Жер жұмыстары және құрылыста қолданылатын машиналар


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

БАӨЖ

Тақырыбы: «Жер жұмыстарыл және құрылыста қолданылатын машиналар»

Орындаған:Жекей. Н.

Топ:СТ-309

Тексерген: аға оқытушы

Уркимбаева Ж. И.

Семей 2015

Мазмұны

I Кірспе

  1. Жер жұмыстарын өндіру әдісін таңдау
  2. Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру

II Құрылыс машиналары

1. Көтергіш крандар

2. Атқаратын қызметі

III Қортынды

Дереккоздер

Кіріспе

Жер жұмыстары дегеніміз ғимараттар мен үймереттер жер асты биіктіктерін дайындау кезінде, олардың іргетастарын қалағанда су, жылу электр жүйелерінің құбырлау төсеу және сол сияқты құрылысқа арналған жерді жоспарлар жүйелеу кезінде атқарылатын жұмыстар жиыны.

Жер жұмыстарының технологиясына мынандай процесстер жатады:

  1. Жер бетін тегістеу
  2. Жердің өсімдік қабатын алу
  3. Жерді эксковатормен қазып көлікке тиеу
  4. Артық топырақты үйіндіге жинау
  5. Артық топырақты кері орнына төсеу

Жер жұмыстарының түрі 2-ге бөлінеді:

  1. Тұрақты
  2. Уақытша

Тұрақты ғимараттар салынып жатқан обьектілердің құрама элементтері болады және олардың дұрыс пайдалануға арналады. Оларға бөгет, канал, автомобиль және темір жолдардың оймалары мен үйінділері және т. б. жатады.

Уақытша жер жұмыстарына уақытша құрылыстарға инженерлік коммуникациялардың жер асты бөліктерін орналастыру үшін қазылады, шұңқырлар мен орлар жатады.

Жер жұмыстарын өндіру әдісін таңда у - ғимараттың атқаратын міндетіне, тұрғызу мерзіміне және жер массасын ойықтардан үйінділерге ең ұтымды ауыстыруды есепке алып топырақтар балансына және де топырақтар сипаттамасы мен құрылыстың мерзімдік жоспарына байланысты жүзеге асырылады. Жер жұмыстарын өңдірудің негізгі тәсілдері: механикалық, гидравликалық және жару. Жер жұмыстары өндірісінің тәсілдерін, жер қазатын машиналарды және топырақ тасымалдау үшін көлік түрлерін таңдау және дәлелдеу жұмыс өндірісінің жобасында жүзеге асырылады.

Жер жұмыстарының құрамына : аймағы мен алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар мен орларды қазу, қайырымды топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қопсыту, су ағызу, су бұру және сулардың деңгейін төмендету кіреді.
Құрылыс жұмыстары - жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т. б. өзара құрылыс процесстеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процесстерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т. б.
Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары - жер астындағы құрылыстар (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ, бояу) .
Имараттар мен ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауылшаруашылық құрылыстарын салуды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері бар. Құрылыс құрастыру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы - құрылысты кешенді әдіспен және технологиялық ретімен жүргізу.

Жер жұмыстарын гидромеханикаландыру - жер жұмыстарын жүргізу жерді өңдегенде, тегістегенде, топырақ тасығанда және оны төсеген кезде суды пайдалану арқылы атқарылатын амал-әдістер.

Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру.

Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру деп технологиялық міндеті, техникалық деңгейі және өнімділігі бойынша өзара үйлестірілген ұтымды машиналар звеносы көмегімен негізгі және қосалқы процестерді орындауды атайды. Звенолар және жинақтың бөлек машиналары операцияларды жүйелі тәртіппен үздіксіз тасқынмен орындап біріңғай агрегат ретінде істейді.

Жинақты топырақты өңдеуге және тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше жетекші машиналар және топырақты алдын ала қопсыту, тегістеу және тығыздау, жер бетін пішіндеу үшін қосалқы машиналар болады. Кейбір жағдайда бір машинамен бірнеше процестер орындалады: топырақты өндейді, ауыстырады, тегістейді және т. б.

Жетекші машина - экскаватор, скрепер, бульдозер және т. б. - жинақтың өнімділігін және белгілі шамада оның құрамын және жұмысты ұйымдастыруын анықтайды. Барлық машиналарды, ең алдымен жетекшіні, әбден толық пайдалану үшін қабылданған машиналардың негізгі параметрлері үйлестіріледі.

Машиналар жинағының құрамы жер ғимараттарының түріне, жұмыстың көлеміне, топырақтың сипаттамасына, деректі мерзімге және жұмыс өндірісінің жағдайына байланысты, соңғыға жататындар: өңдеу учаскелеріндегі жер массасын үйлестіру, топырақты тасымалдау қашықтығы, жер бедері, жыл мезгілі және басқалар.

Жинақ үшін машиналарды таңдағанда олардың қайсысын қайда тиімді пайдалануға сүйенеді. Мысалы, қазаншұңқыр және ұзын орлар өндегенде алдымен ойманың берілген енің және тереңдігін, топырақты түсіру тәсілін және жұмыс көлеміне сәйкес келетін өнімділіг қамтамасыз ететін машинаның негізгі техникалық параметрлерін есепке алады.

Тасқынның берілген өсімталдығы бойынша машиналар жинағының саны мына формуламен анықтауға болады

N Ж = J/Ө П

Мұндағы N Ж - машиналар жинағының саны; J - тасқынның өсімталдылығы; Ө П - машиналар жинағының пайдалану өнімділігі (жетекші машина бойынша) .

Жер жұмыстарын орындаудың бірнеше мүмкін варианттары болған жағдайда машиналар жинағының ең тиімді вариантын таңдау үшін техника - экономикалық көрсеткіштерін салыстырады, атап айтқанда: 1 м 3 жер жұмыстарына келтірілген үлес шығындар; 1 м 3 топырақты өңдеу еңбек сыйымдылығы және жұмыстың ұзақтылығы.

Құрылыстың жалпы алғанда және соның ішінде жер жұмыстарын орындау тиімділігін көтерген фактор процестерді автоматтандыру болады. Автоматтандырылған машиналарды (бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер, тығыздағыш қондырғылар, тегістегіштер, көп шөмішті экскаваторлар және т. б. ) қолдану тәжірибе көрсеткендей жұмыстың құны арзандайды, еңбек өнімділігі артады және ең маңыздысы жұмыс сапасы елеулі жақсарады. Дегенмен автоматтық жүйелер жер жұмыстарын өңдеуге әзірше олардың жоғары күрделілігіне және жердің бедеріне, топырақтың физика - механикалық сипаттамаларына, гидрогеологиялық жағдайларға және т. б. қатысы бар кіргізетінхабардың көп құбылмалығына байланысты ойдағыдай даму алған жоқ.

Жер жұмыстарының құрамына - территория және алаңдарды тік тегістеу, қазандар мен орларды қазу, оларды қайтадан топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қапсыту, суаруды төмендету кіреді.

Оймалардың өлшемдерін салыстырғанда оның ені ұзындығынан 1/10 кем болмаса, оны қазаншұңқыр, ал ені 1/10-нан кем болса ұзын ор деп аталады.

Қазаншұңқұрлар әдетте көлемді ғимараттардың терең орналасатын бөлігінде, мәселен, іргетастарда үйасты қабаттарында жасалады. Ұзын орлар ұзыннан созылыңқы коммуникациялар, су, газ, жылумен жабдықтау, канализацияның сыртқы жүйелерін салғанда қазылады.

Қазаншұңқыр құрлық бетіндегі, мұхит-теңіз түбіндегі пішіні дөңгелек не аздап созылыңқы келген ойыс. Қазаншұңқыр тұйық немесе бір жағынан, өзен арнасында орналасса екі жағынан ашық болып келеді. Жер бетіндегі Қазаншұңқырдың мөлшері бірнеше км-ден жүздеген км-ге жетеді (мысалы, тауаралық Қазаншұңқыр ) . Қазаншұңқырлар пайда болу және геологиялық құрылысы жағынан тектоникалық, жанартаулық мысалы, кальдералар (испанша caldera - үлкенқазан ), эрозиялық, мұздық, карстық; құрылымы жағынан тегіс табанды, ыдыс тәрізді, т. б. бөлінеді; сумен толығуына қарай ағып өтетін, ағынды, ағынсыз (құрғақшылық аймақтарда) болып ажыратылады. Су асты Қазаншұңқырлары жүздеген, мыңдаған км-ге созылады. Олар теңіз, мұхит табаны бедерінің ірі бұрыс пішінін құрайды (мысалы, Тынық мұхиттағы Оңтүстік Қазаншұңқыр , т. б. ) . Қазаншұңқырлар кейде ойыстар мен депрессияларға сәйкес келеді. 20 ғасырдыңдың ортасынан бастап техносфераның дамуына байланысты жер бетінде (қ. Антропогендік жер бедері) түрлері көбейіп келеді. Қазақстанда Зайсан қазаншұңқыры, Алакөл қазаншұңқыры, т. б. бар.

Опырылма қазаншұңқыр - әктастардағы немесе басқа тау жыныстарындағы жер асты қуыстары төбесінің опырылуы немесе шөгуі салдарынан жарылымдар бойындағы телімдердің төмен түсуінен пайда болған депрессия.

Ұңғыманы жерасты жөндеу . Ұңғыма оқпанын құмдар мен балшықтардан, парафин мен тұз түзілімдерінен тазарту, бұрғылау станогының жеңіл-желпі бұзылыстарын жөндеу мақсатынды ұңғыма оқпанына түсірілген ұңғыма жабдықтарын, немесе олардың жекелеген бөлшектерін өзгелерімен алмастыру шараларын қамтитын жұмыстар

Құрылыс машиналары - әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал - жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Олардың қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бір шөмішті экскаваторлар мен көп шөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер, т. б. жатады. Атқаратын жұмыс түріне қарай Құрылыс машиналары қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары, т. б. механикаландырылған құралдарға топталады. Жер қазғыш машиналар топырақ қазу, карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тасығыш, гидромех. машиналар жатады. Таптауыш машиналар топырақ, т. б. жер қыртыстарын нығыздау жұмыстарын атқарады.

Салмағы 100 т-лық қарапайым таптауыш машина қалыңд. 40 - 50 см, ал салмағы 12 т дірілдемелі таптауыш машина қалыңд. 80 - 120 см жер қыртысын нығыздай алады. Тастақ қабаттарды бұзу және құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады. Қада қағу жұмыстарында арнайы жабдықтар қолданылады. Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т. б. қондырғылар арқылы іске асырылады. Асфальт, бетон төсемді жолдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналар қолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыстарында балластер, жол төсегіш, т. б. машиналар пайдаланылады. Өңдеуіш машиналар сылақ және сырлау, бояу жұмыстарына арналған машиналарға ажыратылады.

Құрылыстың дамуы және заводтық құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін дайындау дәрежесінің ұлғаюы оларды құрылыс алаңдарына жеткізу механизациясы мен ұй

Зерттеу мәліметтері бойынша автокөлікпен пакетті жеткізуді ендіруден үнемдеу тасымалданатын өнімнің түріне байланысты 30-47 % құрайды. Кеңінен тарағаны кірпіштерді 520х1030мм өлшемді табанды көлденең брусактарда жеткізу. Ені 750 және ұзындығы 1050мм табандарды қолдануға жол беріледі.

Жылжымайтын контейнер . - көлемі(м3) 0, 6; -габаритті өлшемі (мм) 960х860х900; -массасы (кг) 63) Мысалы, саз кірпіш құрылысқа табанға «елка» тәрізді салынып, өңдеу кірпіші, керамикалық және шлак бетонды тастар байланып жеткізіледі. Силикатты кірпіш темір жол бойынша табансыз пирамида тәрізді немесе инвентарлы бекітуі бар ағашметалды табандарда жартылау вагонда пакеттермен тасылады. Силикатты кірпішті автокөлікпен жеткізу үшін автомашина және прицептер кузовтағы пакеттерді бекітуге және жылжытуға арналған құралдармен жабдықталады. Кірпішті құрылыс алаңдарына жеткізуді алғы шептегі құрылыстарда артық жүктелуін болдырмау, автомобильден пакеттерді салынып жатқан ғимараттың тікелей көтерілімінде көтеру түрінде ұйымдастырады. Қызыл кірпіш пакетерін көтеру үшін жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, футлярлы іліп алуды қолданады. Силикатты кірпіш пакеттерін көтеру үшін көтермеде төрт жақты грейферлі типтегі футлярды қолданады.

Кран деп, үлкен емес арақашықтыққа жүкті горизонтальді орын ауыстыруға және көтеру немесе түсіруге арналған жүк көтергіш машиналарды айтады.

Көтергіш крандар мынадай топтарға бөлінеді: консольді, мостылы, козловые , портальные және башнялы . Кранның ең көп таралған түрлері : стрела түрі, мұнаралы, стрелалы өзі жүретін крандар болап саналады.

Консольді кран - жылжымалы немесе стационарлы бұрылысты көтергіш кран, немесе жүк көтергіш арба немесе қар суы орналасқан қозғалмайтын консоль. Қозғалмалы консольді крандар рельсті жол бойынша орналасады. Бір-бірімен орналасқан кранның жүк көтергіштігі 4т -дан 10т - ға дейін.

Мостылы кран - жүк арбасымен асылмалы көпір немесе тіреу түрінде жасалған көтергіш кран. Цех аралығын түгел кран асты рельсі бойынша көпір орналасады, ал арба - көпір бойынша көлденең ралықта орналасады. Кранның жүк көтергіштігі 5т- дан 450т -ға дейін.

Козловый кран - қатаң тіреуде орналасқан көпір түріндегі рельсті жол немесе бетонды негіз бойынша қозғалатын көтергіш кран. Көпірге орналасқан жүкті арба немесе таль. Ашық қоймаларды және құрылысты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 800т -ға дейін, ал аралығы 170т- ға дейін.

Портальный кран - стреласы және бұрылыс платформасы бтік портальда орналасқан рельсті жол бойынша қозғалатын көтергіш кран. Портарда, теңіз құрылыс зауыттаррында, гидро техникалық, тұрмыс және өндіріс құрылыстарында және тағы басқа қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 300т - ға дейін, жүкті көтеру биіктігі 45м-ге дейін,

Мұнаралы кран - құрылыс негізінде қолданылатын және биік мұнарасы, бұрылмалы стреласы және көтергіш ілмегі бар көтергіш кран. Қозғалмалы кран мұнарасы рельс жолы немесе жер бойынша қозғалатын жүретін дөңгелекке немесе уүректі арбаларға бекітіледі. Қозғалмалы мұнаралы кранның жүк көтергіштігі 100т- ға дейін, ал стационарлы крандарда 400т- ға дейін. Жүкті биіктікке көтеруі 150м- ді құрайды, ал стреланың ұшы - 5м.

Велосипедті кран - бір рельс бойынша қозғалатын 2-4 дөңгелекті арбаларда орнатылған бағанадағы атқыш бұрылмалы көтергіш кран (8 - сурет) . Тіреуіштің жоғарғы бөлігі екі мәткеде роликтермен ұсталынады. Краннның жүк көтергіштігі 10т- ға дейін, атқыштың ұшуы - 3-7м.

Жалпы барлық крандар үшін негізгі механизімдер болып: ілмектің ұшуын өзгертетін жүкті көтеру механизімі (жүкті лебедка (шығыр) ), стреланы көтеретін механизм ( стрела лебедка), кранның қозғалу механизімі және бұрылыс бөлігінің айналу механизімі саналады.

Кранның негізгі көрсеткіштері болып :

Жүк көтергіш - жүктің ең көп массасы кранмен көтеріледі;

Стреланың ұшуы - кранның айналу өсінен ілмекке дейінгі арақашықтық;

Жүкті ең биікке көтеру және оны түсіру;

Жүкті көтеру және түсіру жылдамдығы, кранды бұру және қозғалту жылдамдығы;

Күштік қондырғының қуаты.

Стрела крандар үшін жүк көтергіш, көтеру биіктігі және ұшуы бір - біріне ауыспала, байланысты шама.

Жүк көтергіш пен атқыштың ұшуы арасындағы байланысты құжатта келтірілгендей кранның жүк таситын сипаттамасы деп атайды.

Стрела ауыспалы крандар аздаған салмағы мен габариты болады және конструкциясы бойынша қарапайым, эксплуатациялауда сенімді және ыңғайлы. Жұмыстың шартына байланысты олар топрақты жерде, тіреуде, терезе немесе есік тесіктерінде және салынып жатқан ғимараттардың саты алаңдарында орнатылуы мүмкін. Кранның қозғалуы және платформа бұрылысы қолмен жүргізіледі. Бұл крандардың жүк көтергіштігі 0, 5-1, 0т, стрела ұшуы - 2-4м, жүкті көтеру биіктігі 4, 5-20м.

Мұнаралы крандарды келесі белгілері бойынша ажыратады:

Қондырғы әдісі бойынша - қозғалмалы (өзі жүретін), стационарлы және өзі көтерілетін (салынатын құрылысқа бекітілетін) ;

қозғалатын жабдықтар түрінде - рельсті және шынжырлы жолдарда;

мұнара конструкциясы бойынша - бұрылысты және бұрылысты емес мұнара;

ілмектің ұшуының өзгеру әдісі бойынша - оны иілу жолымен ұшуын өзгертетін көтермелі стреламен; мәткелі стреламен және жүк таситын арбамен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс машиналары
Кен ісінде қолданылатын механикалық машиналар
Тас материалдарды сұрыптау машиналары
Топырақ шығарудың жабық әдістері
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті
Шынжыртабанды жебелі крандар
Құрылыс машинасы және жабдықтары
Рейкалы домкрат
Құрылыс машиналары мен механизмдерінің және көмекші өндіріс жұмыстарының есебі.
Жол жөндеу жұмыстарына арналған машиналар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz