Іі-дүние жүзілік соғыс және жаңаша көзқарас


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: ІІ-дүние жүзілік соғыс және жаңаша көзқарас:

Мазмұны:

Кіріспе . . . 4-9 бб.

І-Тарау: Ресей тарихнамасындағы ІІ-дүние жүзілік соғыс.

1. 1. Соғыс қарсаңындағы Кеңестер Одағының әскери саяси дайындығы туралы еңбектер . . . 10-21 бб.

1. 2. Ресей тарихнамасындағы ІІ-дүние жүзілік соғыстың зерттелу мәселелері . . . 22-30 бб.

ІІ-Тарау: Шетел тарихнамасындағы ІІ-дүние жүзілік соғыстың зерттелуі.

2. 1. Шетел тарихнамасындағы антигитлерлік коалиция мәселелері . . . 31-44 бб.

2. 2. Шетел тарихнамасындағы соғыс барысы . . . 45-54 бб.

Қорытынды . . . 55-57 бб.

Әдебиеттер тізімі . . . 58-60 бб.

Кіріспе

Биыл ІІ-дүние жүзілік соғыс басталғанына, яғни Ұлы Отан соғысына 60 жыл толады. Әлемді толықтай қамтыған бұл соғыстың әлеуметтік-экономикалық, саяси алғышарттарын Ресей тарихшылары да, шетел тарихшылары да жан-жақты зерттеген болатын. Қаншалықты зерттелсе де аталған тақырыпқа қызығушылық, оның қыр-сырын, тарихи шындығын ашып көрсетуге, оны талдауға дегенге қызығушылық бүгінгі күні толастамай отыр. Кейінгі жылдардың өзінде ІІ-дүние жүзілік соғысқа қатысты зерттеулер жаңа құжаттар мен деректерге сүйене отырып, қайта қарастырылу үстінде. Кеңестер Одағы кезеңінде жазылған кітаптарды сынға алып, қайтадан қарап шығу, оған идеологиялық баға беру бүгінгі күннің талабы.

Соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай белгісіз, түсініксіз фактілерге толы, зерттеушілер бұл кезеңге қайғылы оқиға ретінде талдаужасап жүр.

Бұрынғы зерттеулер мен қазіргі зерттеулер арасында көптеген айырмашылықтар бар. Шетел тарихшылары мен Ресей тарихшылары арасындағы қайшылықтар да аз емес. Тарихымызда болып өткен осы бір әлемдік соғыстардың басталу себептері, алғышарттарын түбегейлі оқу, зерттеу қазіргі таңның өзекті мәселелерінің бірі. Адамзат басынан өткізген қанкешті соғыстарды қайта болдырмау, соғыстың жаһанға тигізген зұламатын, осы күнгі ұрпаққа жеткізу тарихшылардың міндеті. ІІ-дүние жүзілік соғысқа объективті баға беру, салыстырмалы сараптау оны халыққа таныту бүгінгі күннің талабы.

Кейбір кездері өткен оқиғаларды шындықтан алыс мифтік тұрғыда жазу да кездесіп отырады. Бұл көп жағдайда соғыстың басталуы Кеңестер Одағына “алдын-ала ескертілді ме, жоқ па?” деген сұраққа келгенде қозғалып жатады.

Өткенді зерттеу барысында тарихи оқиғаға талдау жасалғанда зерттеуші сол уақыттың заңдылықтарына сүйенген жағдайда да, өзіндік жеке тұжырымдар жасайды. Ал бұл тұжырымның идеология ықпалына түспей, таза тарихи логикада зерттелуі қажет, сонда ғана өткенге нақты баға берілуі мүмкін.

ІІ-дүние жүзілік соғыс кезеңін зерттеуде барлық қатысқан елдердің саяси жағдайын білумен қоса, болған фактілерді, жеке тұлғаларды түбегейлі зерттемей, аталған тақырыпты айқындай алмаймыз.

Версаль жүйесі ыдырап, әлемде әскери өндіріс ұлғайып, әлемдік деңгейде жеткен, жалпы саны 64 мемлекет қатысқан бұл тарихи оқиға, ІІ-дүниежүзілік соғыс деген атпен жаһанға танылды 1 .

Қазіргі таңда ІІ-дүние жүзілік соғыс жайында, сондай-ақ соғыс қарсаңындағы әлемдегі геосаяси жөнінде зерттеушілер арасында ортақ көзқарас қалыптасып отырған жоқ. Тарихшылардың бір бөлігі соғысты екі полистік мазмұнда қарастырады. Екі полистік махмұнда қарастырушылар негізінде марксистер болып табылады. Олардың пікірінше әлемде екі әлеуметтік-саяси жүйе қалыптасқан. Ол: социализм мен капитализм. Сондай-ақ соғыстың басталуына және негізгі қыздырушы ошағы ретінде олар әлемдегі капиталистік қатынастар жүйесінің екі мемлекеті Европада - Германия, ал Азияда - Жапония деп қарастырады. Тарихшылардың ендігі бір бөлігі соғыс қарсаңында әлемде үш саяси жүйе болған деп тұжырымдайды. Олар: демократиялық-буржуазиялық, социалистік және фашистік милитаризм. Бұл жүйелер арасындағы қатынастар өте нәзік еді, олардың арасындағы күш әлемді толықтай талқандауы мүмкін болды. Тарихшылар арасында егер буржуазиялық-демократиялық жүйе мен социалистер біріккен жағдайда ІІ-дүние жүзілік соғыстың өршуі бәсеңдеуі мүмкін дегенді айтады. Бірақ мұндай бейбіт альянс құрылмады. Буржуазиа-демократиялық елдер соғысқа дейін кеңестік тотолитаризмді үлкен қауіп деп танып, фашистік идеологияның қатерін ескермеді деген көзқарастар да аз емес. Соғысқа дейінгі әртүрлі жасырын және ашық келісімдердің астарында үлкен болашақтың стратегияларлы жатты, оларды әр тарихшы, әр зерттеуші әртүрлі жағынан зерттеді.

Менің мақсатым, жоғарыда айтылған пікірлерді өз жұмысымда айқын, ашықтап салыстыра отырып, зерттеу.

Сергей Залигиннің айтқанында шындық жазылған сыңайлы. Оның айтуынша, «социалистік консерватизмнің» ең бір ірі белгісі ол ойдың бір жақтылығы деген-ді 2 . Бұл біржақтылық саясатта да, жазба ісінде де кең етек жайды. Бұл зерттеудің аясын тарылтып, шындықтан алыстауға жол беруі ықтимал. Тарихи оқиғаға салыстырмалы зерттеу әдісі шындыққа жақындауға үлкен мүмкіндік береді. Ал Кеңес Одағы кезіндегі зерттеулерде салыстырмалалық көптеп кездеспейді. Жұмыс басты мақсаты ІІ-дүниежүзілік соғысқа арнайы жазылған зерттеулерді салыстырмалы түрде қарап талдап шығу. Батыс зерттеулері мен Кеңестер, яғни Отандық зерттеушілердің еңбектері арасындағы айырмашылықтарды, қайшылықтар мен ұқсастықтарды ашып көрсету жұмыстың басты міндеті болып табылады.

ІІ-дүние жүзілік соғысты зерттеу, оның шындығын айтып, ашып жазу мүмкін болмаса да, қазіргі күні бұл тақырып жөніндегі зерттеулерді саралап шығуға мүмкіндік бар.

Соғыс қарсағындағы Кеңестер Одағының әскери дайындығы жөнінде 90-жылдардан бері мерзімді басылымдарда Ресей тарихшыларының зерттеу жұмыстары жарық көруде. «Новая история», «Отечественная история» журналдарында Н. Лебедев, В. Соколов, С. Горлов, Ю. Давыдов сынды тарихшылардың мақалалары жарық көре бастады.

1950- жылдардың соңында Кеңестер Одағының үкіметінің АҚШ президенттерімен және Ұлыбритания премьер-министрлерімен арада болған хаттар, Тегеран және Ялта конференцияларының құжаттары Кеңестер Одағы тарихшыларының еңбектерінде талдана бастады.

Жалпы соғыс қарсаңындағы Кеңестер Одағының дайындығы мен сыртқы саясаты жөнінде Ресей тарихшылары көп еңбектер жазған. Бұл еңбектерде ІІ-дүние жүзілік соғыс себептері мен антифашистік коалицияның құрылуы жайлы аз кездеспейді.

Ескі әдебиеттер мен қазіргі көзқарастарды салыстыра зерттеуді мақсат етуімізге байланысты жұмысты жазу барысында 60-80жж. -дағы Кеңес тарихшыларының зерттеулерін қарастырып шықтық. Кеңес тарихшылары ІІ-дүние жүзілік соғысты жекелеп бір-бір оқиғаларға немесе жан-жақты мәселелерге тоқтала зерттеген. В. Г. Фомин империалистік елдердің 1939 жылы Польшаға шабуылын Фашистік Германияның Батыс Европаға агрессиясын өзінің 1952 жылы Мәскеуде шыққан “Империалистическая агрессия против Польшии в 1939 году” және 1963 жылы шыққан “Агрессия фашистской Германии в Европе 1933-1939 годах” кітаптарында ашып жазып көрсетеді. ІІ-дүние жүзілік соғыстың әскери-саяси жақтары Г. А. Феборлиннің 1958 жылғы Мәскеуде жарық көрген “Вторая мировая война” еңбегінде негізге алынған.

Соғыстың қарсаңындағы Кеңестер Одағының жоспары жөнінде Г. К. Жуковтың, А. М. Василевскийдің, В. А. Аннфиловтың, С. М. Штеменконың тарихи зерттеулерінен мәлімет алуға болады. Г. К. Жуковтың “Вопоминания и размышления” еңбегінде Кеңестер Одағының соғыс қарсаңында жасаған әскери жобалары жан-жақты зерттелген, сондай-ақ В. А. Анфиловтың “Крушение похода Гитлера по Москву” және “Незабываемый сорок первый” шығармаларында әскери алаңдардың дайындағы мен Сталиннің соғысқа деген болжамдары, жоспардың құрылу тарихы бойынша мол, әрі дәлірек зерттелмеген деуге әбден мүмкіндік бар.

Кейінгі кездері танымал әрі даулы еңбек В. Суворовтың «Ледокол» кітабында соғыс қарсаңындағы Сталиннің әскери қызметі жаңаша қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағыттағы М. И. Мелтюхов, В. А. Невежин, Б. В. Соколов, В. Д. Даниловтардың сыни зерттеулері де назардан тыс қалмады.

Сталиннің жалпы соғыстағы ролі Кеңестер Одағының соғыс барысындағы Сталиннің қолбасшылық іс-әрекеттері туралы зерттеген кеңес тарихшылары аз емес. А. Н. Мерцоловтың құрастыруымен шыққан “История Сталинизма” кітабында Сталин жайлы бірнеше мақалалар топтастырылған. Солардың ішінде В. М. Кулиштің Ұлы Отан соғысының өзекті мәселелеріне тоқталады. Аталған кітапта Сталиннің соғыс барысында жасаған бұйрықтары мен дипломатиялық қарым-қатынасы толықтай қамтылған. Сталиннің ІІ-дүние жүзілік соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастағы ролі жөнінде М. И. Семиряганың “Тайны Сталинской дипломатии 1939-1941 годах” атты еңбегінен көп мәлімет жинақтауға мүмкіндік бар. Кітапта соғыс жылдарындағы келіссөздердің толықтай мәні мен мазмұнын оқып білуге болады.

Бұдан басқа Д. А. Волкогоновтың “Триумф и Трагедия” шетел және Ресей тарихшыларының мақалалар жинағынан тұратын “Осмыслить культ Сталина” атты зерттеулерден Сталиннің тарихи тұлғалық бейнесін анықтауға болады.

Шетел зерттеушілері арасында Сталиннің портреті мен жалпы соғыстағы шеберлігі мен қаталдғын, айлакерлігі мен саяси қадамдары туралы венгрлік Ласло Белади Гамаш Кроустың “Сталин” атты кітабында толықтай сныи көзқараспен жазылған.

ІІ-дүние жүзілік соғысқа талдау және салыстырмалы түрде ағылшын, американ зерттеулерінің еңбектері “А что, если бы?” атты кітапта Джон Киган, Уильямсон Мюррей, Дэвид Франклин, Теодор Ф., Эльхью Роуз, Роберт Коулилардың мақалалар жинағы топтастырылған. Біұл кітаптың құндылығы Батыс және мұхиттың арғы шетіндегі тарихшылардың ІІ-дүние жүзілік соғысқа берген бағасы мен жіберіп алған мүмкіндіктері және қателіктерге талдау жасауы болып табылады. Мақалаларда соғыс кезінде болып өткен айтулы оқиғалаларға жекелеп тоқталып, кеңінен зерттелген.

Дерек көздері ретінде қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар басшылыққа алынды. Зерттеу барысында Г. Гопкинс естеліктеріне сүйеніп жазылған мақалалар қарастырылды. Е. Я. Трояновскаяның 1990-жылы Мәскеуде жарық көрген «Вторая мировая война в воспоминаниях» атты еңбегі бітіру жұмысымның басты дерегі, әрі тарихнамасы болып табылады. Кітапта Уинстон Черчиллдің, Шарл де Гольдің, Корделла Хэллдің, Уильям Легидің, Дуайт Эйзенхауердің естеліктері берілген. Естеліктерде соғыстың жалпы жағдайы мен әр елдің ұстанған бағыттары, астыртын жасаған келісімдері жайында көптеген мәліметтер берілген. Сонымен қатар ІІ-дүние жүзілік соғыс кезіндегі халықаралық құжаттар жайында зерттелген “Отечественная история”, “Новая история” сынды журналдардың беттерінен жарық көрген мақалалар да кеңінен пайдаланылды.

Жұмыс негізінен 1939 жыл мен 1945 жылдар аралығын қамтиды. Европадағы соғыс ошақтарының басталуынан, Кеңестер Одағының жеңіске жетуіне дейінгі аралықты зерттеген тарихшылардың еңбектеріне талдау жасалынды.

Жұмыстың құрылымына тоқталар болсақ, жалпы зерттеуіміз кіріспе, негізгі, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім өз ішінде 2 бөлімді қамтиды. І-тарау Ресей тарихнамасындағы ІІ-дүние жүзілік соғыс. Ол өз ішінен екі бөлімшеден тұрады. Бірінші бөлімшеде соғыс қарсаңындағы Кеңестер Одағының әскери саяси дайындығы жөніндегі еңбектер зерделенсе, екінші бөлімшеде Ресей тарихнамасындағы ІІ-дүние жүзілік соғыстың зерттелу мәселелері қарастырылады. ІІ-тарау Шетел тарихнамасындағы ІІ-дүние жүзілік соғыстың зерттелуі. Бұл тарау да екі бөлімшеден құралған. Бірінші бөлімшеде Шетел тарихнамасындағы антигитлерлік коалиция мәселелері қарастырылса, екінші бөлімшеде шетел тарихнамасындағы соғыс барысына талдау жасалынған. Соңы жұмыстың жалпы қорытындысымен аяқталады.

І-тарау

Ресей тарихнамасындағы ІІ-дүние жүзілік соғыс

1. 1. Соғыс қарсаңындағы КСРО-ның әскери-саяси дайындықтары туралы еңбектер.

Ресей тарихнамасында батысгермандық “ревизионистер” аргументтері қайталанатын еңбектер 90-жылдардың басында шыға бастады. Ғалымдар арасында бұл үлкен дау тудырды, ал В. Суворвтың (В. Резун) “ Ледокол ” кітабының орыс тілінде басылып шығуы және осы бағытта тарихнама көрнекті өкілі Й. Хоффманның (ГФР) “Отечественная история ” [15] журналындағы мақала түрткі болды.

“Ледокол” кітабының негізгі идеясы 30-шы жылдардағы сыртқы саясатта Сталиннің бүкіл әлемді басқаруға ұмтылғандығын ашықтауға негізделген. II дүние жүзілік соғыстың болуына Кеңес өкіметі өзіне тиімді деп есептеп, оны революциялық соғысқа айландырмақ ойлары болатын.

Сондай-ақ Кеңестер Одағы 1941 жылы Барбаросса жоспары іспетті агрессивтік бағыт ұстанған жоспарлары болды. Егер Гитлер 22 маусымда Кеңестер Одағына шабуыл жасамаған жағдайда Қызыл Армия Коммунизмді насихаттау барысында Герман жерлеріне шабуыл жасау әбден мүмкін деп жазады. Суворовтың деректермен жұмыс істеуіне тарихшылар әр түрлі баға берді. Қалай десек те Ресей тарихшылар арасынан аталған идеяны қолдаушылар да болды. Бас штабтың хабарлауынша “Суворов гипотезасы” құжаттық дәлелдеуден өткен, сондай-ақ ғылыми жаңалық ретінде қарастырылады. Бұл пікірдің жақтаушылары болып В. Д. Данилов, М. И. Мелтюхов, В. А. Невежин, Б. В. Соколов сынды тарихшылар табылады. Ескі тарихнамаларда соғыс уақытындағы Кеңестер Одағының негізгі ойы соғысты болдырмау немесе болдырмау уақытын созу болса, кейінгі зерттеулерде Сталин басқарушылары әлемдік революция идеясы мен континенттегі үстемдігін жүргізуге тырысты. В. Д. Даниловтың жазған еңбектеріне сүйенсек, И. В. Сталиннің соғысты өзі бастауға ниетті болғандығын баяндайды. Коммунистік амбициясы басым, даму деңгейі жоғары дәрежеге жетпеген Кеңестер Одағына агрессорлармен 1941 жылы соғысу қажеттілік әкелмеді, бірақ әлемдік билікке ұмтылу бұл жағдайды жеделдетті деп түсіндіреді. Бұл пікірді М. И. Мелтюхов та қостайды. Бұл көзқарас мерзімді басылымдарда жиі талқыланып, сынға да ұшыраған кездері көп.

Ресей Ғылым Академиясының мүшесі А. Н. Сахаров жоғарыда аталған авторлардың еңбегіне сүйене отырып мынадай тұжырымға келеді: “1941-жылғы Кеңестер Одағының соққысы аз шығынмен және жылдам, әрі шұғыл түрде жеңіске жетудің түрі еді” А. С. Сахаров Сталиннің отан алдындағы ең бір қателігі ел қажетті түрде қорғанысты ретке келтіре алмады. Сонымен қатар ертерек соққы беру 1945 жылғы тек Рейхстахқа ту тігу жеңісімен емес басқаша болар еді. Ерте шабуыл елдегі миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалушы деп есептейді . Алдын-ала соққы бере алмау Сталиннің қағілес еместігін айтады. Мелтюховтың айтуынша Германияда Кеңестер Одағы да қарсыластарының басып кіретіндігін білмеді, сондықтан да бұл соғысқа хабар беруші немесе “ сес көрсету, соққы ” деп атауды жоққа шығарады.

Бұнымен қоса дискуссия барысында “сес көрсету, соққы” мағынасы анықталмаған, нақты түсінік бермейтін ұғым деп тапты.

В. Д. Данилов, М. И. Мельтюхов, В. А. Невежин қолданатын аргументтері “Ледокол” еңбегі және И. Хоффман мақаласының негізгі идеясын ашып береді. Бұл жердегі бір ғана айырмашылық кеңес әскері тұтқындарының айтқандарына көзқарастың әр түрлі болуы. Хоффман олардың айтқандары ресей архивіндегі құжаттардан артық деп есептесе, В. А. Невежин мен М. И. Мельтюхов архив материалдарын өз ойлары бойынша талқылап беріп, тек қорытындысында И. В. Сталиннің және оның қарамағындағы кісілердің бетін ашу үшін тұтқындардың айтқанын пайдаланады. Жаңағы екі автор пікірінше Кеңес Одағы соғыс алдында қорытынды дайындық жүргізіп, 1941 жыл соғыс бастауға дайындалды. Қызыл Армияның Бас штабы И. В. Сталин бұйрығымен Германияға шабуыл жоспарын дайындаған болатын. Бұл жоспар “Соображения по плану стратегического развертывания сил Советского Союза на случай войны с Германией” 15 мамыр 1941 жылдың құжатымен расталады. Бас штаб басқаруымен сәуір-мамыр айларында шабуылды бастауға нақты жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда: 800 мың запастағы әскери қызметкерлер қарулы күштер қатарына шақырылды, РГК-ның Төрт армиясы (16-шы, 19-шы, 21-ші, 22-ші) батыстағы шекараға көшірілді, әуе күштерін жаңа жүйеге өткізуді ұйымдастырды. Сонымен қатар “Польшаны азат ету” үшін арнайы поляктардан құралған атқыштар дивизиясын жасақтады.

Бұл жұмыстардың барлығы маусым айының басында аяқталуы тиіс болатын. Бұдан М. И. Мельтюхов, Б. В. Соколов және В. Д. Данилов сынды кісілер. Германияға шабуыл 1941 жылдың маусым айының ортасында басталуы керек болатын. Тарихшы өз жұмыстарында 1941 жылы КСРО толығымен “әділетті, жойқын күші бар басқыншылық соғыс” ұғымын КСРО тарапынан социализмнің шекараларын кеңейту мақсатында жүргізілген соғыс деп табады. Содан бастап “басқыншылық”, “басқыншылық соғыс”, “басқыншылық саясат”, “басқыншылық іс - әректтер” деген сөздер бар құжаттарда Кеңес Өкіметінің Германияға соғыс ашуға дайындығын көрсетеді. Осы 1941 жылдың көктемгі және жазғы басқыншылық сипат алған пропагандалық материалдары, мамырдағы “Соображение по плану стратегического развёртывания сил Советского Союза на случай войны с Германией” құжатымен қатарласа жазылады.

2000 жылы басылып шыққан “Упущенный шанс Сталина” атты кітапта М. И. Мельтюхов өз аргументтерін толықтырады. Дәлірек айтсақ, “Соображение по плану стратегического развёртывания сил Советского Союза на случай войны с Германией” құжатында мына бір фактіге көңіл аударады, яғни басып кіру тек толық дайындықтан кейін болуы тиіс еді, оған 20 күн қажет болған. Осы аралықта шекаралық аймақтарда әскери қорғаныс шептерін нығайту керек еді, өз концепциясына сәйкес талқылауға талпынды. “Соображение по плану стратегического развёртывания сил Советского Союза на случай войны с Германией” біріншіден, “Қызыл әскер қарсылас жақтан болатын қимылдарынан бейхабарлығын” көрсетті, деп санайды Мельтюхов. Екіншіден, неміс әскері “Сосредоточивающиеся” терминімен белгіленген, бұдан қорытатын ойы соғыс “инициативасы, яғни соғыс алаңында бірінші болып” бастау, оны аяқтау кеңестерге байланысты болады, делінген және ең соңғысы, “әскерге қорғаныс керек кезде шабуыл қимылдарының қаншалықты керек екендігі түсініксіз, өйткені қорғаныс кезінде соғыс алаңындағы қандай болары белгісіз . . . ”.

Ш. М. Мельтюхов және басым көпшілігі отандық ғалымдардан тұратын “Ледокол” концепциясының басқа да жақтарының аргументтері толық сендіретін дәрежеде болмады. Басты назар нақты анықталмаған “бақыншылық” және “агрессия” анықтамасына аударылған. Мысалы,

Л. А. Мерцалов бұл ұғымды әскери ғылымда анықтай алуды, түртіп өтеді.

ХIХ ғасыр басындағы Европалық әскери теоритиктер А. Жомин және К. Клаузевиц, соғыстың көрінісі екі жақтық әскери қимылдарын емес, олардың мақсаттарымен анықталады, деп айтқан. Әділетті және әділетсіз, басшылық немесе азат ету соғыстарында әскер шабуылдай және қорғана алады. Кез-келген Бас штаб соғыс іс-қимылдарын жүргізуде барлық мүмкіндіктерді пайдаланулары тиіс. К. Клаузевиц “шабуылдың артықшылықтары ” туралы да жазған. Сондықтан шабуыл - ангрессия емес. Л. А. Мерцалов былай деп жазады: “Кім-кімді упредил” емес, кім-кімге “басып кірді”, “кімнің әскері кімнің территориясында”. 1941-1945 жылдар АҚШ Германияға, КСРО Жапонияға басып кірді. Дегенмен, оларды ешкім агрессорлар деп айтпады. Агрессияның алдын-алу немесе бейтін қайтару мақсатында жүргізілген бір мемлекеттің іс-қимылы халықаралық құқық нормасына “қайшы деп қарастырылмайды”, -дейді әскери энциклопедия авторлары.

Айта кететін тағы бір жайт, М. И. Мельтюхов жоспарлау құжаттарының бірінде “Қызыл Армия соғысты бастауында да, аяқтауда да бірінші болып қадам жасайды” деп көрсетілмейді. 15-мамырда шыққан “Соображение по плану стратегического развёртывания сил Советского Союза на случай войны с Германией” құжатында Германия әскерінің ұйымдасуы Кеңес Одағынан әлдеқайда алда екендігін көрсетеді. Сондықтан 15-мамырда қабылданған құжатта да соғыс қимылдарындағы басты инициатор Қызыл Армия “Соображение по плану стратегического развёртывания сил Советского Союза на случай войны с Германией” жоспарын Кеңес өкіметінің агрессиялық әрекет қатарына жатқызуға болмайды. Тіпті КСРО-ның бірінші болып соғыс ашса да, бұны агрессиялық іс-қимылға жатқызуға мүмкін емес. Баяндамада Кеңес әскері Германия тарапынан туындайтын агрессияға қарсы жауап қайтарады деп есептеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Френсис Фукуяма Тарихтың аяқталғаны ма
1945-1980 жылдардағы КСРО туралы ақпарат
Уақытша үкімет тек
Вьетнам
2-ші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай. Герман мәселесі
Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар
Гитлердің ұстанған сыртқы саясаты
Би-би-си-дің әлемдік әуе толқынындағы бейнесі
Кеннеди саясатының қорытындылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz