Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі



Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І . тарау. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының шақырылуының
тарихи маңызы.
1.1. Бірінші дүниежүзілік қазақтар құрылтайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2. Қауымдастықтың ұйымдастыруымен өткен екінші және
үшінші құрылтайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3.Дүниежүзі қазақтар қауымдыстығы және оралмандар ... ... ... ... ... .22

ІІ . тарау. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі.
2.1. Дүниежүзі қазақтар қауымдыстығы он жылдық белесте ... ... ... ... .29
2.2. Дүниежүзі қазақтар қауымдыстығының қазақ
диаспорасына байланысты атқарған жұмыстары (2002.2005жж)...40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренаға шығып, өз еркіндігі мен азаттығын әлемге мойындатуы - бұл тарихи оқиға. Қазақстан өз тәуелсіздігін қолына алып дүниежүзіне өзін паш етуі қазақ ұлты үшін де үлкен мәре, зор жетістік болып табылады. Жалпы қанша ғасырлар бойында Тұран даласында жері мен елін аман алып, дамытуға тырысқан, азаттық деп үш жүз жыл бойында күрескен қазақ халқы үшін тәуелсіздік пен азаттық үлкен белестен асқанмен, биік шыңға жеткенмен тең екені күмәнсіз.
XX ғасырдың 90 жылдарында еркіндікпен енді ғана аяқ басқан еліміздің алғашқы таңдарында бірнеше жетістікті және табысты істермен толастағаны белгілі. Ең алдымен азаттық иісін барша жұртқа сездірту үшін кеңес өкіметімен өшуге шақ қалған тілінің және дінінің ерекшеліктерін, рухани дүниесінің құндылықтарын қайта жаңғыртып қолдап, қолпаштауды бастады. Халық жауы атанған қазақ ұлтының жан ашыр ұлдарын қайта қарастырып атап алдық, сонымен қатар тарихи беттерімізге қайта қарап оң мен солды ұлттық көрініске орай қайта - қайта айыруды таныдық. Ал Қазақстан Республикасының көк байрақты желбіреткелі қазақ ұлтына деген ең басты атқарған ісі мен игі әрекеті Дүниежүзі қазақтар ќұрылтайын ұйымдастырып өткізуі болып табылады. Сонымен қатар аталған Дүниежүзі қазақтар ќұрылтайында қазақ ұлтының жан - жақты өзекті мәселелерін қарастырып, бірегей мақсаттарын дамыту міндетімен Дүниежүзінің қазақтар қауымдастығы құрылған болатын.
Тақырыптың өзектілігі. Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт санасы, әдет ғұрпы - барша қазаққа тән, оның ғажап рухани қазынасын да бөліп жаруға жатпайтын ортақ байлық.
Қазақтар тығыз орналасқан Қытай, Өзбекстан, Ресей, Туркия, Монғолия тәрізді елдерден халық арасындағы мұражайларындағы қазақтың тарихына, мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне қатысты қазына байлық барша халқымыздың игілігіне қызмет етуі керек.
Бұл орайда Дүниежүзінің қазақтар қауымдастығы қолға алып, жүзеге асырған істері кеңінен қолдауға тұрарлық. Осылайша Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтан қолдау тапқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қызметінің негізгі бағыттарын анықтау және оның қандай мақсаттар мен міндеттер алдына қойғанын, оның бүгінгі Қазақстан дамуына сай жұмыс атқаратынын, қазақ ұлтының қоғамының талаптарына жауап бере алатындығын анықтау жұмыстың басты өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастығынан беделді орындарды иемденіп, дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатын алға қойған дәуірінде Дүниежүзі қазақтар қауымдастығына жан - жақты тарихи және ғылыми сипаттама беру ғылыми маңыздылықты иемденіп ғана қоймай, сонымен қатар отанымыздың дамуы барысында өзекті болып табылады. Осылайша ата-бабаларымыз аңсаған бірлік пен азаттық тізгініњ қолға ұстағанымызды да байқатамыз. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы азаттық туын көкке көтерген сәттен мәдениетімізді, әдебиетімізді, өнерімізді жалпы айтқанда рухани құндылықтарымызды ашып дүниеге паш еттік. Осы кезден бастап тарихымызда шетелдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс жасау, осы байланыстарды ғылыми тұрғыдан қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының құрылуындағы тарихи маңызы, оның он жылдық белесте қазақ диаспорасы және дүниежүзі қазақтарымен арасындағы байланысы қызметін, мақсатын және міндеттерін ашу. Он жылдық көлемде атқарған іс-шараларын көрсету жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Қауымдастықтың қазақ диаспорасымен әлеуметтік, мәдени – рухани, саяси байланыстары туралы мәселелерді ашып көрсету. Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер алға қойылуда:
- Бірінші дүниежүзі қазақтары құрылтайында қарастырылған мәселелерді ашып көрсету.
- Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының құрылуының тарихи маңызын айқындау.
- Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының қазақ диаспорасымен байланыстарын көрсету.
- Қазақ диаспорасына байланысты іс-шараларын анықтау.
- Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының он жылдық асудан өту барысындағы атқарылған жұмыстарын қорытындылап көрсету болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының он жылдық белесте тақырыбын жан - жақты және толыққанды ғылыми зерттеу мақсатында жұмысты төмендегідей бөлімдерге бөліп қарастыру негізге алынған.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың жалпы сипаты көрсетіледі. Мұнда тақырыптың өзектілігі,тарихнамасы,жұмыс тақырыбына байланысты жарық көрген еңбектермен мақалаларға сипаттама беріліп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, жұмыстың алға қойған басты мақсатымен бірқатар өзекті міндеттері көрсетілген; жұмыстың құрылымы - жұмыс жөнінде толық мәлімет беріп, құрылымның жағдайымен таныстырады; жұмыстың хронологиялық сипаты - тақырыптың қандай хронологиялық шеңберді қамтитын кезеңдерін көрсетеді.
Негізгі бөлімде екі тараудан құрылған. Бірінші тарау - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шақырылуының тарихи маңызы. Бірінші дүниежүзі қазақтар құрылтайының қарастырған мәселелерін, яғни қазақ ұлтының жалпы мәселелерін, оның шешуіне арналған іс-шаралар мен жолдарын көрсетеді; Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылу тарихы және құрылудағы мақсаты, алғашқы қадамдары көрсетіледі.
Екінші тарау - дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі тарауында дүниежүзі қазақтар қауымдастығының алыс және таяу шет мемлекеттеріндегі қазақ диаспорасына байланысты атқарылып жатқан іс-шаралар, яғни қазақ диаспорасының мәселелерін шешуде дүниежүзі қазақтар қауымдастығының рµлін анықтау алға қойылған дүниежүзі қазақтар қауымдастығы оралмандар мәселесін шешудегі қызметі көрсетілді.
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының он жылдық белесте тақырыбында жалпылама дүниежүзі қазақтар қауымдастығының алыс және таяу шет мемлекеттердегі қазақ диаспорасына байланысты қызметінен мәліметтер беріледі.
Қорытынды бөлімінде тақырыпқа, жұмысқа түбегейлі қорытынды жасалып жұмыстың қорытынды түйіні ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар тақырыпқа тарихи сипаттама беріліп, жалпы ғылыми қорытынды жасалып, объективті шындыққа жету үшін ғылыми баға беріледі
Зерттеу жұмыстың хронологиялық шеңбері. Алғашқы дүниежүзі қазақтары құрылтайының жиыны 1992 жылы шақырылады, осы кезде 1992 жылы қазанда ќазақтар қауымдастығының шаңырағы көтерілер орталық ғимараттың іргетасын төсеу, қабырғасын қалау атқарылды. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы қызмет еткеніне он жылдық белестен асып отыр. Аталған жылдарда дүниежүзі қазақтар қауымдастығы бірнеше кезеңдерден тарихи жолмен өткен болатын. Дүниежүзі қазақтар қауымдасытығының даму тарихындағы кезеңдер дүниежүзі қазақтар құрылтайының шақырылуына орай бөлуге болады. Осылайша бірінші кезең - 1992 жылдан 2002 жыл аралығын қамтыса, екінші кезең – 2002 жылдан 2005 жыл аралығын, ал үшінші кезең - 2005 жылдан бүгінге дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Ғылыми жұмыста қолданылған әдістемелері. Ғылыми жұмыстың толық қанда объективті зерттелуі мақсатында бірнеше әдістемелер қолданылған. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы он жылдық белесте тақырыбын ғылыми объективті зерттеле отырып дерек көздері мен көзқарастар және пікірлерді салыстыру және дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жұмыстарын талдау, мәрелеу әдістері қолданылған.
Тарихнамасы. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы туралы оның қазақ диаспорасына байланысты жұмыстары жайында баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен қатар біршама еңбектерде жарық көрді. Атап айтатын болсақ, Бейбіт Сапаралының «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы» атты жинағында дүниежүзі қазақтары бірінші құрылтайы нәтижесінде өмірге келген қауымдастықтың қазақ диаспорасына байланысты жүргізген жұмыстарына қатысты мәлімет береді. Г.Мендеқұлованың «Қазақ диаспорасының тарихи тағдыры» атты еңбегінде диаспорасының қалыптасқан тарихын кезең – кезеңдерге бөле отырып, олардың атамекенге оралуындағы қауымдастықтың рµліне тоқтала кеткен. Ал, Тілек Дәулетов «Дүниежүзі қазақтары қауымдастық шежіресі» деген еңбегінде (2002ж) жалпы тәуелсіздік тарихымен қатар келе жатқан қауымдастық шежіресі шетелдегі қазақстардың өміріне тікелей тамыршысы екендігіне мәлімет бере отырып, көптеген іс- шараларды жүргізгендігін атап көрсеткен.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы туралы, қауымдастықтың қазақ диаспорасымен байланысты және қауымдастықтың қазақ диаспорасы үшін жасаған әрекеттері туралы мәселелерді баспасөз және ақпарат құралдарынан біле аламыз. Әсіресе 1995 жылдан шыға бастаған «Қазақ елі» атты газеті, қауымдастық жанынан шығып тұратын «Алтын бесік» журналы қауымдастық іске асырып отырған әрекеттері, күнделікті тіршілігі туралы ақпараттарды бере алады. Сонымен қатар халықаралық газет «Заман Қазақстан», республикалық басылымдар «Егемен Қазақстан», «Түркістан», «Жас Алаш» газеттері тағы да басқа басылымдарда қауымдастықтың қазақ диаспорасына байланысты әрекеттері туралы айтылады. Сондай – ақ қауымдастықтың жүргізген іс-шаралары және келешектегі атқаратын жұмыстары туралы, тікелей оның басшылығымен өткен 1998 жылы Алматы қаласында «Қазақстан - 2030 және шетелдегі қазақ диаспорасы», «Шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанда оқыту мәселелер», «Мұстафа Шоқай және шетелдегі қазақ зиялылары» деген атпен өткен конференциялардың материалдары, 1995 жылы Түркістанда «Қазақ диаспорасының күрделі мәселелері» деген атпен өткен симпозиумда қабылданған құжаттарда көрсетілген.
Сонымен қатар 1992 жылы Алматыда өткен Әлем Қазақстанның тұңғыш құрылтайында қабылданған қаулы қарарда Дүниежүзі қазақтарының құрылуы туралы мәліметтер береді. 2002 жылы Түркістанда өткен Әлем қазақтарының екінші құрылтайында және 2005 жылы Астанада өткен үшінші құрылтайында өткен қауымдастықтың қазақ диаспорасына байланысты қазіргі таңдағы және келешектегі жоспарланған іс – шаралары туралы деректер береді.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Н.Ә.Назарбаев. Құшағымыз бауырларға айқара ашық. // Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. А, 1993 - 114 б.
2. Т.Сапаралы. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. А, 1993 - 189 б.
3. Орынбаев Ш. Ұлы жиын ұлағаты: (Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы). //Жібек жолы, 1994 - №13-14, 13 б.
4. Г.Қозғамбаева. А.Абилаханова. Қазақ диаспорасымен қауымдастық арасындағы байланыс. //Ерліктің бастауы елдікте атты конференция материалдар жинағы. А, 2007 - 54-55 бб.
5. Т.Дәулетов. Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы. А, 2002, 65 б.
6. Көрсетілген еңбек - 96-97 бб.
7. Қазыбек Н. Тәуекел түбі жел қайық. //Түркістан, 2002 - №14, 5 б.
8. Көрсетілген еңбек - 5 б.
9. Сарбалыұлы Б. Бес құрлық қазақтары бас қосты. // Қазақ елі. 2005 - №5, 3 б.
10. Көрсетілген еңбек - 6 б.
11. Қазақстан әлем қазақтарының қамқоры. Егемен Қазақстанның тілшілер тобы. //Егемен Қазақстан, 2005 - №1, 3 б.
12. Б.Шайманұлы. Оралмандар немесе қандастарға бауырмалдық көзқарас қажет. // Қазақ елі, 2004 - № 48, №22, 3 б.
13. С.Балғабаев. Атажұрт деп соққан жүрегі. // Жас алаш. 2002 - №17, 3 б.
14. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан қазіргі әлем санасатын әлем сыйлайтын елге айналды. //Егемен Қазақстан, 2005 - №15, 5 б.
15. Ж.Махатова. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көші – қон процесінің жағдайларын талдау. //Ерліктің бастауы елдікте атты конференция материалдар жинағы. А, 2007 – 96 б.
16. Көрсетілген еңбек – 96 – 97 б.
17. Ә.Мақұлбаев. Оралмандарға орын бар. // Оңтүстік Қазақстан. 2005-4-5бб.
18. Т.Дәулетов. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шежіресі. //А,2002 - 16-17 бб.
19. Көрсетілген еңбек – 2002 - 23 б.
20. Келес М. Отан деп соққан жүректер. // Қазақстан әйелдері. 2005 - №11, 6 б.
21. Сұлтанәлі Балғабаев. Атажұртта оқып жүр талай қазақ баласы. // Қазақ елі, №32, 2003 - 5 б.
22. Қозғамбаева Г.Б. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы – қазақ диаспорасының ғылыми орталығы. Ұлы жеңіске тағзым атты халықаралық ғылыми практикалық конференцияның материалдары. А, 2005 - 36 б.
23. Келес М. Отан деп соққан жүректер. // Қазақстан әйелдері, 2005 - №11, 6 б.
24. Қалдарбек Найманбай. Қазақ диаспорасы және Қауымдастық. // Егемен Қазақстан, 1996 - №8 45 б.
25. Көрсетілген еңбек. 45 б.
26. Әбдуақап Қара. Түркиядағы кіші құрылтай. // Алтын бесік. 1997 - №11, 5 б.
27. Найманбаев Қ. «Қазақстан - 2030 жыл және шетелдегі қазақ диаспорасы» атты конференция материалынан. Астана, 1999 - 17-18 б.
28. Балдабаев С. Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы. // Алтын бесік, 2004 - №3, 14-21 бб.
29. Дәулетов Т. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шежіресі» А, 2002 - 23-24 бет;
30. Көрсетілген еңбек – 2002 - 11-12 бб.
31. Әбуақап Қара. Еуропа қазақтарының елдуманы. //Алтын бесік, 2003 - №7, 14-15 бб.
32. Талғат Мамашев. Еуропадағы қазақтардың басқосуы. //Түркістан 2005 - №12, 3 б.
33. Көрсетілген еңбек. 4 б.
34. Кәпқызы Е. Алтайдан Астраханға дейін. // Алтын бесік, 2002 - №1, 15-16 бб.
35. Қалбай Ә. Атажұртқа көшем деушілер көп. // Қазақ елі, 2003 - №22, 4 б.
36. Қабдыұлы М. Қазақ қазаққа көп өкпелемесін. // Алтын бесік, 2004 - №35, 15 б.
37. Құмарұлы М. Өркені өскен өңір. // Алтын бесік, 2002 - №1, 38-39 бб.
38. Қ. Найманбаев. Қазақ диаспорасы және Қауымдастық. // Егемен Қазақстан. 2004 - №7, 3 б.
39. Көрсетілген еңбек. 3 б.
40. С. Балғабаев. Атажұртта оқып жүр талай қазақ баласы. //Қазақ елі. №32, 2003 - 5 б.
41. С. Балғабаев. Атажұрт деп соққан жүрегі. // Жас Алаш, 2005 - №9, 3 б.
42. Т.Дәулетов. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. А, 2003 - 16-17 бб.
43. Қозғамбаева Г.Б. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қазақ диаспорасының ғылыми орталығы. Ұлы жеңіске тағзым атты халықаралық ғылыми практикалық конференцияның материалдары. А, 2005 - 37 б.
44. Талғат Асанұлы. Ағайындар арасындағы алтын көпір. //Қазақ елі, 2004 - №2, 3 б.
45. Көрсетілген еңбек. 3 б.
46. Көрсетілген еңбек.4 б.
47. Болат Шайманұлы. Оралмандар немесе қандастарға бауырмалдық көзқарас қажет. // Қазақ елі. 2004 - №48, 3 б.
48. Құмарұлы Ш. Өркені өскен өңір. // Алтын бесік, 2002 - №1, 40 б.
49. Артықбай Үкібаев. Елге ел қосылса -құт! // Егемен Қазақстан. 2005 - №9, 5 б.
50. Г.М.Мендекулова. Исторические судьбы казахской диаспоры. //Происхозадения и развития. А, 1997 – 262 стр.

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І – тарау. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының шақырылуының
тарихи маңызы.
1.1. Бірінші дүниежүзілік қазақтар
құрылтайы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 9
1.2. Қауымдастықтың ұйымдастыруымен өткен екінші және
үшінші
құрылтайы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 14
1.3.Дүниежүзі қазақтар қауымдыстығы және
оралмандар ... ... ... ... ... .22

ІІ – тарау. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі.
2.1. Дүниежүзі қазақтар қауымдыстығы он жылдық
белесте ... ... ... ... .29
2.2. Дүниежүзі қазақтар қауымдыстығының қазақ
диаспорасына байланысты атқарған жұмыстары (2002-2005жж)...40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .58

Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренаға шығып, өз еркіндігі мен
азаттығын әлемге мойындатуы - бұл тарихи оқиға. Қазақстан өз тәуелсіздігін
қолына алып дүниежүзіне өзін паш етуі қазақ ұлты үшін де үлкен мәре, зор
жетістік болып табылады. Жалпы қанша ғасырлар бойында Тұран даласында жері
мен елін аман алып, дамытуға тырысқан, азаттық деп үш жүз жыл бойында
күрескен қазақ халқы үшін тәуелсіздік пен азаттық үлкен белестен асқанмен,
биік шыңға жеткенмен тең екені күмәнсіз.
XX ғасырдың 90 жылдарында еркіндікпен енді ғана аяқ басқан еліміздің
алғашқы таңдарында бірнеше жетістікті және табысты істермен толастағаны
белгілі. Ең алдымен азаттық иісін барша жұртқа сездірту үшін кеңес
өкіметімен өшуге шақ қалған тілінің және дінінің ерекшеліктерін, рухани
дүниесінің құндылықтарын қайта жаңғыртып қолдап, қолпаштауды бастады. Халық
жауы атанған қазақ ұлтының жан ашыр ұлдарын қайта қарастырып атап алдық,
сонымен қатар тарихи беттерімізге қайта қарап оң мен солды ұлттық көрініске
орай қайта - қайта айыруды таныдық. Ал Қазақстан Республикасының көк
байрақты желбіреткелі қазақ ұлтына деген ең басты атқарған ісі мен игі
әрекеті Дүниежүзі қазақтар ќұрылтайын ұйымдастырып өткізуі болып табылады.
Сонымен қатар аталған Дүниежүзі қазақтар ќұрылтайында қазақ ұлтының жан -
жақты өзекті мәселелерін қарастырып, бірегей мақсаттарын дамыту міндетімен
Дүниежүзінің қазақтар қауымдастығы құрылған болатын.
Тақырыптың өзектілігі. Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның
ұлттық болмысы, салт санасы, әдет ғұрпы - барша қазаққа тән, оның ғажап
рухани қазынасын да бөліп жаруға жатпайтын ортақ байлық.
Қазақтар тығыз орналасқан Қытай, Өзбекстан, Ресей, Туркия, Монғолия
тәрізді елдерден халық арасындағы мұражайларындағы қазақтың тарихына,
мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне қатысты қазына байлық барша халқымыздың
игілігіне қызмет етуі керек.
Бұл орайда Дүниежүзінің қазақтар қауымдастығы қолға алып, жүзеге
асырған істері кеңінен қолдауға тұрарлық. Осылайша Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтан қолдау тапқан Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығы қызметінің негізгі бағыттарын анықтау және оның
қандай мақсаттар мен міндеттер алдына қойғанын, оның бүгінгі Қазақстан
дамуына сай жұмыс атқаратынын, қазақ ұлтының қоғамының талаптарына жауап
бере алатындығын анықтау жұмыстың басты өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастығынан беделді орындарды
иемденіп, дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатын алға қойған дәуірінде
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығына жан - жақты тарихи және ғылыми сипаттама
беру ғылыми маңыздылықты иемденіп ғана қоймай, сонымен қатар отанымыздың
дамуы барысында өзекті болып табылады. Осылайша ата-бабаларымыз аңсаған
бірлік пен азаттық тізгініњ қолға ұстағанымызды да байқатамыз. Тәуелсіз
Қазақстан Республикасы азаттық туын көкке көтерген сәттен
мәдениетімізді, әдебиетімізді, өнерімізді жалпы айтқанда рухани
құндылықтарымызды ашып дүниеге паш еттік. Осы кезден бастап тарихымызда
шетелдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс жасау, осы байланыстарды
ғылыми тұрғыдан қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының
құрылуындағы тарихи маңызы, оның он жылдық белесте қазақ диаспорасы және
дүниежүзі қазақтарымен арасындағы байланысы қызметін, мақсатын және
міндеттерін ашу. Он жылдық көлемде атқарған іс-шараларын көрсету жұмыстың
басты мақсаты болып табылады. Қауымдастықтың қазақ диаспорасымен
әлеуметтік, мәдени – рухани, саяси байланыстары туралы мәселелерді ашып
көрсету. Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер алға қойылуда:
- Бірінші дүниежүзі қазақтары құрылтайында қарастырылған
мәселелерді ашып көрсету.
- Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының құрылуының тарихи маңызын
айқындау.
- Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының қазақ диаспорасымен
байланыстарын көрсету.
- Қазақ диаспорасына байланысты іс-шараларын анықтау.
- Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының он жылдық асудан өту
барысындағы атқарылған жұмыстарын қорытындылап көрсету болып
табылады.
Жұмыстың құрылымы. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының он жылдық
белесте тақырыбын жан - жақты және толыққанды ғылыми зерттеу мақсатында
жұмысты төмендегідей бөлімдерге бөліп қарастыру негізге алынған.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың жалпы сипаты көрсетіледі. Мұнда тақырыптың
өзектілігі,тарихнамасы,жұмыс тақырыбына байланысты жарық көрген еңбектермен
мақалаларға сипаттама беріліп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, жұмыстың
алға қойған басты мақсатымен бірқатар өзекті міндеттері көрсетілген;
жұмыстың құрылымы - жұмыс жөнінде толық мәлімет беріп, құрылымның
жағдайымен таныстырады; жұмыстың хронологиялық сипаты - тақырыптың қандай
хронологиялық шеңберді қамтитын кезеңдерін көрсетеді.
Негізгі бөлімде екі тараудан құрылған. Бірінші тарау - Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының шақырылуының тарихи маңызы. Бірінші дүниежүзі
қазақтар құрылтайының қарастырған мәселелерін, яғни қазақ ұлтының жалпы
мәселелерін, оның шешуіне арналған іс-шаралар мен жолдарын көрсетеді;
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылу тарихы және құрылудағы
мақсаты, алғашқы қадамдары көрсетіледі.
Екінші тарау - дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
тарауында дүниежүзі қазақтар қауымдастығының алыс және таяу шет
мемлекеттеріндегі қазақ диаспорасына байланысты атқарылып жатқан іс-
шаралар, яғни қазақ диаспорасының мәселелерін шешуде дүниежүзі
қазақтар қауымдастығының рµлін анықтау алға қойылған дүниежүзі қазақтар
қауымдастығы оралмандар мәселесін шешудегі қызметі көрсетілді.
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының он жылдық белесте тақырыбында жалпылама
дүниежүзі қазақтар қауымдастығының алыс және таяу шет мемлекеттердегі қазақ
диаспорасына байланысты қызметінен мәліметтер беріледі.
Қорытынды бөлімінде тақырыпқа, жұмысқа түбегейлі қорытынды жасалып
жұмыстың қорытынды түйіні ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар тақырыпқа
тарихи сипаттама беріліп, жалпы ғылыми қорытынды жасалып, объективті
шындыққа жету үшін ғылыми баға беріледі
Зерттеу жұмыстың хронологиялық шеңбері. Алғашқы дүниежүзі қазақтары
құрылтайының жиыны 1992 жылы шақырылады, осы кезде 1992 жылы қазанда
ќазақтар қауымдастығының шаңырағы көтерілер орталық ғимараттың іргетасын
төсеу, қабырғасын қалау атқарылды. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы қызмет
еткеніне он жылдық белестен асып отыр. Аталған жылдарда дүниежүзі қазақтар
қауымдастығы бірнеше кезеңдерден тарихи жолмен өткен болатын. Дүниежүзі
қазақтар қауымдасытығының даму тарихындағы кезеңдер дүниежүзі қазақтар
құрылтайының шақырылуына орай бөлуге болады. Осылайша бірінші кезең - 1992
жылдан 2002 жыл аралығын қамтыса, екінші кезең – 2002 жылдан 2005 жыл
аралығын, ал үшінші кезең - 2005 жылдан бүгінге дейінгі уақыт аралығын
қамтиды.
Ғылыми жұмыста қолданылған әдістемелері. Ғылыми жұмыстың толық қанда
объективті зерттелуі мақсатында бірнеше әдістемелер қолданылған. Дүниежүзі
қазақтар қауымдастығы он жылдық белесте тақырыбын ғылыми объективті
зерттеле отырып дерек көздері мен көзқарастар және пікірлерді салыстыру
және дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жұмыстарын талдау, мәрелеу
әдістері қолданылған.
Тарихнамасы. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы туралы оның қазақ
диаспорасына байланысты жұмыстары жайында баспасөз беттерінде жарияланған
мақалалар мен қатар біршама еңбектерде жарық көрді. Атап айтатын болсақ,
Бейбіт Сапаралының Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы атты жинағында
дүниежүзі қазақтары бірінші құрылтайы нәтижесінде өмірге келген
қауымдастықтың қазақ диаспорасына байланысты жүргізген жұмыстарына қатысты
мәлімет береді. Г.Мендеқұлованың Қазақ диаспорасының тарихи тағдыры атты
еңбегінде диаспорасының қалыптасқан тарихын кезең – кезеңдерге бөле
отырып, олардың атамекенге оралуындағы қауымдастықтың рµліне тоқтала
кеткен. Ал, Тілек Дәулетов Дүниежүзі қазақтары қауымдастық шежіресі деген
еңбегінде (2002ж) жалпы тәуелсіздік тарихымен қатар келе жатқан қауымдастық
шежіресі шетелдегі қазақстардың өміріне тікелей тамыршысы екендігіне
мәлімет бере отырып, көптеген іс- шараларды жүргізгендігін атап көрсеткен.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы туралы, қауымдастықтың қазақ
диаспорасымен байланысты және қауымдастықтың қазақ диаспорасы үшін жасаған
әрекеттері туралы мәселелерді баспасөз және ақпарат құралдарынан біле
аламыз. Әсіресе 1995 жылдан шыға бастаған Қазақ елі атты газеті,
қауымдастық жанынан шығып тұратын Алтын бесік журналы қауымдастық іске
асырып отырған әрекеттері, күнделікті тіршілігі туралы ақпараттарды бере
алады. Сонымен қатар халықаралық газет Заман Қазақстан, республикалық
басылымдар Егемен Қазақстан, Түркістан, Жас Алаш газеттері тағы да
басқа басылымдарда қауымдастықтың қазақ диаспорасына байланысты әрекеттері
туралы айтылады. Сондай – ақ қауымдастықтың жүргізген іс-шаралары және
келешектегі атқаратын жұмыстары туралы, тікелей оның басшылығымен өткен
1998 жылы Алматы қаласында Қазақстан - 2030 және шетелдегі қазақ
диаспорасы, Шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанда оқыту мәселелер,
Мұстафа Шоқай және шетелдегі қазақ зиялылары деген атпен өткен
конференциялардың материалдары, 1995 жылы Түркістанда Қазақ диаспорасының
күрделі мәселелері деген атпен өткен симпозиумда қабылданған құжаттарда
көрсетілген.
Сонымен қатар 1992 жылы Алматыда өткен Әлем Қазақстанның тұңғыш
құрылтайында қабылданған қаулы қарарда Дүниежүзі қазақтарының құрылуы
туралы мәліметтер береді. 2002 жылы Түркістанда өткен Әлем қазақтарының
екінші құрылтайында және 2005 жылы Астанада өткен үшінші құрылтайында
өткен қауымдастықтың қазақ диаспорасына байланысты қазіргі таңдағы және
келешектегі жоспарланған іс – шаралары туралы деректер береді.

І – тарау. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының шақырылуының
тарихи маңызы.
1.1.Бірінші дүниежүзілік қазақтар құрылтайы

Қазақ халқы - тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтерек, өзегін
ғасыр тереңіне таратып, осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай,
дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы
халық. Бүгінгі қазақ халқы сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарының
тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы
түріктердің, ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртқа сақтап қалған
халық.
Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны
-азаттық үшін күреске сайып келеді. Елдік пен бостандық жолындағы
күрестердің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан
кешегі шерлі желтоқсанға дейінгі сан ғасырлық шежіресі бар.
Жиырмасыншы ғасыр қазақ халқына не берді деген мәселе төңірегінде қым-
қиғаш пікір бар. Ия, кешегі насихат жетпіс жыл бойы Кеңес үкіметі қазаққа
ұдайы тек бақыт нұрын себелеп келді деп үйретті, оның қаншалықты растығын
тарихтың өзі дәлелдеп беріп отыр. Бірақ солай дей тұра, қазақ халқының 1917
жылдан бергі тарихын жоққа шығаруға болмайды. Басқасын айтпағанның өзінде,
өткен ғасырда қайтадан үш тарапқа күштеп, бөлініп, ұлттық, территориялық
тұтастықтан айырылып қалған елімізбен жеріміздің республика болып құрылуы,
аумығы қалпына келтіріліп, шекарасының ресми түрде бекітілуі Кеңес
өкіметінің алғашқы жылдарында жүзеге асқанын, мұның өзі қазіргі тәуелсіз
мемлекетімізді заңдастыруда бірден-бір негізі болып отырғанын қалай
ескермей кете аламыз.
Егеменді ел болып халқымыз өз еркімен демократиялық тұрғыдан тұңғыш
Президентін сайлады. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғалы бері бір
жылға толмайтын уақыт ішінде Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды,
еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде: Біріккен
Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Жаңадан
елтаңбамызды, туымызды белгіледік. Аяулы ана тілімізге - бай әрі құнарлы
қазақ тіліне мемлекеттік мәртөбе берілді. Елді мекендердің тарихи атаулары
қайтарылуда, халықтың біртуар ұлдарының аттары ардақталып, мерейтойлары
өткізілуде. Шетелдердің іскер топтары, бизнесмендері, кәсіпкерлері
Қазақстанның ұланғайыр байлығына қатты қызығып, ірі-ірі келісім шарттарға
қол қоюда. Құрылтайдың барысында қазақ халқының бүкіл болмысын, яғни
мейірімділік пен қонақжайлылық, жанының жайсандығы байқалды. Қазақы
қалпымызды қайта қалпына келтіру мақсатында, тарихымызды тазартып,
жоғалтқанымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді жаңартып жатқанымызда
рас.
Ұлтымыз қайта өз межесіне яғни тәуелсіздігіне жетіп бірқатар асулардан
асып жетіп отыр. Міне осындай ұлт үшін жасалған игі істердің бірі дүниежүзі
қазағын Алматыға бірінші құрылтайға шақыруы болатын.
Н.Ә.Назарбаевтың дүниежүзі қазақтары құрылтайында Бүгінгі құрылтайдың
басты мақсаты - бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойласу,
ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-
талайымыздың қалай өрілетінін талқылау. Қазақ диаспорасының қалыптасуы -
зерделі жанды таң қалдырылатын құбылыс. Әр бір үш адамның біреуі
атамекеннен жырақта жүрген қазақтан басқа халықты атау қиын шығар 1.
Осылайша Президенттің бағалауы бойынша қазақ диаспорасының мәселесі
шешуде, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының рµлі үлкен екендігі айталды.
1992 жылғы 28 - қыркүйек пен 4- қазан аралығында қазақ халқының
атамекені - Қазақстан жерінде дүниені дүр сілкінтіп, асыл топырақта ата
—баба әруағын бір аунатып, Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы салтанат
құрды. Бұл күндері алыс - жақынның бәріне аяулы - Алматы көшелері, ұлы
думанды Ұлытау бөктерлері, түбі бір түркі жұртына Түгел баба -
Қ.А.Яссауидің қасиетті мекені -Түркістан төңірегі, Қарт Алатаудың етегін
қашанда хас тұлпарлардың тұяғы дүбірлеткен Дегерес алқабы әлемнің әр
тарапынан қазақ иісін ала келген неше түрлі, неше қырлы тақиялармен, шошақ
төбелі тымақтармен, ақ құрымды қалпақта, ақ жібек әсем жаулықтармен
көктемгі гүлдей құлпырды, көк теңіздей толқыды.
Бұл күндері әр қазақтың жадында тарихтың талай беттері қайта - қайта
парақталды.
Бұл күндері мыңдаған қандастарымыз бүгінде егеменді ел болған, жеке
байрақ желбіретіп, төл елтаңбасын төрге ілген Тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінің қазіргі мерейіне мың шүкір айтып, ертеңгі өміріне зор болашақ
тіледі.
Алматыда, Абай атындағы академиялық опера және балет театрында
Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы жұмысын бастады. Құрылтайға Түркия,
Германия, Франция, Щвеция, Норвегия, Монғолия, Ресей, Қырғызстан,
Түркіменстан, Өзбекстан және басқа елдерден, барлығы - 33 елден, сондай-ақ
Қазақстан облыстарынан келген өкілдер - 800 ден астам кісі қатысты.
Мәжілісті Дүниежүзі қазақтары құрылтайын ұйымдастыру комитетінің төрағасы,
Қазақстан Республикасы премьер - министрінің орынбасары М.Жолдасбеков ашты.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев баяндама жасады.
Баяндамасында қазақтың өткен тарихына шолу жасап, Қазақстанның әлеуметтік —
экономикалық жағдайын таныстырды. Қазақстанның болашақтағы даму жолына
талдау жасады.
Мәжілісте алыс және таяу шетелдерден келген құрылтай қонақтары сөз
алды. Мысалыға: Дәлелхан қажы Жаналтай (Түркия), Мұстафа Өзтүрік
(Германия), Ислам Қабышев (Монғолия), Қаржаубай Сартқожаұлы (Монғолия),
Ислам Жеменей (Иран), Әбдіуахап Қара (Германия Азаттық радиостанциясы),
Хасан Мансуров (Татарстан), Зейнолла Қасенов (Ресей), Баяндүр Вад Ласло
(Венгрия) Зейне Әбидин Рүстемұлы (Ауғанстан), Халифа Алтайлар (Түркия)
өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдіріп өздері тұрып жатқан елдердегі
қазақтардың жалпы жағдайы туралы сөз қозғады.
Қазақстанның қоғам және өнер қайраткерлері де қонақтарға жылы
лебіздерін білдірді. Мәселен Олжас Сүлейменов, Әбдіғани Еркебаев, Манаш
Қозыбаев, Сұлтан Сартаев т.б. өзек жарды тілектерін білдірді.
Құрылтай күн тәртібіндегі мәселелерді - Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау
талқылады. Сонымен әлем қазақтарының қауымдастығы құрылып оның төрағалығына
республика президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан
жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, белгілі жазушы Қалдарбек
Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды 2.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар
мына құрамда толық қолдады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -төралқа төрағасы.
Қалдарбек Найманбаев -төрағаның бірінші орынбасары.
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев
-төралқа мүшелері. 3
Құрылтайға жиналған қонақтар елді аралап, Жезқазғанда, Ұлытауда,
Түркістанда әруақтарға тағзым етті. 1993 жылы 17 наурыз күні шетелдегі
отандастармен мәдени байланыс жөніндегі Қазақстан қоғамының кезектен тыс
Ү - конференциясы осы күні қабылданған қаулысына сәйкес, аталмыш қоғамның
өкiлеттілігі тәмамдалып, дербес жұмыс істеуін доғарды.
Қаулыда Қазақстан қоғамының өзі құрылған 1976 жылдан бері
шетелдердегі қандастармен мәдени байланыстарды жолға қоюда, оларды өз
халқының тарихымен, қазіргі тыныс - тіршілігімен, республиканың
мәдениеттегі, ғылымдағы, экономикадағы табыстарымен таныстары да елеулі
қызмет атқарғаны атап көрсетілді. Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының әлем қазақтарының қауымдастығын кұру
жөніндегі шешімі мақұлданып, Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығы мен Қазақстан қоғамын біріктіру туралы Қазақстан
қоғамы төралқасы мен кеңесінің ұсынысы дұрыс деп танылды. Екі ұйымның
бірігуі барлық күшпен назарды қазақ диаспорасымен ынтымақтасудың
түбегейлі мәселелеріне шоғырландыруға, құрылтайда алға қойылған
міндеттерді жүзеге асыруға кең мүмкіндік туғызатыны айтылған. Халықаралық
қоғамдық ұйым мәртебесі бар. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы отандастар
мен мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамының (Қазақстан қоғамы) заңды
мұрагері болып табылатыны арнайы атап көрсетілген. Сол жылы 18 - наурыз
күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының қаулысымен Қазақстан
қоғамын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына қосу туралы Қазақстан
қоғамы конференциясының шешімі мақұлданды. Сол шешімге сәйкес Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының Қазақстан қоғамының заңды мұрагері болып
табылатыны, бұл жөнінде әділет министрлігіне арнайы хабарлар,
қауымдастықтың жарғысын тиісті бабына толықтыру енгізу. Қазақстан қоғамын
құжатының қабылдап алу, иелік ету айқындалды 4.
Дүниежүзі қазақстарының құрылтайы нәтижесінде әлемдегі қазақтар мен
тығыз қарым – қатынас жасайтын, оның мұң – мұқтажын жоқтайтын қауымдастық
өмірге келеді.

1.2. Қауымдастықтың ұйымдастыруымен өткен екінші және үшінші құрылтайы
2002 жылдың 23-24 қазан аралығында Дүниежүзі қазақтарының екінші
құрылтайына әлемнің 33 елінен барлығы 470 адам келді. Құрылтайға келген
қонақтар Алматы мен Түркістан аралығындағы тарихи орындар мен көрікті
қалаларды тамашалады 5.
2002 жылдың қазан айының 23 – і күні сағат 1430-да Қ.А.Ясасауи
атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік университетіндегі мәдениет сарайында
құрылтайдың салтанатты мәжілісі басталды. Мәжілісте Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Бұл құрылтай қазақ халқының жаңа
мың жылдыққа бір тұтас ұлт ретінде нық қадам басқанының белгісі деп
аталатын баяндама жасады. Баяндамада тәуелсіздік алған соң он жыл ішінде
атқарылған басты мәселелерді атап өтті. Президенттің өз сөзімен келтіретін
болсақ:
Кеңес билігінен кейін тұңғыш рет өз мемлекетімізді құрдық. Біз
тәуелсіздікті сақтап, экономиканы тұрақтандырып нығайтып, Дүниежүзіне
сыйлы мемлекет бола да білдік. Қауіпсіздігімізді нығайту үшін өз
әскерімізді құрдық, шекарамызды анықтадық.
Демократиялық жүйеге бет бұрдық. Тарихта соққы мен шаншу астында
тұншыққан қазаққа бас бостандығын әперіп, азат еттік, сөз бостандығын, бас
бостандығын алып бердік.
Қазақстан экономикасын осы аз жылдың ішінде нарықтық экономика ретінде
бүкіл дүниеге таныттық, олар бізді мойындады.
Ғасырлар бойы шешілмеген Ұлы Қытай мемлекеті мен шекара мәселесін
шешіп, достық шарт жасастық, жаңа Ресеймен мәңгілік достық шартқа қол
қойдық. Орта Азиядағы ағайын көршілермен достықты нығайттық. АҚШ пен
стратегиялық әріптес бола білдік.
Ең асылы - біз көп ұлтты ел бола отырып, халықтар арасындағы достықты,
тыныштықты сақтай білдік.
Көне тарихымыздан бері тұңғыш рет өз астанамызды, өз ел ордамызды 4-5
жылда орнатып, бүкіл дүниені таңқалдырдық 6.
Осы жетістіктерді ширатып айта беретін болсақ, өткен он жылда
атқарылған іс ғасырға да, мыңжылдыққа да татиды десек те, біздің
маңдайымызға саяды.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қауымдастық шет елдердегі
қазақ диаспорасы мен байланысты, атқарылған іс - шаралары туралы,
қауымдастықтың қазақ диаспорасы үшін келешектегі әрекеті туралы баяндама
жасады.
Салтанатты мәжілісте құрылтайға келген қонақтар: Қытай Компартиясы
Орталық Комитеттің мүшелігіне кандидат, Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық
республикасының парткомы хатшысының орынбасары Асхат Керімбай, Ресейдің
Астрахан облысындағы Жолдастық қазақ мәдени орталығының төрағасы Никита
Ысқақов, Монғолияның Баян-Өлгей аймағындағы Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығы бөлімшесінің төрағасы Мизамхан Күнтуғанұлы, Өзбекстандағы
қазақ мәдени орталығының төрағасы Мейірманқұл Бәкіров, Германиядағы қазақ
мәдени орталығының төрағасы Әбдірахман Четин, Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығы төралқасының мүшесі Дәлелхан Жаналтай, АҚШ-тан келген Есімхан
Қосжігіт сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Тұңғыш құрылтайдан бергі өткен он жылда ел өмірінде белесті -белесті
оқиғалардың болғанына бүкіл әлем куә. Бұл ең алдымен демократиялы, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрып жатқан Қазақстанның қалыптасып,
өркендеуіне байланысты еді. Ұзақ мерзімді Қазақстан -2030 даму
стратегиясында көзделген республиканың әлеуметтік - экономикалық салаларды
да дамытудағы салиқалы қадамдары дүниежүзінде кеңінен қолдау тауып,
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық беделін арттыра түсті.
Қазақ елінің алыс және жақын шет елдермен саяси, экономикалық, мәдени
байланыстары жыл сайын нығайып келеді. Ол әлемдік саясат сахнасында берік
орнықты. Оған халықаралық дәрежедегі көптеген тарихи шаралардың қазақ
топырағында өткізіле бастағаны да айқын айғақ бола алады.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы өз қызметін ерекшеліктеріне сай
шет елдерде, әсіресе қандас бауырларымыз молынан мекендеген елдерде
Қазақстанның өз тәуелсіздігін нығайтуда, елдің саяси, әлеуметтік
-экономикалық әлеуетін, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеруде, ұлттық рухани
қазынасын молайтуда, көп ұлтты республика халқының бірлігі мен татулығын
күшейтуде қол жеткізген табыстарын насихаттап, алыстағы ағайындарымыздың
игілігіне айналдыруды басты мақсат санап, бұл ретте бір қатар ізгі
шараларды жүзеге асырып келеді. Ең бастысы ата жұрттан жырақта жүрген
бауырларымыз өздерінің жоқшысы -Қазақстан атты туған елінің бар екенін
айқын сезініп оның өмірдің барлық салаларында гүлденіп, көркейе беруін
қолдайды және оны мақтаныш етеді, бұл іске өздеріде хал - қадірінше үлес
қосып жүр.
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы осымен екінші рет әлем қазақтарының
бас қосуына жан -жақты қамқоршы болған елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың осы Құрылтайдағы терең де тебіреністі баяндамасын тыңдап,
құрылтайға қатысушылардың ой пікірін қорыта келіп, ең алдымен туған
ұлттымыз өкілдерінің - мейлі олар қайда жүрсе де - бір-ақ ұлт, қазақ деген
ұлттың өкілі екенін мақтан етіп, ұлт бірлігі мұраттарына адалдығын сақтап
қалады деп үміттенеді. Олар әлемдегі қазақтардың арасындағы тұрақты
байланыстарды одан әрі тереңдетіп, кеңейтуді басты міндет санайды, жаңа XXI
ғасырға қадам басқан өскелең ұрпағымызды халқымыздың тарихи қалыптасқан
рухани - адамгершілік қасиеттеріне сай ата - жұртқа деген адалдығы жолында
тәрбиелей береді деп сенім білдіреді. Олар қай елде тұрмасын сол елдің
заңдарын құрметтеумен қатар қазақ ұлтының мәдениетіне, салт – дәстүріне,
әдет - ғұрпына адал, басқа ұлт өкілдерімен туысқандық және достық
байланыстарын тереңдете отырып, ұлттық шектеулік пен оқшауланып қалуға жол
бермей қазақ ұлтының өзіне тән ерекшелігін сақтап қалады деп сеніммен айта
аламыз.
Қазақ халқы елдегі демократиялық өзгерістердің арқасында Қазақстанның
бүкіл әлемге танылғанын мақтана ете отырып алыс және жақын шет елдермен
терезесі тең дәрежедегі байланыстарды нығайта түсу -еліміздің егемендігі
мен тәуелсіздігінің бүкіл әлемдегі қазақтардың ұлттық дамуының қажетті
шарты деп біледі.
Құрылтай әлем қазақтарының алдында тұрған міндеттердің аса күрделі
екенін айрықша сезінеді. Әйтседе мынадай міндеттерді көкейткесті деп
санайды:
1. Қандастарымыз өмір сүріп жатқан сырт елдермен өркенниетті
келісімдер негізінде қазақ ұлтының қалыптасу жолын жалғастыра беру.
2. Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтік - экономикалық,
мәдени — рухани әлеуеті мен халықаралық беделін дамытып,
нығайта түсу.
3. Қазақстаннан сырт жерлерде тұрып жатқан бауырларымыздың ұлттық
-мәдени тұрғыдан жан -жақты дамуына күнделікті қолдау жасау 7.
Ол үшін:
Қазақ диаспорасының жас жеткіншектеріне білім мен тәрбие беру
жұмысының сындарлы жүйесін жасап, жетілдіру (бұған мектепке дейінгі балалар
мекемелері, мектептер, жоғары оқу орындары, ғылым мен мәдениет, бұқаралық
ақпарат құралдары кіреді);
Ұлттың денсаулығы мықты, отбасының ынтымағы берік болуы, халықтың
имандылық сенімі мен рухани дүниесінің тазалығы жолында күресу;
4. Қазақ тілінің қолдану аясының тарылмауы, қайта кеңейтіле түсуінің
пәрменді шараларын жалғастыра беру, мұны барша қазақтың, билік органдарының
күнделікті назарына түспеуін ұлттың басты міндеттерінің бірі деп санау.
5. Қазақ диаспорасының тарихын ғылыми тұрғыдан зерделеп, бұл
саладағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, осыған байланысты
тарихшы ғалымдардың еңбектерін, сондай -ақ шет елдердегі қазақ ғылымы
мен мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің белгілі
қайраткерлерінің шығармаларын насихаттау 8.
Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайына қатысушылар оның қызметі
әлемдегі қандас бауырларымыздың атажұртқа деген сүйіспеншілік сезімдерін
жоғалтпай, күш - жігерін бар қазақтың Отаны - Қазақстанның мәртебесін
көтеруге жұмсай беретін болады деп сенім білдіреді.
Құрылтайдың қорытынды мәжілісінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
басшы құрамы сайланды.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының төрағасы болып Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев бір ауыздан сайланды.
Қауымдастық төралқасы төрағасының бірінші орынбасары болып Қалдарбек
Найманбаев, төралқа мүшелері болып Бауыржан Мүхамеджанов, Мұхтар Құл-
Мұхаммед, Әбдірахман Четин сайланды.
Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайы 2005 жылы 28-қыркүйек пен 2-
қазан айларының аралығында еліміздің жаңа ордасында өтті. Құрылтайға
әлемнің 32 елінен 300 - ден аса қандастарымыз келді. Құрылтайдың алғашқы
күндері құрылтайға келген қонақтар әсем орда Астана қаласының көрікті
жерлерін аралап көріп танысты 9.
Қонақтар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне дүниежүзі
қазақтарының үшінші құрылтайының Диалог алаңы атты секциялық мәжіліс
өтті. Ол төрт тақырыптан тұрды. Біріншісі - қазақ диаспорасы және мәдениет
- ақпарат саласындағы байланыстар; екіншісі -қазақ диаспорасы және көші -
қон мәселелері; үшіншісі — шетел қазақтарының Қазақстанда оқып - білім алу
мәселелері; ал төртіншісі - қазақ диаспорасы және бизнес, іскерлік
мәселелері деп аталады.

Қазақ диаспорасы және мәдениет - ақпарат саласындағы байланыстар
атты секция жұмысына мемлекеттік органдар тарапынан мәдениет, ақпарат және
спорт вице - министрі Ермек Амантаев, Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан
Омаров, спорт істері жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары
Бақытбек Тәжібай және Парламент мәжілісінің депутаты Амангелді Айталы
қатысты. Секция мәжілісіне төрағалық еткен Ермек Амантаев алдымен құрылтай
қонақтарын соңғы жылдары елімізде мәдениет саласында жүзеге асырылып жатқан
ауқымды шаралардың барысымен таныстырды.
Мәжіліске арқау болған мәселелерге байланысты құрылтай қонақтарының
ұсыныстары мен өтініштерінің аз еместігі байқалды. Стамбул университетінің
оқытушысы Әбдуахап Қара Еуразия елдері мен Түркиядағы қазақтардың өз ана
тілін үйренуі уақыт өткен сайын қиындап бара жатқандығын ортаға сала келіп
мынандай ұсыныс айтты: Мәдени мұра бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын
шараларға шет елдердегі қазақ ғалымдарын да тартса жақсы болар еді 10.
Германиядан келген Әлихан Жаналтай Еуропа елдерінің қазақ
отбасыларының балаларын өз тарихи отаны —Қазақстанға шақырып, оларды елдің
тұрмыс салтымен, мәдениетімен таныстырып отырса деген тілегін білдірді.
Сондай -ақ, ол ондағы мектеп бітірген қазақтың ұл - қыздары қазақ тілін
білмегендіктен, Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсіп оқуға тәуекел ете
алмайтын, ал Қазақстанда тұрақты өтіп тұратын оқушылар арасындағы
олимпиадаларға тағы да қазақ тілін білмегендіктен, шақыру алса да балаларын
жібере алмай жүргендіктерін министрлік өкілдеріне құлаққағыс етті. Ал
Монғолиялық қандасымыз Жүзбек Құрманбайұлының айтуынша, Қазақстаннан
шығатын кітаптар мен мерзімді басылымдарға Монғолиядағы қазақтардың қолы
жетпей жүр. Тиісті органдардың осыған көмектесуін өтінді. Жаппарбай
Шатқанның айтуынша, Иранда қазақ мәдени ұлттық орталығын құра алмай отыр,
кедергілер көп. Осыған көмектесуді өтініш ретінде алға тартты 11.
Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 87 адамға несие және 1009
оралманға шағын несие, 887 оралманға жер телімдері берілген 12.
Комитет төрағасының баяндамасынан кейін шетелдік қонақтар өздерінің
көкейінде жүрген сауалдарын ортаға салды. Қытайлық қазақтардың айтуынша,
осы елдегі 1,5 миллион қандастарымыздың өсім саны жыл сайын 76 мың адамды
құрап келеді. Ал қазақтардың тарихи отанына көшуі қиындық туғызып отыр. Бір
ғана төлқұжат алу үшін 1000 юань қажет екен. Мұның үстіне бюрократия, қазақ
бастылық сияқты жәйттер қандастарымыздың құжат алуына үлкен кедергілер
келтіруде көрінеді. Сол мәселені Қазақстан тарапынан ықтиярлы шешу
қажеттігіне тоқтады. Қытайлық делегацияның мұндай өтінішіне жауап берген
сыртқы істер министрлігінің Консулдық департамент қызметкері Қазбек
Бейсебаев әрбір елдің төлқұжат алуда өзіндік тәртібі мен заңы бар
екендігін, оған ықпал ету сол елдің ішкі ісіне араласу болып табылатындығын
атап өтті. Дегенмен де виза мәселесі шешіліп, шақыру тегін болатындығын
айтты.
Шетелдік қандастарымыздың екінші бір қозғаған мәселесі квотаға қатысты
өрбіді. Атап айтқанда, азаматтық алған оралмандар квотаға ілікпейді,
азаматтығын алмаса әлеуметтік төлемдер, жұмысқа орналасу сияқты мәселелерін
шеше алмайды. Сонымен қатар жер төлемдері мен банктерден несие алу мәселесі
де қиындық туғызады. Сұрақ көші -қонға қатысты болғандықтан оған комитет
төрағасы жауап берді.
Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші
орынбасары Талғат Мамашев көші-қон комитетінің мәртебесін көтеру
қажеттігіне көңіл аудартты. Осы орайда елімізге келіп, кетіп жүрген
азаматтық алмаған оралмандардың мәселесін бір жақты шешу керектігін алға
тартты. Сондай-ақ, 2005 жылғы бөлінген 15 мың отбасыға арналған квотаның 11
мың Өзбекстанға бөлінгендігі, ал ол жақта квотаны бизнеске айналдырып
жібергеніне қынжылысын білдірді.
Құрылтай делегаттарының қатысуымен өткен тағы бір дөңгелек үстел
Шетел қазақтарының Қазақстанда оқып білім алу мәселелері тақырыбында
болды. Бұл жиында шетелде тұратын қазақ диаспорасы мемлекеттік қолдау
саясатын іске асыру, отандастарымыздың мәдени, ақпараттық, білім алу,
демографиялық, әлеуметтік жағдайларымен танысу, тарихи отандардың
әлеуметтік —экономикалық, саяси және мәдени өміріндегі өзгерістер туралы
білу, олардың Қазақстанда білім алу, инвеститция салу істеріне мүмкіндік
жасау секілді мәселелер талқыланды. Соның ішінде, жиынға қатысушылар
шетелдердегі қазақ жастарының Қазақстанда оқып-білім алу мәселесіне айрықша
назар аударды 13.
Аталған жиында осы мәселеге қатысты бұдан да басқа пікірлер айтады.
Мәселен, Өзбекстандық Бәкір Серікбаевтың айтуынша, Өзбекстанда қазір қазақ
жастарының білім алуларына барлық жағдай жасалса да, олардың өз ана тілінде
білім алуларына мүмкіндіктері бола бермейді.
Аталған жиынның соңында оған қатысушылар шетелдерде тұратын
қандастарымызды Қазақстанда оқыту мен Қазақстаннан шетелге оқуға түскен
қазақ жастарының білім деңгейін арттыру жұмысына мемлекет тарапынан лайықты
көңіл бөлді, Қазақстанның өзге шетелдермен білім саласындағы қарым-
қатынасын нығайту үшін үкіметаралық келісімдер жасау керектігі жөнінде
пікірлерін білдірді.

1.3. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және оралмандар

Тағдыр тәлкегімен әлемнің әр түкпірінде жосыған қандастарының отанына
оралуына ұйытқы болып, мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөліп отырған
елдердің бірі - Қазақстан. Егемендікке қол жеткізгелі бері Елбасы тарыдай
шашылған қазақтың бір шаңырақтың астына жиналуына айрықша ден қойып келеді.
Сол мақсатта елімізде арнайы жоспарлар жасалынып, қыруар қаржы бөлінуде.
Игі бастаманың қазіргі нәтижесі де жаман емес. Елге құт болып қосылған
оралмандар - халық саны өсуінің бір көзіне айналды. Сондай-ақ олар ғылым
мен мәдениетіміздің, әдебиет пен өнердің дамуына да өзіндік үлестерін қосып
келеді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің ішінде қандастарын тарихи
отанға оралтумен жүйелі айналысып, қомақты мемлекет қаржысын жұмсап отырған
жалғыз ел - Қазақстан, ал дүние жүзінде - үш елдің біреуі. Отандастарын
ұшақпен тасып жеткізуге мүмкіндік тауып жүрген әлемдегі жалғыз ел Қазақстан
болар.
Қазір Қазақстан алып құрылыс аймағына айналып келеді. Таяу жылдардың
өзінде ірі кең орындары игеріледі, жаңа кәсіпорындар бой көтереді, көптеген
темір және автомобиль жолдары салынады, жаңа магистральды құбырлар
тартылады, қалада да, далада да тұрғын үйлер құрлысы өрістейді деген
жобалар жасалынған. Осы жұмыстың бәрін атқаруға Қазақстанның небәрі 15
миллиондық халқының қуаты жете бермейді.
Сондықтан біз қолдан келгенше Қазақстанға өз күшімен қоныс
аударатындардың қатарын қалындатуға күш салуымыз керек. Мұның бір жолы -
еліміздің азаматтығын алуды жеңілдету. Өз бетімен, өз қаржысына келген
азаматтарға заңдық-құқықтық жағынан қажетті жеңілдіктер жасау, қолдау
көрсету мәселелерін тиісті орындар шешуі қажет. Бүкіл халық болып көшіп
келіп жатқан ағайынға көмектесу әрбір қазақтың парызына айналуы тиіс.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімімен квотадан тыс келген
оралмандарға жергілікті бюджет қаражатының есебінен жер учаскелері
бөлінетін немесе құрылысқа көмек көрсететінін білеміз. Бұл бастаманы әр
жерлерде бастаған жөн. Жалпы, әкімдер жұмысының бір өлшемі - өзі басқаратын
өңірлердегі адам санының өсуі, соның ішінде оралмандар есебінен де өсу
болуға тиіс. Израиль, Германия сияқты өз қандастарын тарихи отандарына
шақырып жатқан мемлекеттердің бұл орайдағы тәжірбиесіне зейін қоюда
керекпіз 14 - деген Елбасының дүниежүзі қазақтарының үшінші
құрылтайдағы сөзінде оралмандар мәселесінің қазақ ұлты
үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де маңыздылығын айқындап
берді. Осылайша қазіргі Қазақстан Республикасын өркендету шағында бүкіл
елге жанашыр рух пен күш қажет, оны сөзсіз тағдырдың тәлкегіне ұшыраған
бауырларымыздан аламыз және ұлттық бірлікті сақтау мәселесін де шешуге оңды
аяқ басамыз.
Бүгінде Қазақстан Республикасының ең алдымен мемлекеттік ұйытқы ұлты -
қазақ ұлтының бүгіні мен болашағына баса назар аударып қарастыру керек. Ең
басты Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістігі қазақ халқының үлес салмағы
артып келеді. Егер 1989 жылы республикадағы қазақтардың үлесі 40 пайызға
жетер-жетпес болса, қазір бұл көрсеткіш 58 пайызға жетті. Кеңес заманында
биліктің есігін сығалап жүрген қандастарымыздың мемлекеттік қызметтегі үлес
салмағы 80 пайызға көтерілді, әрине бұл салада қолға алатын істер әлі де
баршылық, алайда қол жеткізген нәтижелерде ауыз толтырып айтатындай. Осы
орайда 1991 жылдан (2005 ж) 1 шілдеге дейін елімізге барлығы 110 мың 591
оралмандар отбасы қоныс аударды. Соның ішінде 1991жылдан 2007жылға дейін
облысымызға 19 алыс және жақын шет елдермен оралмандар қанша аударып,
олардың саны 39936 отбасы немесе 136787 адамға жетіп отыр. Оның ішінен
10521отбасы көшіп келу квотасымен 29415отбасы квотадан тыс көшіп келгендер.
Бұл Республикаға келген оралмандардың 28 пайызын құрайды 15. Сөйтіп,
еліміздегі қазақтардың саны алты жүз мыңға жуық адамға көбейді. Соңғы кезде
көші-қон квотасының жыл сайынғы мөлшерін 15 мың отбасына жеткізіп, оған
қажетті қаражатты мемлекеттік бюджеттен толық бөлініп отыр. Осы
қаржының тиімді пайдалануын қадағалау қажет. Осылайша Қазақстан
Республикасының жалпы қазақ оралмандарының елге оралу қарқыны мен
мәселесінің шешілу дәрежесін байқауға болады. Сонымен қатар бұл қарқындылық
үнемі өсіп отырудың жағдайы Қазақстан Республикасының үкіметі тарапынан
үздіксіз қаралып қолға алынуда.
Тағы осы тұста қарастырып кететін ерекше жайт әлемдегі әрбір үшінші
қазақ шет елдерде тұрады. Сондықтан олардың бәрін бір мезгілде туған
Отанына көшіруге мүмкіндік жоқ екендігі Елбасының сөзінде ашық айтылып,
алайда Қазақстанның қазақ диаспорасы басым мемлекеттердің елбасылармен
келіссөздерде үнемі қазақ ұлтына қамқорлық етілуін өтінетінін де атап өтті.
Ұлттық тіліміз жақсы сақталған оңтүстік өңірге оралмандар көптеп қоныс
тебуде.
Облысымызға көшіп келген 39936 оралмандар отбасының 87,7 пайызы немесе
35024 отбасы Өзбекстаннан, 2311 отбасы немесе 5,7 Тәжікстаннан, 796 отбасы
немесе 2,0 пайызы Түркменстаннан қалған 1805 отбасы немесе 4,6 пайызы басқа
алыс және жақын шет елдерден қоныс аударған. Қазіргі таңда елге қайтіп
келген бауырларымыз негізінен Мақтаарал, Сарыағаш, Сайрам аудандарында және
Шымкент қаласының аумағында жайғасқан бұл жерлерде көшіп келген
оралмандардың 79 пайызы қоныстанып отыр.
Мұндай шоғырлану, аталған аудандар мен қаланың халқының өте тығыз
орналасқанын есепке алғанда, өзінің қиыншылықтарын туғызуда, әсіресе
оралмандарды жұмыспен, жер мен және басқа да сұраныстарын қамтамасыз етуге.
Осыған байланысты оралмандарды келешекте Отырар, Бәйдібек, Созақ, Шардара,
Төле би, Қазығұрт, Түлкібас аудандарына және Арыс қаласының аумағына
қоныстануға қызықтыруға іс-шаралары атқарылуда.
2005 жылдан бастап Көші-қон және демография Агенттігінің Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ауысуына
байланысты, демография мәселесімен атқарылатын жұмыстар, яғни Көші-қон
комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының құзырына
жатпайды.
Облысымызға көшіп келіп жатқан оралмандарға берілген жәрдем туралы
айтатын болсақ, бүгінгі күнде мемлекет тарапынан көмек көшіп келу
квотасымен қоныс аударған оралмандарға көрсетілуде, ол бір жолғы жәрдем
аузы, тұрғын үй сатып алуға қаржы және көлік шығынын өтеуден тұрады 16.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы Оралмандардың
2005-2007 жылдарға көшіп келу квотасы туралы Жарлығы негізінде Оңтүстік
Қазақстан облысына 2006 жылы 2710, 2007 жылы 2615 квота белгіленсе, 2005
жылы Өзбекстанға 2550, Түркменстанға 100, ТМД-ның 50, Түрік Республикасына
10 - барлығы 2710 квота берілу жоспарланған. Қазіргі таңда квота бойынша
көшіп келіп жатқан оралмандарға белгіленген қаржы негізінде көмектер
уақытында көрсетілу.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік туралы Деклорациясында шет жұрт
қазақтарының ата-мекеніне оралуына толық құқы бар екені айтылған. Квотаның
құрамына ене алмай қалып, осы құқықты алға тарта отырып атамекенге өз
күштерімен көшіп келіп жатқан оралмандарда жетіп артылады. Мұндай жағдаймен
келгендер де Қазақстан Республикасынның үкіметі мен жергілікті әкімшілік
оргондарымен қолдауға бөленіп отыр деуге болады. Оңтүстік Қазақстан
Облысында да осындай оралмандарға жағдай жасалынған. Басқаны айтпағанда,
оралмандарды уақытша қабылдау орталықтарының бірінде квотадан тыс көшіп
келген 90 отбасы тұрып жатыр.
Оралмандар көптеп қоныс тепкен Шымкент, Түркістан қалалары мен
Мақтаарал, Сарыағаш, Сайрам, Қазығұрт аудандарында оларға қал-қадірінше
жағдай жасалынған. Мәселен, Сарыағаш ауданында шеттен келген қандастарға
тұрғын үй салуға көмек ретінде жер телімдері беріліп, соның нәтижесінде
олар шоғырланған Достық, Атамекен ауылдары бой көтерсе, соңғы екі жылда
тағы Жамбыл, Береке оралмандар ауылдары ірге тасын қалаған. Ал Мақтаарал
ауданында тұрғын үй салуға тілек білдірген 107 оралманға жер төлемдері
беріліп, шаруа қожалықтарын құру үшін 2189 гектар жер бөлінген. Ауданда
оралмандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында құрылған Ата қоныс
қайырымдылық қоры да 17-деп Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон
басқармасының бастығы Ә. Мақылбаев өзінің баспа бетіндегі мақаласында атап
өтеді, бұл жалпы бір ғана облыстың оралмандарға байланысты тыныс тіршілігі.
Шынында да өзінің ата-жұртына кері қайтқан, өзге елде бірқатар қиындықтар
көрген қандас бауырларымыздың отан деп келген жағдайында оларға орныққанша
көмек бермеу, өз ұлтына немқұрайлы қараумен, бауырын мен ағайындының
тағдырына араласпаумен тең емес пе. Сондықтан қазақ ұлтының дамуына
арналған Қазақстан Республикасының үкіметі тарапынан және жергілікті
әкімшілік тарапынан жасалған барық игілікті істер қолдауға тұрарлық болып
табылады. Осындай игілікті істер Шымкент, Түркістан қалалары мен Сайрам,
Ордабасы аудандарында оралман балаларын оқыту үшін арнайы мектептер
салынған. Онда олардың жан-жақты білім алып, салауатты өмір салтын ұстану
үшін спорттың әр түрімен айналысуға мүмкіндік жасалған. Оқу жасынан асып
кеткен ересектердің білім алуы да есепке алынған. Шымкент, Түркістан
қалалары мен Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында осындай жастарға арналған
кешкі мектептер бар. Онда бүгінде көптеген жас оралмандар білім алуда.
Өзге елде сұлтан болғанша өз елінде ұлтан бол қағидасын ұстанып,
елім, жерім деп келген оралмандардың бар жағдайын жасау мүмкін болмаса да,
барынша қол ұшын беріп, елмен етене араласып кетуіне рухани көмек көрсетпеу
- елдігімізге сын. Отан деп соққан жүрекке қаяу түсірмей, жылы құшақпен
қарсы алу - біздің басты парызымыз. Жылда облыс деңгейінде өтетін
Оралмандар күні қандастарымыздың қам-қарекетіне қол ұшын беріп, мерейін
өсіру негізінде құрылып, ұйымдастырған. Мереке қарсаңында бірқатар
номинациялар мен атақтар беріліп отыру дәстүрге айналған. Әр оралмандармен
кездесулер өткізіп, олардың мұң-мұқтажын зерттеп, тұрмысы нашар
отбасыларына көмек көрсету шаралары да болып жатыр. Мұндай іс шаралар тек
бір ғана облыстың көлемінде өткізілуі қуантарлық жағдай және мұндай
көрсеткіштер Қазақстан Республикасының барлық облыс, аудандарында болып
жатыр деген үміттеміз.
Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет мемлекеттерден- отаным деп
үлкен аңсаумен келуші оралмандар мәселесімен бүкіл қазақ
ұлтының қамқоршысы халықаралық деңгейдегі қоғамдық ұйым дүниежүзі
қазақтар қауымдастығы қандай дәрежеде өз үлесін қосуда деген мәселеге
үңілсек. Әлемнің түкпір-түкпіріне шашырап кеткен 5
миллионнан астам қандастарымызды ата жұртқа қайтару мәселесі - алғаш
рет Дүниежүзі қазақтарының Алматыда өткен тұңғыш құрылтайында жан-жақты
қаралды. ІІ- Дүниежүзілік Құрылтай Түркістан қаласында 2002 жылдың 23-24
қазанында өткен. Аталмыш басқосуда 2007 жылға дейін 500 мың қандастарымызды
көшіріп алу мәселесі сөз болды.
Алғаш үшінші құрылтайда қазақтар қауымдастығы ең алдымен алға қойған міндет
оралмандардың қоныстануы және тұрмыстық жағдай, сонымен қатар
оралмандардың отанға оралу процесінің қарқынын жоғарлатып,
үнемі дамыту болып табылады. Дүниежүзі қазақтар
қауымдастығы ұйымдастыруымен Европа елдерінде өткен кіші құрылтайлардың да
ең басты мәселесіне оралмандардың елге оралуы жайлы жан – жақты
қарастырылды.
Үшінші дүниежүзі қазақтар құрылтайында дүниежүзі қазақтар
қауымдастығымен ұйымдастырылған отырыстардың бірі және оралмандар
мәселесіне байланысты маңыздылық тапқан Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университетінде өткен дөңгелек үстелде сөз алған. Көші-қон
комитетінің төрағасы Жазбек Әбдиев оралмандарға қатысты бір қатар
деректерді алға тарты. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанға 450 мың қазақ
көшіп келіпті. Олардың арасында 45 ғылым докторы, 242 ғылым кандидаты,
24800 оралманның жоғары білімі бар екен. Сондай - ақ қандастарымыздың 233
мыңы жұмыспен қамтылып, 87 адам несие алып, шағын бизнес бойынша жұмыс
істесе, 20887 оралмандарға жер төлімдері берілген 18 - деген
мәліметтерді ұсынған болатын.

ІІ-тарау. Қазақтар қауымдастығы және оның қызметі.
2.1. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы он жылдық белесте (1992-2005 ж.ж)
1993 жылы 30 -қырқүйекте қауымдастықта Дөңгелек стол мәжілісі
өткізіліп, онда тұңғыш құрылтай өткеннен бергі бір жыл ішінде не істелінді,
қандай шаралар жүзеге асырылды, сырт елдерде жүрген қандастарымызда қатты
толғандырып отырған өзек жарды мәселелердің түйіні қалай
шешілуде? -шет елден келген 50- ге жуық белді азаматтар осы сауалдар
төңірегінде әңгімеге тартылды. Олардың арасында дін қайраткері, Алаш
сыйлығының лауреаты Халифа Алтай, Монғолиялық ғылым - жазушы Қаржаубай
Сартқожаұлы, қауымдастық жұмысына белсене араласып жүрген басқа да
азаматтар болды 19.
1994 жылы 14 - ақпанда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
қазіргі кезеңдегі қызмет ауқымының кеңеюіне және шетелдегі
іскер Қазақтармен байланысты барынша нығайту қажеттілігіне орай қауымдастық
Құрамында бизнес орталығын, мәдинет орталығын, имандық –
тәрбие орталығын құру мүмкіндігі қарастырылсын деген ұйғарым жасалды. Мамыр
- маусым айларында Қауымдастық алғаш рет жоспарлы түрде шетелдік қазақ
Диаспорасының жас өкілдерінің Қазақстанда білім алуын ұлғайту
мәселесімен айналыса бастады.
Бұл бағытта алғашқы қадам жасап, шетелдегі қазақ жастарын оқуға щақыру
жұмысы басталды. Сол жылы алғашқы 40 оқушы Білім Министрлігінің келісімімен
Жамбыл облысының Қаратау қаласында бір жылдық дайындық курстарына түсті.
Олар қауымдастық степендиясымен қамтамасыз етілді.
Бұл саладағы жұмыс 1995 жылғы оқу жылдарында да одан әрі
жалғастырылды. Білім Министрлігімен келісе отырып Қазақстанға өз бетінше
келген және келуге талпынған жастарды ұйымдастырып, олардың құжаттарын
дайындап, оқуын жалғастыруына көмек жасалды. Білім Министрлігінің
араласуымен 1995 - 1996 оқу жылында 150 жас дайындық курстарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ: КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛУІ
ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)
Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Қазақ диаспорасы - Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар
Түркиядағы қазақ диаспорасы
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Ресей қазақтары
Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы Қазақстан халқының форумы
Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейі
Пәндер