Саясат тарихы жайлы ақпарат


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Саясат тарихы

Орындаған: Мусаханова. Н. Қ

Тобы :ТК-421

Тексерген :Мамырбеков А. М

Семей-2015

Жоспар:

  1. Саясат дегеніміз?
  2. Саясаттану ғылымы
  3. Саясат тарихы
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:

1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;

2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;

3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;

4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;

5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.

"Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие.
Қазіргі қоғамдық өмірде "саясат" термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен ассоциативті топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т. б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты.
Еуропалық қоғамдастықтың дамуы мен саяси ойларының отаны болған ежелгі гректерде саясат мемлекет пен қоғам істерін басқаруды білдірді. Платонның көзқарасы бойынша, бірігіп өмір сүру, адамдар арасындағы теңсіздік (байлық пен кедейлік, әр түрлі дәреже мен кәсіптер), өзара әрекет алмасудың қажеттілігі және осы орайда қандай да бір нормалардың сақталу кажеттілігі мемлекет пен саясатты, мемлекет пен қоғам істерін басқаруға алып келеді. Саяси ойлардың негізін салушылар Платон мен Аристотель пікірлерінде саясат адамдарды басқару ретінде анықталынады. Осыған байланысты олардың еңбектерінде мемлекеттік басқарудың формаларына талдау жасалынып, оның түрлері бөліп көрсетіліп, оларға салыстырмалы талдау жүргізіліп, ежелгігректік полистің (қала-мемлекеттер) саяси өмірінің және осы полистің азаматтары - ерікті адамдардың мемлекеттік басқарудағы саяси іс-әрекеттерінің, барлық негізгі аспектілері қарастырылған.
Екіншіден, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруының және мемлекеттік кұрылыс пен қоғамды басқарудың формаларын анықтауға, басқарудың тиімді әдістері мен амалдарын білуге, оның шешімдері мен акцияларының заңдылығын мойындауға қатысуын көрсетеді. Сондықтан, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқару процесінде осы билікті өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатында қолдануы саясаттың, саяси іс-әрекеттің ядросы болып табылады. Демек саясаттың ықпалды, белсенді бастапқы элементі - саясатта тек өз мүддесін ғана емес, сонымен қатар өзінің жасампаздық потенциалы мен еркін жүзеге асырушы субъекті. Саясатта өз қажеттіліктері мен мүдделері бар нақты өмір сүріп отырған адамдар өздерінің іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Яғни, саясаттың белгілі бір субъектілігін айтуға болады, өйткені ол адам әрекетінің нәтижесі. Саясаттың күрделілігі мен қайшылығы - оның ашықтығы мен екіжүзділігі, моральдығы мен биморальдығы, адамгершілігі мен қатыгездігі, күші, мақсаттылығы мен әлсіздігі, шарасыздығы - осынау сипаттардың бәрі саясат субъектісі ретіндегі адамға тән және барлық адамдар қоғамдастығының әлеуметтік-мәдени даму деңгейін көрсетеді.
Үшіншіден, мемлекеттік шешімдер, мемлекеттік билік пен саяси катынастардың баска да субъектілерінің акциялары, олардың қоғамдық өмірдің әр түрлі аспектілеріне ықпалын талдау мен бағалау және оларға ықпал ету мақсатында оларды тиісінше реттеуді көрсетеді. Мемлекеттік биліктің, саяси партиялардың, қоғамдық үйымдар мен қозғалыстардың қабылдаған барлық құжаттары саяси мазмұнға ие болғандықтан, олар да саяси шынайылықтың, саясаттың элементтері болып табылады.
Төртіншіден, басқару өнерін, керекті нәтижелерге қол жеткізуді, осы іске қажетті ресурстарды (материалдық-заттай және рухани) жұмылдыра білу қабілеті мен билік өкілеттіктерін қолдана білуді, оларды кеңейтуге қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін іске асыруда мейлінше тиімді күштер мен әдістерді анықтауды, басқару мәдениетін көрсетеді. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тарапынан биліктің саясаты мен іс-әрекетіне өзгерістер енгізу мақсатында оған қысым жасау өнерін және қажетті жағдайда билікті алмастыруды білдіреді.
Шынайы саяси тәжірибе айлакерлік, ептілік, өз мақсатын жасыра білу, моральдық релятивизм, өз әрекетін қажетінше ақтай алу секілді белгілі бір моральдық аспектілерді де қамтиды және түптеп келгенде осының бәрі "саясат" ұғымына енеді. Саясаттың бұл аспектілері адамдар санасында "Саясат - лас тірлік" деген формуладан көрініс табады.
Қорыта айтқанда, саясат адамдардың мінез - құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің қалыптасуы мен қызмет ету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар, көзқарастар, принциптер, бағдарлар мен коммуникациялар әлемі. Билік - саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің арқасында ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке айнала алады. Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерінің іс-әрекетін де қамтиды.
Саясат субъектілері болып мыналар табылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел журналистикасы
Теориялар критикасы және буржуазиялық «бұқаралық мәдениеттің» тәжірибелері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Бұқаралық коммуникация кеңістігіндегі мәдениет
Саяси ғылымда дипломатияны зерттеу
ИСЛАМОФОБИЯ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ЭТНИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz