Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер



Мазмұны

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ.Негізгі бөлім.
1. Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер ... ... ... ... ... ... ..6
2. Қазақстан аймағының VІІ.ІХғ. физикалық география тұрғыдан зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3. Қазақстан аймағының ХІХ.ХХІғ.физикалық география тұрғыдан зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
4.Қазақстан аймағындағы КСРО кезеңінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

IV.Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе.
Физикалық география туралы көзқарас Жер туралы ілімнің жинақталуы мен салаләну дәрежелеріне байланысты дамыды. Алғашында (Б. Варениус, 1650) жер шары бетін зерттейтін, 17 және 19 ғ-дың 1-жартысында (И. Кант, М. В. Ломоносов, А. Гумбольдт т. б.) жер бетін құрайтын заттар мен құбылыстардың физ. қасиеттерін зерттеуші, 19 ғ-дың 2-жартысында (П. П. Семёнов-Тян-Шан-ский, В. В. Докучаев) жер бетіндегі заттар мен құбылыстардың байланыстарын, даму жолдарын қарастыратын ғылым ретінде қалыптасты. 20 ғ-да П. И. Броуновтың (1910) жердің «сыртқы қабығы» туралы іліміне, Л. С. Бергтің (1913,1916) ландшафтылың зонаға арналған еңбектеріне, В. И. Вер-надскийдің (1922) биосфера туралы ғылми ойларына, А. А. Григорьевтің (1932—37) геогр. қабықты зерттеулеріне және С. В. Калесниктің (1970) т. б. еңбектеріне байланысты дамыды.
Физикалық география— жер тану және аймақтық физизиеалық география бөлімдерінен тұрады. География қабықты құрайтын жеке компо-ненттердің өзіндік ерекшеліктерін геоморфология, климатология,, топырақ географиясы сияқты жеке физикалық география ғылымдар салалары зерттейді. Аймақтық Физикалық география геогрфиялық қабықты құрайтын табиғи территориялық комплекстің морфоқұрылымдық, аймақтық, типологиялық, дифференциациялану заңдылықтарымен айналысады.
Физикалық география математика, физика, химия, картография, геофизика, геохимия, геология, биология, биохимия, экономикалық география т. б. жаратылыс тану ғылымдарымен тығыз байланысты.
Физикалық географияның басты міндеттері — географиялық қабықтың бір тұтастылығын тану, жергілікті табиғи жағдайларына байланысты географиялық комплекстердің территориялық дифференциациялану заң-дылықтарын ашу, геогр. қабықтың өткендегі даму жолдарын анықтау, география ортаның халық шауашылық дамуындағы ролін зерттеу. Географиялық қабықтың бір тұтастығын тану үшін алдымен бұның компоненттері арасындағы және географиялық қабық пен Жердің басқа сфералары арасындағы зат, энергия алмасулары және оларға байланысты болатын Физкалық географиялық процестері зерттеледі; геогр. қабықтың вертикальды байланыстарының моделі жасалынады. Географиялық комплекстерді террнториялық дифференциациялау зоналық, зоналы-провинциялы-генетикалық және комплекстік принциптердің негізінде болатын ландшафтылардың ерекше белгілерінің қайталануы және ландшафтылық белгілерінің комплексі бойынша жүзеге асады; географиялық комплекстердің горизонталъды байланыстарының моделі жасалынады. Географиялық қабықтың өткендегі даму жолдары жер қыртысын құрайтын жыныстардың палеогеографиялық деректеріне талдау жасау, мұздану дәуірінен кейінгі не бұрынғы геол. дәуірлердегі геогр. ортаның даму заңдылықтарын ашу арқылы анықталынады; географиялық циклдің моделі кұрастырылады, сол арқылы географиялық комплекстің болашақтағы өзгерісі болжамдалынады. Географиялық ортаның халық ш. даму-ъгадағы ролін зерттеу арқылы Физикалық географияның қолданылмалы мәселелері шешіледі, табиғи ресурстардың потенциалды мүмкіншіліктері, пайдаланылу тиімділігі анықталынады, бұрынғы қолайлы географиялық комплекстерді жаңарту және жетілдіру жолдары белгіленеді, Ірі-ірі өндірістік қүрылыстар мен ирригациялық, мелиорациялық т. б. жүйелердің геогр. комплексаралық байланыстарының моделі жасалынады.
Ф. г. 19 ғ-дың 2-жартысына дейін сипаттау және салыстыру әдістерін пайдаланып келді. Октябрь революциясынан кейінгі географиялық зерттеулерде диалектикалық материализм принциптерін методолиялық басшылыққа алу кең өріс алды. Демек, геогр. қабықты құрайтын ком-поненттер бір-бірімен тығыз байланысты болып келетін, ұдайы өзара әрекеттесудің нәтижесінде күрделене беретін бір тұтас бірлік ретінде қарастырылады. Ғылми техникалық революция физикалық географиялық стиялар мен экспедициялық зерттеу полигондардағы, маршруттардағы
бақылауларды, эксперименттерді жетілдірді. Жай көзбен (визуальды) не-месе қарапайым қүралдардың көмегімен жүргізілетін бақылаулар автомат-тандырылды. Жер бетін аэро-космофото түсірулер және радио-телевизиялық бақылаулар географиялық комплекстерді математикалық дәлдікпен карта бетіне түсіруге мүмкіндік туғызды, бұлардың алуан түрлі өзара байланысларын, табиғи құбылыстарының сырын ашты. Тропо-сфераның

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Қазақстан аймағы туралы көне замандағы
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . .6
2. Қазақстан аймағының VІІ-ІХғ. физикалық география тұрғыдан
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Қазақстан аймағының ХІХ-ХХІғ.физикалық география тұрғыдан
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
4.Қазақстан аймағындағы КСРО
кезеңінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...20
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
IV.Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .24

Кіріспе.
Физикалық география туралы көзқарас Жер туралы ілімнің жинақталуы мен
салаләну дәрежелеріне байланысты дамыды. Алғашында (Б. Варениус, 1650) жер
шары бетін зерттейтін, 17 және 19 ғ-дың 1-жартысында (И. Кант, М. В.
Ломоносов, А. Гумбольдт т. б.) жер бетін құрайтын заттар мен құбылыстардың
физ. қасиеттерін зерттеуші, 19 ғ-дың 2-жартысында (П. П. Семёнов-Тян-Шан-
ский, В. В. Докучаев) жер бетіндегі заттар мен құбылыстардың байланыстарын,
даму жолдарын қарастыратын ғылым ретінде қалыптасты. 20 ғ-да П. И.
Броуновтың (1910) жердің сыртқы қабығы туралы іліміне, Л. С. Бергтің
(1913,1916) ландшафтылың зонаға арналған еңбектеріне, В. И. Вер-надскийдің
(1922) биосфера туралы ғылми ойларына, А. А. Григорьевтің (1932—37) геогр.
қабықты зерттеулеріне және С. В. Калесниктің (1970) т. б. еңбектеріне
байланысты дамыды.
Физикалық география— жер тану және аймақтық физизиеалық география
бөлімдерінен тұрады. География қабықты құрайтын жеке компо-ненттердің
өзіндік ерекшеліктерін геоморфология, климатология,, топырақ географиясы
сияқты жеке физикалық география ғылымдар салалары зерттейді. Аймақтық
Физикалық география геогрфиялық қабықты құрайтын табиғи территориялық
комплекстің морфоқұрылымдық, аймақтық, типологиялық, дифференциациялану
заңдылықтарымен айналысады.
Физикалық география математика, физика, химия, картография, геофизика,
геохимия, геология, биология, биохимия, экономикалық география т. б.
жаратылыс тану ғылымдарымен тығыз байланысты.
Физикалық географияның басты міндеттері — географиялық қабықтың бір
тұтастылығын тану, жергілікті табиғи жағдайларына байланысты географиялық
комплекстердің территориялық дифференциациялану заң-дылықтарын ашу, геогр.
қабықтың өткендегі даму жолдарын анықтау, география ортаның халық шауашылық
дамуындағы ролін зерттеу. Географиялық қабықтың бір тұтастығын тану үшін
алдымен бұның компоненттері арасындағы және географиялық қабық пен Жердің
басқа сфералары арасындағы зат, энергия алмасулары және оларға байланысты
болатын Физкалық географиялық процестері зерттеледі; геогр. қабықтың
вертикальды байланыстарының моделі жасалынады. Географиялық комплекстерді
террнториялық дифференциациялау зоналық, зоналы-провинциялы-генетикалық
және комплекстік принциптердің негізінде болатын ландшафтылардың ерекше
белгілерінің қайталануы және ландшафтылық белгілерінің комплексі бойынша
жүзеге асады; географиялық комплекстердің горизонталъды байланыстарының
моделі жасалынады. Географиялық қабықтың өткендегі даму жолдары жер
қыртысын құрайтын жыныстардың палеогеографиялық деректеріне талдау жасау,
мұздану дәуірінен кейінгі не бұрынғы геол. дәуірлердегі геогр. ортаның даму
заңдылықтарын ашу арқылы анықталынады; географиялық циклдің моделі
кұрастырылады, сол арқылы географиялық комплекстің болашақтағы өзгерісі
болжамдалынады. Географиялық ортаның халық ш. даму-ъгадағы ролін зерттеу
арқылы Физикалық географияның қолданылмалы мәселелері шешіледі, табиғи
ресурстардың потенциалды мүмкіншіліктері, пайдаланылу тиімділігі
анықталынады, бұрынғы қолайлы географиялық комплекстерді жаңарту және
жетілдіру жолдары белгіленеді, Ірі-ірі өндірістік қүрылыстар мен
ирригациялық, мелиорациялық т. б. жүйелердің геогр. комплексаралық
байланыстарының моделі жасалынады.
Ф. г. 19 ғ-дың 2-жартысына дейін сипаттау және салыстыру әдістерін
пайдаланып келді. Октябрь революциясынан кейінгі географиялық зерттеулерде
диалектикалық материализм принциптерін методолиялық басшылыққа алу кең өріс
алды. Демек, геогр. қабықты құрайтын ком-поненттер бір-бірімен тығыз
байланысты болып келетін, ұдайы өзара әрекеттесудің нәтижесінде күрделене
беретін бір тұтас бірлік ретінде қарастырылады. Ғылми техникалық революция
физикалық географиялық стиялар мен экспедициялық зерттеу полигондардағы,
маршруттардағы
бақылауларды, эксперименттерді жетілдірді. Жай көзбен (визуальды) не-месе
қарапайым қүралдардың көмегімен жүргізілетін бақылаулар автомат-тандырылды.
Жер бетін аэро-космофото түсірулер және радио-телевизиялық бақылаулар
географиялық комплекстерді математикалық дәлдікпен карта бетіне түсіруге
мүмкіндік туғызды, бұлардың алуан түрлі өзара байланысларын, табиғи
құбылыстарының сырын ашты. Тропо-сфераның жоғары қабатының жай күйі, ондағы
қозғалыстар мен өзгерістер және бүлардың жердегі ауа райына тигізетін
әсерлері анықталды. Бақылау-лар мен эксперименттер мәліметтерін электрлік
есептеу машинасының көме-гімен қорыту кең өріс алды. Физикалық географиялық
зерттеулерде матем. операцияларды кеңінен пайдалану арқылы геогр. комплекс
типтері мен блоктарының функционалды схемасы құрылды, екі немесе көп
компонентті корреляциялық байланыстары анықталынды.

,

1. Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер.

Қазақстан жерінде өте ерте заманнан бері адамдар қоныстанған Қаратау
тауының баурайынан тас дәуірінің көптеген ескерткіштері — әр түрлі тас
құралдар табылды. Біздің заманымыздан бүрынғы III—II ғасырларда өмір сүрген
адам-дардың қарапайым құралдары ол адамдардың аңшылықпен, егіншілікпен
айналасқанын көрсетеді. Қыштан жасалған қарапайым ыдыстар табылды. Біздің
заманымыздан бұрынғы II ғасырда Қазақстанның халқы Еуразиядағы отырықшы
мәдени дамыған ел болып, егіншілікпен айналысқан. Ертедегі грек
жазбаларында Қазақстандағы алғашқы тайпаларды сақтар деп атаған. Сақтар
Жетісу мен Сырдария өзендері алабында өмір сүрген. Мал бағып, егін өсірген.
Грек ғалымдары Геродот (б.з.б. V ғ.) пен Птолемей (б.з.б. II ғ.) өз
еңбектерінде Каспий теңізінің шығысындағы шексіз жазық жер, ондағы өмір
сүрген халықтар, Жайық, Жем және Сырдария өзендері туралы мәліметтер
қалдырған. Еуропа мен Азия елдерін байланыстыратын керуен жолдары (Жібек
жолы) ежелгі заманнанақ қазак жерінің үстімен өткен. Осыған байланысты
мұндағы табиғи объектілер туралы жазба деректер өте ерте кезден-ақ белгілі
болған. Мысалы, Геродот (б. з. б. 5 ғ.) Каспий теңізінің шығысында шексіз
жазық еңір жатқаны туралы баяндаған. К. Птоломей (б. з. б. 2 г.) ез
еңбектерінде Жайық, Жем, Сырдария езендері туралы мәліметтер келтірген.
Қазақстан Еуразия материгінің ішкі жағына орналасқан. Тынық мұхит пен
Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхиттан бірдей
дерлік қашықтықта жатыр. Оның мұхиттардан шалғай жатқандығы әрі
территориясының орасан үлкендігі климатына әсер етеді. Қазақстан батысында
— Еділдің төменгі ағысынан, шығысында — Алтай тауларының етегіне дейін 3000
км екі сағаттық белдеуді басып өтеді. Солтүстікте — Батыс Сібір жазығынан
оңтүстікте Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км~ге
созылып жатыр.
Республика жерінің солтүстік нүктелері (55°26; с. е.) Шығыс Еуропа
жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдррырың оңтүстік ендігіне, ал
республиканың оңтүстік нүктелері (40°56' с. е.). Кавказ сырты мен Оңтүргік
Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді.
Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның территориясының табиғат
жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және
оңтүстік ендіктеріне орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа жерлері
қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа жерлері субтропиктік
климатымен ерекшеленсе, Қазақстан территориясы құрғақ және қатаң
континенттік климатымен ерекше көзге түседі. Қазақстан табиғатыңың бір
шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен, мысалы, оңтүстікте тау
етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі
суық, боран соғып тұрады. Географиялық орнына қарай республика
территориясывда орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары
қалыптасқан. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс таульі өңірлерівде
ландшафтылардың одан да алуан түрлі биіктік зоналары байқалады.
Шекаралары. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 000 км-ден астам,
оның 12 000 км-ге жуығы құрлықпен Бұл кезеңде физикалық-географиялық
зерттеулер жүйелі жүргізілді, әр салалық зерттеу жұмыстары бір-бірімен
байланыстырылды. Бірақ Қазақстанда өзіндік ғылыми орталықтың болмауы
тұрақты кешенді зерттеулер жүргізуге тежеу болды.

2.Қазақстан аймағының VІІ-ІХғ.физикалық география тұрғыдан зерттелуі
VI—VII ғасырларда Қазақстанның аумағында ¥лы Жібек жолы қалыптасты. ¥лы
Жібек жолы Қытай жерінен басталып, Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азиядан
Үндістан, Иран, Түркия, Египет, Сирия, Византияға дейін созылып жатты.
Жібек жолының бір тармағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды, екінші тармағы
Қастек асуы, Қаскелең, Алмалық, Талғар арқылы өтіп, Жоңғар қақпасына,
Бесбалыққа, Дунхуанға, одан ары Кіші Қытайға кетеді. Қазақстанда ¥лы Жібек
жолы бойында мәдениетті, өркениетті, гүлденген қалалар қалыптасты. Олар:
Баласағүн, Отырар, Янгикент, Жент, Тараз, Сығанақ, Талғар, Суяб, Испиджаб,
Сауран, Алмалық, т.б.
Қазіргі кезде бұл қалалардың мәдениеті мен қолөнері дамығандығын
айқындайтын қыш құмыралар, қытай фарфоры, өрнекті мыс ыдыстар, піл
сүйегінен жасалған шахмат ойынының жабдықтары, керамикалық заттар, теңгелер
мен әшекей бұйымдары табылды. ¥лы Жібек жолының ұзындығы 6970 шақырым.
IX- X ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп,
картаға түсірді. Гректердің Әмудария мен Сырдария Каспий теңізіне құяды
деген жорамалдарын теріске шығарып, өзендердің Арал теңізіне құятынын
анықтады. XI—XII ғасырда өмір сүрген араб ғалымы әл-Идрисидің Нузхат ал-
Муштак, түрік Махмүд Қашғаридің Диуани-лұғат ата-түрік деген
еңбектерінің Қазақстан үшін географиялық маңызы зор. Әл-Идриси еңбегінде
сол кездегі 16 қаланың өмірі мен ондағы адамдардың тұрмыс жағдайларынан
толық мағлұмат берсе, ал Махмұт Қашғари қазақ жеріндегі көптеген
географиялық атауларды дүние жүзінің дөңгелек картасына түсірді. М. Қашғари
жасаған картаны ғалымдар XI ғасырда Орталық және Орта Азияда жасалған
түріктің картографиялық ескерткіші— деп атады.
Әбу Насыр әл-Фараби. Дүние жүзіне белгілі ғалым, асқан ойшыл,
замандастары құрметтеп екінші Аристотель атаған Әбу Насыр әл-Фараби
қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар өңірінде орта ғасырда (870 ж.)
дүниеге келген. Балалық шағы Арыс пен Сырдария өзендерінің қиылысында
өткен.
Білімге құмар жас Отырар медресесін бітірген соң, ондағы аса бай
кітапханада өз бетінше білімін одан әрі толықтырады. Кейін сол кездегі аса
ірі мәдениет орталығы Бағдад қаласына келеді. Онда Аристотель, Евклид,
Птолемей еңбектерін оқып үйренеді. Әбу Насыр ғылым мен өнердің барлық
саласында еңбек еткен ғұлама. 150-ден астам ғылыми еңбек жазған. Сонымен
қатар ол әр түрлі аспаптарда тамаша орындаушы, ақын болған. ¥лы ғұлама ұзақ
уақыт шет елде жүрсе де, өзінің туған жері Отырарды есінен шығармаған.
Әл-Фарабидің жаратылыстану ғылымы саласында жазған еңбегінің қолжазбасы
Өзбекстан Республикасы Шығыстану институтының қолжазба қорында сақталған.
Оның Ғылымдардың шығуы, Ғылымдар тізбегі атты еңбектерінде табиғаттану
мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Географиялық құбылыстарды математикалық
жолмен есептеп шығарған. Ерте кезден қазақ елі Жетіқарақшы, Темірқазьщ,
Үркер сияқты жүлдыздар тобын түн сағаты ретінде пайдаланса, күндізгі
уақытты күн сағаты арқылы айыратын болған.
Әл-Фарабидің күн сағатында күн сәулесін сызық, ал жер шарын сфера ретінде
алып, сол арқылы шеңберлік градусты өлшеп, сағат мезгілін дәл есептеп
шығарған.
Әл-Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымы тарихынан берік орын
алады. Фарабидің Каир, Бейрут, Хайдарабад, Анкара, Берлин, Лондон
қалаларында араб тілінде басылып шыққан қолжазба еңбектері Братислава
мұражайында сақтаулы. Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы құрметіне оның
еңбектерінің 7 томы қазақшаға аударылып басылып шықты.
Фараби еңбектерінде адамдардың бақытқа, молшылыққа жету үшін бір-біріне
әділетті дос болуын насихаттап жазады.
Фарабидің: (қос нүкте) Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне
көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады— деген сөзі бүгінгі
өмірге бағыштап айтқан сияқты. (Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы,
1972.)
Халқымыз дана ұлын есте сақтау үшін Қазақтың мемлекеттік Ұлттык,
университетіне, Алматы қаласының үлкен данғылына Шымкент қаласындағы
Мәдениет институтына, ғұлама ғалымнын, туған жеріндегі мәдениет сарайына,
Отырар ауданындағы кеңшарға, мектептер мен көшелерге әл-Фараби есімін
берген. Алматыда және ғұлама ғалымның туған жері Отырар ауданының орталығы
Шәуілдірде ескерткіш орнатылған. IX—X ғасырларда араб саяхатшылары Арал
теңізін картаға түсіріп, сипаттама берген. Сонымен қатар, олар Сырдария,
Жайық, Жем, Сағыз өзендерін де білген. Бұл кезеңнің ерекшелігі — араб
зертгеушілері географиялық табиғат жағдайларын сипаттаумен бірге, қазақ
жеріндегі қазіргі географиялық атаулардың қалыптасуына үлес қосты. Сондай-
ақ, Әбу Насыр әл-Фарабидің астрономиялық зерттеулері (күн сағаты, т. б)
қазақ жері туралы мағлүматтарды толықтыра түсті. Махмүд Қашғаридщ "Диуани-
лұғат-ат-түрк" деген еңбегінің географиялық маңызы зор болды. Ғалым' мұнда
дүние жүзінің дөңгелек картасына қазақ жеріндегі кептеген объектілерді
түсірді. Сонымен қатар ол Қазақстандағы географиялық атауларды табиғат
жағдайларымен байланыстырып түсіндіруге тырысты.
XIII ғасырда итальян саяхатшысы П. Карпини мен фламандық В. Рубрук ездері
жүріп өткен шөл, шөлейт аймақтарга сипаттама берген. Олар Каспий теңізі
туралы бұрынғы мәліметтерді толықтырып, Алакөл, Балқаш көлдері, Тарбағатай,
Жоңғар Алатауы жайында алғашқы деректер келтірген. Бұл кезеннің
зерттеушілері жеке табиғи объектілерді гана сипаттады.

XIII ғ. басындағы Шыңғысхан жорығынан қазақ жері көп зардап шекті. Моңғол
езгісі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына тежеу
салып, өркениетті ел қатарына қосылуын кешеуілдетті. XVI ғ. үйсін, дулат,
қоңырат, қаңлы, қыпшақ, арғын, найман, т.б. тайпалар бірігіп, бірыңғай
қазақ халқы болып қалыптасуы аяқталды. Қазақ халқы түркі тілдес халықтар
тобына кіреді. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігін жайлаған
тайпаларды ¥лы ж ү з ; Есіл мен Ертістен Сырдария, Шуға дейінгі орталық
бөлігін жайлаған тайпаларды О р т а ж ү з ; батыс бөлігін жайлаған
тайпаларды К і ш і ж ү з деп атады. Ол атаулар осы күнге дейін сақталған.
Қазақ халқының жүздерге бірігуі, сол кезде жиі болып тұрған жаугершілікке
қарсы, туған жерді дұшпаннан қорғауға, ынтымаққа бағытталған шара еді. Кең
байтақ жері бар ата-бабаларымыздың негізгі шаруашылығы — мал бағу,
оңтүстікте егін егу болды.
XV ғасырда Қазақ хандығы құрылды. Қасым ханның билігі кезінде (1511—1520
жж.) Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнай
бастады. Сол кезден бастап Ресей патшалары қазақ жері, табиғаты, онда өмір
сүріп жатқан өжетте батыр халық — қазақтар туралы мәлімет жината бастады. I
Петр патша тұсында Қазақстан Ресейдің сыртқы саясатында ерекше орын алды.
Қазақстан Азия елдерімен қарым-қатынас жасауда қақпа және кілт деп саналды.
I Петр Қырғыз-қайсақ ордасы Ресей қарамағында болуы тиіс. Сөйтіп, тек сол
арқылы ғана күллі Азия елдерімен байланыс жасап, Ресей жағына пайдалы әрі
кәдеге жарамды дүниені алу керек,— деп жазды. Қазақстан мен Орта Азияны
зерттеп, қандай табиғи байлығы бар екенін анықтау үшін арнаулы
экспедициялар ұйымдастырды. Әскери экспедиция адамдары Каспий теңізі,
Ыстықкөл, Зайсан көлдері мен Сырдария, Ертіс, Шу өзендерін, Тянь-Шань
тауларын зерттеп, картаға түсірді.

3. Қазақстан аймағының ХІХ-ХХІғ.физикалық география тұрғыдан
зерттеуі.

XIX ғ. 1-жартысында Ресей патшалығы өзінің қарамағына енген жаңа жерлерді
игеру мақсатында бірнеше ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Қазақ жерінде
болып жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістерге байланысты жасақталған
экспедициялар Қазақстан аумағында физикалық-географиялық зерттеу
жұмыстарын жүргізді. Сол кездегі Бұхар хандығымен сауда-саттықты күшейту
үшін орыс елшісі А.Негридің ұйымдастыруымен құрылған экспедиция қазіргі
Батыс Қазақстан жері арқылы өтіп, бүл жердің табиғат жағдайлары мен
байлықтарын Орынбор өлкесінін, жаратылыс тарихы деген атпен шыққан
еңбегінде сипаттап жазды. Каспий теңізі жағалауымен Үстірт, Арал теңізі,
Қызылқұм шөлдеріне толық сипаттама берді. 1920 ж. бастап қазіргі Қазақстан
жерін зерттеуші экспедициялардың саны арта түсті. Сол кезде қазақ жерінде
көптеген атақты ғалым-саяхатшылар болды. Мысалы, атақты неміс ғалымы А.
Гумбольдт Алтайға саяхат жасау негізінде Орталық Азия атты көлемді
еңбегін жазды. XIX ғ. 30-жылдары ғалым А.И. Левшин Қырғыз-қазақ немесе
қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы деген кітабында қазақ жеріне толық
сипаттама бере келіп, Қазақстан ландшафтысының зоналық заңдылыққа
байланысты өзгеруін анықтайды. Қазақ жерін географиялық түрғыдан зерттеуде
Л.И. Шренк, А.И. Бутаков, К.М. Бэр, зоолог Н.А. Северцов, П.П. Семенов, Ш.
Уәлиханов, И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, т.б. ғалымдар зор еңбек сіңірді.
П.П. Семенов Тян-Шанский (1827—1914) Петербург университетін бітірген
соң, Батыс Еуропаға барып, білшін толықтырады. Атақты неміс ғалымы А.
Гумбольдтан сабақ алады. 1856 ж. көктемінде Ресейге қайтып келіп, Тянь-Шань
саяхатына дайындалады. Тянь-Шаньға бара жатқанда жолында Омбы қаласына
тоқтап, онда қазақтың дарынды ұлы Шоқан Уәлихановпен танысады. Екеуі ғылыми
зерттеулер туралы пікірлеседі. Омбыдан шыққан П.П. Семенов Семейді, Балқаш
көлін басып, Верный қаласына тоқтайды. Осы жерден Ыс-тықкөлге, Орталық Тянь-
Шаньға бірнеше рет сапар шегеді, көптеген аса маңызды жаңалықтар ашады.
Тянь-Шань тауының ең биік шыңы Хан-Тәңірі екенін ашып, география ғылымына
Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Іле жазығы деген атауларды енгізді. Сырдария
өзенінің бастауын тауып, Шу өзенінің Ыстықкөлден басталмайтынын дәлелдеді.
Сол уақытқа дейін Батыс Еуропа ғалымдарының Тянь-Шань таулары жанартаудың
атқылауынан пайда болған деген жорамалдарын теріске шығарып, Тянь-Шань
тауындағы биіктік белдеулікті анықтайды. Семенов Тянь-Шаньға саяхатының 50
жылдығы құрметіне фамилиясына қосымша Тян-Шанский деген құрметті атқа ие
болды. П.П.Семенов Тян-Шанский ұзақ уақыт Орыс география қоғамына
жетекшілік етіп, Ш.Уәлихановтың, Н.М. Пржевальскийдің, Н.Н.Миклухо-
Маклайдың, Г.Н.Потаниннің, П.К. Козловтын, және басқалардың ғылыми
саяхаттарын ұйымдастырды.
П. П. Семенов (1827—1914) — еуропалық ғалымдаріың ішінде Тянь-Шаньды
зерттегендердін, алғашқылары-шқ бірі. Өл 1856—1857 жылдары Орталық Тянь-
Шаньга, тіпті оның Хан-Тәңірі массивіне дейін барды. Ол неміс ғалымдарының
бұл таулар жанартаудың әсерінен пайда болды деген ғылыми-жорамалын
жоққа шығарып, оның түзілуін ғылыми шындықпен суреттеп жазды. П.-П.
Семенов Іле Алатауының солтүстік беткейін мысалға келтіре отырып, Тянь-
Шанышң климаты мен өсімдігіне биіктік белдеу тән екенін анықтады. П. П.
Семенов Тянь-Шань тауын зерттеудегі жүргізген үлкен еңбегі үшін Семенов-Тян-
Шанский ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
Енисей жазба мұралары
Күлтегін ескерткішінің зерттелу тарихы
Түркі тілдеріне байланысты зерттеулер
Орталық Қазақстан темір дәуірінде
Бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалар
Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер
Монография рецензия
Қорқыт ата кітабы. Әбу Насыр әл-Фараби. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат түрік»
Ақпарат және оны өрнектеудің жолдары
Пәндер