Қазақстан Республикасындағы орта мен кіші кәсіпорындардың дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы орта және кіші кәсіпорындардың дамуы
Орындаған:Қайдыраш А.
Топ: ХН-221
Тексерген: Туруспекова А. С.
Семей 2015
Жоспар:
- Қазақстан Республикасының кіші және орта кәсіпорындары.
- Шағын және орта кәсіпкерлік қызметіндегі басты делінген мәселесі.
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы.
- Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы.
Қазақстан Республикасының кіші және орта кәсіпорындары.
Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
Қазақстан Республикасында бизнесті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Атап айтсақ, қазіргі кезге дейін шағын бизнесті қолдау мен дамытудың 7 мемлекеттік бағдарламасы (1992-1994жж. 1996-1998жж. 1999-2000жж. 2001-2002жж. 2004-2006жж. 2005-2007жж. 2007-2010жж. ) қабылданып, жүзеге асырылды. Соңғы бағдарлама экономикалық дамудың нақты жағдайына, елдегі шағын және орта бизнестің даму тенденциясын, шетелдік озық тәжірибелерді зерттей отырып, жан-жақты зерттеулер негізінде қабылданды. Ол Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2007-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы деп аталады.
Шағын кәсіпорындар деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтық шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізінен салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару - нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай- ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта бизнес-бұл бюджет қоржынын толықтырушы ғана емес, қосымша жұмыс орындарын ашып, ел экономикасы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта. Сондықтан, мемлекет шағын және орта бизнесті іс жүзінде қолдап отыруға ынталы. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі оның қызметін белгілі шеңберде бақылауды белгілеу және өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасау болмақ.
Шағын және орта кәсіпкерлік қызметіндегі басты делінген мәселесі - ол осы саланы қаржыландырудың, оған несие берудің мүмкіндігі. Банктер ақша олардың жекеменшігі болғандықтан шағын өсіммен (процентпен) ұзақ мерзімді несие бермейді. Сондықтан да бүгінгі күні кәсіпкерлер өз күшіне, өз мүмкіндігіне сүйенуге тиіс. Шын мәнінде шағын және орта бизнестің өзі қысқа мезімді жобалар үшін қызмет істеуге және соны жүзеге асыруға маманданатын сала болып табылады. Сондай-ақ кәсіпкерлер өздерінің қаржы - банк жүйесіне қатыспайтын несиелік серіктестіктерін құруға тиіс.
Қазақстан Үкіметі соңғы жылдары шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдауды өзінің басымды міндеттерінің қатарына кіргізді. Өйткені, оларды қолдау-жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жаппай жұмыссыздықты ауыздықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, монополизмді бейтараптандыру мүмкіндігін береді.
Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мәселесі Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық міндеттерінің қатарынан саналады.
Шағын кәсіпорын кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. Адам өздеріне және 46 млн. Адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Қазақстан Республикасында адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8 сәуірдегі №499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:
өндірісте, құрылыста және шаруашылықта - 50 адамға дейін;
саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;
көлік және байланыста - 25 адамға дейін;
ғылымда және жаңартпашылдық қызметте - 20 адамға дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта кәсіпорынке жатады.
Шағын кәсіпорынның артықшылықтары айқын. Бұл - шағын кәсіпорынның динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.
Шағын кәсіпорынның басты ерекшелігі - кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар (негізінен қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер - бұл ереже бойынша бір адам.
Шағын кәсіпорын ірі кәсіпорынке қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті Қазақстан Республикасы Агенттігінің мамандандырылған бюллетенінде жарияланылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, статистика бойынша қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің жеке меншік субъектісіне жалпы жеке меншік, мемлекеттін және муниципалды қоғамдық шағын кәсіпорындар 86 пайызы келеді. Бұл мәліметтер шағын кәсіпкерліктің дамуының тез дамып келе жатқанын көрсетеді.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы
Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін осы шағын кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан біздің елімізде де шағын және орта бизнестің қанат жаюына жағдай жасап, табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде.
Алакөл ауданында кәсіпкерлікті жүйелі түрде жүргізіп, оны одан әрі өркендету үшін 2008 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы» жасалды. Осы бағдарламаға сәйкес шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамда халықтың орташа тобын қалыптастыру жолында жұмыс жасалуда.
Азаматтар жеке кәсіпкерлігін жүргізуге талпынса, ол ауданның атқарушы органдарынан да, кәсіпкерлік бөлімінен де қолдау тауып, көздеген мақсатына жедел қол жеткізеді. Соның нәтижесінде 2009 жылы ауданда 9 дүкен, 1 қонақ үй, 1 сауда үйі, 2 мейрамхана, 2 монша ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Шағын кәсіпкерлік саласындағылар саны жылдан жылға көбейіп келеді. 2008 жылы шағын бизнеспен 13551 адам айналысса, бұл көрсеткіш былтыр 16315 адамға жетті. Соған байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілері өнім өндіру мен қызмет көрсету көлемін айтарлықтай арттырды. Атап айтқанда, 2008 жылы 598, 5 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 2010 жылы бұл нәтиже 1 млрд. 218 млн. 375 мың теңгені құрады. Бұл жаһандық дағдарыс кезіндегі жағдай. Дағдарысты толық еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түскен кезде шағын бизнестің болашағы айтарлықтай болатыны күмәнсіз. Дегенмен, табыс өздігінен келген жоқ. Осы орайда, салық комитеті, басқа да мекемелермен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге, әсіресе, жұмысын жаңа бастаған адамдарға нарықтың талаптары мен ерекшеліктерін, салық төлеудегі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, бизнесті дамытудың жаңа жолдары туралы жиі-жиі сабақ өткізіп, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыруы өз нәтижесін беруде. Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қаулысын жүзеге асыру мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру мәселесі жөнінде екінші деңгейлі банктермен бірлесе жұмыс жасауда.
Бүгінде кәсіпкерлердің көбі несие алу арқылы аяғына тұрып, көпшілігі бизнесін шыр айналдырып әкетті. Бұл ретте несие беретін ұйымдар мен банктердің ауыл адамдарына көмегі айтарлықтай.
2010ж екінші деңгейдегі банктерден 50 кәсіпкер 190 млн. теңге несие алды. Шағын несиелік ұйымдар 15 адамға 20 млн. теңге несие берді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ауданда 19 жобаға 25 млн. теңге, 13 кәсіпкерге 21 млн., 7 мемлекеттік емес ұйымға 10 млн. теңге несие берді.
Істің ілгері басуына оң ықпал ететін факторлардың бірі - инвестиция тарту. Кәсіпкерлік нысандары бойынша 2010 жылы 270 млн. 512 мың теңге инвестиция тартылды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» қорлар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы бірлесе отырып ұйымдастырған «Кәсіпкерлік экспресс» курсы белсенді өткізіліп отырады және куәліктер табыс етілуде.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында Қытайдағы «Достық-Алшаңқай» орталық сауда кешеніне күнбе-күн визасыз кіріп-шығу мәселесі қарастырылып, ол шешімін тапты. 2009 жылы 23 желтоқсанда визасыз кіріп-шығу жәрмеңкесі ашылды. Бүгінде ауданда визасыз кіріп-шығу жәрмеңкесі бойынша «Достық-тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халыққа қызмет көрсетеді. Экономикалық өсуді ынталандыру - кез-келген елдің экономикалық саясатының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені экономикалық өсу - халықтың әл-ауқатының артуына жағдай жасайды. Шағын және орта бизнес экономикалық өсу факторларының бірі болып табылады. Аса өзекті экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу барысында шағын және орта бизнестің рөлі ерекше болып табылады. Мемлекет тарапынан елеулі шығындарды талап етпестен, шағын және орта бизнес «салауатты» бәсекелі ортаның қалыптасуына, нарықтық тепе-теңдіктің орнауына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, жағдайы орташа тұрғындар тобының қалыптасуына, тұрғындардың әр-түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайды, ал бұл - ақыр соңында, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда соңғы 9 жылда шағын және орта бизнестің тіркелген кәсіпорындарының саны екі еседен артық мөлшерге өсіп, 2013 жылдың нәтижелері бойынша 1 542 мың бірлікті құраған. Осылайша, шағын және орта бизнес экономикалық тұрғыда белсенді тұрғындардың арасындағы барынша кеңінен тараған қызметтің түріне айналып отыр. Бұл - мемлекетіміздің жоспарлы саясатының дұрыс таңдалғанын, сондай-ақ еліміздегі бизнес-климаттың қолайлы екенін куәландырады.
2014 жылғы 1 желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы белсенді субьектілердің саны - 27 717 бірлік, (немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен 107, 1%), оның ішінде шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны - 2210, орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны - 137, жеке кәсіпкерлер - 23 820, шаруа қожалығы - 1550 бірлікті құрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz