әдеби сын тарапынан қолдала бермейтін тәсілдерді аударма жасау арқылы пайдаланып жататын. Кейін әуелде аудармалар арқылы көз үйренген көркемдік шешімдер, аударма арқылы құлаққа сіңісті бола бастаған дыбыстық үйлесімдер бірте-бірте төлтума шығармаларға да ауысатын. Пішіндік ізденістер қазақ поэзиясында негізінен екі кезеңде бөлекше бой көрсетті, сол екі кезеңнің екеуі де бір есіммен – Маяковский есімімен байланысты. Алғашында – Маяковскийге еліктеп жазылған өлеңдерде, кейінірек – Маяковскийден жасалған аудармаларда.
1. Сәтбаева Ш. Уақыт шуағы. – Алматы: Ғылым, 2000. -656 б.
2. Рсалиева Н. «Көшпенділерге»… тосқауыл керек.// қазақ әдебиеті №8(3012) 23 ақпан –1наурыз. 2007 ж. -6-б.
3. Ментебаева А. «Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы» ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты. –Алматы; 2007. -22-б.
4. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
5. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СОБӨЖ
Тақырыбы: Қазақ әдеби туындыларының аударылуы
Топ: Қ - 319 с
Орындыған: Құрманбаева Ақмарал
Тексерген: Сабырбаева Р.Қ.

Семей 2015 ж

Қазақ әдеби туындыларының аударылуы
Аударма қызметі - аса қиын, жауапты қызмет. Ол аудармашыдан ең алдымен шынайы болуды, ғылыми ұстанымдарға бойсынуды талап етеді.
Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап оның аудармаға қажетті қос тілдің екеуін де - өз ана тілі мен аударылатын шығарма жазылған бөтен тілді де барынша жақсы меңгерумен байланысты. Әлгіге қоса, аудармашы тіл сырын, сөз мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркемдік, әсемдік тұрғысынан ұғына алатындай қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы да керек.
Тәржіме тіліне қарап сол кезеңдегі ұлттық әдеби тіл деңгейіне баға беруге болады, әрі тілдің тарихын қалыптастыруға да мүмкіндік ашылады. Аударма шығармалары қазақ өлеңінің көркемдік құралдарын қалай байытқаны бұрын бізде болмаған шалыс ұйқастан, он буындық тармақтардан, тасымалдың тың түрлері арқылы өлең мақамының өзгеруінен де танылады. Тілдің өзіндік сипатына байланысты тәржіменің түпнұсқадан да асып түсуі мүмкін деген ой ортаға салынып отыр. Мәселе мынада. Өлең - өлшемге байлаулы өнер. Ақ өлеңнің де өзінің ішкі ырғағы бар. Ақын қай шумақты құрағанда да ырғаққа, ұйқасқа, буынға, бунаққа қарамай тұрмайды. Соған орай оның өз ойын, өз образын, өз бояуын дәйім дәл өзінің көздегеніндей етіп жеткізе алмауы әбден мүмкін. Мұның өзі ең мінсіз деген шығармалардан да табылуы мүмкін. Сол ойдың, сол образдың, сол бояудың өзге тілдегі өзге ырғаққа, өзге ұйқасқа, өзге буынға, өзге бунаққа түпнұсқадағыдан гөрі әуездірек, әрлірек болып түсуі де мүмкін. Тәржіме поэтикасы мәселесінде пішін мен мазмұн бірлігінің маңызы үлкен. Белинский аудармашы талантын пішінді дәл табу таланты деп атаған болатын. "Ұлттық пішін дегеніміз халықтық ойлау машығының көркем бейнелерде көрініс тапқан тұтас жүйесі. Ол әрбір халықтың тарихының, тұрмысының, сенім-нанымының, әдет-ғұрыптарының, үйренген үрдістерінің, талғамының ерекшелігінен құралады. Аудармашының еңсеруіне тура келетін қиындықтарының ең үлкенінің бірі ұлттық пішіннің ерекшеліктерін дәл ұстай білу, соны өзге тілде жеткізе білу" . Пішін мен тілді бөлек-бөлек қарастыру қисынға келмейді. Пішін - кең ұғым. Тіл көбіне-көп пішінге қызмет етіп қана қоймайды, пішінді құрайды да. Кешегі кеңес әдебиетінде шығарманың көркемдік пішініне көңілдегідей мән берілген жоқ. Қит етсе қоғамның қынынан формализм деген айыптың алдаспаны суырылып шыға салатын. Социалистік реализм әдісін ұстанатын ақын-жазушылар өздерінің төл туындыларында қолдана бермейтін, қолдана қалса идеологиялық билік, әдеби сын тарапынан қолдала бермейтін тәсілдерді аударма жасау арқылы пайдаланып жататын. Кейін әуелде аудармалар арқылы көз үйренген көркемдік шешімдер, аударма арқылы құлаққа сіңісті бола бастаған дыбыстық үйлесімдер бірте-бірте төлтума шығармаларға да ауысатын. Пішіндік ізденістер қазақ поэзиясында негізінен екі кезеңде бөлекше бой көрсетті, сол екі кезеңнің екеуі де бір есіммен - Маяковский есімімен байланысты. Алғашында - Маяковскийге еліктеп жазылған өлеңдерде, кейінірек - Маяковскийден жасалған аудармаларда. Маяковскийдің өзі өлеңдерінің аудармасы тәржімешілерге қиындық келтіретінін жақсы білген. Білгендіктен де: "Менің өлеңдерімді аударудың айрықша қиындығы мынада - мен өлеңге қарапайым, ауызекі сөйлеу мәнерінің сөз саптауын енгіземін, мысалы, "светить - и никаких гвоздей" дегенді аударып көріңізші, ара-тұра бүкіл өлең кәдімгі әңгімелесу сияқты болып кетеді. Мұндай өлеңдер тілдің жүйесін тұтастай түйсіне алғанда ғана түсінікті әрі тапқыр болып көрінеді" ], деп айтып кеткен. Алайда, аудармашыларымыз Маяковский өлең жолдарын сатылап, баспалдақтап құрады екен деп, қазақтың қара өлең жолын беталды бөлшектеп, мағынасын шашыратумен Маяковский поэзиясының сыртқы формасын сақтауға болмайтындығы, өлең жолын сатылауды сөз мағынасы көрінеу керек етіп тұруы керектігі, ішкі, сыртқы форма сонда ғана табысатындығы жөніндегі тілек-ескертпелерді терең пайымдай алған жоқ. Қай жанрдағы шығарманың да ажарын ашатын, көркем мәтіннің мәйегіндей болып тұратын сөз саздылығы - аударманың да басты шарттарының бірі. Сол жолдағы стилистикалық айшықтардың арасында аллитерацияның алар орны үлкен. Дауыссыз дыбыстардың қайталануынан туатын бұл әсерді жөнімен пайдалана білсе, автордың өзіндік өрнегін де әдемі танытуға болады. Әрине, аллитерацияны қалайда аллитерациямен немесе ассонансты қалайда ассонанспен беруге ұмтылудың тіпті де қажеті жоқ. "Сөз сазының, өлеңдегі дыбыстар үндестілігінің біздің эмоциямызға әсер күші қай кезде де ерекше". Поэзиядағы әуезділікті (звукопись) өлең мағынасынан тіпті де бөліп алуға болмайды. Былайша қарағанда әуезділіктің өзінде, әрине, нақты мағына жоқ, сөйте тұра ол мағынаны эмоциялық-эстетикалық тұрғыдан айшықтап, мағыналық категорияларын айқындай түседі. Еңбекте тәржіме теориясында әлі шешімін таппаған мәселелердің бірі - ақ өлең аудармасына да тиісінше көңіл бөлінген. "Батыстың жаңа поэзиясында белең алып бара жатқан верлибрді, басқа да ұйқассыз өлең түрлерін аудару өздерінің өнері орыс поэзиясы дамуының негізгі желісінен алыстау осы пішінге аздап болса да келіңкірейтін ақындарды қажет етеді. Біздің поэзиямыздың аға буынында мұндай сөз шеберлері өте аз", дейді Борис Слуцкий. Бізде ақ өлең аудармасы орнықпағаны анық. Қадыр Мырза Әли дұрыс айтады: "Қазақ поэзиясы, бәрімізге белгілі, дәстүршіл поэзия. Ол жаңалықты мысқалдап, болмаса батпандап қабылдағанды әуел бастан жек көреді. Ақ өлең бізде бұрыннан бар. Бірақ ойға, орбазға, екпін-ырғаққа ғана арқа сүйеген ұйқассыз өлең күні бүгінге шейін сіңбей-ақ келеді. Оны айтасыз, қазақ поэзиясы он бір буынды шалыс ұйқастың өзін бауырына баспай-ақ қойды. Содан да болса керек, Абай орыстың он, он бір буынды шалыс ұйқастарын өзіміздің көне қара өлең формасымен аударған. Иә, қазақ поэзиясы түшіркенгіш поэзия. Ұйқассыз өлең жаза бастасақ болды, сәби жырымыздың өн бойын қызыл бөрткен басып кете жаздайды. Төл туындыларды былай қойғанда, аудармалардың өзінде осылай. Сондықтан да біздің көпті көрген тәжірибелі тәржімашыларымыз Уитменді де, Таку Бокуды да, Пабло Неруданы да амалсыз ұйқасқа түсіріп жүр..." С.Абдрахманов аударма жайындағы өз еңбектерінде (Төл тума мен телтума) Пабло Неруданың ұйқассыз жазылған "Қарғыс" атты өлеңінің қазақша 9 түрлі аудармасын салыстыра талдау арқылы жалпы ұйқассыз өлең қазақтың жыраулық поэзиясында бар екендігі, тәржіме тәжірибелері арқылы бірте-бірте ақ өлеңді сіңістіре беру мүмкін екендігі туралы айтады.
Әдеби байланыстар негізінде қаралып, кең ауқымды туындылар қатарына саналатын еңбектер аясында қазақ әдебиетінің шығыс және батыс еуропалық әдебиеттермен байланысы Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, З.Ахметов, Б.Ысқақов, С.Сейітов, З.Кедрина, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов, М.Базарбаев, Р.Бердібай, Ә.Қоңыратбаев, А.Қыраубаева, С.Қасқабасов, Р.Нұрғали, Ж.Ысмағұлов, Ә.Дербісәлі, Е.Лизунова, Ө.Күмісбаев, Б.Әзібаева, А.Жақсылықов, Б.Мамраев, К.Ш.Кереева-Канафиева, С.Дәуітов, М.Маданова, А.Түсіпова, С.Алтыбаева, С.Аненьева және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде сөз болады.
Ал, шетелдік ғалымдардан әдеби байланыстар мәселесі бойынша В.Жирмунский, А.Веселевский, Н.Конрад, Д.Дюришин, А.Дюма, Г.Белинский, М.Бахтин, В.Шкловский шығармашылықтарын жатқызсақ, қазақ әдебиетіндегі әдеби байланыстардың іргесін қаласып, дамуына үлес қосушы ғалым Ш.Сәтбаева екендігін бірнеше әдебиеттанушылардың мақалалары мен рецензиялары негізінен ғалымды сол қоғамның өзінде-ақ жете танып бағасын бергендігін танимыз. М.Әуезов, З.Ахметов, С.Қасқабасов, Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, Т.Кәкішев, М.Жармұхамедұлы, Ә.Нарымбетов, Ж.Тілепов, Б.Мамыраев, А.Ісмақова, М.Маданова, Г.Елеукенова, А.Ананьева, А.Түсіпова, Мантебаева А. сынды ғалымдар өз еңбектерінде Ш.Сәтбаеваны әдеби байланыстардың негізін қаласушылардың бірі ретінде қарастырады.
Ең бастысы - қазақ әдебиетінің шетелдерге де жоғары бағалануы - халықаралақ рухани мәдениеті биік деңгейде екендігін дәлелдегендей.
Көркем аударма - лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы көркем әдебиеттің міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. "Кез келген аударма бес қаруы бойында лингвистикалық дайындықпен жасалған мәтінге филологиялық талдаудан басталып, әдеби шығармашылықпен бітуге тиіс" Батыс елдерінде белең алған "шығарманың бәрі бірдей аударуға көне бермейтіндігі" жөніндегі теорияның "тиянақсыздығын" дәлелдеуге ұмтылыс түптің түбінде аударманың бағын ашуға септігін тигізді. Аударуға болмайды деген шығармалар мен аударудың қажеті жоқ шығармалар дегеннің ара-жігін де ажырату жөн. Н.Любимов аудармашы өзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша көркемдік құралдарды жұмылдыруға тиіс дей келіп, бұған не көмектеседі деп өзіне өзі сұрақ қояды да, былай жауап береді: "Бәрінен бұрын - орыс тілі кез келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім көмектеседі. Бұл сенім болмайынша, ана тіліне сүйіспеншілік болмайынша аудармашының алдан шығар қиындықтардан қаймығып қалуы да мүмкін. Оны айтасыз, өзге тілдің құрсауында қамалып қалуы да ғажап емес" [2, 141-142 б.]. Сонымен бірге, қазіргі бар аудармалардың өзінің де маңызын елемей, оны "мәртебелі ғылымның" назар аударуына арзымайтын нәрсе деп кемсітуге болмайды. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару - түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді" [3]. "Көркем аударма - әдеби шығармашылық". Әр аударма, шынтуайтында, өзінше эксперимент. Кез келген туынды автор қолымен дүниеге келген қайталанбас дүние. Аударма сол қайталанбас дүниенің басқа тілде қайталанған нұсқасын жасауы, яғни басқа тілде дүниеге қайта әкелуі керек. Көркем аударма ұғымының өзі өнердің барлық түрінің ішінен тек сөз өнеріне қатысты. Кескіндеме, мүсін өнеріне, биге, музыкаға аударма керек емес, белгілі бір дәрежеде киноны да түсінбейтін тілде көріп, ұзын-ырғасын ұғып шығуға болады. Ал түсінбейтін тілдегі әдеби шығарма тек әріптер мен тыныс белгілер жиынтығы ғана. Оған жаңа өмір сыйлайтын адам - аудармашы. Аударма - уақытқа тәуелді өнер. Ешкім де барлық замандарға бірдей жарай беретін аударма жасай алмауы мүмкін. Сондықтан да әр дәуір өз аудармасын талап етеді. Аудармашы өз тіліндегі оқырман үшін жазады. Ол ұлттық оқырманның түсінік-пайымын, таным деңгейін, талғамын, қалыптасқан дәстүрлерін ескермей отыра алмайды. Аудармашы өз оқырманының талғамын жаңа өрістерге тартып жатса, күнес биіктерге көтеріп жатса ғанибеттің ғанибеті. Өзге тілдегі үздік үлгіні қолға алған аудармашы өз оқырманының эстетикалық тұрғыдан қабылдампаздығын тәрбиелеуді де дәйім есте ұстағаны, өзге ұлттық мәдениеттердің шығармаларындағы құнды қасиеттердің қыр-сырын ашу арқылы сол тілдердегі шығармалардың өзімізге де өнеге болатындай тұстарын тауып жатса нұр үстіне нұр болмақ. Жалпы бір тілден екінші тілге аудару мүмкін бе өзі дегеннен бастап, көркем шығарма аударыла ма, соның ішінде поэзияны аударуға бола ма, аударылса түпнұсқаға теңдес етіп шығаруға бола ма деген нешетүрлі пікірлер бар. Солардың көбі өлең аудармасы әрі кетсе түпнұсқаға жақындай алады, өте-мөте жақындай алады, тіпті деңгейлес шығатындары да болады деуге болады. Ал дұрысында өлең аудармасында түпнұсқадан асып түсу кездеседі әрі проза аудармасынан гөрі көбірек кездеседі. Қазақ аудармасын қапы қалдыратын жайдың бірі - сан түрлі себептерге байланысты туыстас тілдерден тәржімені де көп уақыт бойы орысшасы арқылы жасап келгендігіміз. Бұл - тым көп шығын. Тәржіме теориясына байланысты өз шешімін күткен мәселелер әлі де баршылық. Бүкіл әлемде осы тақырыпты жан-жағынан қаузаған мыңдаған мақалалар, жүздеген монографиялар жарық көре тұра, әлі күнге ортақ терминологияға тоқтам жасалмай отыр. Ю.Оболенская "аударма" және "аударма үдерісі" секілді түйінді ұғымдардың өзінің басы ашылмағанын жазады. Тәржіме - әдебиет аясынан да, жалпы мәдениет аясынан да шығып кететін күрделі құбылыс. Зерттеуде аударма әр қырынан - лингвистикалық (психолингвистикалық), әдеби-тарихи, мәдениеттанушылық, философиялық-эстетикалық, ақпараттық, текстологиялық немесе семиотикалық тұрғыдан - қарастырылады. Мәдениеттердің үнқатысуы аудармасыз жүзеге аспайтыны әр аударма түпнұсқаның жаңа байыптамасы болатындықтан ғана емес, мәселе әр аударма түпмәтінге жаңа өлшем алып келетіндігінде. М.Бахтин былай деген: "Өзге мәдениет басқа мәдениеттің көзімен қараған кезде ғана өзін толығырақ, тереңірек таныта алады... Бір мағына екінші, басқа мағынамен бетпе-бет келгенде өзінің терең сырын ашады: олардың арасында сол мәдениеттердің томаға-тұйықтығы мен біржақтылығын еңсеретін үнқатысу басталғандай болады". Толыққанды ұлттық әдебиеттің толыққанды аударма әдебиетінсіз кемеліне келмейтіні сондықтан.
Ы.Алтынсариннің аудармалары. Орыс және Еуропа халықтары әдебиетінен аударма жасағанда Ы.Алт. бір мақсатты ұстанды, ең алдымен ол туындылардың балалар ұғымына сай, олардың қиялын шарықтататындай тағлымды да қызықты болуына баса назар аударады. Ыбырай әңгімелері Төл әңгімелер және Аударма сипатты әңгімелер. Ол орыс мәдениетінің қазақ арасына енуіне жол ашты: орыстың алдыңғы қатардағы жазушылары мен үлкен ойшылдарының, ағартушылары мен педагогтарының еңбектерін қазақ даласына алып келді. Оларды қазақ тіліне аударып, дала өміріне сіңістірді. Ы. Алтынсарин Крыловтың Егіннің бастары, Қарға мен түлкі, Қайырымды түлкі, Толстойдан Полкан деген ит, Силиний, Дмитриевтің Екі шыбын, орыс хрестоматияларынан көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан Тәккаппаршылдық, Дүние қалай етсең табылады, Талаптың пайдасы, Үш ұры, Алтын шеттеуік, Әке мен бала, Асыл шөп т.б. көптеген шығармаларды аударды. Оның аудармаларының негізгі тақырыбы еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т.б. болды. Алтынсарин шығармаларын аударғанда ең алдымен оның тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлді. Ыбырай аудармаларының тақырыптарына қарап олардың түпнұсқаларын табу қиын, өйткені ол көптеген аудармалардың тақырыбын өзгертіп, өзінше алған. Мысалы: Пауольсонның Вежливость украшает всякое состояние деген әңгімесін Әдеп, Первый русский гоф - малер әңгімесін Талаптың пайдасы, Сапожные гвозди Білгеннің пайдасы, Два друга и медведь әңгімесін Ақымақ дос деп алды т.б. Жалпы Алтынсарин аудармаларынан қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына орыс әдебиетінің тигізген зор көмегін көреміз.
Абай аудармалары қазақ мәдениетінің тарихында болған үлкен оқиға. Абай аудармамен шұғылданған шағында бұл салада арнайы қызмет етуді, сөйтіп аударма ісін кәсіби биікке көтеруді нысана етіп қоймаған тәрізді. Әйтсе де, Абай өзінің ақындық өнер тәжірибесінде әрдайым сол кезде қазақ үшін озық үлгі болып табылатын орыстың мәдениетіне сүйенгендіктен, өзі сүйсіне оқып, үлгі-өнеге тұтқан классик ақындарды қазақша сөйлетпей отыра алмаған. Ол ол ма, Абай ақындығының кемелденуіне, жетіле түсуіне, асқан көркемдік пен терең мазмұнға ие болуына сол аударманың едәуір екпін бергені, игілікті әсер еткені күмәнсіз. Қалайда, ақынның әдеби мұрасы ішінде аударма үлгілерінің де өзіндік орны мен салмағы бар. Сан тілімен келтірсек: аудармаға арналған Абай үлкенді-кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю. Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А. Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған. Абай аудармаларын Пушкин үзінділерінен бастайтын себебіміз кездейсоқ емес. Қазақ ақынының аударма өнеріндегі алғашқы қадамы дәл сол тұлғадан басталған болатын. Сол "Евгений Онегиннен" жеті үзінді қазақшаланған болса, олардың бәрі бірдей Пушкиннің түпнұсқасымен мүлтіксіз дәл түсе бермейді. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бердібек Соқпақбаев шығармаларының аударылуы
Аударма дәл аударма
Аудармашының шығармашылық шеберханасы
Қазақ әдеби туындыларының аударылуы
Көркем образ
“Қош бол, майдан!” романдағы соғыс тақырыбының бейнеленуі
Айбек шығармашылығы және оның қазақ тіліне аударылуы
Шәкәрім Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі
Фразеологизмдерді аудару мәселелері
Әбен Сатыбалдиевтың шығармашылығы
Пәндер