Асинхронды-синхорнды тізбектелген порт


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар факультеті

Автоматика және электроника кафедрасы

СӨЖ №1

Тақырыбы: Асинхронды-синхорнды тізбектелген порт

Орындаған: Оразбаев Е. Ж.

АУ- 401

Тексерген: Кожахметова Д. О.

Семей 2015

Жоспар

1 Кіріспе . . . 3

2 Негізгі бөлім . . . 4

2. 1Асинхронды қозғалтқыштардың электр физикалық процесі . . . 5

2. 2 Синхронды тізбектелген порт . . . 6

3 Қорытынды . . . 8

4 Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 9

1 Кіріспе

2. 1Асинхронды қозғалтқыштардың электр физикалық процесі

Электр машиналары электротехникада және электроэнергетикада қолданылатын электр машиналар түрлерін конструкциясын жалғау схемаларын және қолданыстағы физика заңдарын қарастырады. Электр машиналар түрлері: трансформаторлар, айнымалы тоқ машиналары, тұрақты тоқ машиналары, асинхронды машиналары, синхронды машиналары, қозғалтқыштар мен генераторлар құрылысы мен жұмысын қарастырады. Электр машиналар пәні электроэнергетика саласында мынандай орындарда кеңінен орын алады. Өндірісте, транспортта, авияцияда, автоматты басқару және реттеу саласында және құрылыста кеңінен қолданылады. Механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру үшін қолданылады. Механикалық энергия электр энергиясына түрлендіргіш машинасын генератор деп атайды. Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіргіш машина бұл қозғалтқыш (двигатель) деп аталады. Кез-келген электр машинасына әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде қолданылатын болады. Оның екі жақты энергия түрлендіргіш қасиеті машинаның қайтымдылығы деп аталады. Сонымен қатар бір текті токтың электрэнергиясын, екінші тоқтың энергиясына түрлендіру үшін, электрмашиналары қолданады. Мұндай электр машина түрлендіргіш деп аталады.

2 Негізгі бөлім

2. 1Асинхронды қозғалтқыштардың электр физикалық процесі

Асинхронды электрлік қозғалтқыш - электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіруге арналған электр машинасы. Айналу магниттілігі деп аталған құбылысты алғаш рет 1824 ж. француз физигі Р. Ф. Араго тәжірибе жүзінде көрсетті. Ал бұл құбылыстың ғыл. негізін 1888 ж. а Г. Феррарис (Италия) пен хорват ғалымы Н. Тесла (АҚШ) әрқайсысы өз бетінше ашты. Алғашқы үш фазалы А. э. қ-ты 1889 ж. орыс электротехнигі М. О. Доливо-Добровольский жасады. А. э. қ-тың жұмыс принципі ротор мен статордың магнит өрістерінің өзара әрекетіне негізделген. Статор орамдары арқылы ток өткенде, айнымалы магнит өрісі пайда болады. Бұл өріс ротор орамында ток тудырады. Пайда болған ток айнымалы өріспен әсерлесіп, роторды ілестіре айналдырады. Оның бұрыштық айналу жылдамдығы полюстер жұбының санын ауыстырып қосу, қоректік ток жиілігін, ротор тізбегіндегі кедергіні өзгерту, сондай-ақ бірнеше машинаны тізбекке қосу арқылы реттеледі. А. э. қ-тың айналу бағытын статор орамасының кез келген екі фазасын ауыстырып қосу арқылы өзгертуге болады. А. э. қ-тың құрылымы қарапайым әрі сенімді болғандықтан электр жетегіндегі негізгі қозғалтқыш ретінде қолданылады. Оның қуаты бірнеше Вт-тан ондаған МВт-қа дейін жетеді.

Қозғалтқыш, мотор (лат. motor - қозғалысқа келтіретін) - қандай да бір энергия түрін механикалық жұмысқа түрлендіретін күш-қуат машинасы. Энергия механикалық жұмысқа қозғалтқыш тегіне (типіне) қарай қайталамалы-ілгерілемелі қозғалыстағы піспек (поршень), айналмалы қозғалыстағы ротор немесе реактивті қозғалыс тудыратын аппарат арқылы түрленеді. Оны жердегі, судағы, аспандағы, ғарыштағы көлік құралын қозғалысқа келтіру, өндірістің әр саласындағы жұмыс машинасын, тұрмыс техникасын, тағыда басқа іске қосу үшін қолданады. Қозғалтқыш бірінші реттік (бастауыш) және екінші реттік (қостауыш) Қ. болып бөлінеді. Бірінші реттік қозғалтқыш (бу, газ, жел қозғалтқыштары) табиғи энергетикалық ресурстарды (отын, су, жел энергиясын, ядролық энергияны) механикалық энергияға тікелей түрлендіреді. Оған жылу қозғалтқышы, бу қозғалтқышы, газ қозғалтқышы, жел қозғалтқышы, гидравликалық қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Олардың ішінде отын немесе атом энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын жылу қозғалтқышы ең басты топты құрайды. Ал екінші реттік қозғалтқыш бірінші реттік қозғалтқыш көмегімен алынған энергияны түрлендіреді. Олардың қатарына электрикалық қозғалтқыштар, пневматик. (сығылған ауаның қысымын пайдаланатын) қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Жинақталған механикалық энергияны беретін құрылғылар да қозғалтқыш (инерциялық, серіппелі, гірлі механизмдер) қатарына кіреді. Атқаратын қызметіне қарай қозғалтқышты орнықты, мобильді (көшпелі, жылжымалы) және көліктік қозғалтқыштар деп бөледі. Адамзат тарихындағы тұңғыш механикалық қозғалтқыш су дөңгелегі болды. Оны ертеде суландыру жүйесінде өзен-көлден су тартуға, кейін келе мануфактура өндірісінің күш құралы ретінде қолданды.

Жану қозғалтқышының төрт сатылы жұмыс циклы: *Интукция(Жанармай толтырылады) *Компрессия немесе сығылу. *Жану (Жанармай жанады) . *Эмиссия (Сыртқа шығару)

Жел қозғалтқышы да ертеден белгілі болған. 18 ғасырдың орта шенінен өндірістің машиналы технологияға көше бастауына байланысты жергілікті қуат көзі - суға, желге, тағыда басқа тәуелді бола бермейтін қозғалтқыш жасау қажеттігі туды. Осы кезде отын энергиясымен қазанда бу өндіріп, онымен жұмыс істейтін бірінші жылу қозғалтқышы - бу машинасы жасалды. 19 ғасырдың 2-жартысында жылу қозғалтқышының бу турбинасы және іштен жанатын қозғалтқыш (ІЖҚ) атты жаңа екі типі өмірге келді. Бу турбинасында бу энергиясын біліктің айналысына түрлендіру үшін бу машинасындағыдай кривошипті-шатунды (айналшақты-бұлғақты) механизмнің қажеті болмады. Бұл қозғалтқыш тарихындағы ірі техникалық жетістік еді. ІЖҚ да арзан мұнай өніміне көшіп, бу өндіретін ауыр да қолапайсыз бу қазанынсыз жұмыс істейтін болды. 19 ғасырдың аяғында карбюраторда жанғыш қоспа дайындап, оны қозғалтқыштың жану камерасында электро білтемен тұтататын ІЖҚ емес, сорған суық ауаны цилиндрде піспекпен қатты қысып қыздырып, оған сұйық отын бүркіп жағатын жаңа жылу қозғалтқышы (қ. Дизель) жасалынды. Нәтижесінде ІЖҚ-тың п. ә. коэффиценті өсті, үнемділігі артты, құралымы қарапайым да ықшам түрге келді. Бүгінгі күні көлік құралы түгелдей дерлік ІЖҚ-пен жарақталады. Жылу қозғалтқышы сияқты осы кезеңде гидравлик. қозғалтқыш, оның кең тараған түрі - гидравликалық турбина (гидротурбина) құралымы да ұдайы жетілдірілумен болды. Соның арқасында негізгі гидротурбинадан тұратын аса қуатты (600 МВт-қа дейін) гидроэнергет. агрегаттар жасалып, ірі-ірі су электр стансалары салына бастады. 19 ғасырдың аяғы және 20 ғасырдың басында электро энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіргіш машина - электрлік қозғалтқыш (электр моторы), оның тұрақты токпен, айнымалы токпен жұмыс істейтін нұсқаларының пайда болуы және іс жүзінде қолданылуы өнеркәсіптің энергетикалық базасын күрт дамытуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қуаты Вт-тың шағын бөлігінен ондаған МВт-қа жететін синхронды электро қозғалтқыш пен асинхронды электро қозғалтқыш тіршіліктің барлық дерлік саласында кең қолданыс табуда. 20 ғасырдың 1-жартысында жылу қозғалтқышының жаңа түрлері - газ турбиналық қозғалтқыш, реактивті қозғалтқыш, ядролық қозғалтқыш (қозғалтқыш Ядролық күш қондырғысы) жасалды. Қазіргі таңда авиация қозғалтқышының көпшілігін газ турбиналық қозғалтқыш құрайды. Ол сонымен бірге локомотивте (газ турбиналық тасығыш), автомобильде қолданылады.

2. 2 Синхронды тізбектелген порт

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микропроцессорлық жүйе жайлы
Микроконтроллер негізінде дыбыстық сигналдарды қалыптастыру құрылғысын жобалау мен құрылымдау
Компьютер құрылымы
Микроконтроллерлардың құрылымы және жұмыс істеуі
Микропроцессор негізінде микро ЭЕМ-і ұйымдастыру
Компьютердің ішкі интерфейстері
Үзулердің сыныптарға ерекшеленуі
Микропроцессорлық техниканың құрылғылары
CISCO 5500 series қондырғысының негізінде есептеуіш желілердің құрылымы
Микропроцессорлық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz