Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы ақпарат


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс

Орындаған: Байдолдаева Б. Б

Топ: ПХ-315

Тексерген: Тезекбаева М. Ж.

Семей-2015ж

Жоспар:

  1. Аддиктивті жүріс-тұрыс.
  2. Аддикция
  3. Аддикциялардың басқа формалары: дәрі-дәрмекке тәуелділік
  4. Маскүнемдік. Нашақорлық.
  5. Психологиялық көмек және психокоррекция.

Жасөспірімдердің аддиктивті жүріс-тұрыстары келесі белгілермен анықталады: жаманшылық әдеттер мен жат қылықтарға бейімділік.

Аддикция (ағылш. addiction - тәуелділік, жаман әдет) - адамның бір белгілі әрекетке сезінетін қалмайтын мұқтаждығы. Сондай-ақ, аддикцияны патологиялық құштарлық десе де болады, себебі бұл әрекет көбіне тұлғаны психикалық ауруларға және жеке немесе әлеуметтік қиындықтарға соқтырады

Терминді көбіне дәрілік тәуелділік, есірткі құмарлыққа қолданылады. Алайда, қазіргі заманда басқа да химикалық емес тәуелділіктер көбейген, мысалы, Ғаламторға тәуелділік, ойын құмарлық, шопоголизм, психогенді артық тамақ жеу, фанатизм және т. б. Басқа жақтан, аддикция - адамның қоршаған ортаның қиындықтарына адаптация ретінде қабылдауға болады. Ең қарапайым аддикция нысандары - темекі шегу мен алкогольдік ішімдіктер. Олар адамды уақытша алдамшы ұнамды қалыпқа келтіреді. Қазіргі заманда аддикция - бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі.

Дәріге тәуелділік екіге бөлінеді:

  • Психикалық;
  • Физикалық;

Психикалық тәуелділік

  • препараттарды енгізуді тоқтатқанда тек эмоционалдық жайсыздық туындайды.

Физикалық тәуелділік:

  • Тек психикалық бұзылыстар ғана емес, физикалық қызметтердің бұзылуымен сипатталады.

Тәуелділік шақыратын дәрілік заттардың маңызы. Морфин алкалоиды медициналық практикада барынша кеңінен қолданылады. Медициналық мақсаттағы апиында морфиннің мөлшері 10% төмен болмауы керек. Морфин ОЖЖ тежегіш әсер көрсетеді. Ал изохинолин қатарының алколоидтарына тегіс салалы бұлшықеттерге спазматикалық әсер көрсетеді.

Морфиннің негізгі фармакологиялық әсерлері:

  • Ауру сезімін басады;
  • Ұйқы шақырады;
  • Эйфория;
  • Дене температурасын төмедетеді, себебі гипоталамуста орналасқан жылу реттеу орталығын тежейді;
  • Диурезге қарсы гормондар деңгейін жоғарлатады;
  • Тыныс орталығын тежейді;
  • Жөтелге қарсы әсер етеді;
  • Көздің қарашығын тарылтады;
  • Құсу шақырады;
  • Брадикардия шақырады;
  • Жоғары мөлшерде гипотензивті әсер көрсетеді;
  • Морфин наркозға арналған заттардың, жергілікті анестезияның ұйықтатқыш әсерін күшейтеді;

Аддиктивті қылық-әрекет (addictive behavior) - психологиялық күйді өзгертетін түрлі заттарды, соның ішінде алкоголь мен темекі шегу, оларға деген тәуелділік пайда болғанға дейін теріс қолдану

Аддиктивті мінез-құлық шығуына отбасы негізгі орын алады. А. Фрейд, Д. Винникота, М. Балинта, М. Кляйн, Б. Спока, М. Маллер, Р. Спиц еңбектерінде бала дамуына кері әсер ететін анасының баласын түсінбеуі мен қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы екенін көрсеткен.

Тәуелділік қалыптасуының негізі нәрестелік кезеңдегі соққы болып табылады (екі жасқа дейін алаңдаушылық формасында) . Соққы физикалық аурумен, анасын жоғалтумен немесе анасы мен баласының темпераменттерінің сәйкес келмеуімен сипатталады. Ата-аналар өздерінің нәрестелеріне психотравмалық әсер еткендерін білмей де қалады, мысалы: қинап таиақтандыру, баласын еркелетуге шек қояды, т. б. Дисстресті басынан кешірген бала өзіне-өзі көмек бере алмастан ұйықтап кетеді. Бірақ Г. Кристалдың ойынша, ауыр соққының қайталануы дамудың бұзылуы мен апатияға әкеп соғуы мүмкін. Кейіннен бала кез-келген аффектілерге қорқынышпен қарайды, өзін қорғансыз сезінеді және үнемі сәтсіздіктерді күтеді. Мұндай тәуелділіктің ерекшелігі төмен аффектілі толеранттылықпен белгіленеді. Мұндай кезде әркім де өзіне жанашырын іздейді, бірақ оны таба алмаған соң, жансыз объектілер адамзаттық қатынасты алмастырады. Осылайша психикалық соққыны өткізген бала тез тәуелділікке баруы мүмкін.

Отбасы үшін ең бір елеулі мәселе ата-ананың эмоционалды ауытқушылықтары, олар алекситимиямен немесе ата-ананың сезімін сөзімен жеткізе алмауы . Бала оны тек «жұқтырмайды», ол ата-анасынан өзінің сезімін жасыруды үйренеді, оны жоқ деп есептейді. Әр жастағылардың арасындағы шекараның болмауы, отбасы мүшелерінің бір-біріне тәуелділігі, гиперстимуляция-тағы бір негативті фактор. Отбасы тәуелді мінез-құлқының қалыптасуына ғана емес, соны ұстап тұруына да ролін корсетеді. Сонымен қатар бір отбасындағы балалар әртүрлі мінез-құлықтарды көрсете алады. Егер ата-анасы алкогольді қолданатын болса, балада ондай тәуекелділік болмауы мүмкін. Яғни индивидуалды тұлға ерекшеліктері де ерекше орын алады. Тәуелділік мінез-құлқы индивидуалды жыныстық айырмашылықтарына да қарай болады. Мысалы, тамақтану аддикциясы әйелдерде, ал гэмблинг ер адамдарда көбіне кездеседі. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі -балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата - аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөректілікті, өзімшілдікті туғызады.

Екінші себеп - бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс - төбелес, ұрлық, ата - аналарының және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез - құлқы, ал бәрінен жаманы - ажырасу, неке бұзу. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді, олардың ақыл - ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата - ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мән әсер етуі керек.

Үшінші себеп- ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отюасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған орта қатынасын жете біле бермейді.

Төртінші себеп -бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс-әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіие, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата - аналарын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапайым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан - жақты білу мүмкін емес.

В. Г. Степанов пен В. А. Крутецкий мінез-құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі. Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез-құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар-тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киімдегі тазалық және жинақтылық сияқты және т. б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез - құлықты осыған қарама - қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т. б. байқалады.

Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез-құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады.

Тәуелділік мінез-құлқы кейде тұқымқуалаушылыққа да байланысты болады. Маскүнемділікпен ауыратын отбасының балалары көбіне сол жолды таңдайды. Бірақ, кейде алкогольді қолданатын ата-анасы бар балалар анашаны ерте жасынан қолдана бастайды. Отбасы мүшелерінің тәуелділік мінез -құлқы уақыт өте келе тәуелділік қалпының өзімен күреске түседі. Өйткені, тәуелділік кезінде тұлғаның негативті өзгерістерге ұшырауы, мінез-құлқының бұзылуына әкеледі. Әртүрлі тәуелділік мәселелеріне отбасы әртүрлі қорғану жүйесін құрайды. Бірақ отбасы мүшелері аддикциядан құтылу үшін балаларын тоқтатуға тырысады. Бірақ бұл жүйе шырқау шегіне жеткенде бәрібір шығып, аддикция циклі қайта айланады. Тәуелділікпен ауыратын отбасында жауапкершілікті мойнына алатын роль болмайды. Ол болып жатқандарды басқаларға жаба салады. Тәуелділікке бейім отбасының өзін-өзі жоғары сезінуі мүлде төмендейді. Отбасы мүшелері келесі өзгерістерге ұшырайды: - Өзіндік «мені» жоғалады. -Басқа отбасы мүшелерінің эмоционалды күйімен аддикттің мінез-құлқы анықталады. - Өкініш, ашулану аффектілері билеп алады. - Өзін сыйлауы мен бағалауы төмендейді. Мысалы: «біз жаманбыз, бәріне кінәлі-біз» сезімі пайда болады. -Жалған ролі күшейеді: «не үшін маған мұндай қиыншылықтар түсті» т. б. -Эмоционалды апатия күйін сезінеді. Стресс кезінде денсаулығы төмендейді: соматикалық ауруларға, депрессияның дамуына әкеледі. Депрессия еңбекке құлшынысын төмендетумен, көңіл - күйін түсіруден басқа, суицидтік мінез-құлқына әкеледі. Осылайша, тәуелділік мінез-құлқы отбасы бұзылуына әкеледі. Тәуелділік (аддиктивті) мінез-құлқының концептуалды модельдеріне жататындары:

1) Моральді модель (теріс қылықтарды күнә деп санайды) ;

2) Ауру моделі (аддиктивтілік ауру болып саналады, оған арнайы маман көмек көрсетеді)

3) Симптоматикалық модель (аддиктивті мінез-құлықты жеке мінез-құлықтың «симптомдары» немесе әдет деп қарастырады) ;

4) Психоаналитикалық модель (жекелік динамиканың бұзылуы деп көрсетеді) ;

5) Жеке-жүйелік модель (тәуелділік мінез-құлық дисфункционалдылығы, тұлғаның ерекше қатынасындағы жүйелердің бұзылуы) ;

6) Биопсихоәлеуметтік модель («әлеумет-тұлға-ағза» жүйесінің бұзылуы ретінде көрінеді) .

Маскүнемдік (алкоголизм) - спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі, ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң, кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы мәлімет
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы ақпарат
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жасау
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайында
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz