Сыртқы және iшкi карантин


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Сыртқы және iшкi карантин.
Дайындаған: Бағдатова А. Б
Тексерген: Сағындықов С. Н
Топ: Лд -211
Семей
2015ж
Жоспар
Кіріспе
- Карантиннің даму тарихы. Сыртқы және iшкi карантин
- Карантиндік шаралар
- Карантинді объектілердің кіру және таралу жолдары.
- Өсiмдiк карантинін зерттеу әдiстерi.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы аумағына карантиндік және аса қауіпті өсімдіктердің зиянкестері аурулары және арамшөптер тұқымдары шекара аумағында немесе шекара аймағындағы аудандарға зиянкестер өз аяғымен өтіп кету жағдайлары болып тұрады. Сол себепті шекара маңында қызмет істейтін өсімдіктер карантині жөнінде жауапты адамдар үнемі ереже бойынша 3 км-лік аумақты тексеруден және зиянды организмдер анықталған жағдайда жергілікті басқару мекемелеріне хабарлама беріп, карантиндік шаралар қолданылуы тиіс. Карантиндік аурулар зиянкестер және арамшөп тұқымдары шет елдерден теңіз кемелері автомобильдер және жүк көліктері арқылы жабысып өтіп кету жағдайлары кездеседі. Сол себепті осы жүктерді транспорт құралдарын шекарадан өтер кезде шекара жәнек кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып, тексеру жұмыстарын жүргізіледі. Әрбір жүктерден тұқымдардан тексеру әдістемесіне сәйкес орта үлгі алып, карантиндік зертханаға сараптама жасау үшін жіберіледі. Жүктердің құжаттарына фитосанитарлық сертификаттарына жүкті жеткізілу жерінде екінші рет карантиндік тексеруге белгі соғылып, рұқсат етіледі. Егерде карантиндік объектілер шекарада анықталған жағдайда жүк көліктері өткізілмейді. Арнайы актілер жасалынып кері қайтарылады. Сонымен қатар кейбір жүктер карантиндік рұқсат қағазына сәйкес фумигациядан өткізілуі тиіс. Осылай жүкті газ арқылы заласыздандырып өткізіледі.
Карантиннің даму тарихы. Сыртқы және iшкi карантин.
Өсімдік карантині . ҚР-н карантиндік және аса қауіпті өсімдіктер зиянкестері, аурулары, арамшөптерін қорғау үлкен маңызға ие. Шет елдерден келген және таралып кеткен осы зиянды организмдер елімізге орасан зор экономикалық зиян келтіреді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін елімізде өсімдіктер карантині жүйесі құрылып, арнаулы өсімдіктер карантині заңымен бекітілді. Сонымен қатар ҚР-сы территориясын карантиндік және аса қауіпті зиянкестерден қорғау мақсатында шекара бекеттерінде, кедендерде және облыс аудан орталықтарында мемлекеттік бақылау органдары жұмыс істейді және осы зиянды организмдерді анықталған жағдайларда жою үшін Фитосанитария мекемесі құрылып республикамыздың әр аймақтарында республикалық карантиндік сараптама зертқаналары жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта ҚР-да оннан астам карантиндік организмдер таралып үлгерген.
Карантиндік шаралар . ҚР-на таралып кетуіне жол бермеу мақсатында және таралған зиянды организмдерді жою мақсатында карантиндік шаралар жүйесі іске асырылды.
- Жыл сайын төмендеуге объектілер тексерістен өтуі тиіс:
- Территориялар, қоймалар, элеваторлар өңдеу өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары
- Тұқым шаруашылықтары питомниктер ғылыми зерттеу мекемелері, тұқым учаскілері себу және отырғызу материалдары
- Барлық ауыл шаруашылқ дақылдары егістер және шеттен әкелінген ген тұқымдары.
Карантиндік объектілерді анықтау мақсатында еліміздің солтүстік аумақтарында екі рет оңтүстік аймақтарында 4 рет тексерілуден өткізілуі тиіс, ал жылы қоймаларды тексеру әр квартал сайын өткізілуі тиіс. Елімізге сырттан әкелінген барлық өсімдіктектес материалдарды ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымдарын қапшықтарды тексеріп, сараптама жүргізу мақсатында шекара аймақтарында карантиндік тексеру орындары жұмыс істеуде.
ҚР-да әкелінетін жүк көліктерін бақылауға алу жүйесі . ҚР-на өтетін барлық жүк көліктері түгелдей тексерістен өтуі тиіс. Барлық әкелінетін жүктерге халықаралық стандартқа сай фитосанитарлық сертификат болуы тиіс. Фитосанитарлық сертификат әрбір мемлекеттің карантиндік тексеру мемлекеттері тасымалданатын жүкті тексеріп барып және импорттық карантиндік рұқсат қағаздары арқылы беріледі және бұл құжат халықаралық конвенсияға сәйкес ағылшын тілінде толтырылады. Фитосанитарлық сертификатына жүктің карантиндік жағдайы тексеріліп болғаннан кейін толтырылады. ҚР-на шет елдерден жүктер карантиндік рұқсат қағаздарымен фитосанитарлық сертификаттары болған жағдайда өткізіледі. Ол жүк көліктерінің жолдама қағазадарымен қоса болуы тиіс.
Өсімдік қорғай жүйесінде бірінші кезекте ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден аурулардан және арамшөптерден қорағу үшін өсімдік қорғауды жоспарлаудың негізі диагностикамен болжаудың маңызы зор. Болжам өсімдік қорғаудың негізі. Осы болжам негізінде өсімдік қорғауға қажетті химиялық және биологиялық заттармен қамтамасыз ету және қажетті техниканың жабдықталуы материалдық шығындар есептелініп жоспарланады. Болжам жасаудың негізі ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен ауруларының түр құрамын таралуын және зақымданатын дақылдарды анық білу қажет. Систематикалық түрде зиянкестерді ауруларды бақылап болжау, болжам жасауға алғашқы материал болып табылады. Қазіргі уақытта болжам жасаудың 4 түрі:
- Көп жылдық болжам жасау
- Жылдық болжам жасау
- Маусымдық болжам жасау
- Қысқа мерзімді болжам жасау
Осымен қатар өсімдік қорғау шараларын жүргізудің мерзімімен көлемін еске алынып, жүргізіледі.
ҚР-на аумағына карантиндік және аса қауіпті өсімдіктердің зиянкестері аурулары және арамшөптер тұқымдары шекара аумағында немесе шекара аймағындағы аудандарға зиянкестер өз аяғымен өтіп кету жағдайлары болып тұрады. Сол себепті шекара маңында қызмет істейтін өсімдіктер карантині жөнінде жауапты адамдар үнемі ереже бойынша 3 км-лік аумақты тексеруден және зиянды организмдер анықталған жағдайда жергілікті басқару мекемелеріне хабарлама беріп, карантиндік шаралар қолданылуы тиіс.
Карантиндік аурулар зиянкестер және арамшөп тұқымдары шет елдерден теңіз кемелері автомобильдер және жүк көліктері арқылы жабысып өтіп кету жағдайлары кездеседі. Сол себепті осы жүктерді транспорт құралдарын шекарадан өтер кезде шекара жәнек кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып, тексеру жұмыстарын жүргізіледі. Әрбір жүктерден тұқымдардан тексеру әдістемесіне сәйкес орта үлгі алып, карантиндік зертханаға сараптама жасау үшін жіберіледі. Жүктердің құжаттарына фитосанитарлық сертификаттарына жүкті жеткізілу жерінде екінші рет карантиндік тексеруге белгі соғылып, рұқсат етіледі. Егерде карантиндік объектілер шекарада анықталған жағдайда жүк көліктері өткізілмейді. Арнайы актілер жасалынып кері қайтарылады. Сонымен қатар кейбір жүктер карантиндік рұқсат қағазына сәйкес фумигациядан өткізілуі тиіс. Осылай жүкті газ арқылы заласыздандырып өткізіледі. Шет елдерде бізге өтіп кеткен калифорния қалқаншасы колорадо қоңызы, америкалық ақ көбелек осы әдістеме өтіп кетіп, біздің топырақ климат жағдайларымызға тез бейімделіп егіс дақылдарына орасан зор экономикалық шығын әкелуде.
Өсімдік қорғаудың және оны жоспарлаудың ғылыми негізде жүргізу үшін зиянды организмдерді жинау, өңдеу, сараптама жүргізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл сараптама негізінде зиянды және пайдалы насекомдарға көбеюіне сараптама жасау осы мәліметтің негізінде өз уақытында сапалы деңгейде күресу шаралары жүргізіледі. Фитосанитарлық диагностикаға мемлекеттік және ішкі шаруашылық өсімдік қорғау қызметі гидрометеорологиялық мекемелер бірігіп жұмыс жасады. Гидрометеорологиялық ақпарат өсімдік қорғауда 4 формада жүргізіледі.
1. Аймақтың климаттық ерекщеліктері
2. өткен жылғы ерекшеліктері
3. температура
4. ауаның ылғалдылығы.
Өткен жылғы ауа райының ерекшеліктеріне мән бере отырып, жылдық температура, ылғал, ауаның ылғылдығы және топырақ ылғалдылығы көп жылдық нормамен салыстыра отырып, зерттеледі.
Жалпы карантинді зиянкестерге америкалық ақ көбелек, шығыс алма жемірі, жұпсыз жібек көбелекті жатқызуға болады. Осылардың ішінде жұпсыз жібек көбелекке тоқаталатын болсам.
Жұпсыз жібек көбелегі. Қабыршақ қанатты насекомдар отрядының тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған. Жеміс ағаштары мен жапырақты орман ағаштарының зиянкесі.
Көбелектің жас гусеницалары жұмыртқа қабығының ішінде қыстайды. Көктемде ағаштың бүршіктері жарылған кезде шығады. Олар ағаштардың жапырағын алғашында ойып-ойып, ал соңынан түгелдей дерлік жеп қояды. Сонымен қатар олар гүл шанақтары мен гүлдері де зақымдайды. Денесінде ұзын қылшықтары бар жас гусеницалар желмен аспанға көтеріліп, едәуір қашықтыққа бара алады. Сөйтіп олар бір ағаштан екінші ағашқа және көршілес бақтарға тарлады. Жаздың бас кезінде гусеницалар өрмек жіптермен шырмалған жапырақтардың арасында немесе қабықта борпылдақ пілләға оранып қуыршаққа айналады. Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйде шығады, қоректенбейді. Жұмыртқаларын топтап ағаштың сүңгегіне жабыстыра салады, үстін өздерінің бауыр түктерімен жауып тастайды.
Жұпсыз жібек көбелегі
Непарный шелкопряд
(азиатская раса)
Lymantria dispar
L.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz