Полимербетондар ерекшелігі, техологиясы



Кіріспе
1.Негізгі бөлім:
1.1. Полимер материалдар туралы жалпы түсінік, полимер материалдардың құрылыста қолданылуы.
1.2. Полимербетоннын ерекшелігі,қолданылатын полимерлер
1.3. Полимербетонды астаулар

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Бетон, (французша: bton, лат. bіtumen — тау шайыры), құйматас — жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.
Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.
Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.
Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.
Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла басталды. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.
Бетон[3] - гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез қатаятын қоспасы. Бетон түрлері:
-тез қататын бетон;
-су өткізбейтін бетон;
-ауа өткізбейтін бетон;
-беріктігі жоғары бетон;
-жеңіл бетон; ауыр бетон;кеуекті бетон.
1) Баженов Ю.М., Комар А.Г. Технология бетонных и железобетонных изделий: Учебник для вузов – М.: Стройиздат, 1984. – 672 с.
2) Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. Тараз: Сеним, 2007. 1-2 том.
3) Михайловский В.П., Мартемьянова Э.С., Кокина Р.М., Косицына Ю.Л. Рекомендации и примеры расчета к выполнению архитектурно-строительной, теплотехнической и экономической частей дипломного проекта (работы) для студентов уровня подготовки бакалавр производства строительных материалов, изделий и конструкций: Учебное пособие. Под ред. В.П. Михайловского. – Омск: Изд-во «Полиграфический центр КАН», 2010. – 186 с.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті

Геодезия және құрылыс кафедрасы
5В072900 Құрылыс мамандығы

СӨЖ

Тақырыбы: Полимербетондар ерекшелігі, техологиясы

Орындаған: Кенесов.Е.Д.
СТ - 309с тобы
Тексерген:
аға оқытушы Уркинбаева Ж.И

Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:

Кіріспе
1.Негізгі бөлім:
1.1. Полимер материалдар туралы жалпы түсінік, полимер материалдардың құрылыста қолданылуы.
1.2. Полимербетоннын ерекшелігі,қолданылатын полимерлер
1.3. Полимербетонды астаулар

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Бетон, (французша: bton, лат. bіtumen -- тау шайыры), құйматас -- жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.
Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кгм3-ден жоғары), ауыр (1800 -- 2500 кгм3), жеңіл (1800 -- 500 кгм3), өте жеңіл (500 кгм3-ден төмен) болып бөлінеді.
Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.
Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.
Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла басталды. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.
Бетон[3] - гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез қатаятын қоспасы. Бетон түрлері:
-тез қататын бетон;
-су өткізбейтін бетон;
-ауа өткізбейтін бетон;
-беріктігі жоғары бетон;
-жеңіл бетон; ауыр бетон;кеуекті бетон.

1.1. Полимер материалдар туралы жалпы түсінік, полимер материалдардың құрылыста қолданылуы.

Полимер материалдар көптеген атомдардан тұратын жоғары молекулалы байланыстағы табиғи немесе синтетикалық заттар. Полимерлердегі молекула құрылысы сызықты немесе көлемдік сипатта болуы мүмкін. Сызықтық құрылысты полимерлер мен молекулалардың жылуға серпімділігі жоғары. Олар қыздырған кезде жұмсарып, суытқанда қатаяды. Жұмсарту мен қатайтуды бірнеше рет қайталауға болады. Бірнеше рет қыздыру мен суыту материалдық қасиетіне соншалық өзгеріс әкелмейді (полиэтилен, полистирол). Көлемдік құрылысты полимерлердің жылуға белсенділігі жоғары. Олар бірнеше рет жұмсартылып қатайтуға жатпайды. Бірінші рет қыздырған кезде серпімді күйде берілген пішінді қабылдайды (фенопласт).
Серпімділік қасиетіне қарай полимерлер пластикалық (қатаң) және эластикалық (майысқақ) болып бөлінеді. Полимерлі материалдар үш топты заттардан тұрады: байланыстырғыш пластификаторлар және толықтырғыштар. Байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық заттар қолданылады. Пластификатор ретінде глицерин, камфара және басқа да заттарды енгізеді. Бұл полимерлердің майысқақтығы немесе қатаңдығын жоғарылатып өңдеуді жеңілдетеді. Толықтырғыштар (ұнтақ, талшықты) полимер бұйымдарға механикалық беріктік береді. Сонымен қатар полимердің құрамында әртүрлі пигменттер, стабилизаторлар және басқа да заттар қолданылады.
Полимер құрылыс материалдары бұйымдары мен құрылымдарын дайындауда көбінесе полиэтилен (құбырлар, пленкалар), полистирол (тақталар, лактар), полихлорвинил (линолеум), полиметиметакрилат (органикалық шыны) қолданылады.
Жақсы механикалық қасиетіне, майысқақтығына, электр изоляциялық сапасына, өңдеу процесінде кез келген пішінді қабылдау мүмкіндігіне байланысты полимерлі материалдар қүрылыстың барлық саласында, сонымен қатар күнделікті түрмыста кеңінен қолданылады.
Полимерлер өндіру әдісіне қарай полиризационды және поликонденсациялы болып жіктеледі. Полимеризацияланған полимерлерді полимеризация әдісімен алады. Оларға полиэтилен, полистирол жатады. Поликонденсацияланған полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алады. Оларға полиэфирлі, акрилді, кремний органикалық жэне басқа да заттар, полиэфирлі каучуктар жатады.
Полиэтиленді табиғи газдың этиленін полимеризациялау арқылы алады. Ол күн радиациясы әсерінен, ауадан, судан тозады. Оның тығыздығы 0,945 гсм , суыққа төзімділігі 60-80 С.
Полиэтиленді өндіру әдісіне қарай жоғары қысымды, төмен қысымды және қышқылды-хромды катализатор деп жіктейді. Полиэтиленді 80 0С дейін қыздырғанда төрт хлорлы көміртегі бензолда ериді. Оны әрлеу материалдарының пленкасын даярлауда қолданады.
Полиизобутилен - изобутиленді полимеризациялау арқылы алынған каучукқа ұқсас немесе сұйық майысқақ материал. Ол полиэтиленнен жеңіл, берік, ылғал мен газ өткізгіштігі өте төмен, тозбайды. Оны гидроизоляциялық заттар, қорғаныш жабындары, кленкалары, байланыстырғыш желімдер және асфальтті бетонға толықтырғыш ретінде қолданады.
Полистирол - стиролды (винилбензол) полимеризациялау арқылы алынған термопластикалық өнім. Оны тақталар, әрлеу тақталарын, эмаль лактарын даярлауда қолданады.
Полиметилметакрилат (органикалық шыны) - метилді эфирді метакрилді қышқылмен өңдеу нәтижесінде полимеризациялау процесінде түзіледі. Басында түссіз, сүйықтық түріндегі метилметакрилат алынады. Одан кейін парақ, тақта түріндегі шыны тәріздес өнім алынады. Олар суға, қышқыл мен сілтіге өте түрақты. Оларды шынылау үшін қолданады.
Полимерлі материалдардан жасалған құбырлар тегеурінді құбыр өткізгіштерде (жер асты жэне жер үсті), желдету жүйелерінде, жабық дренаждауда, құбырлы гидротехникалық құрылымдарда кеңінен қолданылады.
Полимерлі құбырларды даярлау материалы ретінде полиэтилен, винилпласт, полипропилен, фторопласт қолданылады.
Полиэтиленді құбырларды үздіксіз шнекті экструзия әдісі арқылы дайындайды. Полиэтиленді құбырлар суыққа төзімді. Оларды 80°С-дан +60°С температура аралығында эксплуатациялауға мүмкіндік бар.
Агрессивті орта шартында жұмыс істейтін гидротехникалық құрылымдарды арнайы жабындар немесе эрлеу материалдарымен қорғайды. Жоғары жылдамдықтар мен қатты соққылау әсерінен осындай құрылымдарды қорғау және олардың төзімділігін жоғарылату мақсатында полимер мастика, полимер бетондар, полимер ерітінділер қолданылады.
Полимер мастика - құрылымдар мен ғимараттарды механикалық жүктеме, температуралар айырмасы, радиация, агрессивті орта әсерінен қорғауға арналған қорғаныш жабындарын қүруға арналған.

1.2. Полимербетоннын ерекшелігі,қолданылатын полимерлер
Полимербетондар- полимерлi байланыстырғыш және минералды, кәдiмгi және толтырғыштар негiзiнде алынатын материал. Полимер байланыстырғыш ретiнде фуранды, эпоксидтi полиэфирлi және фенолформальдегидтi шайырлар, яғни поликонденсация әдiсiмен алынатын полимерлер көп қолданылады. Минералды ұнтақ толғырғыштарға - майда, бөлшектерiнiң мөлшерi 0,15 мм кем түйiрлер, ал кәдiмгi толтырғыштарға - түйiрлерiнiң мөлшерi 5 мм-ге дейiнгi құм мен 50 мм дейiнгi жарықшақ тастар жатады. Полимер ерiтiндiлердiң құрамында полимер-бетонмен салыстырғанда жарықшақ тас болмайды, ал мастикаларда - полимерден тек майда диеперстi үнтақ толтырғыш қана болады.
Ең жоғарғы физика-механикалық қасиеттi полимер-бетон эпоксидтi шайырлар негiзiнде алынады. Бiрақ, эпоксидтi шайырлар қымбат әрi тапшы болғандықтан, оларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетондық араласпаның қасиеттері
N-винилкапролактам негізіндегі сополимердің синтезі және сипаттамалары
Бетон араласпасының технологиялық қасиеттері
Бетонның физикалық қасиеттері
Түйелердің сүт өнімділігі және сүтті өндіру технологиясы
Ақша айналымын ретеу
Банктер жүйесі жайында
Қазіргі заманғы оқыту технологиясы
Педагогикалық инновация педагогикалық жүйедегі жанашылдық
Биоыдырайтын суда еритін полимерлер, заманауи мәселелері және оны шешу жолдары
Пәндер