Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері


ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ

МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері

Орындаған: Бақберова А. Е

Тексерген: Қайсанов С. Б

2015жыл

Жоспар:

1. Операциялық жүйелер.

2. Операциялық жүйелердің дамуы.

3. Операциялық жүйелердің түрлері.

1. Операциялық жүйелер.

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар - тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер фон Нейман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын. Ал осы заманғы Операциялық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді. Операциялық жүйеОперациялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т. б. . Яғни ОЖ - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ - ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT, OS/2, UNIX жатады, Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады. Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.

Операциялық жүйенің функциясына кіреді:

-Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру;

-Еңгізу-шығару және деректермен басқару;

-Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

-Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды) ;

-Бағдарламаларды орындалуға еңгізу;

-Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету;

-Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру;

-Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т. б. ) .

Компьютердің әр түрлі моделінде әр түрлі архитектуралық және мүмкіншілдік операциялық жүйелерді қолданады. Олармен жұмыс істеу үшін әртүрлі ресурстар қажет. Олар әр түрлі бағдарламалау сервис дәрежесін және дайын жұмыс бағдарламасын береді. Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе, профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттердең түру керек:

-Еңгізу/ шығару бағдарламаларын басқару;

-Файлдық жүйемен және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратың бағдарламалар;

-Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған камандаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды.

Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС -да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар «қосымшалар» (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т. б. ), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

2. Операциялық жүйелердің дамуы.

ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ - лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы - Ethernet, 1985 - Token Ring, 80ж. аяғында - FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. . Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.

3. Операциялық жүйелердің түрлері.

Windows ХР Операциялық жүйесі

Бұл да қуатты ОЖ, (2001 жылдың 25 октябрінде пайда болды. ), мұнда Windows 9х және NT біріктірілген, оның негізінде Windows 2000 жатыр. Бұл, сонымен қатар приоритетті көптапсырмалық 32-разрядты ОЖ. Осы фактылар оның негізгі сипаттамаларын анықтайды.

ХР-дің екі версиясы бар: Windows ХР Home және Windows ХР Professional. Мұнан басқа 64-битті версиясы - Windows ХР Professional, Intel Itanium 64-битті процессорлар үшін жасалған.

Windows ХР Home жүйесі Windows 9х жүйесінің орынын басуға жоспарланған, бірақ Windows 2000 Professional ОЖ-ің орнын ауыстыру үшін NT ядросында құрылған.

Windows ХР-ді орнату үшін 500 МГц-тен кем емес 128 Мб-тан артық емес ЖЖ керек.

UNIX операциялық жүйесі

UNIX тораптық ОЖ- і көпшілік қолдануға 32 битті микропроцессорлық жүйе үшін өндірістік стандарт б. т. Бұл ОЖ DEC фирмасының микрокомпьютерлері үшін 70- ж-ң басында алғашқы рет ойластырылып шығарылған. Кейін басқа да компьютерлер мен ЭЕМ үшін кеңінен қолданыла бастады.

UNIX ОЖ-қ тораптық жабдығы тораптарда қолдану үшін жобаланды.

Уақытты үлестірудің мультипрограммалық жүйесі үшін кеңінен қолданыла бастады. Ол көп тапсырмалылығымен, көпқолданушылығымен ерекшеленеді. Бірнеше қолданушы әрқайсысы өздерінің терминалды бойныша компьютер ресурстарын пайдалана алады. Бір мезгілде бірнеше тапсырманы орынадй алады. (мысалы бір файлды редакциялай отырып, келесі файлды баспаға жіберіп отыру) . Соңғы уақытта UNIX- тің түрлері өте кең көлемде көбейіп отыр. (Мысалы, XENIX, AIX, HP- UX, LUNIX) тағы бір түрі PARIX ОЖ- процессорлардың үлкен сайын басқарады - мәліметтерді параллель өңдейтін UNIX- те каталогтарды бұтақ түрінде өңдеуге мүмкіндік бар. Бұтақ түріндегі каталогтардың негізгі түпкі (корневой) каталог б. т. және былай «/» белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйенің жоғары бөліктегі жазылуы
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері жайлы ақпарат
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (ms-doc, nc, os/2,unix, windows, оның түрлері
Операциялық жүйелер жайлы
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (ms-doc, ns, os\2, unix, windows, оның түрлері)
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы
Сервистік программалар және желілік операциялық жүйе
Компьютердің программалық жабдықтамалары операциялық жүйе тарихы, қызметі және түрлері
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы ақпарат
Операциялық жүйелер, оның дамуы және түрлері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz