Күйіктер, алғашқы ветеринариялық көмек туралы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

Тақырыбы:Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек

Орындаған: Махметов Н. М

Тексерген: Ахметжанов О. Н.

Семей 2015ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Күйік дәрежелері

2. 2 Алғашқы ветеринариялық көмек

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Күйік - деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады. жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тоғы мен радиактивті сәуленің әсерінен ағза мен ұлпалардың зақымдалуы. Осыған сәйкес күйік термикалық, химиялық, электірлік және сәулелік болып бөлінеді.

Термикалық күйік - жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық суықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарғылығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады.

Химиялық күйіктер - жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірке, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірімеген әк), фосфордың, магнийдың және ауыр металлдардың кейбір тұздарының (ляпис, хлорлы мырыш және т. б. ) әсерінен пайда болады.

Сәулелік күйік - ядролық жарылыстың жарық сәулесінен, рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.

Күйіктің ауырлығы оның таралу алаңымен және дененің зақымдану тереңдігімен анықталады. Күйік тарала түскен сайын жануар өмірі үшін қауіпті бола түседі.

Күйіктер жалынның, қызған металлдың және газдың, жанар сұйықтардың, жанармай қоспалары мен сәулелер энергияларының әсерінен пайда болады. Сондықтан әсер етуші себептерге байланысты күйік мынадай түрге жіктеледі:

- жоғарғы деңгейдегі қызудан - 83% (жалын, бу, қайнаған су) ;

- химиялық - 8% (қышқылдар, негіздер, олардың қоспалары) ;

- электірлік -6% (тиген жерінде терең күйік тудырады, өте жоғары жылу пайда болады) .

- cәулелік - 3% (күн сәулесінен, кварц, рентген, радиоактивті заттардың әсерінен) .

C:\Users\Public\Pictures\Sample Pictures\скачанные файлы.jpg

Зақымдану тереңдігі бойынша күйік 4 дәрежеге бөлінеді:

1-ші дәрежедегі күйікте терінің беті күйеді мұнда тері қатты қызарып, домбығып ауырсынады, ашиды. 3-4 күннен соң тері қотырланып сауыға бастайды.

2-ші дәрежедегі күйікте қызарған тері күлдірейді, сары суға толған көпіршіктер пайда болады. Бұл дәрежеде терімен қоса май ұлпасы күйеді. Май ұлпасында тамырлар, жүйке талшықтары, жүн, талшықтары күйікке шалдығуы мүмкін. Егер зақымданған жерге микробтар түспесе, онда бір аптадан соң терінің қабаттары орнына келеді, тек күйген жерде тыртықша қалады. 2-ші дәрежелі күйікте жылқы және сиырдың күйген жерінің жүні эпидермис қабатымен қоса оңай жұлынады, күйген жер ылғалданып, су жиналады.

3-ші дәрежедегі күйікте бұлшық еттер, тереңгі ұлпалар зақымдалады, олар жансызданады, өліеттенеді (некроз) . Күйген терінің түсі қызыл-қоңыр немесе қара-қоңыр, сезгіштік қабілетінен айырылады. Мұндай күйіктер ұзаққа созылады. Тыртық қалады. Жылқылардың өлеттенген терісі 7 -15 күн аралығында жанданады.

4-ші дәрежедегі күйікте тек тері ғана емес, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады, олар күлге айналады. Күйіктің ауырлығы тек зақымдануының терендігі емес, сондай-ақ зақымдану алаңына да байланысты, ол дененің күйген бетінің алаңың пайызбен көрсетіледі.

C:\Users\Public\Pictures\Sample Pictures\20.jpg

Жануарлар үшін күйіктердің ең қауіптісі кілегей қабықтарының күйіп қалуы ауыз қуысының(мысалы ит токтарды жайнап қойса, УЗИ немесе ЭКГ кезінде аппараттар істен күтпеген жерден істен шықса, т. б), мұрын қуысының(өрт кезінде СО-мен көп мөлшердедем алғанда), т. б. Тыныс алу жолдарының күйіктері жануар үшін үлкен қауіп тудырады, себебі ол олардың қабынуына әкеледі. Ал ауыз қуыстарының күйіктері қатты ауырсыну тудырғандықтан мал азықтан бас тартып, аштыққа бой алдырады.

Жалпы алғашқы ветеринариялық көмек. Күю процессы кезінде ең алдымен жоғарғы температураның әсерін тоқтату керек. Күйік шалған жерді байыппен күйген жүннен, шөптен, жерден тазартып жуамыз. Ауырсынуды басу мен қабыну процесстеріне жол бермеу мақсатында суық басып, спиртті заттар, натрий перманганатының қою қызыл (1-3% -дық) ерітіндісін, риванол ерітіндісін (1:500) қолданамыз. Ал шошқалар күйген кезде тек осы айтылған ерітінділермен ғана өңдеу керек, терісін механикалық жолмен тазарту ауырсынуды жоғарылатады.

http://www.bk55.ru/fileadmin/bkinform/image/1433921256/1433906126_205665_45.jpg http://www.bk55.ru/fileadmin/bkinform/image/1433921256/tbv07XigQFI.jpg

Химиялық күйік кезінде күйген жерді ең алдымен 30 мин көлемінде сумен шаяды, күюге әсер еткен реактивтерге байланысты көмек көрсетіледі.

  • Күшті қышқылмен күйгенде ең алдымен қышқылды бейтараптандырады. Ол үшін 1-2% -дық сілтілік ерітінділер қолданылады.
  • Сілтімен күйгенде сол жерді 1-2%-дық сірке немесе лимон қышқылымен шаяды.
  • Сөндірілмеген әкпен күйгенде, сүтпен өңделінеді.
  • Фосформен күйгенде, теріден фосфор қалдығын алып тастап, жиілеп сумен шайып, 5%-дық тотияыйнды дәкемен бетін жабады. Теріде немесе жарада жанып тұрған фосфорды құрғақ хлорлы әкпен немесе оның 1:2 қатынасындағы су қоспасымен сөндіреді, теріден жүнді тазартқан соң 2ші рет осы ерітіндімен шайып, өңдейді.

Мазьды орамдар тиым салынады. Қажет болғанда жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер егіледі. Жануарларды жылы, жақсы желдетілетін жерлерге орналастырады, тыныштық жағдай жасап, біршама порциялармен жақсы сіңірілетін белоктық, дәрумендері зор азықтармен азықтандырады, қалауынша салқын тұз қосылған су береді.

C:\Users\Public\Pictures\Sample Pictures\Sobakaterminator_3.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күйіктер және көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы мәлімет
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы ақпарат
Күйіктер және ветеринариялық алғашқы көмек
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz