Ақпараттық жүйені жобалау кезеңін автоматтандыру


Орындаған : Толеуханова Б. Т.
Тобы : Вт-211
Тексерген : Курушбаева Д. Т.
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
- Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясы . . . 4
- АЖ жобалау кезеңдері. Үлгілері мен кезеңдері
- Пәндік облысын анықтау . . . 5
- Инфологиялық үлгісін құру . . . 6
- Даталогиялық және физикалық жобалау . . . 7
- АЖ жобалау деңгейлері . . . 7
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 9
Кіріспе
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, заңдарын және т. б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпараттық жүйелерді жүзеге асырудың әдістер жиынтығын ұсынады. Ақпараттық жүйелерді құру әдетте қолданушының талаптары негізінде құрылады. Бұл талаптар құр уүрдісінде өзгеруі мүмкін. Шешім қабылдау теориясы үшін АЖ-ні жобалау үрдісі - тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыратын жүйе сипаттаммасын алуға бағытталған жобалық-конструкторлық шешімдерді қабылдау үрдісі.
Ақпаратық жүйелерді жобалау технологиясы дегеніміз жүйе жобасы мен оның компоненттерін құрудың немесе өңдеудің ортақ концепциясын жүзеге асыруға бағытталған, логикалық бірізділік бойынша реттелген методикалық тәсілдер, техникалық құралдар мен жобалаушы әдістер терімі. Басқарудың АЖ-сын жасауда жобалау базасының сапасы мен құрамы өте үлкен мәнге ие.
1. Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясы.
Ақпараттық жүйенің жобасы деп - нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.
Ақпараттық жүйені жобалау деп - жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі.
Ақпараттық жүйені жобалау объектілері болып, функционалдық және қамтамасыз ету бөліктерінің дербес элементтері немесе олардың кешендері табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға сәйкес функционалдық элементтерге есептер, есептер кешендері және басқару функциялары жатады. Ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету бөлігі құрамындағы жобалау объектілері қызметін жүйенің жүйенің ақпараттық, программалық және техникалық қамту элементтері мен кешендері атқарады.
Ақпараттық жүйені жобалау субъектісі болып, жобаны жүзеге асырушы мамандар ұйымы мен ақпараттық жүйені құруға тапсырыс берген мекеме жатады.
Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы, деп - ақпараттық жүйені жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы айтамыз.
Кез келген жобалау технологиясының пәні ретінде ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде өзара байланысқан жобалау үрдістерінің бейнесі қызмет етеді. Жобалау технологиясын таңдау үшін қойылатын негізгі талаптарға келесілер жатады:
- осы технология бойынша көмегімен құрылған жоба тапсырыс берушінің талаптарына сай болу керек;
- таңдалған технология жобаның өмірлік циклінің барлық кезеңдерін максималды түрде бейнелеу керек;
- таңдалған технология жобаны жобалау және сүйемелдеу үшін минималды түрде еңбек қаражат шығындарымен қамтамасыз ету керек;
- технология жобалау мен жобаны сүйемелдеу арасындағы байланыс негізі болу керек;
- технология жобалаушы еңбегінің өнімділігін арттыруға жағдай жасау керек;
- технология жобаны жобалау және пайдалану үрдістерінің сенімділігін қамтамасыз ету керек;
- технология жобалық құжаттаманы қарапайым жүргізуге жағдай жасау керек.
Ақпараттық жүйені технологиясының негізін негізгі технологиялық ерекшеліктері мен мәнін анықтайтын әдістеме құрайды. Жобалау әдістемесі деп, жобалау концепциялар мен жобалау принциптерін әдістерінің жиынтығы мен жүзеге асатын айтамыз. Олар өз кезегінде жобалау құралдарымен сүйемелденеді.
Ақпараттық жүйенің жобалау әдістерін автоматтандыру құралдарында және типтік жобалық шешімдерде қолданылу дәрежесі болатын өзгерістерге бейімделу сияқты белгілері бойынша жіктеуге болады.
Жобалау құралдары - жобалаудың бірнеше өзара байланысқан технологиялық операцияларды ЭЕМ көмегімен жүзеге асыратын қандай да бір түрлендіруші. Жобалау құралдарынының екіге бөлінеді:
- Объектілік құралдар: типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер, қолданбалы программалар дестесі;
- Инструменталдық құралдар: автоматтандырылған жобалау жүйелері, CASE-технологиялар.
2. АЖ жобалау кезеңдері. Үлгілері мен кезеңдері.
Ақпараттық жүйелерді жобалау - көп еңбек сіңіруді және ұзақ мерзімді қажет ететін және оны құруға қатысушы мамандардың жоғары біліктілікті талап ететін күрделі жұмыс. Ақпараттық жүйелерді жобалау келесі кезеңдерге бөлінеді:
- Пәндік облысын анықтау. Инфологиялық үлгісін құру.
- Даталогиялық және физикалық жобалау.
- Концептуалды сызбасын құру.
2. 1. Пәндік облысын анықтау.
Әрбір АЖ оның белгіленуіне байланысты шынайы өмірдің қандай да бір бөлшегіне тәуелді. Ол жүйенің пәндік облысы деп атауға келісілген. Осы пәндік облысты анықтау кезеңінде қолданушының келешек жүйесінің барлық қажет ақпараттық қажеттіліктері нақтыланады, ол өз кезегінде мәліметтер қоры мазмұнын анықтайды. Берілген АЖ-нің пәндік облысы шынайы объектілер жиынтығы ретінде қарастырылады. Әрбір объект қасиеттер (атрибуттар) жиынтығынан тұрады. Шынайы объектілерді әрбір нақты жүйенің контекстінде қарастыру, бұл жағдайда қасиеттерді абстрактілеу талап етіледі. Қандай да бір жүйеге тән қасиеттер басқа бір жүйеге ешбір қатысы болмауы мүмкін. Пәндік облысты кеңірек меңгеру үшін, объектілердің барлық жиынын пәндік облысының құрылымы бойынша біртекті деп аталатын объектілер тобына бөлуге болады. Біртипті объектілер даналарының атрибуттар жиынтығы бірдей болатындығы айқын. Сондықтан, оларды шартты түрде берілген типтін қасиеттері деп есептеуге болады. Пәндік облыстың әрбір объектісі басқа объектілерден ерекше болуы керек. Осы мақсатта, берілген типті объектілерге, яғни оларға сілтеме жасауға мүмкіндік беруші, идентификатор белгіленуі мүмкін. Қарастырушы нақтылы объектілер типі мен олардың мәндер арасындағы өзара-бірмәнді сәйкестік үшін мұндай иденификаторды уникалды деп атайды. Уникалды идентификатор ретінде, сонымен бірге алғашқы кілт деп аталушы қандай да бір атрибут немесе объектілердің бірнеше атрибуттарының комбинациясын алуға болады. Пәндік облыстың объектілері арасында түрлі мазмұнды мәндері бар байланыстар болуы мүмкін. Объектілер типі мәні терминінде сәйкес типті объектілер даналары арасындағы байланыстар туралы айтуға болады.
Объектілер типтері және олардың арасындағы байланыстар типінің жиынтығы пәндік облыстың құрылымын сипаттайды.
Пәндік облыс объектілер типі мен түрлі типті объектілер даналар жиынтығы, объектілер, атрибуттар мәнімен олардың арасындағы байланыс уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Бұл өзгерістер пәндік облыстағы жаңа объектілердің пайда болуына немесе пәндік облыстағы кейбір бар объектілер арасындағы бар байланыстарды жоюға немесе жаңа байланыстарды орнатуға алып келеді. Сондықтан да, уақыттың әр мезгілінің өзгеруіне байланысты пәндік облыстың қандай да бір күйін салыстыруға болады. Бұл қасиеттер объектілер типіне, байланыстар типіне және олардың кейбір даналарына спецификацияланатын бүтіндеу шектігін беруі мүмкін.
2. 2. Инфологиялық үлгісін құру.
Кейбір пәндік облыстың құрылымын және бүтіндеу шектігін бейнелеу, осы құрылымды жүзеге асыруды анықтау пәндік облыстың инфологиялық үлгісін құрайды. Инфологиялық үлгі пәндік облыс құрылымы мен динамикасын, сипаттамасын қолданушы жүйелерінің терминдерден ақпараттық қажеттіліктер сипатын және нақтылы таңдалған мәліметтер қорымен басқару жүйесі құралдарына тәуелді емес сипаттамасын бейнелейді. Инфологиялық үлгінің белгілеуінен шығатын негізгі талаптар:
- пәндік облыстың бейнеленуі;
- үлгінің интеграциясы, яғни ол жүйені қолданушылардың көзқарастары мен қажеттіліктерін бейнелеуі тиіс;
- инфологиялық үлгі ақырғы қолданушылар үшін де, әзірлеушілер үшін де коммуникациялық құрал болып табылады. Оның құрамында автоматтандырылған АЖ-ні арықарай жобалау үшін қажетті және жеткілікті ақпарат болуы тиіс.
2. 3. Даталогиялық және физикалық жобалау .
Инфологиялық үлгі алдыңғы кезеңдерде құрылады да, содан кейін анағұрлым соңғы кезеңдерде нақтыланады. Инфологиялық үлгі негізінде даталогиялық үлгі құрылады. Одан кейін физикалық үлгі және концептуалдық сызба құрыла алады. Даталогиялық үлгі объектілер арасындағы байланыстарды олардың мазмұны мен сақтау ортасына қарамай-ақ бейнелейді. Даталогиялық үлгіні сақтау ортасына байланыстыру үшін мәліметтердің физикалық үлгісі қолданылады, олар сақтаушы құрылғылардың қолданылуын, сақтау ортасында мәліметтерді физикалық ұйымдастыру тәсілін анықтайды. Физикалық деңгей үлгісі даталогиялық үлгі сияқты мәліметтер қорын басқару жүйесі мүмкіндігін ескере отырып құрылады.
Пәндік облысты сипаттау кезінде оның логикалық сипатын қолдану көркемдірек болады. Формальды логикалық сипаттау концептуалдық сызба деп аталады. Сонымен инфологиялық үлгіні құру келесі тапсырмалардың орындалуы арқылы жүзеге асады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz