Франклин Д. рузвельттің саяси портреті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Тарих» мамандығы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: ФРАНКЛИН Д. РУЗВЕЛЬТТІҢ: САЯСИ ПоРТРЕТІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Ф. Рузвельт және саяси әлемге бет алу . . . 7
- Ф. Рузвельт өмірінің басты кезеңдері . . . 7
- Әскери-теңіз министрлігіндегі Рузвельтің қызметі . . . 17
1. 3 Рузвельт - Нью - Йорк штатының губернаторы . . . 24
2 Рузвельт : құрама штаттар президенті . . . 32
2. 1 «Жаңа бағыт» және билікке жол . . . 32
2. 2 Рузвельттің сыртқы саясаты . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тарихта тұлғалардың тарихы ерекше орынды иеленді. Әсіресе, мемлекеттік және саяси қайраткерлігімен ерекшеленген ірі саяситұлғалар әрқашанда ел тарихында шешуші ролді атқара білген.
«Қырғи қабақ соғыс» жойылып, посткеңестік мемлекеттерде саяси идеологияның құрсауы тарих ғылымынан оқщауланғанан кейін, қазіргі заман тарихын зерттеуде, соның ішінде ірі саяси қайраткерлерді жаңаша тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы туды. Осындай тарихи тұлғалардың бірі, есімі кеңес дәуірінде аса жоғары деңгейде айтылмай, айтыла қалса да тек сыни тұрғыда аталып келген Франклин Делано Рузвельт болды.
Ф. Д. Рузвельт (тарихи әдебиеттерде «Ф. Д. Р» деп атаған) . Құрама Штаттардың тарихында өз орны бар, мемлекеттің экономикасы мен мәдениетінің дамуына, әскери өндірістік кешенімен әлеуметтік деңгейін, көтеруге өз елеулі үлесін қосқан ірі мемлекет қайраткері. Ол бастапқыда әртүрлі қызметтерде, кейін саяси қызметке араласып, АҚШ - тың жоғарғы мемлекеттік басқару жүйелерінде ұзақ жылдар бойы қызмет жасады. Ал, 1932 - 1945 жылдары АҚШ - тың президентігіне алғаш ел тарихында 4 рет қатарынан президент болып сайланды. Мұның өзі бұл аталмыш тұлғаның мемлекеттік бейнесін жоғарлата түседі.
Франклин Рузвельт АҚШ - тың президенті бола жүріп, сол уақыттағы елдегі күрделі әлеуметтік - экономикалық қиындықтарға тап келіп сол қиындықтарды шешумен ерекшеленді. 1924 - 1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарымен күресіп, «жаңа бағыт» саясатын жүргізді. Осы саясатының негізінде ол Құрама Штаттарда бірқатар реформалар жүргізіп, елді үлкен қауіп - қатерден аман алып қалды. Міне, осындай ірі мемлекеттік, саяси қайраткердің өмірі мен мемлекеттік қызметін қарастыру бүгінгі таңдағы қазіргі заман тарихы ғылымындағы өзекті мәселелері болып табылады.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Жұмысты қарастыру барысында В. Л. Мальковтың «Новый курс» в США» [21], «Путь к императорству: Америка в первой половине XX века» [20] ғылыми еңбектері негізге алынып, қарастырылды.
Мұнда автор, Ф. Рузвельттің саяси портретін суреттей отырып, Құрама Штаттардың бүкіл саяси тарихын көрсетіп, жан - жақты талдауға тырысқан. Ф. Рузвельттің өмір баянын суреттеп, оның жан - жақты саяси қайраткер болып қалыптасуның алғы - шарттарын іздеуге тырысқандығы байқалады. Мұнда ол оның әкесінің жоғарғы саяси элиталармен байланысы болғандығының арқасында ғана жете алды деген көзқарастан таймайды. «Новый курс» в США» атты еңбегі кеңестік идеология тұрғысынан жазылып, ал келесі еңбегі «Путь к императорству: Америка в первой половине XX века» атты ғылыми жұмысы «қырғи - қабақ соғыстан» кейін де шықсада автор мұнда сло баяғы анти батыстық немесе анти американдық бағытынан таймаған. Керісінше Ф. Рузвельттің капитализмнің негізгі жетекшісі деп бағалайды.
Дегенмен, ғалым - тарихшы Ф. Рузвельттің саяси портреті мен мемлекеттік қызметін жан - жақты талдап, негізгі іс - әрекеттерін көрсете алған. Мұнда оның өмірінен кездесетін қызықты дипломатиялық оқиғалар да суреттелген.
Келесі ғылыми жұмыстарға А. И. Уткиннің «Рузвельт» [29] шығармасын жатқызамыз. Қарастырылып отырған жұмысқа осы автордың тұлға тарихына арналған бірнеше ғылыми мақалалары қолданысқа алынып, талдау жасалды.
Атап айтқанда А. И. Уткиннің «Рузвельт и белый Дом» [30] ( // Новая и новейшая история журналында, 1998 жыл. - № 5. ), «Рузвельт: дорога к губернаторству» [31] (// Новая и новейшая история. 1999 жыл. - № 1. ), сондай - ақ, «Новый курс» Рузвельта» [32] (// Новая и новейшая история. - 2006 жыл. - № 5. ) атты ғылыми мақалалары ерекше қолдауға тұрарлық. Ғалым кең мұрағаттық және шет ел тілдерінде (ағылшын, неміс) шыққан деректер негізінде үлкен жұмыс жасаған. Дегенмен, А. И. Уткиннің мақалаларының мазмұнын түсіну қиынға соқты, өте күрделі жазылған.
Сонымен қатар, Н. Н. Яковлевтің «Франклин Рузвельт: человек и политик. Новое прочтение» [37, 38] 1975 және 1981 жылдары екі рет жарық көрген ғылыми монографиясын да атап кетуге болады. Н. Н. Яковлевтің бұл еңбектерінің тілі тартымды, әрі қызықты жазылған. Бір кемшілігі кеңестік заман идеологиясы өз іздерін көрсетіп қалып жатады.
Жұмысты қарастыру барысында бұданда басқа ғылыми мақалалар мен ғылыми монографиялар қолданысқа енгізілді.
Бітіру жұмысының мақсаты. Франклин Рузвельттің саяси портретін көрсетіп, мемлекеттік қызметіне талдау жасау. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды:
- Ф. Рузвельт өмірінің басты кезеңдеріне: жастық шағын қарастыра отырып, болашағына әсер еткен алғы - шарттарды анықтау;
- Әскери-теңіз министрлігіндегі Рузвельтің қызметін қарастыра отырып, мұндағы атқарған қызметіне талдау жасап, қосқан үлестерін көрсету;
- Нью - Йорк штатының губернаторы болудағы саяси науқандарына, одан губернатор болғандағы іс - әрекеттерін көрсету;
- «Жаңа бағыт» арқылы АҚШ халқын қиындықтан алып шығудағы негізгі күрестеріне тоқталып, шынайы баға беру;
- Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс барысындағы Ф. Рузвельттің жүргізген сыртқы саясатына тоқталу.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Аталмыш жұмысты қарастыру барысында бірқатар ғылыми әдіс - тәсілдер қолданысқа алынды: нақты тарихи, тарихи - салыстырмалық, талдау, өткенге шолу (ретроспективті) және жүйелеу әдістері қолданылды.
Жұмыстың нысаны және мерзімдік шеңбері. Жұмыстың нысаны - Ф. Рузвельттің мемлекетік қызметі және саяси портреті. Мерзімі - дүниеге келген уақытынан бастап (1882 жыл), өмірінің соңғы уақыттарына (1945 жыл) дейінгі жылдар аралығын қамтиды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ф. Рузвельттің мемлекетік қызметі және саяси портретін ашуға арналған бұл жұмысты алғашқы жинақталған, жүйеленген жұмыстардың қатарына жатқызуға болады.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Ф. Рузвельттің мемлекетік қызметіне арналған бұл жұмыста тұлғаның саяси сахнаға келу жолдары, оның «Жаңа бағыт» саясаты, АҚШ - тың ішкі және сыртқы саясатына қатысты іс - әрекеттері және тағыда басқа мәселелері қарастырылып, талдау жасалған. Сондықтан, зерттеу жұмысында жасалған қорытындылармен тұжырымдарды, ізденіс нәтижелерін қазіргі заман тарихы және басқа да тарихи пәндерде қосымша сабақтар жүргізуде пайдалануға болады.
Бітіру жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
1 Ф. Рузвельт және саяси әлемге бет алу
1. 1 Ф. Рузвельт өмірінің басты кезеңдері
Франклин Делано Рузвельт 1882 жылдың 30 қаңтарында Гайд - паркта (Нью - Йорк штатында) ауқатты жер иеленуші және кәсіпкер болып табылатын отбасында дүниеге келген. Бұл отбасының солтүстік - шығыс штаттағы саясаткерлермен тығыз байланысы болған. Олардың үйі Гудзон өзенінің жағалауында Нью - Йорк пен Олбанидің аралығында табиғаты жасыл алқапқа бөленген жерде орналасқан. Франклин екінші некеден туған бала болды. Әкесі Джеймс Рузвельт 54 жасында өзінен 26 жас кіші Сара ханымға үйленіп, онымен қоса бір миллион АҚШ доллары бар жасауын алған [37, 12 б. ] .
Джеймс Рузвельт жан - жақты адам болып, өмірдің барлық қызығын көруге тырысқан адам болып шықты. Елді мекенінде, яғни селолықта аймақта тұра жүріп, ол селолық дворян өмірін кешті. Ол бір уақытта фермер, саудамен айналысатын ірі саудагер және жоғарғы саяси қайраткерлермен кездесіп, ірі беделді адам да бола білген. Сондықтан болар Дж. Рузвельт операмен театрды жақсы көріп, әйелі Сарамен үнемі Нью - Йоркқа және Құрама Штаттардың басқа қалаларына саяхатқа шыққанды сол қалалардың мәдени өмірімен танысып, операмен театрға үзбей барып отырған. Сондықтан кейбір адамдар оны фермер немесе саудагер деуден аулақ болып, жоғарғы деңгейдегі қайраткерлердің бірі екенін мойындайтын.
Джеймс пен Сара өздерінің тұңғыш ұлдарына бар махаббатын беріп, тәрбиелеп өсіреді. Олар Франклинді барынша жақсы көріп, барын соған берді. Олар шынымен де отбасы жағдайы ауқатты еді. Әрине сол уақыттардағы Вандербильттердей және Рокфеллердердей аса бай бола алмаса да, өз заманының танымал азаматтарының біріне сай байлығы да жетерлік еді. Міне, осындай байлық пен молшылықта Франклин Рузвельт өсіп, тәрбиеленеді.
Ұлдары жеті жасқа жеткенде анасы Сара оны оқытуға бел буады. Сөйтіп, ол он төрт жасқа жеткенше анасынан алғашқы сауатын ашқан. Дегенмен оның балалық шағы байлыққа толы болса да, әке - шешесі ұлдарының қатты заманының ыстығы мен суғына төзімді бола білетін азамат тәрбиелеп шығу мақсатында, оған арнап қатаң режим орнатты : таңғы жетіде тұру, сағат сегізде таңғы ас, түс мезгіліне дейін екі - үш пәндермен сабақ оқу. Сағат он екіден бірге дейін дем алу, ал сағат бірде күндізгі асын ішіп, тағы да сағат төртке дейін бітпейтін сабақтар еді.
Сонымен қатар әке - шешесі ұлдарының жан - жануарды аялап өту үшін арнайы шотландық пони мен асыл тұқымды сеттерді сатып берген. Сөйтіп, ол жан - жануарға деген ыстық махаббатын оятқан. Тіпті, әке - шешесі оған бұларға өзі жауап беретіндігін және оларға өзі қарайтындығын тапсырған.
Франклин балалық шағында екі шет тілін меңгеріп шықты: неміс және француз. Неміс тілін Рейнхардт атты гувернантка, ал француз тілін швейцарлық мадемуазель Сандоц үйретті. Әрине, Франклин бұл тілді жетік меңгеріп шықты.
Жас жігітке пианино мен сурет салуды да ата - анасы үйретпекші болып, арнайы оқытушыларды жалдаған. Бірақ, Франклиннің музыкаға деген қызығушылығы болмай, ол үнемі пианинода ойнаудан қашумен болды.
Мұның барлығы ата - анасының өз ұлдарының болашағын ойлап, болашақта мықты бизнесмен жасауды ойластырған болатын. Мұның барлығы өте қажет деп шешкен.
Рузвельттер отбасы үнемі Еуропаға саяхатқа шығып отырған. Олар үш жасынан ұлдарында алып, Парижге, Лондонға, Германияға барып отырған. Бірде Германияға барғанда ұлдарының неміс тілін жаттықтыру үшін оны алты аптаға неміс мектебіне берген. Мұнда барлық пәндер неміс тілінде жүргізілген. Мұнда оның ата - анасымен көп келгені соншалық, ол тіпті, бірде рейн өзені бойымен жалғыз велосипед серуендеп те қайтқан. Сондықтан болар ол екйін 1941 жылы: «Маған Германия қазір ұнамаса да, ол Англия мен Францияға қарағанда әлдеқайда ыстық көрінеді», - деп өз одақтастарына бар сырын айтқан.
Еуропада саяхаттай жүріп, Рузвельттер отбасы бірқатар жоғарғы әлем өкілдерімен : герцогтармен, министірлермен, титулдарға ие болған ақсүйектермен үнемі кезігіп, ал, Франклин өзінің екі шет тілін, яғни неміс және француз тілдерін іс - тәжірбиеден өткізіп отырған. Оның тілдерді жетік меңгеріруі кейін көп көмегін тигізген. Әсіресе, 1944 жылы ол АҚШ - тың Францияға эсминецтерді беру құрметінде французша сөз сөйлеп, өзін американдық саясаткерлерден ерекшелей түскен.
Фанклин жастайынан кітапқа құмар болып өсті. Он жасында ол теңізге қатысты кітаптарды оқумен айналысты. Тіпті, ол американдық журналдарға жаудай тиіп, үнемі оқумен болады. Оның ұнатқан журналы «Сайн тифин америкэн» болды. Оның жасындағы құрбылары ол уақытта далада доп теуіп жүрген еді.
Оның теңізге ғашық екендігін сезген әкесі, Компобелла аралын ұлына сатып әперіп, қосымша «Хаф мун» атты яхтасын сыйлаған. Жас Фанклин әкесінің бұл сыйлығына қатты қуанған. Ал, он алты жасында әкесі тағы 7 метрлі «Нью мун» яхтасын сыйлады. Бұл уақыттары Франклин нағыз теңізшіге айналып, теңізге қатысты барлық ақпаратпен қаруланған.
1896 - 1900 жылдары Франклин Делано Рузвельт әке - шешесінің қаражатының арқасында елдегі ең беделді білімі жағынан сапалы, әрі сол сапасы үшін аса жоғары қаражаттарды алатын Гротондағы жеке меншік мектебінде оқыған.
Гротондағы мектеп оқушыларды 12 жасынан қабылдап, алты жыл оқытып, 18 жасында мектептің түлегі атанатын. Франклин мұнда 14 жасында келіп, үшінші сыныпқа қабылданды. Бұл жеке меншік беделді мектептің ректоры Эндикот Пибоди мырза болды. Ол өз мектебінде «дін, спорт және ғылым» деген бғытта оқытып, өз оқушыларын Американың болашақ саяси элиталары деп атаған. Бірақ бұл мектептің түлектерінен тек Ф. Рузвельт, С. Уэллес, Дж. Грю, А. Гарриман сынды азаматтар ғана АҚШ - тың саяси олимпінен орын ала алған. Ал, қалған түлектері, әке - шешелерінің ісін жалғастырып іскер адамдарға айналған.
Мұнда Ф. Рузвельт орташа балл «В» - ға, яғни «төртке» оқып тұрды. өйткені өзін жоғары көрсету бұл мектептің жоғарғы сынып оқушылардың қаһарына ұшырау еді. Сондықтан Франклин олардың да таба білген.
Мектепте спортты басты міндет деп қойғаннан кейін ол барлық американдықтарға сай футболмен айналысып, осы салада өзін ерекше көрсетуге тырысады. Алайда, ол ешқандай жетістіктерге қол жеткізе алмаған.
Мектеп ректоры Эндикот Пибоди дінді қатты уағыздағандықтан, оның оқушылары да күнделікті шіркеуге барып Құдайға жалбарынды. Ф. Рузвельтте бұл әдеттен қалмай, кейін өмірінің соңына дейін шіркеуге барып тұрған.
Гротонда оқи жүріп Франклин ерекше қабілеттерге ие болды : пікір талас жүргізу. Ол мектептегі соңғы жылында бұл іспен үнемі шұғылданып, 1897 жылдан бері АҚШ - та басталған шовинистік ағымға қосылып кетті. Ол мектеп қабырғасында жүріп, Американың сыртқы саясатына қатысты тақырыптарда пікір таластар өткізіп, нағыз шешенге айналды. Мәселен ол : «АҚШ өз әскери - теңіз флотын күшейтуді қажет», «АҚШ - тың Гавй аралдарын аннексиялап алуы тиіс» және тағы да басқалар. Сөйтіп, мұнда да ол өзінің теңізге құштарлығын көрсетті. Мұнда жүріп ол адмирал А. Мэхэннің еңбектерін толықтай зерттеп шықты. Елде соғыс басталғанда Франклин бірнеше жолдасымен Гротаннан қашып кетіп, флотқа оқуға түспекші болады. Алайда, ойлаған ойлары жүзеге аспай қалады.
1900 жылы ол Гротон мектебін аяқтап, көзілдірктің орнына пенсне тағып, ал аузына сигарета салып, үлкен азамат болғандығын елге көрсетуге тырысады. Франклинмен қоштасқан Э. Пибоди, оның атестатына : «Он был честным учеником и весьма удовлетворительным членом коллектива на протежении всей учебы», - деп жазады.
Ал, 1900 - 1904 жылдары Гарвардтың колледжінде оқып, жан - жақты білім алып, ерекше талпынысымен оқып шығады.
Кембридждегі Гарвардта АҚШ - тың ең танымал мектептерін бітірген оқушылар оқыған. Мұнда оқи жүріп Ф. Рузвельт қосымша ағылшын және француз әдебиетін, латын тілін, геологияны, палитологияны және шешендік шеберлікті оқиды. Сондай - ақ ол мемлекеттік құқықпен экономикаға да көңіл бөледі. Франклин Гарвардтада ең алдымен оқу емес, спорт екендігін түсініп, осы бағытта ол тағы да футболға бар күшін салып көреді. Алайда оның денсаулығы бұған жол бермейді. Сөйтіп оған деген Гарвардтың «Порцеллиан» атты танымал футбол клубының есігі жабылады.
1900 жылы 7 желтоқсанда жетпіс екі жастағы әкесі қайтыс болып, өз аманатында ұлын анасының қамқорлығына қалдырады. Ал, анасы ұлына жақын қалаға Бостонға көшіп келеді.
Шамасы футболға келмегенен кейін ол студенттік газет «Кримсонға» жұмысқа тұрып, барлығы 68 студент - журналистерден ерекшелене түсіп, тіпті 1900 жылы президенттік сайлауға қатысты университет ректорынан интервью алған. Бұл батыл қадам еді, ешкім одан оған дейін батыл кабинетіне кіріп көрмеген. Франклинге ректор, өзінің республикандықтарға дауыс беретіндігін айтып, У. Манклиді президенттіке, ал Т. Рузвельтті вице - президенттіке ұсынатындығын мәлімдеген. Бұл туралы мақала қала газеттерінде шығып, 1 курс студенті Ф. Рузвельтті танымал журналистке айналдырған.
Колледжді 1904 жылы жақсы бітірген Рузвельт келесі кезекте 1904 - 1907 жылдары Колумбия университетінің құқықтану факультетіне түсіп, заңгер мамандығын таңдайды. Мұнда ол ерекше ықыласпен құқықтану ғылымына қызығушылық танытады. Американың және тағы басқа мемлекеттердің құқық тарихын оқып, құқықтану саласындағы ірі қайраткерлердің еңбегін оқып, өз болашақ көзқарастарының қалыптасуына жағдай жасайды [37, 59 б. ] .
Алайда, әке - шешесінің байлығы ма, әлде американдықтарға біткен қасиет пе белгісіз ол өз оқуының академиялық аяқталуына жол бермей, нью - йорктік адвокаттар палатасында экзамен тапсырып, 1907 жылы атақты нью - йорктың адвокаттық контораға жұмысқа тұрады. Нью - йорктық конторадағы жұмысы стажер болды. Мұнда ол стажерге сай шығып жалақы алып отырған.
Бұл уақыттары оның құқықтануға деген қызығушылығы жоғалып, тек саясатқа деген назары ауа бастаған. Бұған негізгі зерттеушілердің ойынша, Франклин Рузвельт барлық жағынан қамтамасыз етілген американдық бай азматтардың бірі болды. Сондықтан, ол қолында қаржы болғанан кейін құқыққа да, басқа жаққа да қарамай тек, саяси әлемге жалтақтаумен болған. Бұған негізгі себептерде жетерлік еді. Мәселен, оның алыс туысы саналатын АҚШ президенті болған Теодор Рузвельт. Франклин және Элеонора үнемі Ақ үйге барып, онымен кездесіп отырған.
Бұл отбасы Франклинге өзіне деген сенімділікті, алдағы уақытқа деген үмітке және қиындықтарды жеңуге үйретті. Франклин басқа ауқатты американдық отбасында тәрбиеленген баладай еркетотай болмай, әкесі мен шешесінің айтқанын екі етпей, берген тәрбиесін жылы қабылдаумен өсті.
Өз бойында сенімділікті қалыптастыра білген Рузвельтке бұл әке - шешесінің тәрбиесі үлкен көмегін оның болашағында көп көмектескен болатын. Әсіресе, ол 1921 жылы полимилеит ауруымен қатты ауырып, зардап шеккті, оны ол мұзды суға түсемін деп тауып алған болатын[20, 152 б. ] . Франклин қаншалықты осы аурумен күрессе де түк шықпай, көптеген жылдар бойы зардап шегіп, барлық энергиясын осыған жұмсаған болатын. Алайда, денсаулығы мұндай жағдайына ол мойымай күрессе де Франклин Рузвельт мүгедектер арбасына мәңгілікке таңылып, жүре алмай қалады. Болат шиналардың көмегімен ғана ол тұра алып, онсыз ол аяғымен нық тұрмады. Оның салмағы да көп - көрім еді - он фут шамасында болған. Тек, балдақ ағаш таяқшалардың көмегімен ғана ол әрең қозғалған. Ол іштей қаншалықты күйзелсе де ешқашанда сыртқа білдірмей, тағдырға қанша налыса да ешкімге мұңын шақпаған. Франклин Рузвельт өз әке - шешесінен алған тәрбиедегі сенімділік пен үмітті басты күшіне алып, үнемі өз денсаулығының тәуір болатынына сенумен болған.
Рузвельттің ауыруы әйелі Элеонордың және олардың отбасын да өзгерткен болатын. Франклин Элеонор Рузвельтке, яғни өзінің алыс туысы (Гудзон даласы аймағынан шыққан) және танымал Құрама Штаттардың президенті болған Теодор Рузвельттің (1858 - 1919) немере қарындасына 1905 жылы үйленіп, неке құрған болатын [29, 55 б. ] .
Франклин мен Элеонораның отбасында 1906 жылы алғашқы балалары - қыздары дүниеге келіп, ал келесі он жылдықта тағы 5 бала - ұлдары дүгиеге келген. Алайда, олардың біреуі 8 айдан кейін қайтыс болған.
Бастапқыда Эленора Рузвельт қоғам алдында үнемі жасқаншақтау және үй шаруасымен айналысатын әйел адамдардың қатарына жатса да, кейін келе Эленора үй шаруасындағы әйел мен ана бейнесінен біртіндеп «Эленор» ханым қалыптасып шықты. Бұл ханымға ХХ ғасырдың 30 - 40 жылдары Құрама Штаттардың халқы ерекше ықыласпен айта алатын адамдардың біріне айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz