ҚР-ның «Еңбек кодексі» жайлы



1.ҚР.ның «Еңбек кодексі».
2.Еңбек өауіпсіздігі стандарттар жүйесі.
3.Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары.
4.Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілігі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институтының кешенділігі туралы мәселені зерттеу барысында еңбек қауіпсіздігінің стандарттары сияқты техникалық-заңдық нормаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл стандарттарды барлық ұйымдар, мекемелер мен ұйымдар, және әсіресе жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары жаңа техниканы, технологиялық үдерістерді, өндірістік нысандарды жасау кезінде сақтаулары тиіс. Көрсетілген стандарттарды сақтау ғылыми-техникалық революцияның дамуы кейде уақыттың өзінен де озып кететіндіктен және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелерді сақтаудың өнеркәсіптік нысандарды, машиналар мен технологиялық үдерістерді жоспарлау мен салу кезінде алдыңғы қатарға шығып, қазіргі кезеңдегі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің аса маңызды түріне айналатындығынан да өзекті болып табылады.Сондай-ақ еңбекті қорғау институты мен әкімшілік құқық нормалары еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік (әкімшілік) тұрғысынан да түйіседі.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институты нормаларын реттеудің негізгі зерттеу тақырыбы қызметкердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар болып табылса, онда әлеуметтік қорғау құқығы азаматтардың қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанда (уақытша немесе тұрақты) немесе зейнеткерлік жасқа келгенде, оларды материалдық қамтамасыздандыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл қатынастар, әдетте, еңбек қатынастарымен тығыз байланысты. Азаматтардың материалдық қамтамасыздандырылуының көлемі бұл жағдайда олардың еңбек өтілдерімен еңбек қатынастары барысында алған еңбекақыларымен өлшенеді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары
Республиканың ұйымдарындағы еңбекті қорғаудың жай-күйі Үкіметінің және өкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Еліміздің кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен санитарлық-сауықтыру іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады.Тексерулер көрсеткендей, экономика салаларындағы ірі кәсіпорындардың көбінде еңбекті қорғау жөніндегі қызметтер құрылған, олар өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестірілген және сол ұйымның басшысына бағынады.Соңғы жылдары республика өндірістерінде жыл сайын үш мыңнан астам жазатайым оқиғалар кездеседі. Соның салдарынан 300-350 адам қаза табады,мыңдаған азамат кәсіби аурулардан зардап шегеді. Әсіресе, тау-кен металлургиясы, химия, мұнайхимияляқ кәсіпорындарындағы және құрылыс саласындағы жағдай ерекше алаңдатушылық туғызып отыр.
1. Ахметов А., Ахметова Г. Трудовое право: Оқулық. -Алматы: Юридическая литература, 2005
2.Ажинурина Д. Еңбек ету бостандығы және оны қорғаудың мәселелері: заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты /Ажинурина Д.- Алматы: б. ж., 2005

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Сөж

Тақырыбы: ҚР-ның Еңбек кодексі. Еңбек қауіпсіздік стандарттар жүйесі.Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілігі.

Орындаған: Сарсенбеков.А
Тексерген: Бейсебаев Ш.Т.

Семей 2015

Жоспар:
1.ҚР-ның Еңбек кодексі.
2.Еңбек өауіпсіздігі стандарттар жүйесі.
3.Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары.
4.Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілігі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.ҚР-ның Еңбек кодексі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау институтының кешенділігі туралы мәселені зерттеу барысында еңбек қауіпсіздігінің стандарттары сияқты техникалық-заңдық нормаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл стандарттарды барлық ұйымдар, мекемелер мен ұйымдар, және әсіресе жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары жаңа техниканы, технологиялық үдерістерді, өндірістік нысандарды жасау кезінде сақтаулары тиіс. Көрсетілген стандарттарды сақтау ғылыми-техникалық революцияның дамуы кейде уақыттың өзінен де озып кететіндіктен және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелерді сақтаудың өнеркәсіптік нысандарды, машиналар мен технологиялық үдерістерді жоспарлау мен салу кезінде алдыңғы қатарға шығып, қазіргі кезеңдегі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің аса маңызды түріне айналатындығынан да өзекті болып табылады.Сондай-ақ еңбекті қорғау институты мен әкімшілік құқық нормалары еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік (әкімшілік) тұрғысынан да түйіседі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау институты нормаларын реттеудің негізгі зерттеу тақырыбы қызметкердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар болып табылса, онда әлеуметтік қорғау құқығы азаматтардың қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанда (уақытша немесе тұрақты) немесе зейнеткерлік жасқа келгенде, оларды материалдық қамтамасыздандыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл қатынастар, әдетте, еңбек қатынастарымен тығыз байланысты. Азаматтардың материалдық қамтамасыздандырылуының көлемі бұл жағдайда олардың еңбек өтілдерімен еңбек қатынастары барысында алған еңбекақыларымен өлшенеді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары
Республиканың ұйымдарындағы еңбекті қорғаудың жай-күйі Үкіметінің және өкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Еліміздің кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен санитарлық-сауықтыру іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады.Тексерулер көрсеткендей, экономика салаларындағы ірі кәсіпорындардың көбінде еңбекті қорғау жөніндегі қызметтер құрылған, олар өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестірілген және сол ұйымның басшысына бағынады.Соңғы жылдары республика өндірістерінде жыл сайын үш мыңнан астам жазатайым оқиғалар кездеседі. Соның салдарынан 300-350 адам қаза табады,мыңдаған азамат кәсіби аурулардан зардап шегеді. Әсіресе, тау-кен металлургиясы, химия, мұнайхимияляқ кәсіпорындарындағы және құрылыс саласындағы жағдай ерекше алаңдатушылық туғызып отыр.
Өңірлерде өндірістік жарақаттану жағдайы бойынша ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында тіркеледі.Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты құбылыстардың сақталуы көп жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіздігіне, оның экономикалық реформалар қарқынына ілеспей, артта қалып қоюына да байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі -- еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатта Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы жаңа заң әзірленіп,ол 2004 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енді. Бұл заң ҚР еңбекті 4 қорғаудың құқықтық,экономикалық және әлеуметтік негіздері мен мемлекеттік саясаттың еңбек қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттарын, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалар мен аппараттарды алдын ала жөніндегі шараларды белгілейді.Еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құру жөніндегі аса перспективті және экономикалық жағынан негізделген тәсілдерін белгілеу жұмыс берушілерді қауіпсіз технологиялар әзірлеу және енгізу, еңбек қауіпсіздігіне қол жеткізу және өндірістік жарақаттануды барынша төмендету үшін материалдық және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануда экономикалық ынталандыруға сүйенеді.
Өндірістік жағдайларлар туралы жалпы мәлімет
Адамдардың өмірі мен еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету -- қазіргі тапсырмаларды шешудегі маңызды шарттардың бірі.Адам - қоғамның негізгі өндірістік күші және өндірістік жүйедегі маңызды орта. Ауыр жарақат пен кәсіби аурулардың пайда болу мүмкіндігі,еңбек жағдайларының қалай қамтамасыз етілуі, оның еңбекке деген қабілетінің дамуы мен сақталуы прогрестің даму уақытына тәуелді. Еңбек қауіпсіздігінің проблемаларын шешудегі жүйелік сәйкестігінің ең маңыздысы - технологиялық процесс, қондырғылар, құрал-жабдықтар, ал басқаруға болатын жүйелік сәйкестік адамды қоршаған ортада нақты болатын процестер пен құбылыстардың байланысын және өзара қарым-қатынасын көрсетеді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмыстардың негізгі бағыты -қауіпсіз техника мен технологияны дамыту, яғни потенциалды қауіпті және зиянды өндірістік факторларды болдырмау.
Халық шаруашылығының барлық салаларында барлық кәсіпорындар жоғары деңгейлі жұмыс жасау үшін еңбектің қауіпсіздігін және салауатты жағдайлар туғызу керек. Ал бұл -- кәсіподақ жұмысы.Берілген бөлімді оқи отырып, еңбекті қорғау туралы анық білім алуға болады.Біріншіден - бұл барлық мекеме мен ұйымдар, өндіріс орындары үшін тағайындалатын құқықтық нормалар жүйесі, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметтегі адамдар үшін жарақаттану, кәсіби және жұмыспен байланысты басқа да аурулардың алдын-алу ережелері мен талаптары.Екіншіден - бұл мұнайөңдейтін және мұнайхимиялық, химиялық өнеркәсіпте еңбекті қорғауды бақылауын реттейтін және еңбек заңы бұзылуына жауапкершілікті нормалар. Мемлекеттік бақылау органдар құрлымымен зерттеу қажетті.
Еңбек Тәртібі - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория. Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек төртібі сендіру жөнө мәжбцрлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін колдану кызметкерлердің өкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны кетермелеу шаралары болып табылады. Мәжбүрлеу әдісі сендіру әдісі қажетті нәтижелерге қол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзға ны үшін қолданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады.
Еңбекті ұйымдастырудағы жұмыс берушінің міндеттері:
:: еңбек жарақатына жол бермейтін техника кауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу
:: қызметкерлердің көсіби және басқа да науқастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету
:: қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды орындауын бақылайды.

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
Лауазым иелері еңбек тәртібін бұзғаны үшін бағыныштылық тәртібімен жауап береді. Лауазым иелерінің кейбір топтары олардың атқарып отырған қызметінің айрықша сипатына байланысты бағыныштылық тәртіппен еңбек тәртібін бұзғаны үшін ғана емес, оның қадір-қасиетімен сыйыспайтын теріс қылықтары үшін де заңда көзделген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Тәртіптік теріс қылықтардың өзіне тән негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
:: нақты кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібін коғамдық қауіпті емес сипатта бұзу
:: осы кәсіпорынмен (ұйыммен) еңбектік құқықтық қатынастарда тұратын қызметкерлер жасайтын тәртіп бұзушылықтар
:: қызметкерлердің өздерінің еңбек міндеттерін құқыққа қарсы және кінәні орындамауларынан көрінетін тәртіп бұзушылықтар
:: кінәлілікпен құқыққа қарсы іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстар.
Қазіргі таңда, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат жан-жақты өзгертілген.
Ол бағыттары мынадай:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;
11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін таратуға;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Мемлекет өзінің азаматтарының еңбегін қорғауға құқықты кепілдейді. Ең басты кепілдік қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірісте еңбекті қорғаудың жоспарлы түрде үздіксіз, тұрақты түрде жақсаруы тиіс екендігінен көрініс табады.
Қазіргі таңда жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары мына төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
-- Жұмыс орындары орналастырылған ғимараттар өзінің құрылысы бойынша функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуге тиіс.
-- Жұмыс жабдығы оның осы түріне белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, оның тиісті сақтандыру белгілері болуға және жұмыс орындарында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақыны есептеу
Оқу-танымдық тәжірибе есебі
Борышкерден алименттерді өндіріп алу тәртібі
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Шаруашылык субъектінің меншікті капиталының есебі
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институты
Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Корпоративтік басқару жайлы
Пәндер