О.Әубәкіровтің сықақ әңгімелері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СОБӨЖ
Тақырыбы:
«
О. Әубәкіровтің сықақ әңгімелері»
Конспект
Топ:
Қ - 317 с
Орындаған:
Насыров Е.
Тексерген
: Тоқсамбаева А. О.
Семей-2015 ж
О. Әубәкіровтің сықақ әңгімелері
Бүгінгі таңдағы қазақ сатирасының дамуына зор үлес қосқан қаламгер, сатиріктердің бірі және бірегейі О. Әубәкіров десек артық айтқандығымыз емес. Ал өтке ғасырдағы қазақ сатирасын сапалық жаңа биікке көтерген ұлы Абай деп білсек, оның ізін жалғаған А. Байтұрсынов, М. Сұлтанқожаұлы, Т. Ізтілеуов, С. Торайғыров, С. Дөнентаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, 30-жылдары Қ. Қуанышбаев, Ж. Сәрсеков, Е. Дүйсенбековтер өздерінің уытты әзілдерімен үн қосты. Ал 60-жылдары О. Әубәкіров, О. Иманәлиев, Ғ. Қабышев, С. Әлжіков, Ү. Уайдин, Е. Домбаев қазақ сатирасының дамытуында өшпес із қалдырды. Жалпы сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), гипербола (өсіру, үлкейту), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т. б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. «Сатира мен юморға бара жолда қаламгер сезім арқылы алдымен комизмді табады мұнан соң оның күлкілі сырын ашады, одан кейін соған деген қатысын, бағасын тапқырлық көмегімен шебер де әсерлі баяндап, суреттеп береді. Сөйтіп сатиралық, юморлық шығармалар тудырады. Яғни сатира, юмор негіздері-юморлық сезім, комизм, күлкі және тапқырлық» - дейді өз зерттеуінде ғалым Т. Қожакеев.
Сатиралық шығарманы жазу үшін интеллектуалдық тереңдік, эмоциялылық, құбылыстарды көре білу, зерттеу, бағалау қабілетімен адамға туа бітті қасиет керек. Тума талант Оспанхан Әубәкіров - сатираның өзіндік талаптары мен заңдылықтарына толық жауап бере алды, бейнелеу тәсілдерін орынды, ұтымды қолдана білді. Оспанхан Әубәкіров сатирасындағы аллегориялық тәсіл асқан шеберлікпен қолданылады. Аллегория (көне грекше: allёgorіa - пернелеп айту), пернелеу - оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі - қулық, арыстан - зорлық, қасқыр - қастық, қоян - сужүректік, есек - ақымақтық, аққу - адалдық, махаббат, қарға-өнерсіз әрі күншіл т. б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Ол пернелеп айтуға, дерексіз ұғымды деректі нәрсеге ауыстырып бейнелеуге икемді тәсіл. О. Әубәкіров сатирасының негізгі тақырыбы- адамгершілік, тәрбие мәселесі, ұсақ деп саналатын ірі мәселелер. Адамдардың мінез-құлқындағы, іс- әрекетіндегі, тұрмыс-тіршілік, өмір-салтындағы міндерді, ұнамсыз мінез-қылықтарды аллегориялық тәсіл арқылы тұспалдап сықақтайды.
Мысалы, «Аш түлкінің айласы» әңгімесінде айлакер түлкі мен қасқыр арасындағы диалог арқылы екіжүзділікті, бас пайдасы үшін қулыққа дайын суайт адамдардың бейнесін астарлайды. Топастық пен қомағайлық сияқты сорақы қылықты көрсететін «Диірмен иесі» әңгімесі сөзге тоқтайтын ойлы оқырманды ойландырады. Оспанхан Әубәкіров әңгімелерінде образды ашуда көбіне қарға құсын пайдаланады. Қаламгер қарғаның ерекше қабілетіне үлкен мән берсе керек. Оның ақылы асқан, ой өрісі дамыған құс екеніне ғалымдар тәжірибе барысында көз жеткізген. Қулығы адамнан өтеді, жауыздығы да жоқ емес. Шығармада қара пиғыл қарға ғана емес, «ақылды» ала қарғалар да кездеседі. Мысалы: «Әке бөлісу», «Тәуекелдер шабуылы», «Нан табу тәсілі», «Тоқалдан туған бүркіт» секілді мысалдарында қарғаның жағымсыз қылықтарын аллегорлау тәсілімен сықақтап, кейбір адамдардың бойларындағы безбүйректік, іштарлық, жағымпаздық, жымысқылық секілді міндерді әшкерелейді. «Ыңқы-тыңқы не ойлайды?», «Байғыз қалай бастық болды?», «Аш түлкінің айласы», «Шабақ қалай шатасты?» т. б. мысалдарында мысалдау дәстүріне сәйкес, қасқыр мен түлкіні, жапалақ, байғыз, аю сияқты аң, құстарды өздеріне тән мінез-сипаттарымен көрсетіп, сын объектісіне алады.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген әңгімесінде бала қораз бен түлкінің арасындағы айтысты мысал ете отырып, тапқырлықты дәріптейді. Мезгілсіз шақырған тауықты жұлмақшы болған түлкінің сөзге құлап, амалсыз шындықты жақтағанын көрсетеді. Ет шабушы аю мен ет сатушы түлкінің оқиғасы да оқырман назарын аударады. Езуін жимай өтірік күлетін қу түлкінің тірлігіне налыған аю айлап ойлап, айла тауып түлкінің түбіне жетуді жоспарлайды. Таразының табағының астына жүз грамга жуық магнит жапсырып, Ыңқы-Тыңқы шақырып, түлкіні майлы орнынан түсірмекші болады. Алайда түлкі түрін бермей сол баяғы құнарлы күйі жұмысын жалғастыра береді. Сол баяғы аю ырсылдап ет шабады, түлкі ыржыңдап ет сатады. Автор шығарма қорытындысын «Магнит күшті деп Аю ойлайды, Алтын күшті деп Түлкі ойлайды. Ал әділ қазы Ыңқы-Тыңқы не ойлайды?!» деген сұрақпен оқырманды ойландырады. Қартайған ата-аналарын бағып-қағу жауапкершілігінен бас тартатын балалардың кездесуі - бүгінгі қоғамдағы проблема. «Әке бөлісу» әңгімесін оқи отырып осындай келеңсіз жайға куә боламыз. Көзінен нұр, аузынан жыр кеткен Ата Қарға өлер шағында балаларын шақыртып, біреулерінің қолдарына алуын сұрайды. Бірдеме бөліп береді екен деп, дәметіп келген қарғалар қабақтары қарс жабылып төмен қарап, әкелерін бөліске салады. Дауға түскен Ата Қарға бұндай шешімге: «Кіші бесіндей бір тұтам ғұмырым қалғанда мені тірідей жіліктеп бөліске салмай, біреуің үйіңе бүтін әкет!» дейді. Әкелерінің бұндай шешімінен кейін де қарғалар қалың ойға «қалғып» кетеді. Ақырында араларынан бір қайырымды қарға табылып әкелерін жауапкершілігіне алып, мойнына мінгізіп алып, ұшып кетеді. Бос мақтаншақтық, надандық, өтірік - осы тақырыптарды «Тоқалдан туған бүркіт» әңгімесінен таба аламыз. Аспанда ұшып бара жатқан Қыранды көрген қарға жапалаққа: «Қырыққа келгенше қырыққа дейін сан білмейді де, ертеден қара кешке дейін аспан мен жердің ара қашықтығын өлшеймін деп әуре. Бала күнімізде-ақ әлемді қаттап-шоттап есебін алып қойғамыз . . . Кеудесі сырылдап, құйрығы шұрылдағанша көзжетпес көкке шығады да, қайта бұрылып, бір, екі, үш деп санай бастағанда-ақ басы айналып осылай домалайды. Өлсін, қызталақ! » деп бөседі. Ымды білмес Жапалақ қарғаның бөспе сөзіне сеніп, Қыраннан қалған қырдың қызыл түлкісін қарғаның «сыйы» деп соғып алады. Автор мысалды «Қыранның қалдығын жеп, сарқытын ішіп күн көріп жүрген сорлы қарға анау-мынау деп өсектемей-ақ Қыранды Қыран десе тағынан тайып қалмас еді, қайтесің? . . . » деп түйіндейді.
О. Әубәкіровтың сатиралық туындылары өлең түрінде де кездеседі. Және тағы бір айта кететін жайт шетел жазушыларының да ысқақ әңгімелерін қазақ тіліне аударып бізге жеткізген. Мысалы Жап, ей, кемпір, есікті!
(ертегі) С. Маршактан «Қарға мен сұңқар» мысалында қарғаға ғашық болып, оған үйлену туралы ұсыныс жасаған сұңқарға қарға былай дейді: «Рас, мен сені сүйемін. Мен сен үшін торға да, тозаққа да түсемін. Бәріне көнемін. Бірақ күндердің күнінде ашуланып: «Өй, аузы сарала-сарала болған ит қарға», -деп қалуың мүмкін. Мен саған өмірімді берсем де, көңілімді бермеймін. Менің сен секілді арғы атым болмаса да, қарға атым бар. Қалың қарғама қарғыс келтіргім келмейді. Кешір, жаным, мен үшін махаббаттан гөрі намыс қымбат». Құс төресі саналып, мысал-әңгімелерде жағымды кейіпкер болып жүретін Сұңқарды «күресінде көң теріп, қора-қопсыңды төңкеріп жүрген жаман қарғаның» намысқойлығы селк еткізеді. Сұңқар ғана емес, оқырман да селк етеді. Жақсының да бойында осалдық орын алатындығын, жаманда да намыс болатындығын «эзоп тілімен» береді. Жайсаңдардың жадына ой салып, намысын қамшылайтын тұста қарғаның осы «қасиетін» үлгі етіп ұсынады. Міне, тіл қауатының образ жасаудағы қолданысы түрлі теңеу мен әсірелеу, тұспалдау, эпитет пен кейіптеу т. б. көркемдеуіш құралдардың қолданысынан ерекше қолданыс табады.
Жап, ей, кемпір, есікті!
(ертегі) С. Маршактан
Жабдық жасап мейрамға,
Кемпір тынбай жүгірді.
Бауырсағын пісіріп,
Қуырдағын қуырды.
Күздің күні суытқан,
Жел кірді үйге алқынып,
- Жап, ей, кемпір, есікті, -
Деп қойды шал бір тұрып.
-Жапсаң тұр да, жап өзің,
Босқа, отырмай қасынып.
Бітпей жатқан көп іс бар.
Жүрмін өзім асығып:
Сол-сол екен, керісті
Кемпір шалға шүйлікті.
Шал ыза боп күйініп,
Берді былай бұйрықты:
- Өшір, кемпір, үніңді,
Үндемес пайда табады.
Ал кімде-кім қыңқ етсе
Есікті сол жабады.
Қасарысып тырп етпей,
Екеуі отыр сіресіп.
От та өшіп, үй суыды,
Бәле болды бұл есік.
Үй қараңғы, жарым түн,
Есік қалды аңқиып.
Кіріп келді бір-екеу.
Құлақтары қалқиып.
- Кім бар екен бұл үйде? -
Деді әлгілер дүрілдеп
Кемпір, шалда дыбыс жоқ.
Дізелері дірілдеп.
Ал қонақтар сыбанып
Соқты-ау піскен шұжықты,
Екі қыңыр тамсанып
Қарап отыр “қызықты”.
Темекісін қоса алып,
Ашымалдан сімірді.
Еркін тойлап “қонақтар”
Сезбеді бір дыбырды.
Кетті екеуі тойды да
(Бұлар да бір ит екен)
Біреуі айтты дауыстап:
- Бауырсағы шикі екен.
- Піскен! - деді кемпірі,
Бірақ бұл сөз кешікті.
Масаттанып шалы тұр:
- Жап, ей, кемпір, есікті.
БЕС БАСАР
1
Бiздiң колхоз шөп шапты,
Шөп шапқанда өкiртiп,
Қырып-жойып, көп шапты.
Шапқан шөбiн жия алмай,
Онысына ұялмай,
Кем-кетiгiн жасырып,
Ақпар бердi асырып.
Шөбi қалды жиылмай,
Сай-салада шашылып.
Қыс түскенде қысылып,
Қателiгiн түсiнiп,
Вертолетпен су тасып,
Самолетпен шөп шашып,
Отгонда жүр «малсақтар»
Бет-аузын iсiрiп.
Мұндағы шала бастықты,
Жоғарыдағы ағалар
Орнынан алып ысырып,
Жiберсе ғой ұшырып.
2
Ауданда бұрын iстеген,
Телефонмен айғайлап.
Креслодан түспеген,
Әңгiрбаев Кебенек.
Әйелiмен шатасып,
Қызметiнен төмендеп,
Ауылға келдi делеңдеп,
Бөлiмшеге бастық боп.
Бастыққа пәле мастық боп,
Орнынан түсiп қалыпты.
Бәрiн қойып бұл күнде,
Ауылдағы мешiтке
«Имам» болып алыпты.
Садақа, пiтiр жинаумен,
Алдапты да халықты.
Одан тағы төмендеп,
Осы күнде Кебенек,
Қатардағы рядовой
Молда болып қалыпты.
3
Мына бiздiң ауылда,
Әлiбек деген кiсi бар.
Ал, ендi осы кiсiнiң
Қилы-қилы iсi бар.
Бiр басында бес әйел,
Яғни, бес құсы бар.
Бiр әйелi Ырғызда,
Бiр әйелi Қырғызда,
Бiр әйелi колхозда,
Бiр әйелi совхозда,
Бiр әйелi подхозда,
Бiр әйелi қолында,
Тұрғысы жоқ оның да.
Сөйтiп бiздiң Әлiбек:
«Опасыз бұл пәни», - деп,
Жатып алып жан-жаққа,
Жолдап жатыр алимент.
4
Бiздiң Дөкей ағайға,
Жылында бiр қалай да,
Барып қайту Қырымға,
Айналып жүр ырымға.
Мұндай ырым Дөкейде
Болатұғын бұрын да.
Аурумын дейдi болса да
Қол-аяғы балғадай,
Екi бетi алмадай.
Кеңiрдегi келсаптай,
Алты мезгiл ас берсең,
Жеп қояды талғамай.
Сонда бұның науқасы,
Не болды екен, Аллам-ай?!
5
«Арақ зиян, жаман», - деп,
Сөз сөйлеймiз алқынып.
«Зиян болса, құрысын», - деп,
Аз iшемiз тартынып.
Ерлер сабыр сақтап ед,
Әйелдер шықты талпынып.
Бұл сөзiмдi, жарандар,
Мейлiң кем ұқ, артық ұқ.
Бұл күнде кейбiр әйелдiң,
Орамалдары қисайып,
Қалтасында жартылық.
Тоқтатып ап көшеде,
Сөз сөйлейдi алқынып.
Жараспайды-ау әйелге,
Жағамызды ұстап сасқанбыз.
Амал қанша алайда,
Кездесiп қап жүр көшеде
Мастау әйел, мастау қыз,
Онда-дағы жастау қыз.
***
Айып етпе, жарандар,
Түрлi-түстi адам бар.
Бiр азырақ сын айттық,
Дұрыс қой деп осымыз.
Ортаға сап сын айттық,
Олла-белла, нан ұрсын . . .
Өтiрiк емес шын айттық.
Оспанхан Әубәкіров. Кілт
(әзіл әңгіме)
Газ деген - жалқау жұртқа таптырмайтын тамаша отын болды. Қара сіріңкені қарнынан тартып жіберіп, тақай қойсаң болғаны, спиртше жанады. Сосын қазаның пышақ қайрағандай қайнайды. Көбігін қалқып кел де, жата бер.
Еңбектеп жүрген баланың бұтына анда-санда бір үңіліп қоймаса, әзілқой иіс шығарып қоятыны секілді, газ пешке де мұрын айтақтап жүрмесе, бөгде иіс шығарып қояды екен.
Біздің қазақы мұрын сорпаның иісін сонадайдан сезеді ғой. Біздің үйдегі бала-шаға бір күні сорпаға қоса қапталдасып жүрген бір иісті ұстапты. Бірақ ненің иісі екенін ешқайсысы білмейді. Көмекке менің мұрнымды шақырды. Мен де жүгіріп келіп, мұрнымды ілгері-кейін пысылдатып көріп едім, шынында бөгде иіс жүр. Бірақ бұл иттің иісі ме, әлде идің иісі ме, біздің үйдің мұрыны ажырата алмады.
Не де болса осы газдың өзінен келген пәле болар деп тұспал жасадық та, ертесіне осы газ мекемесіне телефон жүгірттік.
- Әлөу, горгаз ба?
- Иә, горгаз.
- Ендеше мәселе де - сол газ . . .
- Иіс шыға ма?
- Иә, иіс шығады.
- Ненің иісіне ұқсайды?
- Оны өзіңіз келіп иіскеп көрмесеңіз, күлімсі деуге болмайды, жылымшы деуге болмайды, әйтеуір бір естімеген иіс.
- Түсінікті, адресіңізді айта қойыңыз.
Тақпақ айтқандай тақылдатып айтып салдым.
- Ертең кісі жібереміз, қаңғып кетпей үйде біреулеріңіз болыңыз.
- Апыр-ай, бәріміз жұмыстағы жұрт едік . . .
- Ендеше кілтіңізді кісісі бар көршілеріңіздің біріне қалдырып кетіңіз. Кемпір-шалы бар үй бар ма еді?
- Бар ғой, бірақ . . . Иіс іздеймін деп келген кісіңіз иесіз үйде басқа бірдеме іздеп жүрмей ме?
- Үйіңізде алтын шашылып жатыр ма еді?
- Апыр-ау, енді алтын-күміс домалап жатпаса да, қашып-пұсып жүріп жинаған көр-жер бар ғой.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz