Ақпараттың құрамды бірлігі мен оған қолданылатын амалдар


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Автоматика және элекротехника» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Ақпараттың құрамды бірлігі мен оған қолданылатын амалдар.
Орындаған: Сиязбек Д. С.
Тобы: АУ-301
Тексерген: Кожахметова Д. О.
Семей 2015 ж.
Мазмұны:
1. Негізгі бөлім . . . 2
1. 1. Ақпараттың құрама бірлігі (АҚБ) . . . . . . 2
1. 2. АҚБ қарапайым сипаттамасы . . . 3
1. 3. АҚБ мәні. . . . . 4
Қорытынды. . 5
Әдебиеттер. . . 5
Негізгі бөлім
Ақпараттың құрамдас бірлігі (АҚБ) атрибутымен басқада АҚБ жиыны болып табылады. Қарапайым АҚБ болып кәдімгі кестелер саналады. Концептуалы схема мәліметтер қорында сақталынады, ақпараттың барлық бірліктерінің құрылымының сипаттамасын білдіреді. құрылым дегеніміз ақпараттың бір бірлігінен басқа бірліктердің құрамына кіруі.
Ақпараттың құрама бірлігі (АҚБ) деп атрибуттардың, тіпті басқа АҚБ жиынтығын атайды. АҚБ анықтамасы рекурсивті, (яғни ұғым анықтамасында ұғымның өзі бар), бірақ бұлжерде қарама-қайшылық жоқ, себебі «басқа АҚБ» уақыты келгенде тек атрибуттардан тұратын болады.
1. 1. Ақпараттың құрама бірлігі (АҚБ)
Атрибут пен қатынас мүмкін болатын ақпарат бірлігінің жиынын түзеді. Іс-жүзінде ақпарат бірлігінің үлкен санын қолданған ыңғайлы, ол 1. 1 кестеде көрсетілген. ДБ тұтастай алғанда ақпарат бірлігі болып табылады. Егер ақпарат бірліктерін ақпарат объектілері ретінде қарастыратын болсақ, онда олардың қасиеті туралы 1. 1 кестеде көрсетілгендей атауға болады. Ақпарат бірлігінің қасиеттері 1. 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1. 1 Ақпарат бірлігінің қасиеттері
Сонымен қатар ақпарат бірліктері - бұл физикалық емес объектілер, себебі олар кеңістікте орын алмайды.
Атрибуттар көпшесі бір АҚБ-нің келесі шарттары бойынша бірігеді:
· сәйкес келетін атрибуттар бірдей факт пен экономикалық процессті сипаттайды;
· АҚБ енетін атрибуттар мәні бір уақытта пайда болып, логикалық немесе арифметикалық қатынастармен байланысқан.
1. 2. АҚБ қарапайым сипаттамасы
АҚБ қарапайым сипаттамасы болып ат, құрылым және мән табылады. АҚБ аты - ақпаратты өңдеу процесі кезінде оны шартты белгіленуі. АҚБ құрылымы деп бір ақпарат бірлігінің басқа ақпарат бірлігінің құрамына енуді атайды.
АҚБ аппараты экономикалық құжаттардың құрылымын сипаттауға арналған. Құжат деп заңды күші бар және бекітілген тәртіпте мағлұматтан тұратын ақпаратты материалдық тасығышты (қағаз бланк) атайды.
АҚБ құрылымын сипаттаудың бірнеше тәсілдері бар. Нақты программалау тілдеріне және ДББЖ тәуелсіз АҚБ сипаттау үшін АҚБ атынан кейін оған кіретін атрибуттар тізімін көрсету жеткілікті. Тізімді жақшаға алып, ал жақша ішіндегі аттарды үтір арқылы жазып шығамыз. АҚБ аты көлемін жазу арқылы көрсетілуі мүмкін, яғни осы АҚБ мәнінің құрылымы бойынша сандары бірдейлерді көрсету арқылы. Егер көлемі 1-ге тең болмаса, онда ол жақша ішінде АҚБ атынан кейін көрсетіліп жазылады.
Атрибут құрамы қысқартылған «Приходный ордер» (Кіріс ордері) құжатын мысал ретінде қарастырайық (сурет 1. 2) . Прих деп аталған приходный ордердің АҚБ Дата атрибутынан (материалдың келіп түскен күні), Пост атрибутынан (материалды әкелушінің коды), басқада атрибуттардан құралатын Склад және кесте атрибуттарынан тұрады. Экономикалық құжаттарда кестелердің аты болмайды, құжаттағы барлық элементтердің атауы оны машиналық өңдеу кезінде ғана қажет етіледі.
Табл АҚБ Ннм (материалдың номенклатуралық номері), Кво-док (товарно-транспортной накладной бойынша қабылданған материал саны), Кво-пр (складқа қабылданған материал саны), Цена (материал бағасы), Сумма (Кво-пр және Цена мәндерінің көбейтіндісі) деген атрибуттардан құралады. Табл АҚБ үштік көлемі приходный ордер кестесіндегі үш жолға сәйкес келеді, Прих АҚБ екілік көлемі біздің мысалдағы екі құжаттың бар болуымен анықталады.
Приходный ордер АҚб нақты құрылымы былай болады: Прих(2) . (Дата, Пост, Склад, Табл(3) . (Ннм, Кво-док, Кво-пр, Цена, Сумма) ) .
Сурет 1. 2 «Приходный ордер» құжатының бланкілері
АҚБ құрылымына енетін ақпарат бірлігінің мәніне сүйене отырып АҚБ мәніне анықтама беруге болады. АҚБ-не енетін атрибут мәні тікелей анықталады. Басқа АҚБ-не енетін АҚБ-нің мәнін рекурсивті анықтауға болады, бірақ ол кезде АҚБ көлемін білу қажет. Сонымен қатар басқа АҚБ құрамындағы АҚБ көпше мәні үшін жеке анықтама қажет. АҚБ жиыны деп жоғары деңгейдегі АҚБ құрамындағы мәндер көпшесін атаймыз. Жиындағы мәндер саны оның көлеміне тең.
1. 3. АҚБ мәні
АҚБ мәні деп оған тікелей енетін атрибуттар мәні мен АҚБ тікелей енетін жиындарды атаймыз. Приходный ордерінің АҚБ-інің бір мәні Дата, Пост, Склад, Табл АҚБ бір жиын атрибуттарынан тұрады. Табл жиыны үш мәннен тұрады, әрбір Табл мәніне Ннм, Кво-док, Кво-пр, Цена және Сумма деген атрибуттардың бір мәні кіреді.
АҚБ бір мәнін ЭЕМ жадында сақтау кезінде оны жазба деп атайды.
Ақпарат бірлігінің атын өзгерту деп оған жаңа ат беруді атайды, синонимді анықтау - ақпарат бірлігі үшін екінші, үшінші және т. б. тең келетін аттарды белгілеу.
Атрибут мәнімен операция деп - қайта кодтау, яғни барлық мәндер үшін ескі кодты жаңа кодка айырбастау.
Іріктеу - алдын-ала қойылған іріктеу шартын қанағаттандыратын АҚБ мәндерінің көпшесін бөлу операциясы.
Корректировка төмендегі операцияның біреуінің орындалуын білдіреді:
· АҚБ жаңа мәннің қосылуы;
· АҚБ мәнін алып тастау;
· АҚб кейбір мәндерін жаңа мәндерге ауыстыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz