21 ғасырдағы жаңа принцптердегі негізделген егіншілік жүйесін құру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ

АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

Аграрлық факультеті

БӨЖ

Тақырыбы: 21ғасырдағы жаңа принцптердегі негізделген егіншілік жүйесін құру

Орындаған:Жырғау. А

Тексерген:Сагандыкова:С. Н

Семей 2015ж

Жоспар

1. 21ғасырдағы жаңа принцптердегі негізделген егіншілік жүйесін құру

1. 2Қазіргі аймақтық егiншiлiк жүйелерiнiң құрамды буындары және сұлбасы.

1. 3 Солтүстiк Қазақстанның егiншiлiк жүйесi

1. 4 Солтүстiк Қазақстан егiншiлiк жүйесiнiң ерекшелiктерi

1. 5Топырақ қорғау егiншiлiк жүйесiнiң құрамды буындарының негiзгi ерекшелiктерi.

Қортынды

Пайдаланған Әдебиеттер

1. 2 Қазіргі аймақтық егiншiлiк жүйелерiнiң құрамды буындары және сұлбасы .

Қазіргі аймақтық егiншiлiк жүйесi, өсімдік шаруашылығы жүйесi деген дұрысырақ, топырақ құнарлылығын жұмылдыру мен ұдайы арттыруды, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудiң технологиясын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн 15-тен астам құрамдас буыннан тұрады.

Егiншiлiк жүйесiнiң ең жоғарғы тиiмдiлiгi оның барлық құрамдас буындары толық игерiлгенде және бiрлесе әсер еткенде алынады. Буындарының аталуы бiрдей болғанымен олардың мазмұны әрқашан аймақтың егiншiлiгiне байланысты болғандықтан, нақты егiншiлiк жүйесi мiндеттi түрде аймақтық болып келедi. Егiншiлiк жүйесiнiң аталуы белгiлi бiр буынға сәйкестiрiлiп берiлген жағдайда оның мазмұнын толық көрсетпейдi, сондықтан оны аймақтық, жергiлiктi жердiң немесе облыстың атына сәйкес қойған дұрыс. Мысалы, «Солтүстiк Қазақстан егiншiлiк жүйесi», «Батыс Сiбiр егiншiлiк жүйесi» және с. с.

1. 3 Солтүстiк Қазақстанның егiншiлiк жүйесi

Аймақтың климат және топырақ жағдайлары . Солтүстiк Қазақстанның климаты қатаң континенталды. ғысы желi мен бораны жиi болатын суық та ұзақ. Қыста 70-100 мм жауын-шашын түседi, бұл жылдық мөлшердiң үштен бiрi болып табылады. Сондықтан уақытында қар тоқтату топырақта

Көктемгі күннiң жылынуы суықтың қайталап соғуымен ұштасып отырады және көктемгі суықтардан жылу сүйгiш дақылдардың (жүгерi, қара құмық, тары, көкөністiң) көгін үсiк шалуы мүмкiн.

Жылдамдығы 15-20 м/сек және одан артық көктемгі желдер қатты қауiп туғызады, себебi олар қорғалмаған танаптарда жел эрозиясын туғызады және ауыл шаруашылығы дақылдарының көгін кертiп зақымдауы мүмкiн. Аймақта көктем бiрде ерте бiрде кеш басталады. Ерте басталған көктем, көбінесе, жылы және құрғақ жазға ұласады. Кеш түскен көктем, керiсiнше, салқын және ылғалды болып келедi де, сондай жазға ұласады. Мұндай жылдары, көбінесе мол өнім алынады (1964, 1979, 1992) .

Жазы негiзiнен ыстық және құрғақ болып келедi, маусым-тамыз айларындағы температуралар жиынтығы -1600-2000 0 С құрайды. Үскiрiк болмайтын кезеңнiң ұзақтығы әр түрлi болады және 100-125 тәулiктi құрайды.

Жазда 120-170 мм ылғал түседi, бұл жылдық мөлшердiң 45-50 % құрайды. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-350 мм болады. Аймақтағы он жылдың жетеуi әр түрлi деңгейдегi құрғақ, ал үшеуi әр түрлi деңгейдегi ылғалды болып келедi. құрғақшылық аймақ үшiн қалыпты жағдай және егiншiлiк өнімділігінің шешушi жағдайы болып табылады (79 -кесте) .

Жылдық жауын-шашынның түрлi мөлшерлерінiң қайталану жиiлiгi, Ақмола метеостансасының деректерi бойынша, 1956-1995 жж

Ылғалдану деңгейi бойынша жылды бағалау
Жауын-шашын, мм
Жылдар саны
%
Ылғалдану деңгейi бойынша жылды бағалау:

Мейлiнше құрғақ

Өте құрғақ

Құрғақ

Орташа құрғақ

Қуаң

Орташа қуаң

Ылғалды

Орташа ылғалды

Орташа көрсеткіш

Жауын-шашын, мм:

230 дейiн

231-260

261-290

291-320

321-350

351-380

381-410

410 артық

326

Жылдар саны:

4

7

4

10

4

4

6

1

40

%:

10

17. 5

10

25

10

10

15

2, 5

100

Дәндi дақылдардың өнімділігі жылдық жауын-шашын мөлшері мен олардың түсу кезеңiне байланысты. Мысалы, Ақмола облысында дәндi дақылдардың өнімділігі 40 жылдың жиырма алтысында, яғни 62, 5 % 10 центнер және одан төмен болды. Ал, 16 ц/га жоғары өнімділік 40 жылдың екеуiнде ғана, яғни 5 % кездескен (80- кесте) .

Солтүстiк Қазақстанда қара және қызыл-қоңыр топырақтар кең тараған. Қара топырақты аймақты қара шiрiндісі 9 % дейiн сiлтiсiзденген қара топырақтардың (шалғынды дала), қара шiрiндісi 6-8 % орташа қара шiрiнділi кәдiмгi қаратопырақтардың (кәдiмгi дала) және қара шiрiндісi 4-6 % аз қара шiрiнділi оңтүстiк қара топырақтардың аймақшаларына бөледі.

Қызыл-қоңыр топырақтар аймағы қара шiрiндісi 2-4 % күңгiрт қарақоңыр және қызыл қоңыр топырақтар (құрғақ дала) және қара шiрiнділiгi 2% дейiн ашыққоңыр топырақтар (шөлейт дала) аймақшаларына бөлiнедi. Қара шiрiндінiң көрсетілген мөлшері тың көтерудiң алғашқы кезеңiне тән келедi. Қырық жылдан соң жел эрозиясының және егiншiлiктегі органикалық заттар бойынша терiс теңгерiмiнiң нәтижесiнде қара шiрiндiсi 25-35 % кемiген. Егiстiк жерлердегi топырақтардың барлығы дерлiк жел эрозиясынан, ал беткейлерде су эрозиясынан да, әсiресе сүрi танапты өңдеу кезеңiнде, кешендi қорғауды талап етедi.

Топырақ құнарлығының шектеушi жағдайларына, ылғалдан басқа жылжымалы фосфордың жеткіліксiздiгi жатады. Оған соңғы жылдары азоттың жеткіліксiздiгi қосылды.

Аймақтың бiраз бөлігін кебір (сортаң) топырақтар алып жатыр.

1. 4 Солтүстiк Қазақстан егiншiлiк жүйесiнiң ерекшелiктерi

Солтүстiк Қазақстанда тың және тыңайған жерлердi игеру тәжiрибесi Кеңес Одағының Еуропалық бөліктеріне тән егiншiлiктiң дәстүрлi тәсiлдерi Солтүстiк Қазақстан жағдайында тиiмсiз екенiн көрсетті. Себебi, олар бұл аймақтарда егiншiлiктiң тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайды және жел эрозиясының пайда болуына әкелiп соғады. Топырақты өңдеудiң негiзгi құралы ретiнде соқаны пайдаланғанда, топырақты жел эрозиясынан қорғауға және құрғақшылықтың зиянды әсерiн әлсiретуге мүмкiндiк болмайды.

Еуропалық аймақтарда пайдаланылатын тұқымды ерте мерзiмде себу танаптардың арамшөптермен, әсiресе қара сұлымен ластануына әкелiп соқты.

Тың өлкесiнiң егiншiлiгiндегi жағымсыз процестердi тоқтатуға А. И. Бараевтың басшылығындағы Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты дайындаған топырақ қорғау егiншiлiк жүйесi ғана мүмкiндiк бердi (1) . Ол жүйенi 1966 жылы Целиноград қаласында өткен БОЛААША-ның көшпелi сессиясы өндіріске енгiзуге ұсынды. Топырақ қорғау егiншiлiк жүйесi Солтүстiк Қазақстанның барлық облыстарында 1972 жылға дейiн өндіріске енгiзiлдi. Топырақ қорғау егiншiлiк жүйесiнiң шараларын кешендi пайдалану құрғақшылық және ылғал мөлшері орташа болған жылдары дәндi дақылдардың өнімділігін елеулi мөлшерде көтеруге мүмкiндiк бередi. Олар Сiбiрдiң, Жайық бойының, Украинаның далалы аймақтарында қолданыла бастады. Жазықтiлгiштер 1978 жылы 33, 9 млн. га жерде пайдаланылса, аңыз қалдықтары сақталған танаптарда жүре алатын тұқымсепкiштер 35 млн. га жерге қолданылды (Бараев А. И., Госсен Э. Ф., 1980) .

1. 5 Топырақ қорғау егiншiлiк жүйесiнiң құрамды буындарының негiзгi ерекшелiктерi.

Жүйеде қазiргi егiншiлiк жүйелерiне сәйкес буындардың бәрi болады, бiрақ олардың әрқайсысының аймақтық ерекшелiгi байқалып тұрады. Оларды былайша топтауға болады.

1. Аумақты эрозияға қарсы ұйымдастыру, қысқа айналымды дәндi дақылдардың, әсiресе жаздық бидайдың үлесi жоғары, сүрi танабы жолақталып өңделетін дәндi-сүрi танапты ауыспалы егiстер. Механикалық құрамы жеңiл топырақтарда дәндi дақылдары, сүрi танабы және көп жылдық шөптерi жолақтап орналасқан топырақ қорғау ауыспалы егiсi; екi-үш танапты жүгерi, бiр жылдық шөптер, сұлы енгiзiлген мал азықтық ауыспалы егiстер қолданылады.

2. Топырақты эрозиядан қорғау және қардың мол тоқтатылуы үшiн аңыз сабақтарын сақтауды қамтамасыз ететiн топырақ өндейтін жазықтiлгiш құралдар кешенiн пайдалану.

3. Таза сүрi танаптарда, бидай мен жүгерi егiстiктерiнде бiр және қос жарнақты арамшөптерге қарсы күресте гербицидтер қолдану.

4. Дәндi-сүрi танапты ауыспалы егiстiң сүрi танабында фосфор тыңайтқыштарын және айналым соңына қарай тұқым себумен қатар азот тыңайтқыштарын сiңiру.

5. Арамшөптердi жою, топырақтағы ылғалды және жазғы жауын-шашынды тиiмдi пайдалану үшiн, көп жылдық шөптерден басқа ауыл шаруашылық дақылдарының көпшiлiгiн мамырдың екiншi жартысында эрозияға қарсы тұқымсепкiштермен себу (28, 31) .

Топырақ қорғау егiншiлiк жүйесiнде астық өндірудi энергетикалық бағалау . Қазіргі егiншiлiкте өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру үшiн үлкен мөлшерде қуат жұмсау керек, сондықтан технологияларды тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, энергетикалық тұрғыдан да бағалаудың маңызы артып келедi. Энергетикалық бағалаудың мәнi бiр жағынан ауыспалы егiстiң гектарына және өнімнің бiрлiгiне жұмсалған энергетикалық шығынды, ал екiншi жағынан өнім де жиналған және оны өндіруге жұмсалған қуаттың қатынасы арқылы анықталатын энергия тиiмдiлiгiнiң коэффициентiн анықтау. ҚАШҒЗИ (Васько И. А. және басқалар, 1995) деректерi бойынша төрт танапты дәндi-сүрi танапты ауыспалы егiстегi жалпы қуат шығыны 9878 мДж/га болса, дәнде жиналған қуат мөлшері - 23700 мДж/га болған, яғни энергетикалық коэффициент -2, 40. Қуаттың негiзгi шығыны айналымдағы заттардан (тұқым, жанар май, тыңайтқыш) тұрады-82, 12%, ал негiзгi қорлар (тракторлар, ауыл шаруашылығы машиналары) - 16, 58%, еңбек ресурстары - 1, 30% құрайды. Ауыспалы егiсте дәндi дақылдардың үлесi өскен сайын энергетикалық шығын көбейе түседi, себебi жанар майдың, тұқымның, тыңайтқыштардың, өсімдік қорғауға пайдаланылатын заттардың жұмсалуы арта түседi. Соқа пайдаланылатын кәдiмгi технологияға қарағанда, топырақ қорғау технологиясының энергетикалық тиiмдiлiгi жоғары.

Қортынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық негіздері
ХХІ ғасырдағы жаңа принципке негізделген егіншілік жүйесін құру
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Қазақ хандығы қүрылғаннан кейін XV-XVIІI ғ.ғ. Қазақтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын, таптық құрлымын жан-жақты сарапқа салып, талдау және қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың жағдайы
ХV және ХVІ ғасырдың І жартысындағы қазақ хандығы
Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер
ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы
Батыс европа елдеріндегі ғылыми білімнің жинақталуы
Е.БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ
ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері мен басты көрсеткіштері, әлеуметтік даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz