Қазақстандағы сәнгерлер жайлы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өнімдерінің және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
БАӨЖ
Тақырыбы : Қазақстандағы сәнгерлер
Орындаған: Бейбітова Маржан
Тобы: ТК-321
Тексерген: Бауыржанова А. З.
Семей, 2015
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстандағы танымал сәнгерлер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
«Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып елестейді. Себебі бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса жылжып, жаңарып отыру дегенді білдіреді. Дегенмен біле білсек, «сәндік», «сәндену» деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйізтұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен - теріден, кейін матадан тігілген белдемшелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер - алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге айналдырады. Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда 1350 жылдары, Франция мен Италияның суретшілері «сәндік» іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге «сән әлемі» келген. Франция, Италия, Англия, Испания, Америка сынды елдерде уақыт оздырмай, жылдам дамып отырған «мода» 1900 жылдары болашақ Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары жарық көрген. Ал Коко Шанельдің «кішкентай қара көйлек» ұғымы 1926 жылы пайда болған. Әрине, айта берсек, Бруно Банани, Викторияс Сикреттің дәуірі басталғалы біраз болды. Ал қазақстандық «мода» жайлы не білеміз?
Кейбір деректерге сүйенсек, қазақ басылымдары «сән», «мода» және «подиум» деген сөздерді 1913 жылдардың өзінде пайдалана бастаған. Бірақ бұл кезеңде қазақ жеріне нық орнай қоймаған «сән әлемі» қазірде ресми түрде 1947 жылы келген делінеді. Ал, жалпы, ата-бабаларымыздың ежелден келістіре киген қазақы өрнегі бар сәнді киімдері мен әшекей бұйымдарының өзі нағыз «сәндіктің» өзі емес пе?! Тек Коко Шанельдің ойлап тапқан «барлық қыздың гардеробында болуы тиіс кішкентай қара көйлегін» шығарып, жер-жаһанға жария қылмадық демесек, серілер мен сылқым сұлулардың сол кезгі сәндену салтына айтар сын да, мін де жоқ. Алайда ресми дерекке сүйенсек, бүгінде «Сымбат» деп аталатын академия отандық сән әлемінің дүниеге келуіне сеп болыпты деседі. Тұңғыш рет 1972 жылы қазақстандық сән өнерін шетелге паш еткен компанияның «Сымбат» деп аталған тұңғыш журналы - 1958 жылы, ал тұңғыш мода театры 1987 жылы ашылды. Қазақстан 1972 жылы - Болгарияда, 1974 жылы - Лейпцигте, 1975 жылы Италияда өткен халықаралық фестивальдарға да қатысты. Ал 1988 жылы Чехословакияның Брносында ұйымдастырылған жарыста бас жүлдені иемдендік.
Осылайша fashion - индустрия Қазақстанға да жеткен. Қазірде елімізді әлемге танытып жүрген атақты дизайнерлеріміз де жетерлік. Олардың ішінде Aida KaumeNOVA, Kuralai (Құралай Нұрқаділова), Айгүл Қасымова, LaRiya (Лария Жақамбаева), Salta (Салтанат Баймұхамедова) мен ZhaZira-ны ерекше атап өтуге болады.
Белгілі дизайнер және KFW-ның бас директоры Саят Досыбаевтың айтуынша, 10 жылдың ішінде аталмыш жоба арқылы отандық сән индустриясы ілгерілеп, қазақтың ұлттық нақышы бар киім үлгілерін Еуропа елдері де тани бастаған.
Биылғы жылы Алматы Достастық елдерінің мәдени астанасы болғалы бұл жобаның да маңызы арта түсті. Бұл жолы сән апталығына талантымен ел ішінде көзге түскен жас дизайнерлер қатысты. Сонымен қатар Ұлыбритания, Грузия, Украина елдерінің сәнгерлері де тілек білдіріп, жұрт назарына өз киімдерін ұсынды. Дизайнерлер «Прет-а-порте» стиліндегі киімдер жоғары сәнге айналатынын айтады. Яғни киімнің ыңғайлылығы басты назарда болмақ. Бұған қоса, биылғы жылдың күз және қыс мезгілдерінде жеңіл табиғи маталардан тігілген киім үлгілері мен ашық түсті көйлектер, құты пішіндес ұзындығы тізеден төмен белдемшелер кеңінен сұранысқа енбек.
Егер әлемнің озық сән түрлерін сарапқа салатын болсақ, қазақ сән өнері өзіндік ұлттық ерекшелігімен көзге түсері даусыз. Бұны аталмыш сән апталығына қатысқан отандық сәнгерлердің киім үлгілерінен де байқауға болады. Апталықты 2014 жылдың күзі мен қыс мезгіліне арналған киім топтамасымен Аида Кауменованың сән үйі ашты. Шығыс халықтарына тән стильдегі көйлектердің бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Жібек көйлектер, шілтерлі кеудешелер - бәрі әйел болмысына ерекше нәзіктік пен еркіндік сыйлайтындай әсер қалдырды. Ал Камилла Курбани есімді жас сәнгердің топтамасы көгілдір және күлгін түсті жұқа жібек матадан жасалған өзіндік ою-өрнектері бар көйлектерімен көзге түсті. Қара түсті көйлектер мен кеудешелерден құралған Айнұр Тұрысбектің топтамасына жеңіл шифон мен жібек маталар өзіндік әсемдік беріп тұр. Айгүл Қасымова адамның ажарын ашатын, денеге қонымды да қолайлы киім тігуді мақсат еткен екен. Айталық, оның қара түсті көйлектері алтын түсті өрнектермен көмкеріліп, сәндірек көрінді.
Табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз күні кешеге дейін өзінің әдет-ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан төл киімдерін киіп келген. Сән әлемінде соңғы жылдары ұлттық нақыштағы киімдерге қызығушылық арта түскенін айта кету керек. Бүгінгі күні ұлттық нақышы бар, заман талабына сай көйлектер сұранысқа ие. Бұны ұғынған жас дизайнер Бота Бақытжан өзінің алғашқы киім топтамасына ақ пен қара түсті маталардан тігілген көйлектеріне ұлттық ою-өрнектерді өте әдемі үйлестіре білген. Дизайнер болашақта барлық өзінің киім үлгілеріне қазақтың салт-дәстүрі мен табиғатынан сыр шертетін ұлттық ою-өрнектерді қолдануды мақсат тұтатынын айтты. Біз Бота Бақытжанның фольклорлық стильді қолға алған бастамасына сүйсіндік. Сары, күлгін түстерге басымдық берген дизайнер Ирина Әшербекова шифон, барқыт маталардан тігілген көйлектерімен жиналған барша қауымға көктемдей жадыраған көңіл-күй сыйлады. Өткен жылғы «Open way» атты жас дизайнерлер байқауының жеңімпазы Айдана Қожагелдинаның киім үлгілері кешке қатысқан сәнгерлерден өзгешерек болды. Адамның сыртқы келбеті оның жан дүниесінен сыр шертетіні рас. Айдананың киім топтамасы да оның ішкі дүниесінің құпияларын ақтарғандай болды. Жас дизайнер елімізде әлі аса танымал емес, деконструктивизм, минимализм бағытында киім тігеді. Оның киім үлгілері өте қарапайым, тігісі жатық, ассиметриялық бөлшектерден тұрады. Ұлылық - қарапайымдылықта деген бар. Оның ақ, қоңыр түсті атлас маталардан тігілген қарапайым киім үлгілері кешке қатысқан қонақтардың көпшілігінің көңілінен шықты.
Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы - тоқыма өнері. Бүгіндері бұл бағытта жұмыс істейтін сәнгерлер кемде-кем. Сондықтан Мәдина Нарбаева есімді жас дизайнер тоқыма өнерін жаңғыртып, халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты түр беретін сәндік қолөнерді дамытуды мақсат етіп қойған. Ол өз топтамасында тоқыма көйлектер, белдемшелер ғана емес, күзгі тоқыма пальтолар ұсынып, кеш қонақтарының назарын өзіне аудартты. Ал дизайнер Диана Каликованың ойынша, сәнді киім адамға рухани және моральдық жағынан дем береді екен. Сондықтан оның топтамасындағы гүлді көйлектер көздің жауын алады. Тамара Ламанукаева, Сергей Шабунин, Алекс Джен, Лария Жахамбаева, Татьяна Цой сынды дизайнерлер мен «Artisan», «Olga STAN», «Nur-shah», «Merali by GUDU», «Di Entre Si», «ё9», «Kiori» отандық сән үйлері де сән апталығына қатысып, киімдерімен жиналғандарды тамсандырды. Ал Грузиядан келген Кети Чкхиквадзе, Гизи және Акананита есімді дизайнерлер киім үлгілеріне ұлттық нақыш беру арқылы ерекшеленді. Украиналық Виктория Грес пен британиялық дизайнер Наталия Каут болса, бүгінгі жастар талғамына сай тігісі зерлі, кестелі көйлектерімен жұртшылықтың назарына ілікті.
«Айгүл Қасымова сән үйінің» бас стилисі Мәрия Розахунова, «Қазақстандағы сән аптасының» жергілікті сән индустриясы үшін маңызды оқиға екенін тілге тиек еткен. Себебі, дейді ол, бұған көптеген елдің өкілдері келіп қатысады. Биыл көрмеге Италия, Голландия, Қытай және Грузиядан қонақтар келген, әрине, бұған Қазақстаннан да қатысушылар аз болмаған.
Рахила - мұнда сән шеберлерінің ең соңғы туындыларын көріп, қарап әрі таңдап сатып алуға келген әйелдің бірі. Ол өзінің клиенттерінің нәзік әрі соны талғамды халық екенін айтады, олар сән дегеніңнің жетік мамандары дейді ол. Басылымға берген сұхбатында Рахила былай дейді: «Олар (клиенттерім) - көпке белгілі әрі абыройлы адамдар, оларды мен сондай сүйемін және құрметтеймін. Олардың арасында мынадай сән коллекцияларына деген сұраныс өте қатты. Мұндағы адамдар стилдерін әрі өздеріне не керек екенін біледі. Олар сән дегеннің дәм-талғамын бұдан да терең сезіп, білуге ынтызар!».
Аида Кәуменова Қазақстанда танымал суретші-дизайнер болып саналады. Ол - Қазақстанның ұлттық спорт командасы былтырғы Бейжің Олимпиадасында киген бірыңғай киім үлгісінің авторы. Аида өзінің соңғы сәнді киім коллекциясын еуропаша дәмдеп, «прет-а-порте делюкс» деп атапты, бұл аударғанда, «қалың жұртшылыққа арналған жоғары сапалы киім» дегенді білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz