Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 4

1 Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ҒАЛЫМ . . . 8

  1. Ш. Ш. Уәлихановтың қоғам қайраткері ретінде өсіп-жетілуі . . . 8
  2. Ш. Ш. Уәлихановтың Ресей империясының ғылымына қосқан көп

салалы ғылыми - творчествалық еңбегінің бағыттары . . . 12

2 Ш. ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ -ҰЛЫ ГЕОГРАФ . . . 32

2. 1 Ш. Ш. Уәлихановтың географ зерттеуші ғалым ретінде

қалыптасуының алғышарттары . . . 32

2. 2 Ш. Ш. Уәлихановтың география ғылымына қосқан үлесі . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

КІРІСПЕ

Қазақтың тұңғыш ағартушы-демократы, ғалым-зерттеушісі, орыс, қазақ және басқа халықтар достығының жаршысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың творчестволық мұрасы әрқашанда ғалымдардың, жазушылар мен суретшілердің назарын аударып келеді.

Ш. Уәлиханов қазақ және қырғыз халықтарының шығу тегі, өзі өмір сүрген кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси құрылысы, қазақ халқының Жоқғар шапқыншылығына қарсы азаттың күресі, Қазақстанның Россияға қосылуы мәселелеріне айрықша көңіл бөлді. XIX ғасырдың орта шеніндегі Орта Азия мемлекеттерінің қоғамдық және экономикалық құрылысының проблемасын, Шығыс Түркістандағы Маньчжур билеп төстеушілеріне қарсы азаттың күрес және басқа мәселелерді зерттеді.

Ш. Уәлиханов еңбектерінің тұңғыш басылымы 1904 жылы Орыс географиялық қоғамының жазбаларында жарық көрді. Бұл басылымды Шығысты зерттеуші Н. И. Веселовский әзірлеген болатын. Оған неғұрлым іргелі шығармалары: қазақтың XVIII ғасырда өмір сүрген аса ірі феодалдарының бірінің өмірі мен қызметіне арналған, сондай-ак, қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресі баяндалған «Абылай» деген мақаласы, қазақтардың діни нанымдары мен әдет ғұрпына арналған «Қырғыздардағы шаман дінінің қалдықтары» деген этнографиялық еңбегі, «Жоңғар очерктері» және ғалымның «Алтышахарінің немесе 1858-1859 жылдардағы Қытайдың Нанлу провинциясының алты Шығыс қалаларының жайы туралы» деген көлемді туындысы және басқа еңбектері енгізілген.

Алайда Ш. Уәлихановтың творчестволық мұрасын кең көлемде арнайы зерттеу, ғылыми талдау тұңғыш рет Кеңес өкіметі жылдарында қолға алынды. Осы мақсатпен республикамыздың Шоқантануды зерттеушілері Омбының, Томскінің, Ташкенттің, Москва мен Санк-Петербургтың архив қорларын қарап шығып, едәуір мөлшерде деректі материалдар жинады, сөйтіп ғалым шығармаларының тізімі жасалды. Осы негізде 1958 жылы оның «Таңдамалы шығармалар» жинағы шығарылды, оған бұрын жарияланбаған еңбектері, атап айтқанда, 1856 жылы жазылған «Құлжа күнделігі» енгізілді.

Сонымен бір мезгілде Ш. Уәлиханов шығармалары жинағының бес томдық академиялық басылымы үшін оның қолтаңбаларын, қолжазбаларын, мақалаларының неғұрлым аяқталған нұсқаларын іріктеу жөніндегі жұмыс мықтап қолға алынды. Ғалымның жазуын ажыратып, жиі кездесетін қысқартуларын, қосымшаларын, автордың кейін анықтай түспек болып, ашық қалдырған жерлерін анықтау керек болды, сонымен қатар оның қолжазбалары текстіндегі басқа адамдар көшіріп жазғанда қалдырылып кеткен және бұрмаланған жерлерді жөндеп, түсіндірмелер жазу қажет еді.

Қазақ ССР Ғылым академиясы тарих институтының академик Ә. Қ. Марғұлан бастаған ғылыми қызметкерлері зор жұмыс атқарды. Солардың күш салуы арқасында Ш. Ш. Уәлиханов еңбектерінің академиялық, басылымының бес томы жарыққа шықты.

Мұның өзі Қазақстанның мәдени өміріндегі ірі оқиға болды, буржуазиялық, ғалымдардың Россияның шет аймақтарында революцияға дейін қоғамдың ой-пікір дамыған жоқ, оларда прогрестің маңызын түсіну болмады-мыс, ал революциялық идеялар сырттан әкелінді-міс деген пайымдауларын тағы да теріске шығарды. Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектері буржуазиялық бұрмалаушылар пайымдауларының түгелдей негізсіз әрі жалған екенін дәлелдейді. Қазақ халқы өз ағартушыларының еңбектері арқылы өзінің өткендегі озық ойлы қайраткерлері мен прогресшіл революциялық дәстүрлерін мақтан тұтады.

«Өткенді еске ала отырып қазіргінің қамын ойлау керек» /1/, - Ш. Уәлихановтың мақсаты, міне, осындай еді. Сондықтан да ол қазақ халқының және басқа да Шығыс халықтарының тарихын зерттегенде өткен оқиғаларды баяндап берумен шектеліп қалмады. Оның ғылыми еңбектері өз кезінде болған оқиғалардың тікелей әсерімен жазылды, ал өткендегі оқиғаларды зерттегенінде Шоқан өзінің алдына ол оқиғалардың шыққан негіздерін, себептерін ашып, олардың даму бағыттарын анықтауды мақсат етіп қойды.

Шоқанның ғалым ретінде сіңірген зор еңбегі - оның ресейдің ұлы ойшылдары - Чернышевский, Добролюбов, Белинский, Герцендердің қатарына қосады.

Россиядағы демократиялық күштердің алдыңғы қатарлы дүние танымын үлгі ете отырып, қазақ ағартушысы өз халқы тарихының көптеген мәселелері жөнінде дұрыс қорытындыларға келе білді, туған халқына іс жүзінде көмектесіп, оның прогресті жолға түсуін оңайлатуға, тездетуге ұмтылды. Қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы мәселелеріне ол осы тұрғыдан келді. Қазақ арасындағы патриархалдық-феодалдық қатынастардың қалдықтарына қарсы күресе отырып, Шоқан қазақ қоғамындағы - хан, сұлтан, би, батырлар секілді топтардың әлеуметтік және саяси мәнін дәл ашып көрсете білді.

Зерттеудің басты мақсаты Ш. Уәлихановтың ХІХ ғасырдағы қазақ халқының жаңа кезеңге, әлемдік озық білімге енді бет бұра бастаған дәуірінде тарих бетіне шығуы және қараңғылықты жара жарқ еткен сәуледей жаңа жол салуының ғылыми тұрғыдан зерттеп тұжырымдау болды. Осы мәселені шешу барысында Шоқанның аса көрнекті ғалым ретінде қалыптасуындағы негізгі даму бағыттарын - қоғамдық-саяси қайраткер, тарихшы, этнограф, шежіре жинаушы, әдеби мұраларды зерттеуші әсіресе аса көрнекті географ, жағангер саяхатшы, дарынды барлаушы ретінде жан-жақты дамыған дара тұлғасын ғылыми саралау міндеттерін шешуге әрекет жасалынды.

Диплом жұмысын жазу барысында Ш. Уәлихановтың осы жан-жақты өмірінен хабар беретін шығармалар дерек көзі ретінде пайдаланылды. Оның ішінде негізгі сүйенгеніміз Ш. Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағы, Г. И. Потаниннің, Ә. Х. Марғұланның және т. б. зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды. Шоқан туралы мерзімді баспасөзде және ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалар да талданды.

1 Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ҒАЛЫМ

1. 1. Ш. Ш. Уәлихановтың қоғам қайраткері ретінде өсіп-жетілуі

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Уәлиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның кысқа да жарқын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденістерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, коғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ықпал етті.

Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында Кұсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті семьясында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол, Орта жүз ханы болған. Оның үлкен ұлы Уәли (Шоқанның туған атасы) - қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы, хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. « . . . Айғаным мен оның балалары Россияға адал ниетін сақтап калды. Уәли ханның осы жесіріне Александр І аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп қазак, даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді» - деп жазды П. П. Семенов-Тян-Шанский. Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған.

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндер оқытылуы, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдер сабақ беруі, Омбының көзі ашық оқыған адамдарының семьяларымен араласуы, көп оқып білімін тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келешек тағдырына едәуір ықпалы болған.

«Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды» - деп жазды онымен бірге оқыған досы Г. Н. Потанин. Сібір кадет корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ Шоқан биік саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, дүниеге көзқарасы қалыптасқан, халқының қажет-мұқтаждарын пайымдай да, түсіне де алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге дайын мақсатшыл жас болып қалыптасқаны оның алғашқы ғылыми еңбектері болып есептелетін «Профессор Н. И. Березинге хат», «Профессор Н. И. Березиннің «Хан жарлықтары» кітабына рецензия», «Рашид-ад-дин» т. б. жұмыстарынан да байқалады. Жап-жас Шоқанға мұғалімдері де, құрбылары да болашақ ғалым, зерттеуші деп қарағандары, жоғары бағалағандары естеліктерде де айтылған.

Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп атты әскер корнеті атағын алып шыққан соң Сібір қазақ-орыс әскерініің 6-атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады, Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағының генерал-губернаторы Г. X. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сонымен қатар Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарайды. Бұл қызметтерде Шоқан бюрократтық аппараттың мансапқор, парақор, тоң мойын, жүгенсіз кеткен чиновниктері мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді көреді, оларға қарсы батыл пікірлер де айтады, ресми басшылықтармен қарым- қатынас шиеленісе түседі. Ол бұл қызметтерден, Омбыдан кетуді, туған халқына пайдасы тиетін істерге араласуды армандайтыны туралы сол кезде танысып, достасқан орыс жазушысы Ф. М. Достаевскийге, досы К. К. Гутковскийге хаттар жазғаны белгілі. Шоқанның қоғамдық және әдебиет саласындағы белсенді қызметі осы жылдардан басталады.

І854-1857 жылдары Ұлы жүз қазақтары мен кейбір қырғыз руларын Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Россияға бейбітжолмен қосу міндетін іс жүзінде атқарысуға бір топ офицер қатарына Шоқан да қатысады. Осы экспедицияда Шоқан Уәлиханов 1855 жылы Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейін келеді, қайтарда Алакөл, Тарбағатай жерлерін аралады, Орталық Қазақстан - Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл сапарда ол қыруар материалдар - өзі болған аймақтардың тарихы, қазіргі қалпы, ескі қалалардың орны, шың-тастардағы жазу белгілері, көне ескерткіштер, аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдер жинады. Жинаған материалдарын Омбыда қорыту негізінде ол қазақтардың тарихи ежелгі мекендері, рулық қарым-қатынастары, зтнографиясы, әдебиеті туралы еңбектер жазды. Осы сапардан кейін Шоқанның әскери лауазымы бір саты жоғарылатылып, оған поручик атағы берілді.

1856 жылы Шоқан полковник М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады. Қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл зкспедицияға қатысу Шоқанның ғылыми жұмысын ойдағыдай жүргізуіне мүмкіндік берді. Ыстықкөлге, одан ары Қытай империясының Құлжа қаласына саяхаты және 1856-1857 жьылдары Жетісу, Тянь-Шань сапарларында П. П. Семенов-Тян-Шанскиймен бірге болуы, Қырғыз Алатауына екінші рет баруы нәтижелері оның «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» деген зерттеу еңбегі; «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», кырғыз эпосы «Манасты» жазып алып, біраз тарауын тұңғыш рет орысшаға аударып, оған тарихи және әдеби талдаулар жасауы, Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасы туралы зерттеу жазбалары, ориентологиялық, энтомологиялық коллекциялары, гербарийлері еді. Сонымен қатар бұл сапарларында ол қызмет бабына сәйкес Қытай мен Россия қарым-қатынасын да реттескен.

Ш. Ш. Уәлихановтың тарих, география, әдебиет саласындағы еңбектері Петербург ғалымдарының да назарына, ылтифатына, бағасына ие болып, 20-дан жаңа асқан Шоқан 1857 жылы 27 ақпанда Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы еді.

1858-1859 жылғы Қашғария сапары Шоқанның ғылымдық, ағартушылық саласындағы творчествосы жаңа биікке көтерілуіне дәнекерлесті. Ол кезде Қашғария Европа ғылымы үшін бимәлім, құпиясы мол ел болатын, өйткені 13-ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, содан соң 1603 жылы саяхатшы Гоес Қашғария жерінде болғаннан кейінгі үш жарым ғасыр бойы бұл аймаққа ешкім бармаған, бара да алмаған. Шоқаннан бір жыл бұрын Кашғарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинтвейтті жергілікті билеуші қатал Уәлихан-төре басын кестіріп, өлтірткен. Адольф Шлагинтвейттің бұл қайғылы тағдыры туралы сұмдықты ғылым әлеміне алғаш хабарлаған да Шоқан. Қатері де қаупі де мол Қашғария сапарында Ш. Ш. Уәлиханов оны жан-жақты зерттеуі, географиялық сипаты, саяси құрылысы, мәдениеті мен тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы мағлұмат-деректерді әлемге, ғылымға ашып беруге тиіс болды.

Ержүрек саяхатшы бұл сапарда талай-талай қиындықтар мен кедергілерден өтеді, жалған атпен Әлімбай болып керуен басының туысы ретінде аттанады, Тянь-Шань биіктерінің бірі Сырт деп аталатын қауіпті әрі адам қадам баспаған биік асуларында түтекке тұншығып, суыққа тоңып, қарлы жаңбырда тайғанақтаған ат-түйелері де біраз шығынданып, кейде алыс ауыл тұрғындарының қауесет-сенімсіздіктеріне де кездесіп, талай бөгеттерді өткеріп, керуен 1858 жылдың 27 қыркүйекте Қытай шекарасынан өткен.

Қашғарияда Шоқан 1858 жылдың 1 қазаннан 1859 жылдың наурыз айының ортасына дейін болған кезде бұл аймақты - Қашғар қаласы мен Алты шаһар елін терең зерттейді. Ол кезде алты шаһар деп солтүстіктен Тянь-
Шань, оңтүстіктен Күн-Лунь тауы қоршап тұрған Қашғар, Ақсу, Учтурфан, Янысар, Жаркент, Хотан қалаларын айтады екен. Қоқан ханының Қашғардағы сауда консулы, әрі саяси резиденті, егде тартқан ресми адаммен
Шоқанның сыйлас, құрметтес болуы сапар нәтижелерінің өнімді де пайдалы болуына едәуір жәрдемдескен.

Ш. Уәлиханов Қашғарияның экономикалық-саяси құрылысын, тарихын, этнографиясын, рухани өмірін зерттеген, бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдармен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп, мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсіріп алған, нумизматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған. Зерттеуге қажет деп саналған талай бұйымдар да жиналған. Сөйтіп, бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп Шоқан керуені 1859 жылдың сәуірінде елге оралған. .

Қауіп-қатері мен қиыншылығы мол сапардан ауырып қайтқан Шоқан Петербургке үсті-үстіне шақыртып жатса да, Омбыда экспедиция материалдарын жүйелеп, қорыту ісімен біраз айналысады да, Петербургке келеді. Ш. Уәлихановтың Петербургке келу кезі әр-түрлі жазылып жүр, 1860 жылғы февральда, енді бір мәлімет бойынша 1859 жылдың аяғында. Ол 1860 жыл бойы астанада болған.

Қашғария сапарының нәтижелі жемісі -Ш. Ш. Уәлихановтың «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаланың жайы» атты еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған ғылымның биік деңгейіндегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды.

Сондықтан орыс ғалымдары мен саяси қайраткерлері оны шығыстың тарихы мен географиясы туралы Европа ғылымын толықтырған шын мәнісіндегі географиялық жаңалық, ал Қашғарияға сапар нағыз ерлік деп таныды.

Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Ш. Ш. Уәлиханов Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Бұл Ш. Ш. Уәлиханов еңбектері Батыс Европада жоғары бағалануының айғағы еді.

Қашғария экспедициясының қорытындылары, нәтижелері ресми үкімет тарапынан да аталып етті. Оған дәлел 1860 жылғы 8 сәуірдегі Үкімет указы бойынша « . . . поручик сұлтан Шоқан Уәлихановқа штабсротмистр әскери атағы, 4-дәрежелі Ізгі Владимир ордені және бір жолғы көмек ретінде 500 сом күміс ақша берілсін» - делінген. Шоқанның ұсынысы бойынша, осы экспедицияның жұмысына қатысы бар 22 адам қоса наградталған, оның ішінде керуен басы Мұсабай, Семей көпесі Бұқаш, К. К. Гутковский т. б. бар.

1. 2. Ш. Ш. Уәлихановтың ресей империясының ғылымына қосқан көп салалы ғылыми - творчествалық еңбегінің бағыттары

1860 жылы астанада болғанда, Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде қызмет істеген, Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде, Орыс География қоғамында кызметте болған, талай ресми қайраткерлермен, шығыстанушылармен, әдебиетшілер тобымен кездескен. Олардың ішінде Ішкі істер министрі граф Д. Н. Блудов пен Синодтың обер-прокуроры граф А. П. Толстой сияқты ресми қайраткер, Ф. Р. Остен-Сакен, В. В. Григорьев, И. И. Захаров, В. В. Вельяминов-Зернов, М. А. Казем-бек, А. Н. Бекетов, А. Н. Майков, В. Крестовский тағы басқалары бар. Олардың біразымен Ш. Ш. Уәлиханов сыйлас дос болған, бұрынғы достары Ф. М. Достоевскиймен, Г. Н. Потанинмен араласқан.

Ш. Ш. Уәлиханов Петербургте болғанда өнімді ғылыми жұмыс жүргізеді. Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша ол Орта және 0рталық Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Іле сырты өлкесі бөлігінің рекогноссировкасы», «Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта», «Қытай империясы батыс өлкесінің картасы» т. б. дайындалады, Ш. Ш. Уәлихановтың география, картография салаларына қосқан үлесі зор.

Ол География қоғамында белгілі неміс ғалымы Карл Риттердің еңбектерін баспаға әзірлеседі, неміс, ағылшын, француз тілдеріндегі еңбектерді зерттейді. Шоқан Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаменті жанындағы Жоғары мектепте, география қоғамында Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Қырғызстан туралы лекция оқиды, университеттің тарих-философия факультетінде лекцияларға қатысады.

1860 жылдары Петербургте Шоқанның «Жоңғария очерктері», «Алты шаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бухараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы», «Адольф Шлагинтвейттің өліміне әкелген жағдайлар туралы мәліметтер» еңбектері жарияланды.

1861 жылдың көктемінде денсаулығы тым нашарлап кетуіне байланысты Шоқан Уәлиханов Петербургтен туған жеріне оралды Мұнда да ол творчестволық, ғылыми ой толқындарын өрістете берді, ғылыми еңбектермен шұғылданды, талай ақын-жыршылардаң өлең-әңгімелер, аңыз-ертегілер жинады, талдаулар жасады, қоғам құрылысына көп көңіл бөлді, үстем тап өкіметінің жүгенсіздіктерін, озбырлық-зорлықтарына қарсы күресуді, сөйтіп қазақ халқының тіршілік-тынысын жақсартуға көмектесуді, әділеттілікті ойлады. Шоқан Уәлиханов Атбасар округының аға сұлтандық қызметіне сайлауға қатысып, көпшілік дауыс алғанымен, Сібір әкімшілігі оны аға сұлтандыққа бекітпеді, өйткені демократтық бағыттағы озық ойлы ғалым билеуші топ үшін, зорлықшылар мен жемқорлар үшін кауіпті де кедергі болатын адам деп есептеледі. «Менің сұлтан да болғым келген еді, ондағы ойым халқыма қызмет етіп, оларды чиновниктер мен бай қазақтардың қатал қысымынан қорғау еді» - деп жазды Шоқан Ф. М. Достоевскийге.

Ол Омбыға барып, сол кезде Қазақстанда сот реформасын жүргізудің жобасы жасалып жатқанда, облыстық басқарманың, заң комиссиясының жұмысына қатысады, сот реформасы елге тиімді, пайдалы болуды талап етеді. Бұл тұста оның «Сот реформасы туралы жазбалар» еңбегінің маңызы аса зор. Онда қазақ қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайлары және қазақ халқының болашақ даму негіздері мен жолдары терең талданды. Ш. Ш. Уәлиханов « . . . Азаматтық жағынан өсіп-өркендеуінде үлкен үміт туғызып отырған, орыстарды отандас туысқанымыз деп санап отырған және орыс мемлекетінің карамағына еркімен қосылып отырған миллиондаған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқан Уәлихановтың этнографиялық зерттеулері
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Шоқан Уәлиханов - ғалым, саяхатшы
Қазақ пәлсапасы
Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым
Шоқанның еңбектері
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz