Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі



1. Психологиялық зерттеу ісі аспектілерді.
2. Психологизм ұғымының қалыптасуы, дамуы.
Жалпы дүние жүзінде психологизм ұғымына баса назар аударған ғалымдар өте көп болды. Оның ішінде, кеңес дәуірінде А.Н.Леонтьев – іс-әрекет, сана, тұлға, психологиядағы іс-әрекет мәселесіне тоқталса, С.Л.Рубинштейн – әрекет, әрекет пен қозғалыс, әрекет және дағды мәселесіне тоқталды. Л.С.Выготский психологиядағы сана әрекетін назарға алды.
Адам психологиясы көптеген ғалымдарды қызықтырумен қатар, адам санасы мен қимылын зерттеуге алып келді. Адам баласының ішкі әлеміндегі болып жатқан түрлі психикалық іс-әрекеттерге назар аударған ғалымдардың бірі – Зигмунд Фрейд болды. З.Фрейд түс көру туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды. Түс көру ұғымын сана әрекеті деп қарастырды. Ал, Эрих Фромм болса, мінез типтерін ашып көрсетті. Атақты психологтардың бірі – Карен Хорни өзін өзі талдау принциптерін атап кетті. Г.У.Оллпорт жеке тұлға жайында еңбек жазды. Карл Роджерс Эмоцияға мән берді. Мұнда адам баласының бет-пішінінде сезім негізінде пайда болатын эмоцияларды көрсетіп берді. А.Х.Маслоу болса, мотивация мен жеке тұлғаға мән берді. Психологияны зерттеп жүрген бұл психологтар еңбегі көркем шығармадағы психологизмнің ашылуына көптеп мүмкіндік беретіні сөзсіз ақ. Жазушыларымыз қазақ әдебиетінде кездесетін психологиялық аспектілерді осы психологтардың еңбегіне сүйеніп зерттейді. М.Горький, Ш.Айтматов, М.Әуезов, Э.Хемингуей, Т.Драйзер т.б жазушылар шығарманы сөз өрнегімен өрнектеп, психологиялық аспектілерді ұтымды қолдану нәтижесінде шыңға шығара білді.
Орыс әдебиетінде психологиялық аспектілерді зерттеу ісі өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастау алады десек қателеспеген болар едік. Бұл кезде 1970 жылы Ленинград қаласынан жарық көрген «Проблема психологизма в советской литературе», 1983 жылы Мәскеу қаласынан шыққан «Проблема психологического анализа в литературе», Гинзбург «О психологической прозе», «О литературном герое», А.Есина «Психологизм русской классической литературы». Бұл еңбектер көркем шығармадағы психологиялық аспектілердің негізгі жүйелері мен әдісін, компоненттерін көрсете білді.
Ал қазақ әдебиетіндегі психологиялық аспектілерді зерттеп кеткен: З.Ахметов, З.Қабдолов, Е.Ысмайылов, Б.Майтанов, Г.Пірәлиева, Г.Ержанова т.б ғалымдарымыз болды. Бұл ғалымдардың еңбектерінен қазақ әдебиетінде кездесетін түрлі психологиялық аспектілерді байқауымызға болады. Мәселен, Бақытжан Майтанұлының «Қазақ романы және психологиялық талдау» деп аталатын еңбегінде қазақ жазушыларының шығармалары ұтымды түрде талданып кеткен. Ғалым бұл еңбегінде әрекет кеңістігі, дәстүр және шеберлік, жан сырын талдау, жаңашыл арна, тарихи сана иірімдері, мүсіндеу өнері, нақты әлем және оны қабылдау, диалогтағы сезім шынайылығы, ішкі монолог мәселелерін талдап, анықтап көрсетіп кетті.
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1960.
2. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы, 1985.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология кафедрасы
6М020500 - Филология мамандығы

МӨЖ
(№ 4; 5.)

Тақырыбы: 4. Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі. (конспект)

Орындаған: Тубекбаева Б.Р.
Тексерген : Шаяхметұлы Қ.

Семей - 2015 ж.

Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі.
1. Психологиялық зерттеу ісі аспектілерді.
2. Психологизм ұғымының қалыптасуы, дамуы.
Жалпы дүние жүзінде психологизм ұғымына баса назар аударған ғалымдар өте көп болды. Оның ішінде, кеңес дәуірінде А.Н.Леонтьев - іс-әрекет, сана, тұлға, психологиядағы іс-әрекет мәселесіне тоқталса, С.Л.Рубинштейн - әрекет, әрекет пен қозғалыс, әрекет және дағды мәселесіне тоқталды. Л.С.Выготский психологиядағы сана әрекетін назарға алды.
Адам психологиясы көптеген ғалымдарды қызықтырумен қатар, адам санасы мен қимылын зерттеуге алып келді. Адам баласының ішкі әлеміндегі болып жатқан түрлі психикалық іс-әрекеттерге назар аударған ғалымдардың бірі - Зигмунд Фрейд болды. З.Фрейд түс көру туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды. Түс көру ұғымын сана әрекеті деп қарастырды. Ал, Эрих Фромм болса, мінез типтерін ашып көрсетті. Атақты психологтардың бірі - Карен Хорни өзін өзі талдау принциптерін атап кетті. Г.У.Оллпорт жеке тұлға жайында еңбек жазды. Карл Роджерс Эмоцияға мән берді. Мұнда адам баласының бет-пішінінде сезім негізінде пайда болатын эмоцияларды көрсетіп берді. А.Х.Маслоу болса, мотивация мен жеке тұлғаға мән берді. Психологияны зерттеп жүрген бұл психологтар еңбегі көркем шығармадағы психологизмнің ашылуына көптеп мүмкіндік беретіні сөзсіз ақ. Жазушыларымыз қазақ әдебиетінде кездесетін психологиялық аспектілерді осы психологтардың еңбегіне сүйеніп зерттейді. М.Горький, Ш.Айтматов, М.Әуезов, Э.Хемингуей, Т.Драйзер т.б жазушылар шығарманы сөз өрнегімен өрнектеп, психологиялық аспектілерді ұтымды қолдану нәтижесінде шыңға шығара білді.
Орыс әдебиетінде психологиялық аспектілерді зерттеу ісі өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастау алады десек қателеспеген болар едік. Бұл кезде 1970 жылы Ленинград қаласынан жарық көрген Проблема психологизма в советской литературе, 1983 жылы Мәскеу қаласынан шыққан Проблема психологического анализа в литературе, Гинзбург О психологической прозе, О литературном герое, А.Есина Психологизм русской классической литературы. Бұл еңбектер көркем шығармадағы психологиялық аспектілердің негізгі жүйелері мен әдісін, компоненттерін көрсете білді.
Ал қазақ әдебиетіндегі психологиялық аспектілерді зерттеп кеткен: З.Ахметов, З.Қабдолов, Е.Ысмайылов, Б.Майтанов, Г.Пірәлиева, Г.Ержанова т.б ғалымдарымыз болды. Бұл ғалымдардың еңбектерінен қазақ әдебиетінде кездесетін түрлі психологиялық аспектілерді байқауымызға болады. Мәселен, Бақытжан Майтанұлының Қазақ романы және психологиялық талдау деп аталатын еңбегінде қазақ жазушыларының шығармалары ұтымды түрде талданып кеткен. Ғалым бұл еңбегінде әрекет кеңістігі, дәстүр және шеберлік, жан сырын талдау, жаңашыл арна, тарихи сана иірімдері, мүсіндеу өнері, нақты әлем және оны қабылдау, диалогтағы сезім шынайылығы, ішкі монолог мәселелерін талдап, анықтап көрсетіп кетті. Бұл ғалымның психологизм әдісін зерттеп жүрген ғалымдарымыздың бірі болғандықтан, Психологизм художественной литературе еңбегінде де психологиялық параллелизм, пейзаж, монолог, т.б мәселелер қозғалғаны даусыз. Бертін келе Ержанова Гүлдарияның Қазіргі қазақ повестеріндегі психологизм еңбегі 1994 жылы жарық көрді. Бұл еңбекте негізінен психологизм түрлері, пайда болу кезеңдері жақсы көрсетілген. Сонымен қатар, Пірәлиева Гүлзияның Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм, Ішкі монологтың кейіпкер психологиясын ашудағы көркемдік қызметі деп аталатын еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектерде психологиялық аспектілер шығарма барысында талданып, жүйеленіп көрсетілген.
Психологизм ұғымының әдебиетте қай дәуірде қалыптасқанын нақты айту қиынға соғады. Ежелгі антик дәуірі әдебиеті драматургия негізінде дамығаны белгілі. Софокл, Еврипид, т.б сияқты драматургтер өмірге көптеген драмалық шығармаларды әкелді. Ежелгі Грецияда театр өнері пайда бола бастады. Трагедия мен комедия да сол кездің психологиялық аспектілерінің бірі болып табылатындығы даусыз ақ. Трагедия - грек тілінен аударғанда трагус - ешкі, оде - өлең деген мағына береді екен. Гректер құдайлары Диониске арнап ешкі малын құрбандыққа шалған. Міне сол жиында ода айтатын болған. Яғни, өлең айтады. Кейін бұл өлең мұң, шер өлеңге айналады. Халық өз мұңын өлеңге жырлап қосып, айтады. Комедия жанры көңілді жанр болып табылады. Міне ежелгі антик дәуірінде психологиялық аспектінің екі түрі пайда болғанын байқауға болады. Қайғыру мен қуану аспектілері. Психологиялық аспектілердің бастауын осы кезеңнен байқауымызға болады.
Қазақ әдебиетінің бастауы болып саналатын Орхон Енисей жазба ескерткіштерінде психологиялық аспектілер көрінеді. Бірақ бұл ескерткіштердегі психологиялық күйлер халық ауыз әдебиетінде кездесетін ертегідегі психологиялық күйлер сияқты, тереңнен ашылған жоқ. Тек, адам қуанса қуанды, жыласа жылады деп қана қойды. Яғни, мұнда да аспектінің екі түрін байқай аламыз қайғыру мен қуану аспектілері.
Адам жанының құпияларына Әбу Насыр әл-Фараби, Х.Яссауи, Ж.Баласағұни т.б. оқымыстылар да көңіл бөлгендігін шығармаларынан байқауымызға болады.
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетке назар аударсақ, нәзира дәстүрімен жазылған қисса дастандарды айта аламыз. Бұл кезеңде қисса - дастандар түрлі тақырыпта жырланды. Махаббат тақырыбына жырланған қисса-дастандарға көз жүгіртейік. Бұл дастандардан психологиялық күйлер мен сезімдерді көптеп байқауымызға болады. Бұл дастандардағы психологиялық аспкетілер әлі күнге дейін зерттелмей келе жатқан дүние. Бұл дастанда жалғыздық, аңсау, толғау, күйініш, сүйініш, түс көру, аян беру сезімдері мен құбылыстары суреттелген. Бұл дастандарда психологиялық параллелизм әдісі де кеңінен қолданылған. Осы аталған аспектілер көркем прозада ХХ ғасырдың басында кеңінен қолданылса, қисса дастандарда әлдеқашан пайда болған аспектілер болып табылатындығын аңғаруымызға болады. Бұл дәуірде жазылған шығармалардың басты тақырыбы - махабат тақырыбы болғандықтан, дастандар лиризмге өте толы болды. Осы лирикалық иірімдерден адам жанында болып жатқан сезімдерді байқауымызға болады. Қазақ әдебиетінде психологиялық аспектілер қисса-дастандарда кеңінен сипатталады десек қателеспеген болар едік. Бұл дәуірдегі дастандар лирикалық сарындарға өте толы болды. Адам жанын елжіретер сезімдер суреттелді.
Сондай ақ, эпостық, лиро-эпостық жырларда портреттеу, суреттеу ұғымдары көптеп кездеседі. Сұлу қыздың, батыр жігіттің, сәйгүлік аттардың портретін беру жыр мен дастандарда пайда болған ұғымдардаң бірі екен. Эпостық, лиро-эпостық жырлардан динамикалық психологизммен қатар, аналитикалық психологизм ұғымдарын байқай аламыз. Кез келген батырлар жырында портрет беріледі, түс көрудегі аян беру, сағыну, зарлау, жоқтау сияқты ұғымдарды көптеп кездестіре аламыз. Лиро-эпостық жырлар да лиризмге толы болғандықтан, психологиялық аспектілерді байқай аламыз. Зерттеуші Г.Пірәлиева өз еңбегінде осы мәселеге тоқталып кеткен болатын. Бірінші, ол лиро-эпостық жырлардағы ғашықтық сезімдер, батырлар жырларындағы кейіпкерлердің күйініш-сүйініші, толғанысы, ел-жұрттық, ата-анасының көңіл-күйлері арқылы көрінді. Алайда олар қарапайым бейнеленіп, ішкі сөз ойлары тек қана баяндаушының көзқарасы, әңгімесі арқылы берілді. Сондықтан да біздің эпикалық жырларымызда сырттан бақылау басым болып кетеді де, кейіпкердің көңіл-күйлері, жеке бастың жан-сезімдері соның көлеңкесінде қалып қояды.
Жыраулар поэзиясының шығармаларынан да жан туралы мәселе бойынша сөз қозғағандығын аңғара аламыз. Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар т.б жыраулар шығармашылығынан да жан мәселесіне сөз қозғағанын аңғара аламыз.
Бұл ұғым көптеген зерттеушілердің пікірінше бірден қалыптаса қойған жоқ. Қазақ әдебиетіне бұл ұғым даусыз ақ, ХХ ғасырдың басында көзге айқын көріне бастады. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл ұғымға қазақ әдебиетінде назар аударғандар: Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабаев т.б.

Қолданылған әдебиеттер
1. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Оқу құралы. - Алматы, Санат, 1996. - 336 бет.
2. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Құрастырған - Шәріпов Ә., Дәуітов С.) - Алматы: Жазушы, 1989. - 320 бет.
3. Пірәлиева Г. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері - диссертация. Алматы, 2006 - 240 бет.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология кафедрасы
6М020500 - Филология мамандығы

МӨЖ
(№ 4; 5.)

Тақырыбы: №5.Әдеби процестің тарихи өзгерістерге ұшырау жолындағы әдеби мектептер. (конспект)

Орындаған: Тубекбаева Б.Р.
Тексерген : Шаяхметұлы Қ.

Семей - 2015 ж.
Әдеби процестің тарихи өзгерістерге ұшырау жолындағы әдеби мектептер.
1. Әдеби процесске түсінік.
2. Мифологиялық мектеп қағидалары.
Әдеби процесс - әрбір халықтың ұлттық мәдениеті дамуының жетістіктерінен құралатын шығармашылық қозғалыстар жүйесі. Ұлттық әдебиеттің көркемдік таным тұрғысындағы үлгілері жалпы халықтың эстетикалық қабылдау деңгейіне орай бағасын алары анық. Әдеби даму ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі.Әдеби процестің тарихи өзгерістерге ұшырау жолындағы әдеби мектептер
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Әлеуметтанудағы жеке іс қағаздар әдісі
Әдеби үдеріс сипаты
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Жеке тұлғаны толықтай зерттеудегі биографиялық іс-тәжірибе
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы жайлы
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
ТАРИХИ ДЕРЕК ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ (ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ЖОЛДАСТАР РОМАНЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ, ТІЛДІК-КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ Б. ШАЛАБАЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ КӨРІНІС ТАБУЫ )
Контрактілі қызметтегі әскери қызметкерлердің кәсіби іс - әрекетінің жемісті болуына мінез акцентуациясының әсері
Пәндер