Тарихи қазақ романдары



I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім:
1. Тарихи роман дегеніміз не;
2. Қабдеш Жұмаділов « Дарабоз» және «Соңғы көш» романдары;
III. Қорытынды:
IV. Пайдаланған әдебиеттер:
Роман (11 — 12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Дегенмен оның жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты, 16 — 18 ғасырларда батыста ақсүйек серілердің бастан кешкендерін суреттейтін романдар дамыды. Бұған испан жазушысы Сервантестің “Дон Кихот”, француз жазушысы Лесаждың “Ақсақ шайтан” романдары мысал бола алады. 19 ғасырдан бастап роман жанры биік деңгейде дами түсті. Романның ерекше үлгілерін Францияда Г.Флобер, А.Стендаль, О.Бальзак, Ж.Занд (Ж.Санд), Англияда В.Скотт, Ч.Диккенс, Ресейде А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, И.А. Гончаров, АҚШ-та М.Твен, Дж.Лондон, Германияда Т.Манн, Г.Манн, т.б. жасады. Орыс жазушылары Толстой мен Достаевский адам психологиясын, “мінез диалектикасын” ашудың тамаша үлгісін көрсетті. Кеңес заманында М.Горкий, А.Толстой, М.Шолохов, А.Фадеев секілді суреткерлер тудырған романдар әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады. Қазақ әдебиеттанушысы А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” (1926, 2003) романды ұлы әңгіме деп атап, оған “тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды” жатқызады. Ол “Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалардан болмай, ұсақ істерден де өнеге көрсетуге тырысады, оны жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс — барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек” деп атап көрсетеді. Қазақ әдебиетінде М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал”, Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік”, С.Көбеевтің “Қалың мал”, С.Торайғыровтың “Қамар сұлу” шығармаларынан бастау алған бұл жанр жан-жақты дамыды. Қазақ романын көркейтуде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, М.Мағауин, т.б. жазушылардың еңбектерін атап айтуға болады.
1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
2. Бердібаев Р., Роман және заман, А., 1967;
3. Қазақ романы, А., 1975;
4. Қазақ тарихи романы, А., 1997;
5. Байтанаев Б., Устно-поэтические традиции в структуре казахского романа, А., 1994;
6. Бисенғали З., XX ғасыр басындағы қазақ романы, А., 1997;
7. Қирабаев С., Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті, А., 1998;
8. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы:
9. Жұмаділов Қ. К. Таңғажайып дүние: ғұмырнамалық роман. — Алматы: Тамыр, 1999.
10. Дәуір және әдебиет, А., 1996

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ Тарихи қазақ романдары (реферат)

Орындаған: Аймуханова Т.Ғ.
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Топ:Қ- 211

Семей 2015ж
Тарихи қазақ романдары
Жоспар:
I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім:
1. Тарихи роман дегеніміз не;
2. Қабдеш Жұмаділов Дарабоз және Соңғы көш романдары;
III. Қорытынды:
IV. Пайдаланған әдебиеттер:

Кіріспе
Роман (11 -- 12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) -- күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Дегенмен оның жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты, 16 -- 18 ғасырларда батыста ақсүйек серілердің бастан кешкендерін суреттейтін романдар дамыды. Бұған испан жазушысы Сервантестің "Дон Кихот", француз жазушысы Лесаждың "Ақсақ шайтан" романдары мысал бола алады. 19 ғасырдан бастап роман жанры биік деңгейде дами түсті. Романның ерекше үлгілерін Францияда Г.Флобер, А.Стендаль, О.Бальзак, Ж.Занд (Ж.Санд), Англияда В.Скотт, Ч.Диккенс, Ресейде А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, И.А. Гончаров, АҚШ-та М.Твен, Дж.Лондон, Германияда Т.Манн, Г.Манн, т.б. жасады. Орыс жазушылары Толстой мен Достаевский адам психологиясын, "мінез диалектикасын" ашудың тамаша үлгісін көрсетті. Кеңес заманында М.Горкий, А.Толстой, М.Шолохов, А.Фадеев секілді суреткерлер тудырған романдар әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады. Қазақ әдебиеттанушысы А.Байтұрсынов "Әдебиет танытқышында" (1926, 2003) романды ұлы әңгіме деп атап, оған "тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды" жатқызады. Ол "Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалардан болмай, ұсақ істерден де өнеге көрсетуге тырысады, оны жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс -- барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек" деп атап көрсетеді. Қазақ әдебиетінде М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал", Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар сұлу" шығармаларынан бастау алған бұл жанр жан-жақты дамыды. Қазақ романын көркейтуде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, М.Мағауин, т.б. жазушылардың еңбектерін атап айтуға болады. Қазіргі қазақ әдебиетінде романның психологиялық, тарихи, биографиялық, публицистикалық, т.б. түрлері қалыптасқан. Роман-эпопеялар жанр дамуының кең мүмкіндіктерін танытты. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясы әлемдік даңққа ие болды, ол қазақ әдебиетінің биік идеялық-көркемдік жетістігі саналады
Негізгі бөлім
Қабдеш Жұмаділов туралы сөз болғанда, оның өзіне тиесілі тарихи міндетін орындаған ұлт азаматы, нағыз халықтық жазушы екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Өйткені, Қабдештің жеке басының тағдыры да, көркемдік әлеміндегі кейіпкерлерінің тағдыры да ұлыф атамекендегі қандастары үшін мүлдем тосын құбылыс еді. Өзіне бүкіл көшпелі қауымның соңғы бір көшінің рухани қуаты мен бақ-талайын, азаттықты аңсаған арманы мен азабын, қуанышы мен қайғысының көз жасын аманат етіп тапсырған міндетті Қабдеш Жұмаділов ар-ожданына кір келтірмей, табандылықпен және шын ер жігітке тән қайсарлықпен орындап шықты. Ол сол арман-мүдденің жыршысы ғана емес, соны жүзеге асырған нысаналы тұлға дәрежесіне көтерілді.
Тәуелсіз қазақ мемлекетін құруды аңсаған, сол үшін күрескен және сондай бақытқа жетіп тұрып, империялардың тәлкегіне ұшыраған тағдырлардың, елім! деп еңіреген ерлердің жан дүниесін жеті бірдей романына арқау еткен Қабдеш Жұмаділов, міне, бұдан сол ұлттың жеке мемлекет, оның ішінде тәуелсіз мемлекет болғанын көріп, көріп қана қоймай, оның рухани жырауына айналды. Зады, жазушының ең үлкен бақыты, орындалған арманы осы шығар. Өйткені, дәл осы тәуелсіздікке Қабдештің жазушы, азамат ретіндегі қосқан үлесі ерекше. Оны тұлға дәрежесіне жеткізген де сол мақсат.
Тағдыр талайынсыз талант тумайды. Ақыл мен мінездің сауытына сыйып (Абай), ағысқа қарсы жүзбеген парасат-пайым иесінің тұлға дәрежесіне көтерілуі де қиын. Бұл реттен алғанда Қабдештің басына түскен тағдыр талқысы да тауқыметті. Бірақ түбі қайырлы, жұбанышы басым болды. Егерде Қабдеш Жұмаділовті қазақ қауымының рухани сахнасына дәл осы заманда шығарған ұлы ұстаз - қазақтың тарихы десек, ара ағайын мұны асылық демейтін шығар. Себебі, балапанын биік құздың басынан лақтырып жіберіп, жерге тақағанда қағып алып, қайтадан лақтырған ана қыран сияқты, Қабдешті екі елдің арасында кезек шайқап, баулыған да - сол қилы заманға ұшыраған ұлтымыздың тағдыры.
Елден елдің бөлінгені - қасірет. Алайда, сол көшке үйір қазақтың тапқан бір олжасы - ұлттық мәйегінің бір сығымын аман-есен сақтап қалды. Қапалы әлі қауырт көш жолында талай-талай текті тұқымдар телімге ұшырады. Ата мекеннен бастап - Анадолыға дейінгі Бұланай мен Гиндукуш тауларының арасында талай Қабдештер мен Әбіштер қалды ғой. Әбіш Кекілбаевтің үйі де үрке көшіп, Иранға бет алып бара жатқан жолынан кездейсоқ тағдырдың себебімен елге қайтқанын оқығанда, бұған анық көзім жетті. Сондықтан да, Қабдештің арамызда тірі жүруінің өзі сол күндердің нысаналап жіберген бір сәлемі сияқты. Демек, Қабдеш - жай талант емес, тағдырлы, нысаналы талант. Бұл сөз ұзақ жылдар бойы арғы беттен келген деген кемсіткен сөзді естіп, бетіне шіркеу түскендей болып күн кешкен Қабдештің жүрегін жұбата қоймас, бірақ айтылуы және бүгінгі ұрпақтардың білуі тиіс шындықтың бірі. Әйтпесе, не ата тегінде, не білім мен тәрбиесінде, не ұлтжандылығында өзгелер миығынан күлетіндей еш кемістігі жоқ еді. Өйткені, Қабдештің бойындағы азаматтық қасиеттер де сонау Әлихан мен Ахмет сияқты Алаштың көсемдерінен рухани күш алған еді. Сауатын сол Ахаңның Әліпбиімен ашқан ұрпақтың ұлтының қамын ойламай өсуі де мүмкін емес. Бұған Қабдештің туған ортасы да әсер етті. Ортасыз өскен талант - жапандағы жалғыз ағаш сияқты, дараланып көрінгенімен де саясы аз, келешегі келте.
Ал Қабдеш болса қазақтың үш ғасырдан бергі тарихының кіндігі байланған, жеңісінің де, жеңілісінің де, күресінің де куәсі болған Жоңғар қақпасының қапталында туды. Қасиетті Тарбағатайдың бүйіріндегі Шәуешек атты осынау шағын қалада XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың ұзына бойындағы тарихи қозғалыстардың әр қилы мүдделерінін күресі жүріп, тай қазандай буырқанып жатты. Өзгелерді былай қойғанда, жер шарын бөліп билеуге ұмтылған үш империяның - Ресейдің, Қытайдың, Ұлы Британияның өзара пәтуаға келіп, қол қойысқан шаһары да осы Шәуешек еді. Мәнжу империясы мен қытай отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық көтерілістің тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін орнату жолындағы күрестің, қазақ, ұйғыр, дүнген ұлттарының азаттық қозғалысының ұйытқысы тура сол ара болғанын ескерсек мұның өзі Шәуешек қаласының тарихтағы орынын анықтап береді.
1950 жылы Шығыс Түркістан мемлекеті құлатылғанша Алаштың ұлттық идеологиясы Шығыс Түркістанның ресми идеологиясы ретінде өмір сүрді. Алашқа қатысты тарихи кітаптар мен қолжазбалардың әлі күнге дейін сақталып қалуы сондықтан.
Ал, Қабдеш болса, - Ахаңның Әліпбиімен сауатын ашты, Әлекеңнің саяси бағдарын ұлттық мұрат ретінде жаттап өсті, Жақаң сияқты жаңқамның өзі алаштың керегіне жарасын деп мақсат қойды. Ұлт-азаттық идеясын бойына сіңірген, Ресей мен Қытай империясының отаршылдық саясатын бүге-шігесіне дейін талдаған, азат мемлекеттің азаматы атанып қалған кезінде екі басты алып самұрық пен жеті басты айдаһардың қаһарына ұшыраған халқымен қоса Қабдеш те алпысыншы жылдардың басында тағдырдың сілікпесіне ұшырады. Алматыда оқып жүрген студентті кері шақыртып алып, оңшыл ұлтшыл атандырып, басына қалпақ кигізіп, көмір шахтасынан бір-ақ шығарды. Зады, мұндай айып тағылып, ұлтшылдығы үшін түрменің дәмін татқан жазушы да осы Қабдеш болу керек. Тағдыр бұл жолы да Қабдешті қамқорлығына алып, қазақтың соңғы көшіне ілесіп ұлы мекеніне ат басын тіреуге мүмкіндік берді.
Міне, сонда ғана өмірдің кақпақылында жүрген Қабдеш ауыр тыныс алып, өзінің өмірінің ең басты мақсатын жүзеге асыруға кірісті. Тағдырдың оған тартқан сыбағасы жеткілікті еді. Енді соны ел мүддесімен ұштастырып, қалың қазақтың рухани қажеттілігіне жарату міндеті тұрды. Жоңғар қақпасындағы құс жолы - қазақ жолы болған өлкенің тарихы мен тағдырын жазу Қабдештің пешенесіне жазылды. Бұған оны бойға біткен таланты ғана емес, ұлт алдындағы перзенттік парызы да мәжбүр етті.
Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардың ортасындағы тағдыры - бақытты тағдыр. Ұлтымыздың бар мүмкіндігі ашылып, қазақ идеясының басы қайта ұлттық нысана ретінде құрала бастаған тұсы да сол кез. Зауалға ұшыраған отыз жылдың ішінде елдің санасын тұман басып, өткен ұмытылып, жалан идея ғана қалған еді. Тың қуатпен келген жаңа толқын да, айтары мол алдыңғы ағалар да өз шығармалары арқылы ұлтының мүддесін жеткізуге бет бұрды. Міне, сол қазақ идеясының қалыптасуына Қабдеш те батыл кірісіп, тосын тақырыбымен күні кеше ғана тәуелсіз ел болған қазақ мемлекеті бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Қытай қазақтарының әдебиеті
І. Есенберлиннің шығармасы тілінің көркемдік жүйесі мен көріктеу құралдарының тілдік табиғатын анықтау
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Роман жанры туралы түсінік
Есенберлин қаламына тән сыйпаттар
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Ілияс Есенберлин туралы
Пәндер