Балаларға арналған киімдер



Кіріспе
1.1 Балаларға арналған киімдер
Негізгі бөлім
2.1 Балалар аяқ киімі.
2.2 Балалар аяқ киімінің сапасы.
2.3 Балалар аяқ киімінің ыңғайлылығы.
2.4 Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда!?
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жарқын болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйымдастырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін ұлттық идеяны балалар арманымен ұштастырған Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында халық жүрегіне жеткізіп, ынтымақпен ырысы тасыған еліміздің елдік рухын еселей түсті. Мемлекет басшысы: «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиісті емес. Балалар – біздің болашағымыз!», - деп айтып өткен.
Мақсаты: Балалар киімдеріне ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, қазіргі заманға сай, сапалы және кең көлемді, ыңғайлы ассортиментті өнімді қарастыру болып табылады. Сонымен қоса, балалар аяқ киімінің гигиеналық, сапалық және жайлылық қасиеттерін зерттеу, олардың сапалы, денсаулыққа зиянсыз түрін ұсыну.
1 «Былғары және тері технологиясы» (кәсіптік білім) Ө. Мәдиев, Қ. Айтөленова. «Фолиант» баспасы Астана – 2010 жыл.
2 Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (Оқулық).- Алматы 2002. 344б.
3 Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков. Медицина, 2004.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының
ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

Тамақ өндірісі және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарфының технологиясы кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Балаларға арналған киімдер

Топ: ТК-
321

Орындаған: Дәкенова Н.Т.

Тексерген: Нұрымхан Г.Н.

Семей қ. 2015 жыл

Жоспар

Кіріспе

1.1 Балаларға арналған киімдер

Негізгі бөлім

Балалар аяқ киімі.

Балалар аяқ киімінің сапасы.

Балалар аяқ киімінің ыңғайлылығы.

Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда!?

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Жарқын болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйымдастырып, ұлы мақсаттарға
жетелейтін ұлттық идеяны балалар арманымен ұштастырған Елбасымыз Нұрсылтан
Әбішұлы Назарбаев Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ атты Жолдауында халық жүрегіне жеткізіп, ынтымақпен ырысы тасыған
еліміздің елдік рухын еселей түсті. Мемлекет басшысы: Балалар –
қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға
тиісті емес. Балалар – біздің болашағымыз!, - деп айтып өткен.

Мақсаты: Балалар киімдеріне ғылым мен техниканың соңғы
жетістіктерін пайдалана отырып, қазіргі заманға сай, сапалы және кең
көлемді, ыңғайлы ассортиментті өнімді қарастыру болып табылады. Сонымен
қоса, балалар аяқ киімінің гигиеналық, сапалық және жайлылық қасиеттерін
зерттеу, олардың сапалы, денсаулыққа зиянсыз түрін ұсыну.

1.1 Балаларға арналған киімдер

Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін
механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің
айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды,
киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С
мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-
0,097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын
қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене
температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің
термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін
қамтамасыз етеді.

Балалық шақта термореттеу механизмі жетілмегендіктен, организмнің
салқындауы немесе ыстықтауы денсаулық жағдайының жедел бұзылуына әкеліп
соғатындықтан, балалар организмі жылу өндіруі 3-4 есеге дейін жоғарылайтын
өте жоғары қимыл-қозғалыс белсенділігінде болатындықтан, балалар терісі өте
нәзік, жылдам жарақаттанғыш келетіндіктен, зат алмасуда терінің тыныс
алуының меншікті үлесі ересектерге қарағанда үлкен болатындықтан киімнің
қорғаныштық қасиетінің балалар үшін маңызы өте зор. Балалар киімі өзінің
конструкциясы және материалының физикалық-гигиеналық көрсеткіші бойынша жас
мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне, іс-әрекеттің түріне және
метеорологиялық жағдайға сәйкес болуы керек, және оңай киіліп, оңай
шешілетін, бала тәрбиесінде эстетикалық таным қалыптастыруға жағдай жасауы
керек.

Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.), жасанды
немесе синтетикалық болуы мүмкін. Маталардың түрлерін балалар киімінің
өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне:
қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа және бу
өткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро және
липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.

Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның
жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың
құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата
неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм,
табиғи жүн-30-50мм).

Матаның массасы – матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм
көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-25гм2,
драп-77гм2, табиғи жүн-1000,0гм2) сақталған және массасы төмен болып
келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.

Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен
алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса көрсеткішімен
тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның жылылық қасиетін
анықтайды (мыс. драп-50%, жүн трикотаж-93-95%, жартылай жүннен жасалған
ватин-97%, мақта мата-99%, мақта матадан жасалған ватилин-99%).

Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның
кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді.
Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі
болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы
қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы
желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта
матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3м2,
табиғи жібек секундына-341дм3м2, капрон секундына-125дм3м2).

Бу өткізгішітік — 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен
өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су
буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды.
Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық
аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс
(мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына-16,2гм2, табиғи жібек
сағатына-4,62гм2, капрон сағатына-1,09гм2 бу өткізедіт.с.с.).

Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен
алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге
жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның
кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.

Гидрофильділік - матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті,
пайызбен алынады. Дененің тері қабатына тиіп тұратын және тері бетіне пайда
болатын су буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны
дұрыс .

Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет. Сыртқы
киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің
гидрофобтығы жоғары болуы керек.

Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті,
пайызбен алынады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар
арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-
гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып
табылады. Жылуөткізгіштік - матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл
көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.

Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура
өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен
(сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.

Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар және
қатал түрде Сан мен сәйкес келетін химиялық талшықтар қосылған маталар
алынады. Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен
синтетикалық жылу сақтағыштарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін)
қолдануға болады.

Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы балалардың (28 размерге дейін) іш
киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына
дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары жастағы
балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі. 30 размерге дейінгі суға
түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден
жасалуы керек.

Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім
астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық,
май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар ыңғайлы, кең, киім асты
аралығының желдетілуіне, терінің “тыныс алуының” қамтамасыз етілуіне жағдай
жасауы керек. Іш киімдер үшін ауа, ылғал, буөткізгішітігін,
гигроскопиялылықтың және гидрофильділіктің жоғары болуын қамтамасыз ететін
жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар алынады. Жаңа туған
нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилердің киімінің ішкі қабаты тек табиғи
талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан жасалуы керек.
Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін дайындауға мақта-сиблон
маталарын (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.

Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар
болмауы керек. Жазда климаттық және метеорологиялық жағдайларға байланысты
балалар бір немесе екі қабат киім киеді. Бірінші қабаты - іш киімдер,
екінші қабаты – көйлек, жейде, шолақ шалбар, юбкалар. Жаздық жейде,
көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа-
, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсіңіргіштігі, гидрофильділігі,
жылуөткізгіштігі жоғары болуы керек. Жаздық киімнің пішімі кең және киім
асты аралығын жақсы желдететін болуы керек. Жаз киімдеріне қысып тұратын
белбеулер, резеңкелер, биік жағалар салуға болмайды.

Қыс кезінде ауа температурасы 200С жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз
киімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді.
Егер бөлме температурасы 190С төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн
талшықтарынан жасалған, жылусақтау қасиеттері жоғары маталар алынады.
Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін киінуге болады.

Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау
және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3
қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа, буөткізгіштігі,
гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық
ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын
суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға
арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен
қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық
жолдармен алынған маталардан тігуге болады. Ортаңғы жылусақтағыш қабаты
кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон
т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан
тігіледі. Бұл қабаттың жылусақтағыш қасиеті жоғары болуы үшін және ол
денеге тиіп тұрмайтындықтан, мұнда синтетикалық талшықтардан жасалған
маталарды қолдануға болады. Ішкі қабат (астары) - ауа, буөткізгіштігі,
ылғалсіңіріуі және гигроскопиялылығы жоғары, яғни, киім асты аралығында
қолайлы гигиеналық жағдай жасауға қажетті маталардан даярланады.

Балалардың қыс киімдерінің конструкциясы киім асты аралығындағы ауа
айналымын және қоршаған ортамен ауа алмасуын барынша төмендетуді қамтамасыз
етуі қажет. Бұл жағдай киім асты аралағын - капюшон, манжет, белбеулермен
бекіту арқылы жасалады. Бала үшін ең жақсы қыстық киім белі биіктеу
жасалған шалбар, етегі ұзындау келген, капюшоны бар күртеше болып саналады.
Киімнің осындай конструкциясы жылу қорғау тиімділігін жоғарылатады, жылуды
денеге бірқалыпта ұстап тұрады және баланың қимыл-қозғалысына кедергі
жасамайды.

Негізгі бөлім

2.1 Балалар аяқ киімі.

Аяқ киім - киім комплектісінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол
организмдерді салқын тиюден, ыстық өтуден қорғайды, табанды механикалық
жарақат алудан сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына табан құрамын
дұрыс ұстау үшін көмектесу арқылы аяқтардың рессорлық, амортизаторлық
функциясын атқаруға жағдай жасайды. Аяқ киім жүрудің дұрыстығына,
балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігіне әсер етеді, табанның көптеген
ауруларының және деформациясының себебі болып табылады. Балаларға арналып
әр түрлі аяқ киімдер шығарылады: жыл бойы киюге болатын, жаздық, қыстық,
көктем-күздік. Сонымен қатар күнделікті киетін, сәндік, үйде киіп жүретін,
жолға киетін, ұлттық, спорттық т.б.

Аяқ киімнің негізгі міндеті:

- Бала организмін метеорологиялық қолайсыз әсерлерден және механикалық
жарақаттанудан сақтауы керек;

- Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (әсіресе
табанның) сәйкес болуы керек;

- Табанға қажетті қолайлы микроклимат қалыптастырып, қоршаған ортаның
микроклиматтық жағдайларына қарамастан, қажетті температуралық-ылғалдылық
тәртібін сақтауға жағдай жасауы керек.

Балалардың табаны бақайларының басы өте кеңейіп келетін, доғалдау формамен
сипатталады. Балалар табанының, өкше мен аяқтың басына қарай алынған
қатынас ересектердікіне қарағанда басқаша, яғни, өкше жағы ұзындау болып
келетіні, балалар аяқ киімін жасаған кезде ескерілуі керек. Балалардың
табанының қаңқа сүйектері, негізінен шеміршектен тұрады. Сондықтан да тым
тар не өте үшкір немесе тым кең аяқ киімді киіп жүру кезінде балалардың
аяғы өзгереді. Жүру кезінде аяқ аяқ киімнің тұмсығына қарай жылжиды, бұл
аяқтың қысылуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу
Балаларға арналған көктемгі киім колекциясы
Балалардың киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар
Киімді модельдеу. Модель эскизі және модельдің техникилық сипаттамасы
Киімге қойылатын талаптар
Киім матасының жылу беру қасиетіне дизайнның әсері
Тірек-қимыл жүйесі,жас ерекшелігі.Баланың аяқ киіміне қойылатын гигиеналық талаптар
Тірек-қимыл жүйесі,жас ерекшелігі туралы ақпарат
Балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру бағдарламасы
Спорттық киімдер мен аяқ киімдерге жалпы сипаттама
Пәндер