Кәсіпорын көлемінде ресурстарды басқару
І . Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Кәсіпорын көлемінде ресурстарды басқару .
ІІІ.Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер.

Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты — бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.
Шығындарды басқару — бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол жеткізеді.
Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару жүйесі табылады.
Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты шығындарды басқару жүйесін құрудың негізгі мақсаты — ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар — өндіріс көлемі — пайда.
Шығындарды басқарудың маңызды міндеттері:
— кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;
— шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;
— шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;
— өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу — өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;
— шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;
— бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау;
— кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу;
— шығындарды нормалау әдісін таңдау;

1. Шапиро В.Д. и др. Управление проектами. Учебник для вузов – СПб.; «ДваТрИ», 2006.
2. Управление проектами. Толковый англо-русский словарь – справочник / Под ред. проф. В.Д. Шапиро. М.: «Высшая школа», 2007.
3. Мазур И.И., Шапиро В.Д. Управление проектами. Справочное пособие. М.: Высшая школа, 2001.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
МӨЖ
Тақырыбы: 3. Кәсіпорын көлемінде ресурстарды басқару .
Орындаған : Юсупов А.А.
Тексерген : Агумбаева А.Е.
Семей 2015ж
Жоспары:
І . Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Кәсіпорын көлемінде ресурстарды басқару .
ІІІ.Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты -- бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.
Шығындарды басқару -- бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол жеткізеді.
Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару жүйесі табылады.
Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты шығындарды басқару жүйесін құрудың негізгі мақсаты -- ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар -- өндіріс көлемі -- пайда.
Шығындарды басқарудың маңызды міндеттері:
-- кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;
-- шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;
-- шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;
-- өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу -- өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;
-- шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;
-- бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау;
-- кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу;
-- шығындарды нормалау әдісін таңдау;
-- өндіріс процесін, ассортименттік және баға саясатынын қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі мен өндіріс көлемін болжауды жетілдіру бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу.
Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.
Шығындарды басқарудың функциялары:
-- өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;
-- шығындарды әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша, көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша бақылау және талдау;
-- белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру;
-- кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.
Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады. Шығындарды талдауды жүйелі түрде жүргіземіз,
яғни ұйымды жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік
ретінде қарастырамыз. Жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік ретінде шығындарды басқару жүйесін 1- ші суреттен көруге болады.
Егер шығындарды басқарудағы институционалды аспектілер жайында айтар болсақ, онда мынындай негізгі сауал туындайды: шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдастырушылық құрылымының әрбір деңгейінде шығындарды басқарудың өзіндік қызметін құру қажет пе немесе шығындарды басқару саласында осы уақытқа дейін қалыптасқан менеджерлерге қосымша өкілеттілік беру қажет пе. Шаруашылық жүргізу субъектінің шығындарды басқару процесін 2-ші суреттен көруге болады.
Шығындарды бақару жүйесінің негізгі элементтері болып шығындарды басқару объектілері (бұл шығындардың деңгейі, құрамы мен құрылымы) мен шығындарды басқару технологиясы (шығындардың нақты көрсеткіштерінің жоспарлыдан ауытқуын анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру) табылады.
Шығындарды басқару жүйесін ұйымдастыру кәсіпорынның
қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен оны басқаруға құрылымдық және процестік тәсілдерді аралас қолдануды талап етеді. Процестік тәсілдің мәні кәсіпорынның барлық қаржылық-шаруашылық қызметін екі категорияға бөлуге болатындығында: негізгі бизнес-процестер және қосымша бизнес-процестер.
Негізгі бизнес-процестер өнімді немесе қызметті ұсынумен, оны сатумен және тұтынушыға жеткізумен байланысты. Олар өзіне келесі
бизнес-функцияларды қосады: шикізат пен басқа да материалдық ресурстарды жеткізуді қамтамассыз ету, өнімнің әр түрін өндіру, өнімнің өтімі мен маркетингі, кепілдік және сатылымнан кейінгі қызмет көрсету.
Шығындарды талдау -- бақылау функциясының маңызды элементі бола отырып, негізді жоспарлануы үшін ақпараттарды дайындайды.
Шығындарды басқару жүйесінде талдау функционалды циклды аяқтайды және онымен бір мезгілде оның басы болып табылады. Шығындар жалпы кәсіпорын бойынша және де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер, шығындардың экономикалық элементі мен калькуляция баптары, қызмет түрлері, өнім (жұмыс, қызмет) бірліктері, өндіріс процесі кезеңдері мен есептеудің басқа да объектілері бойынша талдауға түседі.
Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және функционалды-басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі. Кәсіпорында шығындарды талдаудың мазмұны 4-ші суретте көрсетілген.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарды талдау өзіне негізгі жұмыстарды орындауды қосады:
1) өндіріске деген шығындардың жалпы сомасы мен экономикалық элементтері бойынша өнімнің өтімін талдау. Талдау өндіріске деген шығындарды зерттеу және экономикалық элементтер шегінде негізгі қызмет түрі бойынша өнімді (жұмыс, қызмет) ұсынуды болжайды.
Талдау есепті кезеңнің экономикалық элементтері бойынша нақты шығындардың үлес салмағын өткен кезеңнің аналогиялық көрсеткіштерімен, сонымен қатар жоспарлы мәліметтерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұндай тәсіл шығындар құрылымындағы өзгерістерді анықтауға және
өнімнің материал сыйымдылығының, қор сыйымдылығының, еңбекақы сыйымдылығының және еңбек сыйымдылығының өзгерісін анықтауға көмектеседі.
Жекелеп қарастыратын өнім (жұмыс, қызмет) өтімі мен өндіріске кеткен шығынның жалпы сомасындағы материалдық шығын үлесінің өзгеруін
талдау кезінде жекелеген ұйымдардың қызметтеріне кеткен
төлемдердің шығындарын ұлғайтуды және олардың өсу себептерін анықтауды талап етеді.
Еңбекті өтеуге кеткен шығындар үлесін салыстырмалы ұлғайту кезінде материалдық шығындардың үлес салмағын азайту өнім құрамындағы құрылымдық жылжумен байланысты.
Шығынның жалпы сомасындағы амортизация үлесінің өзгерісі өндірістің қор сыйымдылығының динамикасы мен жұмыскерлердің еңбек қорымен қамтамасыз етілгенін, сонымен қатар аморизацияны есептеудің жаңа тәсіліне ауысуын көрсетеді. Амортизацияға деген шығын үлесін азайту негізгі қорлар мен олардың тасымалдануының массалық тозуын куәландырады, ал осы шығындар үлесінің артуы өндіріске жаңа техниканы енгізумен және жеделдетілген амортизациямен байланысты болуы мүмкін.
Экономикалық элементтері бойынша кәсіпорынның жалпы шығындарын талдау шығындар сомасының элементтері мен олардың құрылымы бойынша өзгеруінің нақты себептерін ашу керек.
2) калькуляциялау баптары бойынша дайын өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын талдау. Оның талдау объектісі болып кәсіпорынның (немесе өндірістік бөлімшелердің ) дайын өнімнің өзіндік құны мен жекелеген бұйымдар (жұмыс, қызмет) табылады. Ол алдыңғы кезеңмен немесе жоспармен салыстырғанда қандай баптар бойынша үнемдеуге қол жеткенін,
ал қандай баптар бойынша шығын шыққанын анықтауға көмектеседі.
Басты назар ең көп өзгерістер мен шығын шыққан бапқа аударылады.
Тура калькуляциялық баптар бойынша шығындардың өзгеру себептерінің бірі өнім (жұмыс, қызмет) көлемін ұлғайту (немесе азайту) және оның құрамын өзгерту болып табылады. Тура материал шығындарының өзгеру себептері болып шығындар нормасының өзгеруімен материалға, жанармайға,
жартылай фабрикаттарға деген бағалар (тариф) мен ұйымдардың өндірістік мінездегі қызметтерінің өзгеруі табылады.
Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы бабы бойынша шығындардың өзгеру себептері өнімнің еңбек сыйымдылығының өзгерісі болып табылады. Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақыға деген тура шығындары мен тура материалдық шығындардың өзгерісіне өзара әрекет еруші факторлардың әсері өнім бірлігі мен жеке түрлердің өзіндік құнын талдау кезінде анықталады.
Жанама шығындардың (жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық) өзгерісін талдау кезінде олардың есепті жыл сметалары өткен жылмен салыстырылып зеттеледі.
Ақаулардан туындаған жоғалтулар ұлғайған кезде олардың себептері талданып, сонымен қатар осы шығындардың орнын толтыру мен ақауларға кеткен шығындар теңестіріледі. Басқа да өндірістік шығындарды
талдау олардың құрамының түрлері мен есепті жылдағы олардың өзгерісінің себептері өткен жылмен салыстыра отырып анықталады.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарына талдау жүргізу кезінде есепті кезеңнің нақты шығын деңгейін өткен кезеңмен немесе белгіленген жоспармен салыстыру арқылы құралы мен құрылымы
бойынша шығындардың өзгеру себептері мен көлемін анықтау, шығынның өсуі немесе азаюын шарттастыратын факторларды белгілеу, оларды азайтудың мүмкін болатын қорларын анықтау қажет.
Шығындарды басқару жүйесінде өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын талдау үлкен мағынаға ие. Ол берілген көрсеткіштің өзгеру тенденциясын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуына, оның өсуіне факторлардың әсерін анықтауға, өзіндік құнды төмендету мүмкіндіктерін қолдану бойынша кәсіпорын жұмысына баға беру мен қорларды белгілеуге көмектеседі.
Өзіндік құн кірістер мен шығындарды өлшеудің негізі , сонымен қатар, қорларды тиімді қолдану мен интенсификацияның жалпылама көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өзіндік құнды талдаудың міндеттері:
-- өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны бойынша жоспардың шиеленістігі мен негізделуін бағалау;
-- өзіндік құн бойынша талдаудың орындалу деңгейі мен динамикасын белгілеу;
-- өзіндік құн көрсеткіштерінің динамикасына әсет ететін факторлар мен олар бойынша жоспардың орындалуын анықтау, жоспарлы шығындардан нақты шығындардың ауытқу көлемі мен себептерін анықтау;
-- өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау;
-- шығын мен түсімнің оптималды арақатынасын анықтау мен бағалау.
Тауар, жұмыс және қызметтің өзіндік құнын талдау үшін ақпараттық база болып есеп мәліметтері, өзіндік құнның есептік және жоспарлық калькуляциялары, негізгі және қосымша өндіріс бойынша шығындардың синтетикалық және аналитикалық есебі табылады.
Отандық кәсіпорындағы шығындарын басқару және талдау жүйесін қарастырдық, ендігі кезекте шығындардың басқарудың шетелдік тәжірибесін қарастырамыз.
Негізгі бөлім
Материалдық өндіріс пен құрылыста тауарлы-материалдық қорларды тұтыну көлемі үнемі өсіп келеді, бұл өндіріс көлемі мен құрылыстың артуымен байланысты, сонымен бірге материалдық ресурстар бағасы да жыл сайын өсіп келеді. Оның нәтижесінде өнімнің материал сыйымдылығы артып, жалпы шығындардағы материалдық шығындардың үлес салмағы өседі.
Өнім өндірісі жоспарын орындау мен өнімнің өзіндік құнын төмендетудің, пайда мен рентабельділік деңгейін жоғарылатудың қажетті шарттарының бірі -- өндірісті қажетті шикізат пен материалдармен толық, әрі уақтылы қамтамасыз ету болып саналады.
Кәсіпорынның шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі, сатып алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігі, өндіріс үрдісінің үздіксіз жүруі мен кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін анықтаушы факторлар болып саналады. Себебі материалдық ресурстар шығындардың елеулі бөлігін құрайтын шығын элементі, оның өзгерісі шығын динамикасы мен өнімнің өзіндік құныны үлкен әсер етеді. Сол себепті материалдық ресурстарды үнемді пайдалану мен оны пайдалану тиімділігін арттыру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды. Сол себепті материалдық ресурстарды басқару - кәсіпорын қызметінің маңызды бөлігі [10, 207б.].
Кәсіпорынды басқару ісінде материалдық ресурстарды басқару маңызды орын алады. Материалдық ресурстар кәсіпорынның айналым қорының бір бөлігін құрайды, яғни әрбір циклде толық пайдаланылатын қаражат болып табылады және өз бағасын дайын өнім бағасына толық ауыстырады.
Кәсіпорын табысты жұмыс жасау үшін оның материалдық ресурстарды пайдалану, тарату құрылымы нақты да, жасырусыз болу қажет.
Нақты мақсаттарға жету үшін кәсіпорынның материалдық ресурстарын басқару жүйесінің комплексті талдау арқылы мүмкін, сондай-ақ материалдар, статьялар және осы тақырыпқа аналитикалық материалдар арқылы.
Материалдық ресурстардың үлкен үлесін негізгі материалдар құрайды. Оларға өнім шығаратын және негізгі құрамы болатын еңбек құралдары жатады (автомобиль жасап шығарған кезде олар - металл, шыны, мата және т.б.) қосымша материалдарға, өндірісте қызмет көрсеті процессінде тұтынылатын немесе негізгі материалдарға қосылатын материалдар жатады (майлау, қаптау, бояулар және т.б.) [11, 85б.].
Қазіргі уақытта өндірістік кәсіпорындар озық үлгідегі есептегіш техникасымен жабдықталған, солардың көмегімен кәсіпорынның сыртқы және ішкі әсер ететін факторларын ескере отырып материалдық ағынды модельдеу мүмкін болып отыр, сондай-ақ материалдық ресурстардың басқару жүйесін шығару мүмкін болып отыр.
Материалдық ресурстарды басқару жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі принциптері бар.
1. өзін-өзі басқару
2. ресурстарды жинау және шығынға қарсы
3. комплекстік
4. жеделдік
5. ғылыми-техникалық прогреске ұқыптылық және т.б.
Айтылып кеткен принциптер бірге жұмыс жасау керек, немесе олар бірқалыпты жағдайды немесе жүйенің пайдалы жұмыс жасауын белгілейді.
Тиімсіз жағы ретінде ірі тауарлық қорының ұйымдастырылуы белгілі бір жағдайларда материалдық ресурстардың сапасына кері әсерін тигізеді және әрқашанда қажет емес, сонымен қатар шығын көбейеді және айналымдағы қаражаттың жұмыс жасауын төмендетеді.
Кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауына және қаржылық мүмкіндігін жоғарылату шараларының ішінде айналымдағы қаражатты тиімді пайдалану маңызды орын алады. Нарықтық экономика жағдайында айналымдағы қаражатты тиімді пайдалану тіпті үлкен актуалды мәселеге айналды. Айналымдағы қаражаттың тиімді пайдалану экономикалық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады және ең алдымен айналымдағы қаражаттың айналымдылығымен сипатталады. Айналымдағы қаржының айналымдығы деп оның ақша түрінен өндірістік қорларға айналып, дайын өнімін сатылығанына дейін бір айналымды айтады. Айналым - түскен кірістің кәсіпорын шотына түсуімен бітеді. Айналымдағы қаражаттың айналым қарқындылығы экономиканың бір саласындағы және түрлі салаларындағы кәсіпорындарда бірдей болмайды және ол өндірістің ұйымдастырылуына, өнімдерді өткізу үрдісіне және т.б. факторларға байланысты болады. Мысалы өндірістік циклы ұзақ келетін машина жасау өндірісінде айналым уақыты өте үлкен, ал тамақ және өндіруші өндірістерде айналым уақыты аз келеді [12, 176б.].
Материалдар және шикізат базасын құру үшін әржақты шешімдер бар. Негізгілері:
-- АВС - талдау (бастапқы талдау);
-- баллдық системамен бағалау;
-- шикізаттар мен материалдардың бағасын талдау;
-- шешулердің математикалық модельдері.
Осыдан шикізат пен материалдың талдау бағасын толығырақ қарастырамыз.
Тауар құнын талдау көп жағдайда тауардың тұрып қалуын және шығарылатын өнімдер құнын төмендету үшін қолданылады, мұндағы көздеген мақсат кәсіпорынның шаруашылық ахуалын күшейту және дайын өнімдерді өткізу көлемін үлкейту болып саналады.
Шикізаттар мен материалдардың бағасын талдаудың арқасында:
-- шикізат пен материалға кеткен шығын азаяды;
-- шикізаттан материалдарды дайындау уақыты үнемделеді;
-- дайын өнім сапасы артады;
-- сенімді инвестицияларға кететін шығын азаяды.
Төменде келтірілген баға талдауы кәсіпкерліктің көптеген түрлерінде қолданылады.
1. Дайындық этапында алдымен шикізат пен материалдарды зерттеудің мақсаты жасалады, ұйымдастырушылық дайындық шешімдері ұйымдастырылады.
2. Екінші кезекте өз өнімі туралы ақпарат жиналады, сонымен қатар өзара салыстыруға қажет сол өнімдер, іспеттес бұйымдар туралы ақпараттар да жиналады.
3. Келесі этапта шикізат пен материалдың нақты жай-күйін зерттеу арқылы өндірістің кем жақтары ашылады.
4. Бұдан кейін өз өнімінің сапасын арттыру туралы және өндіріс процесін жақсарту туралы ұсыныстар жасалады.
5. Бесінші этапта жасалған ұсыныстар шығын мен кіріс шамаларына қатысты бағаланады.
6. Келтірілген ақпаратардан ең тиімді, пайдалы және іске асатын шешімдер таңдалады.
7. Баға анализінің соңғы этапы ретінде таңдалған шешімді өндіріске енгізу болып табылады.
Кәсіпорынның мүлтіксіз жұмыс жасауына негізгі шикізат пен материалдар қоры, көмекші шикізат пен материалдарының қоры, тез ескіретін өндіріс құралдарының қоры қажет. Мұндай шикізат пен материалдар қоры келесі шараларға қажет:
-- келесі партияның түсу мерзіміне дейін өз өнімін шығарып үлгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін;
-- шикізат пен материалдардың талабының өзгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін;
Осының арқасында кәсіпорындағы шикізат пен материалдардың қоры минималды және максималды мәндерінің арасында өзгеріп отырады.
Қордың минималды көрсеткіш мәні төмендегілерден тұрады:
-- күнтізбелік қордан (бұл қор шикізат пен материалдардың жеткізілуінен, оларды қоймаға орналастырғанға дейінгі уақытты қамтиды);
-- орналастыруға қажет уақыт (аталған шикізаттар арнайы сақтау ережелерін талап етеді және белгіленген уақыттан кейін ғана өндірістік құндылығына жетеді);
-- технологиялық процесстерді ескеретін шикізат пен материалдар қоры (өндірістің технологиялық процесстер режимін ұстау үшін қажет);
-- апаттық қор (күтпеген оқыс жағдайлар үшін міндетті түрде ұсталатын қор).
Негізделген минимал қордың мәні мен экономикалық және ұйымдастырушылық негізделген ең көп мәні арасындағы айырмашылық шикізат пен материалдың ағымдағы қоры болып табылады.
Шикізат пен материалдың минималды мәні тұрақты шама болып табылады, ал максимал мәні келіп түскен партияларға байланысты өзгеріп отырады (екі тапсырыс арасындағы уақыт интервалы) [13, 82б.].
Кәсіпорынның қорын ұйымдастырғанда материалдық ресурстарды нақты нәрсеге қолданылуын және олардың өндірістің жұмыс жасауына кепілдік беретініне көңіл аудару қажет. Сонымен бірге сол материалдың ресурстардың сақталуына байланысты кешігіп жеткізілулер ескерілу қажет. Осыған байланысты кәсіпорында материалдық ресурстар қорын ұйымдастырғанда тауарлы-материалдық қор шамасы мен кешігіп жеткізілген партиялар шамасының арасындағы тиімді қатынасты анықтау басты мәселе болып табылады.
Материалдық ресурстардың кешігіп жеткізілген шығындар ғана емес, сонымен бірге олардың белгілі бір өндірістік-шаруашылық жағдайларды жоқтығы да әсер етеді.
1) тауарлық-материалдық қорды ұйымдастырғанда, сақтағанда ең көп тараған кештетіп жеткізу факторларын қарастырайық:
-- сауда шығындары - пайыздар, кепілдік, капитал салығы;
-- сақтауға кеткен шығындар - қойманы бақылау (жылыту, жарықтандыру, қызметкерлер жалақысы және т.б.), қордың орнын ауыстыру операциялары.
2) тауарлық-материалдық қорларды басқаруға кеткен шығындар:
-- басқарушы және қызмет көрсетуші персоналды оқыту;
-- басқарушы және қызмет көрсетуші персоналды жалдау.
3) Қордың дефицитінен, яғни жетіспеушілігінен туындаған шығындар да әр түрлі:
-- материалдық ресурстарды жеткізу жұмыстарын жеделдетуге кеткен шығындары: өзара байланыс жүйесін ұйымдастыруға кеткен шығындар, материалдық ресурстарды тез жеткізгені үшін берілетін үстемақының шығындар; жедел жеткізуге байланысты материалдық ресурстарды аз көлемде жеткізудің әсерінен қымбаттауға жұмсалған шығындар;
-- өндірістік бағдарламаны түзетуге кеткен, бұрыс графикпен жасалған дайын өнімдерді сатуға кеткен шығындар;
-- сауда шығындары: кірістің азаюы және материалдық ресурстардың жетіспеушілігінен туындаған сатылатын өнімдердің азаюына байланысты үстеме шығындардың өсуі.
Ірі тауарлы-материалдық қорлардың тиімдігін және оның кемшілігін жалпылап көрсетуге болады.
Тиімді жағы тұтынушыларды өніммен қамтамасыз ету деңгейі жоғары болады және кәсіпорынның тұрақты жұмысы қамтамасыз етіледі [14, 91б.].
Айналымдағы қаражаттың айналымдылық көрсеткіші жалпы және жеке элементтері арқылы есептелуі мүмкін. Айналымдағы қаражаттың айналу көрсеткішінің өзгерісін, оның нақты мәнін жоспар бойынша берілген мәніне немесе алдыңғы периодтағы мәніне бөлу арқылы табуға болады.
Аталған көрсеткіштің айналу қарқыны үдеген сайын, айналымдағы қаражаттың артық материалдық ресурстар бөлінеді. Өз кезінде бұл қосымша қаражаттың бөлінуіне алып келеді. Керісінше, айналу қорын төмендесе, айналым қаражатына қосымша қаражат қосылады.
Айналым қаражатының айналу үрдісінің үдеуі арқасында артылған қаражат абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін. Абсолютті қаражат болып саналады, егер айналымдағы қаражат қалдығы нормативтен немесе алдыңғы периодтағы қалдықтан жоғары болса.
Айналымдағы қаражаттың салыстырмалы түрде артылуы болады, егер айналу үрдісінің үдеуі кәсіпорынның бағдарламасынан асып түссе және өндіріс көлемінің қарқыны айналымдағы қаражат қалдығының өсу қарқынынан жоғары болса.
Айналымдағы қаражатты тиімді қолдану көптеген факторларға байланысты. Олар сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы факторлар кәсіпорынның әсеріне тәуелсіз болып келеді, оған: жалпы экономикалық ахуал, салық заңы, немесе алу шарттары және олардың пайыздық ставкасы, бюджеттің қаржыландыруымен жүретін бағдарламаларға қатысу, мақсатты қаржыландыру жатады. Аталған факторлардың шектеуінде кәсіпорын өз күшімен ішкі факторларға әсер етіп отырады [12, 204б.].
Қазіргі заманның экономикасында сыртқы факторларға: төленбеу дағдарысы, салықтың аса жоғары ставкасы және банк несиелерінің ставкасының жоғары болуы жатады.
Өнімдерді өткізу және олардың құнын төлей алмау нақты дағдарыстарға тап болғанда, айналымдағы қаражаттың айналу қарқыны төмендей бастайды. Алдын алу шарасы ретінде сатуға тиімсіз өнім орнына, сұранысы жоғары өнімді сатуды ұлғайту қажет. Аталған қадам арқасында айналымдағы қаражаттың артылуы ғана емес, сонымен бірге кәсіпорын активтеріндегі дебиторлық қарыздардың өсуі де тоқтатылады.
Инфляция процессі кезінде кәсіпорын - түсірген пайдасының негізгі бөлігін айналымдағы қаражатқа құйғаны дұрыс. Себебі айналымдағы қаражаттың құнсыздануы,оның пайда түсіруін төмендетеді [15, 58б.].
Айналымдағы қаражаттың жұмысына кепіл болатын резервтердің негізгі бөлігі тауарлы-материалдық қорлардың мойнына ілінген. Өндіріс саласында бұл жерде негізгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz