Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері жайлы



Кіріспе
1. Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстандағы сақтандыру ісі бұрынғы мемлекетік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операцияларын жүргізудің монопольдық құқығына мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді. Нарықты экономика жағдайында мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен экономикалық және ұйымдық тұрғыдан байланысты емес, дербес сақтандыру ұйымдары құрылып, дами бастады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және қазіргі уакытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірдей құқықтың дәрежеге ие болды. Отандық сақтандыру ісі өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артқа тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды. Қазіргі танда республикада адал бәсеке нарығы қалыптасты деп айтуға болады. Бұрындары тек шетелдерде қолданып келген сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың 1 наурызындағы халыкқа жолдауында «ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, ақша-несие, салық, сақтандыру саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті» деп атап өтті.
Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік бере отырып, әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасызетеді. Сақтандыру компанияларының резервтері экономикалық дамуды қаржыландыратын инвестициялардың сенімді көзі болып табылады, сақтандыруды дамытудың негізі мақсаты - мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толық қанды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.
Сақтандыру экономиканың маңызды әрі аз зерттелген саласы болып табылады. Қазақстанда өзінің даму кезеңінде болуына қарамастан, ерте кезде пайда болған. Содан бері жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесі арқылы қорғап, адамзаттың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып даму жолында.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері

Орындаған: Бейсеков К.А
Тексерген: Жумадилова Г.А

Семей 2015
Кіріспе
1. Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері
Пайдаланған әдебиеттер

Қазақстандағы сақтандыру ісі бұрынғы мемлекетік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операцияларын жүргізудің монопольдық құқығына мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді. Нарықты экономика жағдайында мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен экономикалық және ұйымдық тұрғыдан байланысты емес, дербес сақтандыру ұйымдары құрылып, дами бастады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және қазіргі уакытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірдей құқықтың дәрежеге ие болды. Отандық сақтандыру ісі өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артқа тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды. Қазіргі танда республикада адал бәсеке нарығы қалыптасты деп айтуға болады. Бұрындары тек шетелдерде қолданып келген сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың 1 наурызындағы халыкқа жолдауында ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, ақша-несие, салық, сақтандыру саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті деп атап өтті.
Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік бере отырып, әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасызетеді. Сақтандыру компанияларының резервтері экономикалық дамуды қаржыландыратын инвестициялардың сенімді көзі болып табылады, сақтандыруды дамытудың негізі мақсаты - мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толық қанды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.
Сақтандыру экономиканың маңызды әрі аз зерттелген саласы болып табылады. Қазақстанда өзінің даму кезеңінде болуына қарамастан, ерте кезде пайда болған. Содан бері жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесі арқылы қорғап, адамзаттың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып даму жолында.
Сақтандыруда адамдар арасында материалды игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну саласындағы экономикалық қатынастар орнайды. Ол барлық шаруашылық субъектілеріне және қоғам мүшелеріне залалдардан кепіддік береді.
Қайта өндіру процесі табиғат, табиғи және қоғамдық сипаттағы қарым -қатынастарды білдіреді. Қоғам мен табиғат арасында түрлі қайшылықтар орнайды. Қоғамдық өндіріс саласында түрлі тәуекел каупі орын алады . Міне, осының барлығы әлемдегі сақтандыру қатынастарының пайда болуы мен дамуына негіз болды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сеніміз болып шығуы, нарықтағы бағалар құндылықтар кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жаксаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандыруға деген қажеттілік одан әрі өсе түседі.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде сақгандыру экономиканың стратегияалық маңызы бар салаларына жатады.
Қазіргі кезде сақтандыру ісін ұйымдастыру бір жағынан нарықтық экономиканың әрекет етіуінің жалпы экономикалық зандылықтарына сүйенсе, екінші жағынан оған Қазақстан
Республикасының өтіуінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Өз кезегінде сақтандырудың өзі реттеу объектісі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға өту Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесіне бірқатар құрылымдық өзгерістер алып келді. Қазіргі кезде өз жұмыстарын жаңашыл қалыптастыратын сақтандырудың қазіргі жағдайы сақтандыруды одан әрі дамыту мен модернизациялаудың әлемдік тәжірибелерге негізделуін қажет етеді. Бұл ең алдымен құқықтык және ақпараттық базаның жетілмегендігіне, әдістемелік жұмыстардың жүргізілмеуіне байланысты.
Осы орайда сақтандыруды ұйымдастырудың әдістемелік негізін қалыптастырудың ұлттық сақтандыру ісінің даму ерекшіліктері мен тенденцияларын айқындаудың өзектілігі зор.

1 - тақырып. Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі рөлі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Түйінді сұрақтар:
1. Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы.
2. Сақтандырудың атқаратын қызметтері
Сақтандыру қоғамның экономикалық қатынастарының сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде пайда болып, ол біртіндеп коғамдық өндірістің қажетті серіктесіне айналды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - катерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай - ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен аңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі. Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінеде бұл сақтаңдырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы кажеттілік одан әрі өсе түседі.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды калыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі -бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын - ала қарастырады.

Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын-ала болжалануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған. Қоғамның резерв қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүлікті мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысаныңда жасалады, Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын - ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден -бір бөлігі.
Сақтандырудың жарналары есебінен жасалатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұңдай жағдайларда сақтық корлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін оммерциялық айналымға берілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл
табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды.
Ұқтық Ұйыймдардың осыған ұқсас операциясы сақтандыру нарығыңды пайдалырақ шарттарды қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысырыптармен залардардан кашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтағы қатынастарға көшуі, кәсіпкерлі қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізулі субъектілер арасындағы өзара келісім-шарт міңдеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің серік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінді ғана материалдық иеліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін
қосымша қорғауға мүмкін береді. Қазіргі кезде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шьығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табынатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Сақтандыру осы қолайсыздықты жою тиіс. Сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, әкологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйе республиканың экономикасының сенімді әрі орнықты, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азамматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.
Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1)табиғи - техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруға мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
2) нарықтың экономика қағидаларына сай сақтандыру
жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүктің сақтығын қамтамасыз ету
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері туралы
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері жайлы ақпарат
«Казиндустрия» ЖШС
Жүктердің таңбалануы. ыдыс пен ораманы қолданудың тиімділігі туралы
Коммерциялық қатынастағы поездарды технологиялық тексеру
Мультимодальды тасымалдау схемасы
ҚР заңнамасы бойынша көліктік қызмет көрсету аясындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Компанияның негізіг логистикалық бағыттары
Пәндер