Бояғыштар



1. Бояғыш заттар туралы түсінік
2. Бояғыш заттарды алу технологиясы
3. Химиялық талшықтардың барлық түрлері
Бояғыш заттар – түрлі материалдарды белгілі түске бояйтын қасиеті бар органикалық қосылыстар. Оптикалық ағартқыштар да Бояғыш заттарға жатады. Өсімдіктерден (кейде жануарлардан) алынатын табиғи Бояғыш заттарды адам өте ерте заманнан қолданып келеді.1856 жылы алғашқы жасанды.Бояғыш заттар алынды: поляк химигі Я.Натансон фуксинді, ал ағылшын химигі У.Г. Перкинмовеинді синтездеді. 1857 жылдан мовеин өнеркәсіптік жолмен өндіріле бастады. 1868 жылы неміс химиктері К.Гребе мен К.Т.Либерман ализаринді синтездеді. Осыдан кейін бояғыш қасиеттері табиғи Бояғыш заттардан асып түсетін жасанды Бояғыш заттар синтезделе бастады.20 ғасырдың басында жасанды Бояғыш заттар сапасы мен өндірілу көлемі жағынан табиғи Бояғыш заттарды ығыстырып шығарды.Синтетикалық Бояғыш заттар өндірісінің дамуына орыс химигі Н.Н. Зинин үлкен үлес қосты. Ол анилин алудың жаңа жолын тапты.Қазіргі кезде дүние жүзінде 10000-ға жуық Бояғыш заттар өндірістік жолмен шығарылады. Химикалық құрамына және құрылымына қарай Бояғыш заттар анилиндік, арилметандық, хинониминдік, күкірттік, индиголық, полициклдік, фталциандық, полиметиндік, полициклдік, т.б. болып; қолдану әдістеріне қарай Бояғыш заттар қышқылдық, тура, кубтық, күкірттік, негіздік, катиондық, активтік, тотықтырғыш, дисперсті, т.б. болып бөлінеді. Бояғыш заттардың түр-түсі оның күндізгі жарықтың белгілі бір спектрін жұтатындығына байланысты. Бояғыш заттар боялатын материалдармен химиялық байланыс түзеді, оның табиғаты әр түрлі (ковалентті, иондық, сутектік, хемоадсорбциялық) болуы мүмкін. Бояу процестері әр түрлі, көбінесе сулы ерітінділерде жүргізіледі, бірақ қазіргі кезде органикалық ерітінділер жиі пайдаланылып жүр. Көп жағдайда Бояғыш заттардың боялатын материалмен хим. байланысын тереңдету мақсатымен материалға әр түрлі тұздар сіңіріледі, кейде бояу түзілу процесі боялатын заттың өзінде жүреді, мысалы, ализаринмен, салқын әдіспен бояу. Боялған материалдың түсі қанық болу керек, бояу жарық әсерінен, әлсіз қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінен, жуғаннан, үтіктегеннен өңін бермеуі керек. Бояғыш заттардың сыртқы мех. әсерге тұрақтылығы 5 балдық жүйемен, ал жарық әсеріне төзімділігі 8 балдық шкаламен өлшенеді. Бояғыш заттар медицинада, дәрі-дәрмек, фотореагент, биохимиялық зерттеулерде және аналитикалық химияда реагент, физ. қондырғыларда жарық өткізгіш ретінде жиі пайдаланылады. Бояғыш заттардың негізгі шикізаты – мұнай жәнекөмір өңдеуден алынатын бензол, нафталин, антрацен, пирен, т.б. ароматты және гетероциклді қосылыстар. Бояғыш заттар өндірісі нәзік органиканикалық синтездеп аталады. Бояғыш заттарды алу технологиясы өте күрделі және бірнеше, кейде ондаған реакциялардың тізбегінен тұратын процесс, сондықтан Бояғыш заттардың құны бастапқы шикізат бағасынан ондаған есе артық болады. Бояғыш заттар саны мен сапасы белгілі бір дәрежеде қоғамның технол. дамуының көрсеткіші бола алады.
1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2012.344б.
2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2011.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Бояғыштар

Тексерген:Бауыржанова.А.З
Орындаған: Тоғызбаева.М.А.

Семей 2015
Жоспары:
1. Бояғыш заттар туралы түсінік
2. Бояғыш заттарды алу технологиясы
3. Химиялық талшықтардың барлық түрлері

Бояғыш заттар - түрлі материалдарды белгілі түске бояйтын қасиеті бар органикалық қосылыстар. Оптикалық ағартқыштар да Бояғыш заттарға жатады. Өсімдіктерден (кейде жануарлардан) алынатын табиғи Бояғыш заттарды адам өте ерте заманнан қолданып келеді.1856 жылы алғашқы жасанды.Бояғыш заттар алынды: поляк химигі Я.Натансон фуксинді, ал ағылшын химигі У.Г. Перкинмовеинді синтездеді. 1857 жылдан мовеин өнеркәсіптік жолмен өндіріле бастады. 1868 жылы неміс химиктері К.Гребе мен К.Т.Либерман ализаринді синтездеді. Осыдан кейін бояғыш қасиеттері табиғи Бояғыш заттардан асып түсетін жасанды Бояғыш заттар синтезделе бастады.20 ғасырдың басында жасанды Бояғыш заттар сапасы мен өндірілу көлемі жағынан табиғи Бояғыш заттарды ығыстырып шығарды.Синтетикалық Бояғыш заттар өндірісінің дамуына орыс химигі Н.Н. Зинин үлкен үлес қосты. Ол анилин алудың жаңа жолын тапты.Қазіргі кезде дүние жүзінде 10000-ға жуық Бояғыш заттар өндірістік жолмен шығарылады. Химикалық құрамына және құрылымына қарай Бояғыш заттар анилиндік, арилметандық, хинониминдік, күкірттік, индиголық, полициклдік, фталциандық, полиметиндік, полициклдік, т.б. болып; қолдану әдістеріне қарай Бояғыш заттар қышқылдық, тура, кубтық, күкірттік, негіздік, катиондық, активтік, тотықтырғыш, дисперсті, т.б. болып бөлінеді. Бояғыш заттардың түр-түсі оның күндізгі жарықтың белгілі бір спектрін жұтатындығына байланысты. Бояғыш заттар боялатын материалдармен химиялық байланыс түзеді, оның табиғаты әр түрлі (ковалентті, иондық, сутектік, хемоадсорбциялық) болуы мүмкін. Бояу процестері әр түрлі, көбінесе сулы ерітінділерде жүргізіледі, бірақ қазіргі кезде органикалық ерітінділер жиі пайдаланылып жүр. Көп жағдайда Бояғыш заттардың боялатын материалмен хим. байланысын тереңдету мақсатымен материалға әр түрлі тұздар сіңіріледі, кейде бояу түзілу процесі боялатын заттың өзінде жүреді, мысалы, ализаринмен, салқын әдіспен бояу. Боялған материалдың түсі қанық болу керек, бояу жарық әсерінен, әлсіз қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінен, жуғаннан, үтіктегеннен өңін бермеуі керек. Бояғыш заттардың сыртқы мех. әсерге тұрақтылығы 5 балдық жүйемен, ал жарық әсеріне төзімділігі 8 балдық шкаламен өлшенеді. Бояғыш заттар медицинада, дәрі-дәрмек, фотореагент, биохимиялық зерттеулерде және аналитикалық химияда реагент, физ. қондырғыларда жарық өткізгіш ретінде жиі пайдаланылады. Бояғыш заттардың негізгі шикізаты - мұнай жәнекөмір өңдеуден алынатын бензол, нафталин, антрацен, пирен, т.б. ароматты және гетероциклді қосылыстар. Бояғыш заттар өндірісі нәзік органиканикалық синтездеп аталады. Бояғыш заттарды алу технологиясы өте күрделі және бірнеше, кейде ондаған реакциялардың тізбегінен тұратын процесс, сондықтан Бояғыш заттардың құны бастапқы шикізат бағасынан ондаған есе артық болады. Бояғыш заттар саны мен сапасы белгілі бір дәрежеде қоғамның технол. дамуының көрсеткіші бола алады.
Мата (лат. textile -- мата, материя) -- химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.[[1]]
Жасанды талшықтар мен жіптерді табиғи жоғары молекулярлық қосылыстардан(әдетте шыршадан алынатын целлюлозадан)жасайды. Оларға вискозды, мысты аммиак талшықтар мен жіптер, ацетатты(негізінен триацетапты)жіптер жатады. Мұнайды, газ бен көмірді қайта өңдеу арқылы алынатын синтетикалық полимерден талшықтар мен жіптер жасалады.[[2]]
Солардың ішінде ең көп тарағандары:полиамид талшықтары мен жіптері(капрон, анид),
полиэфир(лавсан),
полиакрилонитриль(нитрон),
поливинилхлорид(хлорин),
полиолефин (полипропилен, полиэтилен) талшықтары мен жіптері.[[3]]
Химиялық талшықтардың барлық түрлері (бұрын оларды штапель талшықтары деп атаған) жалғыз (элементарлы) талшықтардан тұрады. Бұлардан тоқыма өнеркәсібінде әуелі жіп жасалып, содан соң маталар мен трикотаж бұйымдары (кілем, түкті төсеніш, мата тәрізді тоқылмаған материалдар) тоқылады. Химиялық талшықтардың кейбір түрінен жіп, мата, трикотаж бұйымдарды таза күйінде де, сондай ақ табиғи талшықтармен (мақта, жүн, зығырмен) араластыра отырып та жасайды. Химиялық жіптер техникалық және тоқымалық деп екі үлкен топқа бөлінеді. Техникалық топқа неғұрлым жуанырақ, беріктігі жоғары жіптер жатқызылады. Бұлардан автомашинаға арналған арқан-дар, парашюттерге, балықшыларға арналған аулар мен құрал-жабдықтар, қозғалтқыш белдік, кәдімгі арқандар, т. б. жасалынады. Тоқымалық химиялық жіптерге жіңішке (әдетте белгілі бір дәрежеде ширатылған немесе көлемді) жіптер жатқызылады, бұларды иірмей ақтікелей мата және трикотаж бұйымдар тоқу үшін қолданады(бұрын бұл жіптерді жасанды жібек деп атаған).Белгілі бір химиялық талшықтар мен жіптер әр елде әрқалай аталады(мұндайда бұлардан жасалынатын шетелдік маталар мен тоқыма бұйымдар да талшықтың атауымен аталады).
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мата булау
Тоқыма өндірісінде матаны ыстық бумен өңдеу процесі. Мата сурет басу(өрнек), химиялық тазалау, бояу процестерінен өткен соң буланады. Бояу жақсы жұғу үшін оның құрамындағы заттардың талшықтармен әрекеттесуі қажет. Сонда ол оңбайтын болады. Хим. тазалау жұмыстарында алдын ала күйдіргіш сілті сіңірілген мата буланады. Кейде буға азданп натрий гипо хлориді не сутектің асқын тотыға қосылады. Бұлар кездемеден целлюлоза емес, қоспаларды ажыратады. Булау процесі компенсатор деп аталатын аппаратта жүргізіледі. Бояу жұмыстары кезінде булау қолданылады. Бұл процесс бояуды жақсы сіңіріп, бояғыштарды пайдалану мүмкіндігін арттырады. Әрі шаю, жууды жеңілдетеді. Ширатылған жібек жіптер қайта төгу кезінде ілмектеніп, түйіліп қалмас үшін ыстық буға ұсталады. Жібек пілләсін тазарту кезіндегі желім жұмсарту прроцесі де булау деп аталады.[[][6]]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Матаны аппретирлеу
Матаны аппретирлеу (франц. ақтық өңдеу) материалдарға(маталарға, тоқымаларға) беріктік, ылғалға төзімділік, биязылық т. б. қасиеттер беруге арналған ең соңғы деу жұмыстары. М. а. арнайы ерітінділерді сіңдіру не мата бетіне жұқа қабыршақ қабат жағу арқылы іске асырслады. Мақта мата мен кенеп маталар крахмалмен өңделеді. Матаға жұмсақтық, серпімділік қасиет беру үшін малдың іш майынан, кастор майынан, канифольден жасалған ерітінділер қолданылады. Егер матаға стеарлин, парафин, балауыз эмульсиялары сіңірілсе, олар жылтыр және сәуле шғылыстырғыштық қасиетке ие болады. Жүн мен жіббек маталарды өңдегенде крахмалдың орнына тері шелінен, мал сүйегінен алынатын т. б. желім пайдаланылады. Крахмал, т. б. желімдік заттар матаға онша берік жұқпайды, алғашқы жуудың өзңнде ақ шайылып кетеді. Сондықтан мата үшін поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полистрирол лактестері жұмсалады. Бұлармен өңдеу матаның арттырумен қатар оның әрін де жақсартады. Мата, кенеп маталарға умаждалмайтын қасиет беру үшін олар синтет. смолалардан алынатын заттармен өңделеді. Плащтарға арналған маталарға су жұқпайтын қасиет беріледі. Целлюлоза талшықтары араластырылған маталарды бактериялардыңмбүлдіруінен сақтау үшін антисептиктермен өңдейді. Жібек, жүн және жасанды талшықтардан тоқылған маталармен салыстырғанда мақта маталар умаждалғыш келеді. Осыған сәйкес кормобол, мебизин, т. б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бояғыштар және олардың түрлері
Химиялық қосылыстардың күрделі қоспалары
Талшықтардан пайда болған бояғыштар
Былғары және мех өңдеу технологиясы
Талшықтар қоспасынан жасалған текстиль маталарын колорирлеу
Бояудың маңызы және бояғыштар
Тағамдық бояғыштардың жіктелуі
Суда еритін бояғыштармен бояу
Үлбір шикізатын бояу
Бояу және бояуды пигменттермен басу
Пәндер