Басқару еңбегінің мәдениеті және этикасы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қалсының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Шет тілі кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы.
Орындаған: Усенова Т. А Д/Я-305
Тексерген: Кушуков Г. С
Семей қаласы, 2015
Жоспар
- Басқару қызметiнiң мәдениетi
- Басқару мәдениетінің элементтері
- Менеджердiң іскерлік этикасы
- Іскер адамның киімі
- Сөйлеу мәдениетi
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы.
- Менеджменттiң негiзгi элементтерiнiң iшiндегi барынша жарқыны басқарушылық мәдениет болып табылады. Мәдениет сөзi тәрбиелеу, бiлiм беру, даму дегендi бiлдiредi. Кең тұрғыдан алғанда «басқарушылық мәдениет» терминi басқарудың ұйымдық-техникалық жағдайлары мен дәстүрлерiн, менеджердiң кәсiби және имандылық дамуын сипаттау үшiн қолданылады. Тар мағынада басқару қызметiнiң мәдениетi басшының қызмет этикасы ретiнде ұғынылуы мүмкiн.
Басқару мәдениетi дегеніміз - оның мiнез-құлқының үлгiсiн саналы түрде қалыптастыратын менеджер үшiн әдеттегi құндылықтар, нормалар, көзқарастар мен идеялар жиынтығы.
Шаруашылық жүргiзудiң жаңа жағдайлары, менеджерлердiң бiлiм деңгейi мен жетiлуiнiң артуы басқару мәдениетiнiң дамуына қуатты серпiн бердi. Басқарушылық қызметтер басқару мәдениетiне қатынасты өзгертiп қана қоймай, ұйымды басқару және өндiрiс тиiмдiлiгiн, бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру факторы ретiнде оны қалыптастыру, өзгерту және пайдалануда белсендi орын алды.
Менеджерлер қатаң сақтауы тиiс белгiлiктi нормалардың оның негiзiнде жатуы басқару қызметi мәдениетiнiң ерекшелiгi болып табылады. Олардың iшiндегi барынша маңыздылары:
заңды нормалар - нормативтiк-құқықтық актiлерде келтiрiлген, менеджерлер осы нормаларды бiлуi және орындауы тиiс;
мораль нормалары - имандылық пен мораль өрiсiндегi менеджердiң мiнез-құлқын реттейдi;
ұйымдық нормалар - ұйымның құрылымын, функционалдық бөлiмшелер мен олардың басшыларының құрамы мен жұмыс iстеу тәртiбiн, iшкi тәртiп ережесiн және ұйымда қабылданған ұйымдастыру сипатындағы өзге нормаларды орнатады;
экономикалық нормалар - ұйымның экономикалық қызметiн реттейдi.
Белгiлiктi түрде басқару мәдениетiн қалыптастыратын өзге де нормалар (техникалық, эстетикалық және т. б. ) болады.
Басқару мәдениетi бiрнеше элементтен тұрады .
Жеке мәдениет бiлiктiлiк деңгейi, этикалық тәрбиесi, жеке тазалығы мен сыртқы түрi, бағыныштылармен қарым-қатынас жасау нысаны және т. б. тұрады.
Жұмыс уақытын дұрыс бөлу менеджер ненi және қашан iстейтiндiгi, жұмыстың әр түрiне қанша уақыт жұмсайтындығы туралы түсiнiгi болмаса мүмкiн емес. Ол өз жұмысын келесi бағыттар бойынша қатаң жоспарлауы тиiс: құжаттармен жұмыс, кадрлармен жұмыс, әлеуметтiк-экономикалық сұрақтарды шешу, коммерциялық сұрақтарды шешу, мәжiлiстер, келiссөздер, өндiрiстiк емес уақыт шығындары, ескерiлмеген уақыт. Басшы жұмыс уақытымен қоса бос уақытын да жоспарлау тиiс. Ол жайында «демала бiлмейтiн адам, жұмыс та iстей алмайды» деген нақыл сөз бар.
Жұмыс орнын ұстау мәдениетi . Жекелеген менеджерлер жұмыс iстеу барысында бәрi қол астында болуы тиiс деп есептеп, жұмыс үстелiнiң үстiне барлық құжаттарды шашып тастайды. Мұндай жағдайда еңбек ету процесi қиындайды, өйткенi үстелдiң жұмыс алаңы азаяды, қайсыбiр iске шоғырлану қиын, санитарлы-гигиеналық жағдайлар нашарлайды, осы сәтте қажет құжатты табу қиындық туғызады және т. с. с. Жұмыс iстеу үшiн қажет құжаттардың ғана үстел үстiнде болуы ең ұтымды деп есептеледi. Сондай-ақ қызмет бөлмесiн уақтылы тазалап, iстен шыққан жиһазды ауыстыру қажет.
Бұқаралық шараларды өткiзу мәдениетi . Сөз ең алдымен алуан түрлi мәжiлiстер, келiссөздер мен әңгiмелер өткiзу жайында болып отыр.
Келушiлердi қабылдау мәдениетi қызметкерлердi жеке әрi қызметтiк сұрақтар бойынша қабылдау кезiнде ережелер мен талаптардың сақталуын ұйғарады. Егер басшының қарамағында бiрнеше адам болса, басшы оларды кез келген уақытта қабылдай алады. Практикада қабылдау үшiн белгiлiктi күндер мен сағаттар белгiленетiндiгi кең таралған. Шағын ұйымдарда қабылдау алдын ала жазылусыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Хаттармен жұмыс iстеу мәдениетiне хаттарды мiндеттi түрде тiркеу, оларды қарастырудың белгiлiктi мерзiмдерi, оларға уақтылы және дұрыс жауап қату үшiн басшының дербес жауапкершiлiгi, әрбiр хатқа мiндеттi түрде жауап беру жатады.
Сөйлеу мәдениетi менеджердiң шамамен жұмыс уақытының 80%-i адамдармен қарым-қатынас жасауға байланысты болатындықтан менеджер қызметi мәдениетiнiң маңызды құрағыш бөлiгi болып табылады.
Басшының ұйымдық мәдениетi басқару теориясын, ұйымдастыру жұмысының әдiстерiн бiлу дәрежесiн, тәжiрибенi, дағдыны, менеджердiң жұмыс уақытының құрылымында әжептәуiр үлес алатын алуан түрлi ұйымдастыру рәсiмдерiн жүзеге асыра бiлуiн анықтайды. Ұйымдастыру рәсiмдерiнiң қатарына кадрларды iрiктеу мен орналастыруды, кадрлармен жұмыс iстеудi, ұйымдық нормалар мен нормативтердi, жеке жұмыс жоспарларын әзiрлеудi, мiндеттердi қою мен оларды орындаушыларға жеткiзудi, орындауды бақылауды және т. б. жатқызуға болады.
- Менеджер үшін оның қоршаған адамдарға білдіретін әсері өте маңызды, сондықтан ол өзінің жеке имиджін қалыптастыру үшін этикет ережелерін білуі қажет және өзін-өзі осы ережелерге сәйкес ұстауы тиіс.
Этикет - бұл адамның мiнез-құлықтарын реттеу нысандарының бірі болып табылады, бірақ этикет ережелері формалды болғандықтан, олар адамға еркін таңдау мүмкіндігін бермейді. Бұл ережелерді біліп, орындап отыру қажет. Этикет тілі негізінен жалпы адамдар арасындағы әдептілік талаптарын білдіреді, сонымен қатар, ол адамдар арасындағы жасқа, қызметке байланысты және басқа да айырмашылықтар иерархиясын реттейді. Этикет тілінде нақты қалыптасқан жағдайға сәйкес жүзеге асырылатын әрекеттердің дайын үлгісі ұсынылады.
Негізінен этика корпоративтік, кәсіпкерлік және т. б болып бөлінеді.
Соның ішінде кәсіпкерлік этика- бұл іскерлік этика, ашықтыққа, адалдыққа, сөз беріктілігіне, заңды сыйлауға, бизнес жүргізу ыңғайлығына негізделген.
Қазіргі таңда іскерлік этикет демократиялық қағидалар негізінде жаңартылады, бірақ сонымен қатар этикеттің негізіне ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан ережелер салынған, мысалы: сыпайылық, тәрбиелік, әдептілік, жақсы мінез және т. б. Тәрбие көрген адам үшін бұл ережелерді орындау әдет, оларды сақтап жүру қиынға соқпайды.
Этикеттің ерекшелігі диалогиялық болып табылады, басқаша айтқанда, этикет ережелеріне сәйкес бір-бірімен қатынасатын адамдар осы ережелерді біліп, «бір тілде сөйлесуі» тиіс. Мысалы, егер адамдар міндетті түрде бір-бірімен амандасуға әдеттенсе, бiреудiң амандасқанына олар таң қалуы мүмкін. Сондықтан, мәдениетті ортада этикеттің жалпы ережелерін біліп сақтау қажет. Адамның жалпы мәдениеті көптеген белгілерден құралады, солардың ішіндегі біреуі - тәрбиеліктің сыртқы көрінісі.
Іскер адамның киімі . Жалпыға бірдей ережеге сәйкес: киімге қарап қарсы алады, ойына қарап шығарып салады. Сондықтан да iскер адам киім стилін таңдағанда қоғамдағы өзінің жағдайын, толықтығын, жасын және қайда баратынын ескеруі тиіс. Мамандардың жалпы пікірінше, еркек іскер адамның кем дегенде үш түрлі костюмі болуы керек: жұмысқа киетін, іскерлік және салтанатты жағдайда киетін. Осы айтылған үш жағдайға лайықты галстуктер таңдаған дұрыс, себебі іскер адам туалетінің негізгі элементі - галстук. Егер ер адам жұмыс күнін өзінің күндегі жұмыс орнында өткізетін болса, ол жұмысқа арналған костюмін киеді. Егер бұл адам басшы болса, өзіне бағынатын адамдарды осы киіммен қабылдауына болады, бірақ бұл күні әрiптестермен кездесулер және мәжілістер өткізбеген жөн.
Жұмыс костюмі (пиджак және шалбар) - бұл алдымен әдеттегі киiм, пиджак теріден тігілуі мүмкін, бірақ барлық жағдайларда негізгі назарды жейде мен галстукке бөлген жөн. Жейде ерекше тігіліп, оған галстук сай келмеген жағдайлардан басқа реттерде іскер адам жұмысқа галстуксіз келмеуі керек. Ер адамның іскерлік костюмінің түсі қандай да болуы мүмкін, ал жейде мен галстуктiң түсі оған сәйкес таңдалады.
Іскер адамның кешкі костюмі осы қоғамда қалыптасқан сәнге сәйкес анықталады, бұл жағдайда бастысы - шалбар мен пиджактің бір түсті, ал жейде - міндетті түрде ақ түсті болуы.
Iскер әйелдерге келер болсақ, әрбір әйелдің өз стилі болуы мүмкін. Сонымен қатар, түрлі жағдайлар үшін киімнiң стилін дұрыс анықтауды білу маңызды. Бұл киiмде адам қысылмауы, қасындағылардың көзіне көп түспеуi керек. Іскер әйелге киім жөнінде мамандармен кеңескен дұрыс. Іскер әйелдің киімінде екі немесе үш түстен артық кездеспеуі керек. Егер пиджак және белдемше қара түсті болса, онымен қатар аяқ киімі де қара түсті болуы мүмкін. Күзгі және қысқы киімнің түсі күңгірт, ал көктем және жазда киетін киім - ашық түсті болғаны дұрыс. Кешкі киімді бір тегіс тауардан тіктірген жөн. Қандай да болсын іскер әйел туалетінің негізгі элементтері - шаштың сәндігі, аяқ киімі, сөмкесі және бижутерия.
Сөйлеу мәдениетi. Мәдениетті сөйлеу - білімділіктiң, тәрбиеліктің және адамның жалпы мәдениетінің негiзгі белгілерінің бірі. Фирманың табысты қызметі, оның имиджі белгілі дәрежеде оның басшылары мен қызметкерлерiнiң сауатты іс жүргізулеріне байланысты.
Адамның сөйлеу мәдениетінің жалпы белгілеріне сөз сөйлеу дұрыстығы, тіл байлығы, нақты, қысқа және анық сөйлеу, әсерленушілік жатады. Сөз сөйлеу дұрыстығы жалпыға бірдей тілдік нормаларымен анықталады, сондықтан осы нормалардың кемiнде біреуін бұзудың нәтижесінде тыңдаушылар жағынан қарсылық білінеді. Бұл жағдайда сөз сөйлеушінің беделi төмендеп, тыңдаушылар назарын басқа мәселелерге аударады. Сөз сөйлеу процесінде грамматиканың тілдік нормаларын сақтап, сөздерді дұрыс пайдаланған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz