Демографиялық процестерді реттеу мен жоспарлаудың қажеттілігі: Қазақстан және халықаралық тәжірибе


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Демографиялық процесстерді реттеу мен жоспарлау қажеттігі

Жоспар:

1. Демографиялық процесс

2. Демографиялық жоспарлау қажеттілігі

3. Дереккөздер

1. Демографиялық процесс

Демографиялық процесс- көне грекше:demos- халық, көне грекше: graphio - жазу- елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолменреттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамығанжәне дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.

  1. Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:
  • Экономикалық(ақысы төленетін демалыс және бала туылған кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай ; қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т. б. ) ;
  • әкімшілік-құқықтық(заңнамалық актілер, реттелетін некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмысістейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т. б. ) ;
  • қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.

2. Демографиялық жоспарлау қажеттілігі

Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16 млн 954 мыңға жетіпті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4 миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық санағында 16199, 2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48, 5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51, 5% болған.

Тәуілсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының бiркелкi болмауымен сипатталды.

1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246, 1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т. б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қалаларында байқалды. Жалпы ерлердiң саны 7201, 8 мың болса, әйелдер 7751, 8 мыңды құраған.

Бүгінгі таңда ресми статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.

Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5, 5 адамды құрайды. Ал Қытайда мысалы, бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адамнан келеді.

Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда ұлттың қартаюы мен гендерлік баланс (гендерлік асимметрия) сияқты айтулы демографиялық проблемалар бар. Мәселен, неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден 18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат және бала тууын жоспарлау жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша ауылдық аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас 122, 85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық көрсеткіштен - 119, 58:100 астам. 2020 жылы 20-45 жастағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда 30 млн. адамға астам болады деп болжануда. Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.

Үндістан елінің халқы 2010 жылғы жүргізілген халық санағының мәліметіне сүйенсек, соңғы 10 жылда 181 млн. адамға жетіп, жалпы саны 1, 21 млрд -тан артқан. Сөйтіп Қытай елінен небары 120 миллион адамға аз болып отыр. Сонымен қатар бұл елде де қыз балалардың дүниеге келуінің соңғы 50 жылда тұрақты төмендеуі байқалады. Үндістан елінің үкіметін де, Қытай еліндегідей бұл демографиялық мәселе қатты алаңдатып отыр. Екі елдегі бұл проблеманың негізі дәстүрлі түрде әрір отбасында ұл баланың болуы себеп болып отырғанын мамандар алға тартады.

Сонымен Қытай мен Үндістан елдері халықатрының санының артып отырғаны белгілі. Үкіметтердің халық санын төмендету бойынша жасап отырған әрекеттері гендерлік тұрақсыздыққа әкеліп тіреп отыр. Бұдан әрі де қыз балалрдың өмірге келуі төмендей берсе, демографиялық дағдарыс өте үлкен даулы мәселеге алып келуі әбден мүмкін.

АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде үшінші орын алады және үнемі халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы жалғыз ел болып саналады. Көрсеткіштер болжамы бойынша халық саны АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қазіргі демографиялық ахуалы және демографиялық реттеу мен жоспарлаудың қажеттілігі
Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы және демографиялық процестерді реттеу мен жоспарлау қажеттігі
Қазақстан жағдайында инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен принциптері
Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми-теориялық негіздері және индикативті жоспарлаудың Қазақстан мен халықаралық тәжірибесі
Экономиканы мемлекеттік реттеу: қажеттілігі, объектілері, әдістері мен құралдары және шетелдік тәжірибе
Экономиканы мемлекеттік реттеу: қажеттілігі, ұйымдастырушылық негіздері және шетелдік тәжірибе
Бизнес-жоспарлау: қажеттілігі, құрылымы және қаржылық жоспарлаудың әдістемесі
Халықаралық еңбек миграциясы және шетелдік жұмыс күшін құқықтық реттеу: халықаралық тәжірибе және Қазақстан
Халық саны мен демографиялық саясат: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы ахуал
Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz