Темірбетон бұйымдарын өндірудің агрегатты-ағымды әдісі, қолданылуы бойынша арматуранын жіктелуі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультеті
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы
«5В072900 Құрылыс» мамандығы
СӨЖ
Тақырыбы: « Темірбетон бұйымдарын өндірудің агрегатты-ағымды әдісі, қолданылуы бойынша арматуранын жіктелуі »
Орындаған: Кенесов. Е. Д.
СТ -309с тобы
Тексерген:
аға оқытушы Уркинбаева Ж. И
Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:
Кіріспе
1. Негізгі бөлім:
1. 1 Бетон мен арматураның бірлескен жұмысы
1. 2 Темірбетон бұйымдарын өндіру технологиясы
1. 3 Бұйымдарды агрегатты-ағымды әдіспен жасау
1. 4 Темірбетонның арматурасы, арматуранын жіктелуі
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Күштердің әсеріне тұтасып бірлесе жұмыс істейтін бетон мен арматурадан тұратын құрылыс материалын темірбетон деп атайды.
Бетон деп жасанды тас тектес материалды атайды. Бетон материалы қоспа қатқаннан кейін пайда болады. Қоспа құрамына байластырғыш пен толтырғыш материал және су кіреді. Байластырғыш материалы: цемент, гипс, әк, полимер материалдар. Толтырғыштар: жасанды (шлак, керамзит) ; табиғи - тығыз (шағыл тас, құм) ; кеуекті (пемза, ұлутас) .
Арматура деп - бетонда орналастырылатын болат стержінді атайды.
Бетон кез келген жасанды немесе табиғи тас сияқты сығылуға жақсы, ал созылуға өте нашар қарсыласады.
(10 . . . 20 есе)
- бетонның сығылу кедергісі
- бетонның созылу кедергісі
Арқалық көлденең иілгенде төменгі аймағы созылады, ал жоғарғы аймағы сығылады. Бетонның созылуға нашар қарсыласуы себебінен мұндай арқалықтың күшсалмақтарға көтергіштік қабілеті төмен болады, әрі сығылған аймақтағы бетонның беріктігі толық пайдаланбайды. Егер арқалықтың созылған аймағындағы бетонды арматурамен күшейтсек, онда арқалықтың күшсалмақтарға көтергіштік қабілеті жоғарылайды. Оның себебі арматураның стержіндері созылуға өте жақсы жұмыс істейді. Сондықтан арматура негізінен созылу күштерді, ал бетон сығушы күштерді қабылдауға арналады.
Бетон мен арматураның бірлескен жұмысы
Бетон мен болат арматураның бірлескен жұмысын бұл материалдың физикалық және механикалық қасиеттері қолайлы үйлесуіне байланысты:
бетон қатқан кезде онымен болат арматураның арасында едәуір ілінісу күштер пайда болады. Сондықтан екі материалда күш түскен кезде бірлесе деформацияланады.
бетон мен арматураның сызықтық температуралық коэффициенттерінің мәндері жақын болғандықтан температураның 100 0 С-қа дейінгі өзгерістері бетонның арматурамен ілінісу беріктігін бұзбайды, яғни бетондағы арматура сырғымайды.
тығыз бетон арматураны коррозиядан, сондай-ақ оттың тікелей әсерінен қорғайды.
Темірбетонның түрлері
Орындалу әдістері бойынша темірбетон:
а) тұтас, яғни құрылыс объектісінде тікелей тұрғызылатын;
б) құрастырмалы, яғни зауыттар мен полигондарда дайындалатын;
в) құрастырмалы-тұтас, яғни құрастырмалы элементтерден тұрғызылатын,
бірақ құрылыс басында жекелеген учаскілері бетондалады.
Тұтас ТБК үйлер мен ғимараттардың жекелеген бөлшектері мен элементтерінің пайдалануы аз, сондай-ақ жақын маңайында темірбетон бұйымдары зауытты жоқ болғанда қолданылады. Тұтас бетонның қолданылуының әрбір жағдайы экономикалық тұрғыдан негізделуі керек, себебі оның мынадай кемшіліктері бар:
көп еңбек сіңіруді талап ететін әрі қымбат қалыптар мен жабдықтарды тұрғызу қажеттілігі;
бетонның табиғи жағдайларда қату ұзақтығына тәуелді, құрылыс мерзімдерінің ұзақтығы;
жұмыстардың маусымдылығы, өйткені бетонды жылытудың арнаулы шараларын жүзеге асыру қажеттілігі көптеген жағдайларда тұтас темірбетонның қысқы уақыттарда дайындалуының экономикалық тиімсіздігіне әкеп соғады.
Егер үйлер мен ғимараттарды құрастырмалы темірбетоннан орындаса, онда тұтас темірбетонның кемшіліктерінен арылуға болады.
Темірбетон - қатайған бетон мен болат шыбық тұтаса бірігіп, қатар жұмыс істейтің конструкция. Бұрын айтылғандай бетон сығуға жақсы түзгенмен, созуға шыдамсыз, ал болат шыбық созуға көп шыдайды.
Екі тіреуіштің үстінде жатқан аралықтың үстінен салмақ түсіргенде оның үстінгі бөлігі сығылады да, астынғы жағы созылады. Бетоннан жасалған аралықтың беріктігі көп емес, бетон созуға шыдамайтындықтан, ол көп күш түспей-ақ бүлінеді. Ал төменгі қабатына болат шыбық салынса, аралық едәір күшке төтеп бере алады. Бетон мен болат шыбықтың бірігіп жұмыс істеуі олардың арасындағы күштеріне байланысты. Болат шыбық бетон ішінде тоттанудан жақсы қорғалады.
Дайындау тәсілдеріне қарай темібетон конструкциялары тұтас құйма және құрастырмалы болып бөлінеді. Тұтас қима темірбетондар тікелей құрылыс алаңдарында жасалады. Оларды конструкцияларды бөлшектерді бөлшектеуге болмағанда, стандартты емес және элементтердің аз қайталануы жағдайында, аса үлкен салмақ түсетін конструкцияларды жасағанда (көп қабатты өнеркәсіп ғимараттарының іргетастары, қаңқалар мен жабындарын жасағанда гидротехникалық, көліктік және басқа құрылыстарды салғанда) қолданылады.
Тұтас қима темірбетон конструкцияларына қарағанда, құрастырмалы темірбетон конструкциялары тиімдірек, өйткені оларды өндіріс процесі жоғары механикаландырылған технология қолданылатын арнаулы завоттар мен полигондарда жасайды.
Темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын жай және алдын-ала күш түсірілген болат шыбықтар пайдаланып жасайды. Байырғы тәсіл бойынша болат шыбықтар, торкөздер немесе қаңқа салғанда конструкцияларда былайғы пайдалануда жарықшақтар, сызаттар пайда болудан бір жола сақтала алмайды. Пайда болған сызаттарға ылғал мен газдар кіріп, болат шыбықтардың тоттануы басталады. Алайда, алдын-ала жасалған есеп бойынша күні бұрын бетонды қысса, онда бетонның созу күштері түскен астынғы қабатында жарық, сызат пайда болмайды. Бетонды күні бұрын қысу болат шыбықтарды керіп тарту арқылы жүзеге асады.
Болат шыбықтарды керіп тартудін екі түрлі тәсілі бар: бетон құйылмай тұтып, бетон құйылған соң.
Болат шыбықтарды алдын-ала керіп тартылған конструкциялардын салмағын азайтуға, жарылмауын және ұзаққа шыдауын арттырып, болат аз жұмсалуына себеп болады.
Темірбетон бұйымдарын өндіру технологиясы
Бетон қоспасын даярлау.
Бетон қоспасын қалыпқа салу цехына жақын орналасқан бетон араластыратын цехта дайындайды.
Болат шыбықтарды даярлау. Алдын-ала керіліп тартылмайтын болат шыбықтардан құрастырылатын қаңқалар мен төркөзді пісіру аппараттарының көмегімен арматура цехында даярлайды. Арматура цехы қалыпқа салу цехына жақын орналасады.
Алдын-ала керілетін болат шыбықтарды жекелей немесе будалап қалыпқа салу цехында домкраттардын көмегімен, не электртермиялық тәсілмен жасайды.
Бұйымдарды қалыпқа салу.
Бұл процес мұнадай әрекеттерден тұрады: қалыптарды тазалау, құру және майлау, қалыпқа арматураны салу, бетонды жайып, тығыздау.
Бұйымдарды жылу-ылғалдық әрлеу.
Қалыпқа жайғастырылған бетонның қатаюн тездету үшін оны жылу мен ылғал ықпалына ұшыратады. Темірбетон бұйымдары заводтарда бетонды мұнадай жерге салады: қалыпты қысыммен 70-100ºС температурада булау, 100ºС температурада тиістіріп қыздыру, автоклавта 174-190ºС температурада булау, электрмен қыздыру.
Ең көп таралған тәсіл қалыпты қысымда булау.
Темірбетон бұйымдарын стендік, ағынды агрегатты, конвейерлік, кассеттік тәсілмен өндіреді.
Жиналушы темірбетон бұйымдарын жасау бірнеше технологиялық бөлімшелерден тұрады: бетон араласпасын дайындау; арматуралық элементтерін орналастыру; бұйымдарды бетондау - қалыптау; бетон қатаюы; бұйымдарды қалыптан шығарып, қалыптарды келесі циклға даярлау; бұйымдарды ірілендіре жинау және зауыттық дайындық дәрежесін жоғарылату мақсатында олардың беттерін тиісінше өңдеу.
Өндірістік процестерді тасқындық тәсіл принциптерінде ұйымдастырады. Жеке тасқындар мен технологиялық созындылар мүмкіндігінше жасалынатын бұйымдар және конструкциялар түрінде байланысты мамандырылады.
Тасқындық тәсіл келесідей орындалады: өндірістік процестер біркелкі ырғақтылықта және әрбір жұмыс орнында операциялардың орындалу ұзақтығы өзара бірдей, қалыпталынатын бұйымдар бір орыннан екінші орынға үзіліссіз беріліп отырады да ең соңында қалыпталынған, термиялық өңдеуге дайын бұйымы шығып отырады. Демек тасқын тәсілі бойынша барлық технологиялық процесс орындалу ұзақтығы бойынша бірдей жеке операцияларға жіктелінеді. Бұл операциялар қатаң бірізділікпен және синхрондықпен жабдықталынған жұмысшы орындарда орындалады.
Бұйымдарды өндіру оларды бір жерден екінші бір жерге көшірілумен немесе бір орында қозғалтпай жасап шығарылуы ұйымдастырылады. Бірінші жағдай агрегаттық, агрегаттық - тасқындық тәсілге, ал екінші жағдай стендалық тәсілге тән.
Стендті тәсілде жиналушы темірбетон бұйымдарын өндіру бойынша басты технологиялық процестер қозғалмайтын қалыптарда - стендыларда орындалады. Бұйымдар бетон қажетті мықтылығына ие болғанша сол орынында қалады, ал технологиялық жабдықтар жеке жұмысшы операцияларды бірінен кейін бірін кезекпен орындау үшін стендыда бір қалыптан екінші қалыпқа көшіріліп отырады. Стендылық тәсіл көпшілігінде полигондарда - ашық аспан астында - темірбетон бұйымдарымен конструкцияларын өндіруге әдейі жабдықталынған алаңдарда қолданады. Көпшілік жағдайларда бұйымдарды қалыптау және негізгі, қосымша операциялары тікелей булау камераларында жүргізіледі: жылы ылғалдылықта бұйымдарды өңдеуді қалып қуысына берілетін бу жылуы есебінде іске асырылады. Стендылық тәсілді зауыттық өндірісінде де көбінесе ірімөлшерлі және массалық конструкцияларды жасау үшін қолданады. Сондай-ақ стендауда алдын-ала кернеуленген темірбетон бұйымдарын да жасайды.
Стендының көп түрінің бірі болып кассеталық тәсіл саналады. Бұл тәсіл бойынша, тік қалыптарда - кассеталарда бір мезетте бірнеше бұйым жасалынады.
Ол үшін көпқатарлы тік қалыптарға - кассеталарға жылжымалы жұмсақ немесе шалақатты бетон араласын құйып, аспалы дірілдеткіштермен, дірілдететығыздап қалыптаған бұйымдарды сол орындарында кассеталар аралықтарындағы қуыс кеңістіктерге ыстық бу жіберумен қыздыру арқылы термоөңдеу өткізеді. Бұл тәсіл бойынша арнаулы булау камерасының, дірілдетпе алабының қажеттері жоқ. Кассеталарда жасалынған бұйымдар беттері теп-тегіс болып шығады.
Кассета қабырғаларын құрыштан, армацементтен, пластмассадан, темірбетоннан жасауға болады. Кассеталық қалыптарын, жинауды және қайтадан ажыратуды механикалық және гидравликалық қимылдату жолымен орындайды. Бетон араласын кассеталар сыртына асылдыра бекітілген дірілдетпелерімен және тереңдік дірілдетпелерімен, қуыстар құраушыларын дірілдетумен нығыздайды.
Жасалынатын бұйымдар түрлеріне байланысты кассеталық қалыптар қабырға панельдері үшін, жабынды панельдері мен баспалдақ басқыштары үшін және желдеткіш блоктары және т. б. бұйымдары түрлері үшін арналған болып жіктелінеді.
Кассеталарда - қалыптарда бумен термоөңдеуді электрмен қыздыруға ауыстыруға болады.
Бұйымдарды кассеталық қалыптау және термоөңдеу бойынша жалпы цикл 8 - 10 сағатқа созылады, оның 6 сағаты 100˚С дейін жылы ылғалдылықпен өңдеуге кетеді.
Бұйымдарды агрегатты-ағымды әдіспен жасау мынандай технологиялық процестерден тұрады: жеке операциялар немесе топтар; әмбебап жабдықтарда әр түрлі типтегі операциялардың орындалуы; ағымдағы еркін серпін ; бұйымның бір постыдан екінші постыға ауысуы; қалыптар мен бұйымдар бір посттан екінші постқа белгілі бір уақыт аралығында өтеді, ол жұмыс орынында орындалып жатқан операцияның ұзақтығына тәуелді.
Агрегатты-ағымды тәсілдің тағы бір ерекшелігі, қалыптар мен бұйымдар ағымдағы тізбектің барлық посттарында тоқтамайды, тек осы жағдайға керекті посттарда. Өндірісте агрегатты-ағымды ұйымдастыру бір ағым тізбегінің артынан бұйымның өлшемі бойынша ғана емес, конструкциясы бойынша да тіркеумен сипатталады. Бұл ағымдағы тізбекте әмбебап жабдықтың болу мүмкіндігін тудырады.
Мұндай тізбекте операция аралық бұйымның жіберілуі көтерме-тасымалдау арқылы және басқа тасымал құралдарымен жүзеге асады. Агрегатты ағымды тәсілде бетонның тез қатаюы үшін периодты және үздіксіз жұмыс істейтін камераны пайдаланады.
Әр камераның аз көлемді секциялары бұйымды түсіріп, қайта жүктеуге аз уақыт жұмсауға мүмкіндік береді. Мұндай секциялардың көп болуы қалыпталған бұйымдардың қатаю камерасына үздіксіз жіберілуіне жағдай жасайды.
Өндірістік цехтың технологиялық схемасын таңдағанда қалыптау және бумен өңдеу кезінде шығарылатын өнімнің номенклатурасын, яғни өлшемдерін ескеру қажет. Аз және орташа қуатты зауыттардың аз сериялы темірбетон бұйымдарын өндіру үшін тиімдісі - агрегатты-ағымды тәсіл. Бұл тәсілді құрылымы қарапайым техниканы қолдана отырып жылдам әрі үлкен емес құрылыс алаңдарында аз қаражат жұмсалады. Қалыптау жабдығының өнімділгі қалыптанатын бұйымдардың өлшеміне байланысты, әрі қалыптау циклінің ұзақтығына (диапазон 5-40 минут) байланысты өзгеріп отырады.
Агрегатты-ағымды әдіс қазіргі құрама темірбетон технологиясында кең таралған
Темірбетонның арматурасы
Арматура - деп бетон денесінде орналастырған стержіндерді атайды. Арматура ретінде негізгі болат материалын қолданады. Кейбір кезде арматураның орнына басқа материалды қолданады, мысалы: шыныпластика (стеклопластика) - осы материалдың беріктігі және химиялық төзімділігі жоғары.
Арматура - грек сөзі, аудармасы «қаруландыру».
Арматураны пайдаланудағы мақсат
ТБК-ларда бетонның созылуға нашар қарсыласу себебінен, арматура бірінші кезекте созылған күштер әсерін қабылдауға пайдаланылады. Бірақ, арматураның сығылуға беріктігі жоғары болғандықтан оны қажет жағдайларда сығылған конструкцияларды күшейтуге де пайдаланады.
Арматуралық болаттарды жіктеу
Арматура негізгі механикалық сипаттамаларына байланысты келесі кластарға бөлінеді:
а) стержіндік арматура А әріппен және римдық санмен белгіленеді А-І, А-ІІ, А-ІІІ, А-ІУ, А-У, А-УІ (неғұрлым цифрдың мәні жоғары болса, соғұрлым беріктігі жоғары болады) ;
б) В-І, В-ІІ, Вр-І, Вр-ІІ - сымдық арматура «В» әріппен және римдық санмен белгіленеді. «Р» әріппен арматураның бетіндегі периодтық профильді белгілейді;
В-І, Вр-І - жай сымдық арматура
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz