Вирустардың органимге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
►Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. ►Инфекция түрлері және оларға сипаттама. ►Иммунитет және иммунитеттің механизмдері.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Вирус (лат. vīrus - у)-жануарлар ,бактериялар,қарапайымдылар т.б тірі жандар клеткасының арнайы паразиті. Вирустар жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдердің ағзасында кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. . Өз кезегінде вирустар жыл сайын ауыл шаруашылығына орасан зор шығын әкелуде. Ғылыми деректерге сүйенсек, өсімдіктердегі вирустардан ауыл шаруашылығындағы мәдени дақылдармен қоса астық тұқымдастарының өнімі айтарлықтай азайып, жылына 6 миллиард доллардан аса шығын келтіруде. Вирустардың тірі ағзада тіршілік етуі қожайын клеткасында көптеген аурулардың пайда болуына әкеледі. Мысалы, хлороз, некроз, фотосинтез процесінің бұзылуы және өсімдік биомассасының төмендеуі, ақырында өсімдіктің өлуі байқалады.
Вирустар табиғатта әртүрлі кездеседі:
►Клеткада өсіп-өнетін түрі.Басқаша мағанада "вирус — клетка кешені"
►Вирион-клеткадан тыс түрі. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі. Бұл жағдайда "вирион" деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді.Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады.Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін істету үшін байланыс органдарын қолына алып өз үкімін жүргізеді.
Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұмыс істетеді. Ол "нұсқауды" вирустың нуклеин қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады.
1. «Ветеринариялық вирусология» Ш.Б.Мырзабекова;Алматы, «Білім», 2004 ж.
2. Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасы-ның профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы, 2006 ж.
3. А.Қ. Бұлашев «Иммунология» Астана 1998 ж.49-53 б.
4. Интернет желісі

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Кафедра:Ветеринариялық санитария

БӨЖ
Тақырыбы:
1.Вирустардың органимге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама.
2.Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық.клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары(температура,гормондар,ин гибиторлар,интерферондар)

Орындаған:Мырзабекова Н.Т
Тексерген:Омарбеков Е.О
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
►Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. ►Инфекция түрлері және оларға сипаттама. ►Иммунитет және иммунитеттің механизмдері.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Вирус (лат. vīrus - у)-жануарлар ,бактериялар,қарапайымдылар т.б тірі жандар клеткасының арнайы паразиті. Вирустар жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдердің ағзасында кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. . Өз кезегінде вирустар жыл сайын ауыл шаруашылығына орасан зор шығын әкелуде. Ғылыми деректерге сүйенсек, өсімдіктердегі вирустардан ауыл шаруашылығындағы мәдени дақылдармен қоса астық тұқымдастарының өнімі айтарлықтай азайып, жылына 6 миллиард доллардан аса шығын келтіруде. Вирустардың тірі ағзада тіршілік етуі қожайын клеткасында көптеген аурулардың пайда болуына әкеледі. Мысалы, хлороз, некроз, фотосинтез процесінің бұзылуы және өсімдік биомассасының төмендеуі, ақырында өсімдіктің өлуі байқалады.
Вирустар табиғатта әртүрлі кездеседі:
►Клеткада өсіп-өнетін түрі.Басқаша мағанада "вирус -- клетка кешені"
►Вирион-клеткадан тыс түрі. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі. Бұл жағдайда "вирион" деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді.Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады.Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін істету үшін байланыс органдарын қолына алып өз үкімін жүргізеді.
Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұмыс істетеді. Ол "нұсқауды" вирустың нуклеин қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады.
►Провирус-вирус геномы клетка геномының құрамына кіреді.
►Ди-бөлшектер-интерференй-ция туғыза алатын зақымдалған вирустар.Бұл вирустар кемшілігі бар толықсыз түрі.Олар клеткада толық вирустардың өсіп өнуіне кедергі жасайды.
Вирустардың негізгі ерекшеліктері:
► Вирустың қүрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы). Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді.
► Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.
► Вирустардың көбею ерекшеліктерін "дисьюнктивтік" түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше.
Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі вирус бөлшектерін, серологиялық не микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың компоненттері клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы -- ядрода, цитоплазмада, белоктары -- цитоплазмада, содан кейін барып вириондар кұралады.
Күрделі вирустардың өсіп-жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың, көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады.
► Вирустардың белок құрайтын жүйесі -- рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері белок құрай алмайды.
► Вирустар -- генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады. Вирустар өзінің геномымен (РНҚ не ДНҚ) клетка геномына әсер етіп белгілі бір байланысқа түседі. Осылайша клетка бірге жұмыс істейтін күйге түседі, мысалы, рак ауруының вирустары. Осының салдарынан торшаның өлуі де мүмкін, себебі торша геномы зақымдалады, сондықтан торшалық РНҚ-лы құралмай, вирус геномы рибосомға еніп, оны жеңіп шығуы мүмкін.
Осындай зақымға ұшыраған клеткаларда вирустар көбейе бастайды. Демек вирустар клетканың генетикалық аппаратына "өз дегенін" істетіп көндіреді.
►Вирустардың ендігі бір ерекшелігі ол өте ұсақ. Олар нанометрмен өлшенеді. 1 нм -- метрдің миллиардтан бір бөлігі 11000000000 м. Мысалы, ең ірі деген шешек ауруы вирусының мөлшері жөнінен бактерияға жақындайды. Үлкендігі 250 - 350 нм. Ең кіші вирустың ірілігі (мысалы, аусыл ауруын қоздыратын вирус) 20 - 30 нм. Осындай өте ұсақ вирусты тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады.
►Вирустардың тағы бір ерекшелігі -- олар кристалл ретінде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады (минералдарда). Темекі жапырақтарының ауруын қоздыратын вирусты кристалл түріндегі вирусты американдық ғалым -- биохимик, вирусолог Уэнделл Стенли алған еді. Оған сол еңбегі үшін Нобель сыйлығы берілді.1955 жылы полиомиелит (балалардың сал ауруы) вирусының кристалл түрі алынды. Вирустардың кристалл түрін жай микроскоппен де көруге болады. Бір кристалда бірнеше миллион вирус болады. Кристалдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез келген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.
►Вирустардың кейбір түрлері торша ішінде "денешіктер", "қосылыстар" ретінде кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп көбейген жерде ғана болады. Мысалы: құтырық жұқтыратын вирус -- цитоплазмада, аденовирустар -- ядрода болады

Вирустың организмге ену жолдары және таралуы
▀ Алиментарлық(жем,шөп,су арқылы) жол,оған мысал:аусыл ауруы,ірі қара асқазан ішек аурулары т.б.
▀ Тыныс жолы арқылы ену(мысалы:ірі қараның парагрип ауруы,шошқа обасы т.б);
▀ Трансмиссивтік жол-вирустықоңыздар,маса ,шіркейлер,кенелер таратады;
▀ Вирустар тері арқылы таралады(жарақаттанған және жарақаттанбаған тері),олар құс ,қой және ешкі шешегі т.б;
▀ Жыныс мүшелері арқылы таралады;
▀ Лас аспаптардан малдәрігерлік көмек көрсету кезінде таралады

▀ Вирус ағзада қан арқылы таралады,оны вирусемия деп атайды.Вирустар қанға лимфа арқылы түседі сосын лейкоциттерден таралады.Алғашқы түскен ағзалардан капиллярға жайылады;
▀ Вирустар нерв жүйелері арқылы да таралады.Мысалы:құтырық вирусы,герпесвирустар.Демек вирус қоздыратын аурулардың таралуына көптеген факторлар әсер етеді.Осы факторларға сәйкес вирустық инфекцияның өршіген кезінде вирус геномы мен клетка геномының арасында өзара әр түрлі байланыстар болуы мүмкін
Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі -- баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.

Инфекция -- микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. Инфекция деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.

Инфекция және жұқпалы аурулар туралы түсінік
Инфекция (латынша infestio - ластану ) - микроорганизм мен потогендік микробтардың әрекеттесуіндегі эволюциялық қалыптасқан биологиялық процестер комплексінің даму барысындағы қағыну күйі. Инфекция қоздырғышы микробтардың енуі өрбуі және тіршілік етуі микроорганизмнің қорғаныс - бейімделу реакциясының тууына себепкер болады. Осы реакциялар комплексінің дамуын инфекциялық процесс деп аталады.
Белгілі бір клиникалық көрінісі бар инфекция білінуінің ең ашық түрі инфекциялық (жұқпалы) ауру деп есептеледі (анық инфекция). Мал немесе адам организмінде паразиттік тіршілік етуге эволюциялы бейімделген микроорганизмдердің қоздыруынанпайда болған барлық ауруларды инфекциялық деп атайды. Инфекциялық ауруларға ең тән қасиет - спефицикалық тірі қоздырушы - паразиттің бар болуы жанасуымен берілуі немесежұқпалылығы (таралу қабілеттілігінің салдарынан қоздырушының ауру малдардан сау малдарға берілуі), инкубациялық (жасырын) кезеңнің бар болуы циклділік дамуы, қоздырушының әрекетіне организмнің спецификалық реакциясы (антиденелердің құрылуы, аллергиялық жай-күйі және ауырып, айыққан малдардың иммунитеті болуы).
Инфекцияның түрлері.
◄◄Cпонтанды (табиғи)
◄◄ экспериментальды (жасанды)
Спонтанды инфекция-осы патогендік микробқа тән беріліс механизмі іске асқан табиғи жағдайда пайда болады.Және мал организмінде әлдеқашан мекендеген шартты патогендік микроорганизмдердің активтенуі арқылы болады..
Экспериментальды инфекция-Патологиялық материялды немесе қоздырушының культурасын енгізу арқылы жасайды.
Егерспецификалық қоздырушы сырттан,қоршаған ортадан, организмге енген болса, экзогендік инфекция туралы сөз болады. Бірақ, малдың ауруға қарсы тұрушылығы төмендеген организмді коммпенсалдар есебінде мекендеушілер, шартты патогенді микробтар инфекцияны тудыра алады. Бұл эндогендік инфекция(аутоинфекция). Қоздырушының бір түрімен пайда болған инфекцияны қарапайым (моноинфекция) деп, ал бүтін бір топ микробтарының потогендік әрекетінің нәтижесінде пайда болғанда - ассоциативті деп аталады. Кейде осындай жағдайда микробтың бір түрінің басқалардың ықпалымен патогендігі күшеюінен синергизмбайқалады. Әртүрлі екі аурудың қатар жүргізуіндегі инфекция аралас (қоспа) деп аталады. Тыныс жолдарының ішектің кілегейлі қабығында мекендейтін шартты патогенді микробтардың активтенуі нәтижесінде бастапқы (негізгі) фонда екінші (секундтары) инфекцияның дамуының кездейсоқтығы да белгілі. Пастерелл мен сальмонельдің патогендік әрекеттері, мысалы, классикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфеция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Вирустың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы мәлімет
Вирустар, түрлері және организмге орналасуы
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары туралы ақпарат
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы туралы ақпарат
Вирустардың организмге таралуы, енуі, орналасуы.Инфекцияның түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы. инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)
Пәндер