Қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І КІРІСПЕ . . . 3 - 4

І тарау. ХХ ғасырдың 1920-30 жылдарындағы Қазақстандағы өзгерістер 5 - 23

1. 1 Қазақстандағы тарихи-әлеуметтік жағдай . . . 5 - 6

1. 2 Қоғамдық саяси өзгерістер . . . 6 - 8

1. 3 ХХ ғасыр басындағы экономикалық жағдай . . . 8 - 9

1. 4 Ғасыр басындағы жер, тіл, мемлекет мәселесі . . . 9 - 23

ІІ тарау. Қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында . . . 24-41

2. 1 Ахмет Байтұрсынұлы . . . 24-33

2. 2 Міржақып Дулатұлы . . . 33-36

2. 3 Сәкен Сейфуллин . . . 36-39

2. 4 Смағұл Садуақасұлы . . . 40-42

ІІІ тарау. ХХ ғасыр басындағы оқу-ағарту мәселесі . . . 43-52

3. 1 Әліппе жайлы ұлт зиялылары . . . 43-48

3. 2 Оқу-ағарту жайлы қазақ зиялыларының көзқарастары . . . 48-52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 54-55

КІРІСПЕ

Әлемдегі тілдерді классификациялаудың төрт қағидасының бірі - тілдерді қызметтік қағидасы (функционалдық принцип) бойынша жіктеу. Қызметтік қағида:

1) тіл мен оның иесі болып саналатын халықтың байланысын,

2) тілдің қоғамда атқаратын қызметін,

3) тілдің этникалық аймақтан тыс таралуын қарастырады. Біздің дипломдық жұмысқа нысан етіп алып отырғанымыз - қазақ тілінің ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы қоғамдық қызметі.

Қызметтік қағида бойынша әлемдегі тілдермен диалектілер тайпалық, ұлыстық, халықтық, ұлттық деген төрт әлеуметтік топқа бөлінеді. Дипломдық жұмысқа мақсат етіп қазақ тілінің халықтық тілден ұлттық тілге айналу үрдісін қадағалау болды . Оның материалы ретінде Қазақстанның аталған кезеңдегі, жалпы айтқанда, тарихи жағдайы, қоғамдық-өзгерістері алынды, дипломдық жұмыстың міндеттері ретінде сол кезеңде ғұмыр кешіп, қызмет еткен А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, С. Сейфуллин, С. Сәдуақасов секілді қайраткерлердің көзқарастарын пайдаландық.

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанға дейін қазақ тілінің алдымен ұлттық тіл, сонан соң мемлекеттік тіл деңгейі мәртебесін алу жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың «ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстандағы өзгерістер» деп аталатын алғашқы тарауында тарихи-әлеуметтік жағдайды, саяси өзгерістерді, экономикалық жағдайды суреттеп, осы мәселелермен тығыз байланысты жер, тіл, мемлекеттік мәселелері талданды да, «Қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында» деп талатын екінші тарауда А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, С. Сейфуллин, С. Сәдуақасұлы секілді қоғам қайраткерлерінің аталған тақырып бойынша көзқарастары сараланады.

«ХХ ғасырдың басындағы оқу-ағарту мәселесі» деген үшінші тарауда ұлт зиялыларының қарастырып отырған дәуірдегі әліппе және оқу-ағарту жайлы пікірлері сөз болады.

І тарау. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы өзгерістер

1. 1 Қазақстандағы тарихи - әлеуметтік жағдай

Қоғам формациясы ерте заманнан бері бірте-бірте өзгеріп, дамып, бірінің орнын бірі басып отырады.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қоғам дамуының рулық-патРиархалдық сатысында отырған қазақ халқы енді феодалдық, капитализм дәуірлерін аттап өтіп, социолизм қоғамын орнату жолына түсті.

Қазақстан Ресей құрамындағы ел болғандықтан, Ресейде өтіп жатқан тарихи оқиғалардың қазақ еліне, тарихына елеулі әсерін тигізді.

1917 жылы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы нәтижесінде царизмнің құлатылуы Ресейдің саяси күштерін өзгертті. Жеңген революцияның негізгі көтерісшілері жұмысшылар, солдаттар, шаруалар өкімет органдарын, Кеңестерді құрды. Осы кезде Уақытша өкімет те өзінің мемлекет билігіне әсерін тигізбей қоймады.

«Патша тақтан құлады» деген хабарды қазақ зиялылары, мемлекет қайраткерлері қос өкіметтің билік басына келуін қуанышпен қарсы алды. Себебі, олардың үміті - автономиялы ел болуды көксеген армандарын орындау еді. Кеңес өкіметі жалпыға бірдей теңдік әпереміз деп, барлық бұрын Патша үкіметі құрамына енген елдерге уәде берді. Соның нәтижесінде 1917 жылы 1-көкекте Орынборда тұңғыш қазақ съезі өтті. Онда қаралған мәселелер: 1. Жаңа тәртіп жайлы; а) жаңа тәртіпті нығайту; ә) комитетер жасау; б) қалай жасау жобасын шығарып, сайлау басына кісі жіберу. 2. Съездер: а) жалпы қазақ съезі; ә) барша мұсылмандар съезіне уәкілдер жіберу. 3. Учредительное собрание. (Құрылтай) Торғай облысынан делегаттар белгілеу. 4. Дін һәм оқу мәселелері. 5. Жер мәселесі. 6. Сот: коронный һәм народный. 7. Земство. 8. Баспасөздер. 9. Почтаны жөндеу. 10. Ақша мәселесі. 11. Зиянды мәхкамаларды һәм чиновниктерді орнынан түсіру. 12. Соғыс һәм жұмысшылар. 13. Бүліншілік жөніндегі мәселелер. [1, 7]

Дегенмен де бұл съездің қазақ жұртшылығына бергені аз болды. Тек сөз жүзінде қалды.

Одан кейін 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда Халел Досмұхамедов, Ахмет Байтұрсыновтардың бастауымен тағы да съезд шақырылды. Бұнда да 14 түрлі мәселе қаралды. Бұл мәселелердің бірі қазақ партиясын құру еді. Соның нәтижесінде «Алаш» партиясы құрылды. Партия нақтылы тізіп санағанда 10 мәселені қамтығанымен, ұлттық мүддені қорғағанымен ұзақ өмір сүре алмады. «Алашорда» іс жүзінде 1918 жылдың ортасынан 1919 жылдың аяғына дейін, бас аяғы жыл жарымдай ғана өмір сүрген. [1, 21]

Сөйтіп, Патша өкіметі қазақ жерінің саяси - әлеуметтік, экономикалық дамуына тек отарлық саясат көзқарасы тұрғысынан қарап, қазақ халқының ұлт ретінде дамуына мүмкіндік бермесе, қазақ елінің ғасырлар бойғы арманы - ұлттық мемлекет құру - Алаш қозғалысы - тоталитарлық өктемдік пен империялық зорлықтың шабуылында көміліп қала берді.

Кейін тарих сахнасында Кеңес өкіметінің орнауына ат салысқан Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, сталинизм жеке басқа табынушылық белең алады. Қазақстан Ресей мемлекетінің отарында ғұмыр кешеді. Қазақ халқын ұлт ретінде жоюдың әдіс - тәсілдерін басынан өткереді.

Республикамызда болып жатқан тарихи оқиғалар, қоғамдық өзгерістер еліміздің әлеуметтік жағдайына да ықпалын тигізбей қоймайды. Тоталитарлық жүйенің қысымында болса да, халықтың сауатын ашу, кадр даярлау, мәдени ошақтардың өркендеуі, халықтың білімге, мәдениетке деген құлшынысын арттыру, баспасөз, кітап шығару ісі, қазақ тілінде алғаш оқулықтардың жарыққа шығуы, мектептердің көптеп салына бастауы, жоғарғы оқу орындарының пайда болуы бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір тез, жанданып дамуы орын алды.

1. 2 Қоғамдық саяси өзгерістер

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда экономикалық саясатты жүргізуде Кеңестердің рөлі күшейді.

Азамат соғысынан кейінгі 1920 жылы ашаршылық, 1921 жылы астық салығы халықтың қоғамдық өміріне әсерін тигізбей қоймады. Кеңестер құрамына, жаңа құрылысқа қарсылық туындады. Осы кезеңде ҚАКСР Орталық Атқару комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922-жылы Ә. Жангелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. Керуен әртүрлі қоғамдық жұмыстар жүргізді. Мәселен, керуен кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі ұлттық, мемлекеттік жүйені нығайтуға ықпал етті. [2, 307]

Қазақстан Республикасының астанасы Қызылордаға көшті. Қазақ жері мен халқын біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды. Өндіргіш күштердің дамуына жағдай жасалды.

1925 жылы Қазақстан облыстық партия комитеті өлкелік болып құрылды. Бұл кезде қоғамда саяси ағарту жұмысына көп көңіл бөлінді. Қазақ әйелдері қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласты.

Сонымен бірге 20-жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм нығайтқан тоталитарлық жүйемен байланысты еді. Жеке басқа табынушылық дами түсті. БК(б) П Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болып, 1925 жылы Ф. И. Голощекиннің келуі халыққа қысым жасау саясатының күшеюіне әкеп соқты. Осы кезде Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеологиясы жаппай жазалауға әкеліп ұрындырды. 1927-1929 жылдары әртүрлі сылтаулармен мемлекет қайраткерлері, беделді қызметкерлер, оқу-ағарты саласындағы мамандар қызметтерінен босатылды. Оларға саналары ұлтшылдықпен, жікшілдікпен уланған деп кінә тақты. 1937 жылы жаппай жазалау жүргізілді.

ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңында саяси жағдай ушыға бастады. Ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау басталды. 1928 жылдың аяғында бұларға Алашорда қайраткерлері де енді. Олардың қатарныда А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев. Ж. Аймауытовтар да бар еді. Бұлардың барлығы дерлік 1937-1938 жылдары атылды. Жалпы 1929-1931 жылдары қазақ интеллегенция өкілдерінің он мыңнан астамы жаппай жазалауға ұшырады.

Сөйтіп, 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында тоталитарлық жүйе қоғамдық - саяси өмірінің барлық саласында бекіді. Күштеп ұжымдастыру 1937-1938 жылдары саяси жазалау дәуірінің қайғылы оқиғасымен сабақтасып жатты. Республикада әлеуметтік - экономикалық жағдай, халық ағарту жұмыстары идеологияның қыспағында болды.

1. 3 Қазақстандағы ХХ ғасырдың басындағы экономикалық жағдай

ХХ ғасырдың басында қоғамда болып жатқан тарихи, саяси, әлеуметтік жағдайлардың республиканың экономикалық хал-ахуалына да әсерін тигізбей өткен жоқ. Осы жылдары қоғамда жаңа экономикалық саясат белең алды. Бұл саясаттың кесапатын Қазақстан да басынан өткерді.

Қатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын байқалды. Мәселен, егістік көлемі 1914 жылы 3, 6 млн деседен 1922 жылы 1, 6 млн десеге дейін қысқарды. [3, 315]

Мал шаруашылығы да ауыр халде болды. Өнеркәсіп те құлдырап кетті. Себебі, Азамат соғысы жылдары ірі өнеркәсіп орындары қирап, бүлінгені белгілі. Сонымен қатар өнеркәсіп халық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығына төнген апат 1921-1922 жылы сұмдық аштыққа әкеп соқты. Респуликада азық-түлік салғырты жүргізілді. Бұған халық наразы болды. Соның әсерінен Кеңес өкіметі салғыртты салықпен ауыстырды. Саалықтың мөлшері салғырттқа қарағанда аз болды. Оған себеп - кейбір жерлерде қуаңшылық болып, халықтың аштыққа ұшырауы.

20-жылдарыдың басындағы жер-су реформаларының ерекше маңызы болды. Патша өкіметі тартып алған жерлер шаруаларға беріле бастады. Реформаларды жүзеге асыру үшін Қосшы одағы құрылды.

Кейіннен республикамыз халық шаруашылығын қалпына келтіруде біршама табыстарға жетті. 25-жылдары өнеркәсіп орындары жандана түсті. Дегенмен осындай жетістіктерге жеткенмен де, жаңа экономикалық саясат кезінде өнеркәсіпті қалпына келтіруді еліміз екі жыл кешіктіріп, 25-27 - жылдары орындады. Өнеркәсіп саласында өндіргіш күштерді дамыту нашар жүрді. Елімізде ірі өнеркәсіп орындары аз болды, тек шикізат қана өндіретін шағын түрлері жұмыс істеді.

Ауыл шаруашылығы да өте күрделі жағдайды басынан өткерді. Себебі, әміршіл-әкімшіл жолмен жүргізілген жер-су реформасында шаруаларға жерді бөлуде әсерін тигізбей қоймады. Ауылдық жерлерде әлі де болса, патриархаттық-феодалдық қатынастар өз күшін жоймаған еді. Осы кезеңде аса ірі байлардың малын тәркілеу белең алды. Алайда, бұл істе экономика саласындағы қиыншылықтарды шешуге себебін тигізе алмады және тәркілеу кезінде де асыра сілтеулер болып тұрды.

Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігіне ұжымдастыру саясаты да жатады. Пәрменді қарқынмен жүргізілген бұл істің көшпелі, жартылай көшпелі халқымыздың жағдайына кері әсерін тигізбей қоймады. Ұжымдастыру да зорлық-зомбылықпен жүргізілді. Халықтың тұрмыс жағдайымен санаспау елеулі құлдырауларға жол ашты.

Қазақстандағы жүргізіліп жатқан саясат халықты сан жағынан үлкен шығынға ұшыратып, демографиялық жағдайға да зиянын тигізді.

Сөйтіп, жаңа экономикалық саясат дамудың жоғарғы деңгейімен емес, қайғы-қасіретпен, этникалық-экологиялық апатпен аяқталды.

1. 4 Ғасыр басындағы жер, тіл, мемлекет мәселесі

ХХ ғасырда ұлт зиялыларын толғандырған, кез келген елдің мемлекет екенін, ұлт екендігін айқындайтын негізгі белгілер болып саналатын жер, тіл, мемлекет мәселесі осы кезеңде де өзінің өзектілігін жоймаған еді.

Осылардың алғашқысы және өте күрделі мәселе - жер мәселесі. Ғасыр басында Қазақстан халқын отырықшылдандыру мәселесімен бірге, Патша өкіметі қазақ жеріне түрлі ұлт өкілдерін әкеп қоныстандыруы халқымыздың өз жерінен өзі айырылу қаупін тудырды. Қоныстандырушыларға шұрайлы жерлерін беріп, малмен күн көрген қазақты қуаң далаға ығыстырып тастауы халық тұрмысының, өмір сүру деңгейінің қиындап кетуіне әкеп соқты.

«Қазақ пайдасындағы жерлерді алады, қыстауларынан көшіреді. Қай жөнменен алып, қай орында көшіреді, оны қазақ білмейді. Жоғарғы хакімдердің қазақ жері турасында шығарған низам, бұйрықтары болса да, ол бұйрықтарды мұндағылардың қайсылары орнына келтіріп, қайсылары орнына келтірмейді. Қазақ жол ретін білмейді дейді де, біреулері жолмен істемей, жосып бетімен кетеді»[4, 76] - деп А. Байтұрсынов бастаған ұлт өкілдері, сол кезегі бір жағынан қазақтың сауатсыздық деңгейінің төмендігіне күйінсе, екіншіден қазақтың артық жері деп, сол кездегі өкіметтің жерімізді тартып алуына күйінеді. Ғалымның басшылығымен шыққан «Қазақ» газетінде де бұл мәселе өзектілігін жоймай, жиі-жиі халық назарына ұсынылып тұрды.

«Қазақ» газеті жарыққа шыққан тұс бұл халық басына Патша өкіметі төндірген үлкен қауіп, үлкен қасірет болатын. Сондықтан да «Қазақ» айналасындағылар осы бір күтіп тұрған тақырыпқа, ол жөніндегі әртүрлі айтысты пікірлерге араласпауы мүмкін емес еді. «Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зоры - жер мәселесі. Бұл қазақтың тірі, я өлі болу мәселесі. Бұл турасында түсінік жетпей қаталасып, қазақты теріс жолға салғанымыз - бес миллион адамның обалын мойнымызға жүктегеніміз. Сондықтан бұл турасында қазаққа ақыл айтқанымыз, қазақты һәм басқаларды да қата ұқпастай етіп, анықтап, ашық сөйлескеніміз абзал» деді газет редакторы А. Байтұрсынов өзінің татар газеті «Уақытта» жарияланған бір пікірге байланысты жазылған «Адаспаған мәселе турасында» деген мақаласында [5, 62] .

Бұл жерде ғалымның айтпақ ойы - «Қазақ» газетіне қарсы бағыттағы «Айқап», «Қазақстан» газеттерінің ұлттың қамын ойламай, үстірт қарап отырықшылдықты қуанышпен қарсы алуы.

Халқымыздың жерін зорлықпен тартып алуды мақсат тұтқан патша өкіметінің сол кездердегі жерді дұрыс бөлмеу зиянын, дәлірек айтқанда, тартып алуы қазақ халқына әлі де зиянын тигізіп келеді.

Переселен мекемесінің бастығы Глинко өткен жаз думаға айтты: Біз қазақ жері туралы екі жолмен іс қыламыз. Бірі - закон жолы, екіншісі - еп жолы. Ебімізге көнсе, арамсынбаймыз деп. Ол ебін инструкциясының 20 пунктында айтқан: қазақ өзі он бестен жер аламын деп тілесе, тілегін қабыл ету керек деп. Соны жамылшылап қазақтың бәрін де өзі тіледіге келтірмекші. Переселен чиновниктері қазақтың мойынын иіп, басын сол ноқтаға іліктіру үшін мұжық нормасымен аламын десең жеріңді өзіңе қалдырамын, әйтпесе жеріңді аламын деп қазақты жарға қамайды. Оларға біздің «Айқап» журналы һәм ноғай бауырларымыздың матбуғаты көмекші болды. Бұлар қазаққа қастық ойлап емес, достық қыламыз деп көмекші болды. «Айқап» істің негізі не екенін түсініп жете алмай қателесті. Ноғай бауырларымыз қазақтың жер мәселесін жақсы білмегендіктен қателесті»[5, 66] - деп қазақтың орға жығылғанын жазды. Сол кездегі ұлттық баспасөз беттерінде ұлт зиялыларының жер мәселесіне келгенде ерекше ден қойып, өз жерімізді өз иелігімізде сақтап қалуы керектігін ашып айтқан пікірлері көрініс тапты.

«Қоныстандырудың, орыс мұжықтарына жерді көптеп бөлудің түбі неге әкеп соқтыратынын Ә. Бөкейханов 1910 жылы - ақ ескерткен болатын: «При спешном и массовом переселении крестьян в киргизскую степь весьма возможно что ее целина будет вспахана раньше, нежели крестьянское хозяйство успеет принять более интенсивную форму. Киргизская степь лишившись вековой целины, окажется бесплодной и, при современной технике крестьянского хозяйство перестанет давать урожай. Здесь повторятся знакомые неурожай юго-восточной России. Распылив превосходные пастбища киргизской степи и обратив ее в пустыню, крестьянин окажется у разбитого корыта, а киргизы, лишившись к тому времени своих пастбищ, окончательно обнищают . . . » [5, 66] -деп Бөкейханов та Патша өкіметінің отаршылдық саясатын әдейі қазақты жерінен айыруды мақсат тұтып жүргізіп отырғандығын көз жеткізерліктей етіп дәлелдеген болатын.

Ұлт зиялылары халық бірлігін сақтауға тырысты. «Жер халықтікі» деген ұстанымды жақтаған ұлт зиялыларының өкілі А. Байтұрсыновтың жер мәселесіне байланысты «Жер жалдау айынан», «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Шаруа жайынан», «Қазақ һәм жер мәселесі» т. б. мақалалары жарық көрді. Мақалаларында ұлтына деген шын жанашырлық ниеті ашық көрініс тапты.

Ғасыр басындағы екінші бір күрделі мәселе оқу-ағарту ісі болатын. Елімізде жаңа жүйеде оқыту әдістерін пайдаланып, мектептер ашыла бастады. Оның ішінде ересек жастағылардың да сауатын ашатын мектептер құрылды.

«Если в 1925/26 учебном году охват детей школьного возраста составлял среди казахов 12%, русских - 39, 1%, узбеков - 13, 4%, то в 1931/32 учебном году этот процент соответственно возрос среди казахов до 72, 7, русских - 92 и узбеков - 75%. К этому времени в Казахстане было 7110 школ, из них 334 средних и семилетних; в школах учились свыше 600 тыс. Учащихся, то есть по сравнению с 1925/26 количество учащихся - в три раза. Бюджет на народное образование вырос в восемь раз». [7, 38]

Сол кездің саясатымен тығыз байланысты орыс-қазақ мектептері көптеп ашылды. Жоғарғы үкімет қазақ балаларын біліммен сусындатуды емес, өз саясаттарын жүргізетін кадрлар даярлау мақсатында оқу-ағарту ісіне ерекше көңіл бөлді.

Миссионерлік саясаттағы үкімет қазақ даласында мұсылманша оқытатын мектеп, медреселердің ашылуына тыйым салды. Сол кездегі жұмыс істеп тұрған медреселерді қатаң бақылауға алды. Мәселен, нұсқау бойынша балаларын қазақша медресе - мектепте оқытқысы келетін қазақтар оқу орны бастықтарынан арнайы рұқсат куәлік алып, әр куәлік үшін 50 тиын алым алынған. Ал балаларын куәліксіз өз бетінше оқытқандарға бірінші жолы 10 сом, екінші жолы 30 сом айып төлеттірген. Бұл тәртіпті үшінші рет бұзған адамдар 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауға алынып, одан әрі балаларын мұсылман мектептерінде оқытуына тыйым салатын болған. [5, 11]

Ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу жайында» мақаласындағы «Орысша һәм қазақша оқудың екеуін де керегінше пайдалану үшін, қазақ ұлы әр нәрсенің атына түсініп іс істерге керек. Үкімет қазаққа қазақша мектеп салып бермейді, қазақтың қазақша оқуын тіпті тілемейді, соның үшін мектептерімізді тәртіпке қою, қазақша оқуды халыққа тарату - өз міндетіміз»[9, 45] деген пікірінен сол замандағы оқу ісінің саясатпен тығыз байланысты болғанын көреміз. Сөйтіп Ресей орыстандыру саясатын тілінен, дінінен, жерінен айырып, мәңгүрт ретінде өз отарына айналдыру ниетімен әрі қарай дамыта берді. Алайда, Патша үкіметі жаппай сауаттылыққа қарсы еді. Соның бір себебі - олардың мұсылман мектеп - медреселеріне тыйым салуы. Екінші өзіне керекті кадрларды даярлап алды, әрі қазақ жастары тілмаштық, іс жүргізу сяқты істерді місе тұтпай, әрі қарай оқу деңгейлерін жоғарылатып, өз саясаттарына қарсы шығады деп ойлады. Соның нәтижесінде кейбір жылдары мектеп оқушыларының саны да күрт төмендеді. Кейінен билік басына Кеңес үкіметі келген кезде мәдени ағарту істері, сауатсыздыққа қарсы шаралар өзінің оң нәтижесін берді. Мектептер саны да бұрынғымен салыстырғанда өсті.

Дегенмен сауатсыздық саны әлі де болса жоғары болды. Мәселен, 1924 жылы сауатсыздар саны 84, 5 процент болса, 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанда хат танымайтын 14 жастан 16 жасқа дейінгі ересек балалар саны 294107 адам ( барлық ересек балалардың 72%-і, хат танымайтын 17-ден 35-ке дейінгілердің саны 1378145 адам) барлық осы жастағылардың 73, 6%-і еді. [10, 170] Сауатсыздықты жоюдың бірден оң нәтиже бермеуі, мұғалім мамандарының жетіспеуі, қазақ тілінде оқу құралдарының жоқ болуы себебін тигізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани болмыстың негізі ұлттық сана
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Лингвистикалық практика
Тақырыптың методологиялық мәселелері
Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты
Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы
Жазушы Оразанбай Егеубаевтiң «Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi» атты роман-эссесi хақында
Алаш ұранды Сарыарқа газеті
Қазақ әскери революциялық комитеті және ұлт-зиялылары
Қоғамдағы газеттің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz