Сұйық пен газтәрізді отындарға арналған оттықтар


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Инженерлік-технологиялық факультет

Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрсы

СӨЖ

Пән аты: Отынды жағудың арнайы сұрақтары

Тақырыбы: Сұйық және газтәрізді отындарға арналған оттықтар

Орындаған: Алпыспайқызы Н.

Тобы: ТЭ-317.

Тексерген: Шалаганова. А. Н.

Семей қ, 2015 жыл.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 СҰЙЫҚ ОТЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ОТТЫҚТАР 5

ҚОРЫТЫНДЫ 7

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 8


КІРІСПЕ

Отын - энергетикалық, өндірістік және жылу құралдарында жылу алуға қолданылатын жанғыш зат. Отын деп жанғыш заттарды көп мөлшерде жылу алуға пайдалануды айтады. Отындар органикалық, органикалық емес болып бөлінеді. Органикалық отындардың негізі өсімдіктен пайда болған отындар.

Отындар қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Қатты отындарға мыналар: көмір, шымтезек, ағаш, шөп тәрізділер, сұйық отындарға: мұнай, қара май, бензин, дизель отыны т. б., ал газтәрізділерге: табиғи, домна, генератор газдары жатады.

Оттық - бу қазандығының немесе пешінің отын жағылатын бөлігі. Қатты отынға арналған оттық қабаттама және камералы оттықтар болып бөлінеді. Сұйық (қарамай( және газ тәрізді отын камералы оттықта жағылады[1] .

Қазандық агрегаттарында негізінен, сұйық отын ретінде, айдаудың ауыр қалдықтарын және мұнай крекингі бөлу әдісімен алынған қара майды жағады. Сұйық отынды, шаң тәрізді отындар сияқты, камералық оттықтарда жағады. Сонымен, берілген оттықта сұйық отыннан басқа, шаң тәрізді отын да жануы тиіс. Бұл жағдайда шаң тәрізді отынды жағу үшін, оны қайтадан жобалап, онда күлге арналған шұқырақ және сұйық шлакқа арналған түптеме қарастырылуы керек[2] .

1 СҰЙЫҚ ОТЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ОТТЫҚТАР Қазандық агрегаттарында негізінен, сұйық отын ретінде, айдаудың ауыр қалдықтарын және мұнай крекингі бөлу әдісімен алынған қара майды жағады. Сұйық отынды, шаң тәрізді отындар сияқты, камералық оттықтарда жағады. Сонымен, берілген оттықта сұйық отыннан басқа, шаң тәрізді отын да жануы тиіс. Бұл жағдайда шаң тәрізді отынды жағу үшін, оны қайтадан жобалап, онда күлге арналған шұқырақ және сұйық шлакқа арналған түптеме қарастырылуы керек. Егер оттық тек ғана сұйық отынды жағуға негізделген болса, онда оған жазық горизонтальді түптеме жасайды, бұл жағдайда шлакты қатты отын қалдығы оттықтан шығарудың қажеті жоқ. Сұйық отынды факелді процесте жағу үшін, оны алдын-ала бүркіп алу керек. Оның себебі, бүркілмеген отын жанбайды.
Оттықта сұйық отынды бүріккіштің көмегімен шашыратады, содан сұйық отын жақсы буланып, тез жануға мүмкіндік алады. Қазіргі кезде жылу энергетикасында бүріккіштердің әр түрлі конструкциялары кеңінен тараған. Олар: механикалық, булық, ауалық болып үш түрге бөлінеді; Механикалық бүріккіштердің жұмыс істеу принципті, цилиндірлі камерада сұйық отынды ортадан тепкіш әдісімен бүркуге негізделген. Камерада қатты құйындалған отын бүріккіштің орталық тесігінен шығады[3] . Тесіктен ағып шыққан сұйық қабықшалы қабат құрайды. Сұйықтың әрі қарай қозғалысы кезінде қабат жұқарып, кейіннен жеке сұйық бөлшектеріне айналады. Ол үшін сұйық сорап бөлшектерінің көмегімен 10-20 *10 6 МПа қысымға шейін сығылады да, содан кейін бүріккішке беріледі. Өнеркәсіп орындарында өнімділігі 250-1250 км/сағ жететін қысымы 12*10 6 МПа-ға тең механикалық бүріккіштер шығарады. Бұл бүріккіш тұрқыдан (корпустан), оған кіргізілген дөңгелектен, соңында бүріккіш дөңгелектен тұрады.
scn0038 scn0035

Сурет 1 - Қарамай бүріккіш жанарғылар

Төменгі а-в суретте газдарға арналған шаңтәрізді қатты отынға жанарғылар арналған жанарғылар, ал төменде қарамай жанарғылары.

Механикалық бүріккіштердің қысыммен істейтін түріне, отынның кішкентай тесіктен үлкен қысыммен(1-2 МПа) ағып шығуы арқылы жұмыс істейтін түрі жатады.

Механикалық ротациялы(айналмалы тетігі бар) бүріккіштерде, отын жылдам айналатын стақанға беріледі, соның арқасында отын жұқа қабықшаны құрайды. Стақаннан шығар ауызда, оны ауа құйыны іліп әкетеді.

Механикалық бүріккіштердің артықшылығы : отынды бүрку кезінде, оған бу қолданбайды.

Механикалық бүріккіштердің кемшілігі:оның отын шығар тесіктері ластанып және мұнай өнімдерімен қақтанып қалуы; сонымен қатар, оның өнімділігін реттеу өте қиынға түседі.

Механикалық бүріккіштердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін, бүркуге жататын отынның шартты тұтқырлығы 6 ШТ артық болмауы керек. Ол үшін 40 маркалы қара майды 90 0 С, ал 100 маркалы қара майды 105 0 С жылыту керек.

Булы және ауалы бүріккіштер бір класқа - яғни, ортаны бүрку бүріккіштеріне біріктіруге болады. Бу бүріккіштерінде су буы (p=0. 4÷1. 6 МПа) қолданылады. Қара май бүріккішке 0, 3÷0, 4мПа қысыммен беріледі.

Бу ағынының жылдамдығы үлкен болса, онда бүріккіштен шыққан отын өте ұсақ бөлшектерге бөлінеді.

Булы бүріккіштер өзінің құрылысы бойынша механикалық бүріккіштерге қарағанда, қарапайым. Бірақ 1кг қара майды жағуда қолданылатын 0, 3÷0, 35 кг бу мөлшері үлкен болғандықтан, ол бу қазандығында шу туғызады. Сондықтан, бұндай бүріккіштер өнімділігі 3, 3 кг/с дейінгі бу қазандықтарында ғана қолданылады[4] .

ҚОРЫТЫНДЫ Отын- табиғи немесе жасанды түрде алынатын, жанатын қабілеті бар, энергия көзі және химиялық өндірістерге шикізат болып есептелетін зат. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұйық және газтәрізді отындарға арналған оттықтар туралы
Сұйық және Газ тәрізді отындарға арналған оттықтар
Сұйық және газтәрізді отындарға арналған оттықтар жайлы
Сұйық және газтәрізді отындарға арналған оттықтар
Парсонның бу турбинасы жайлы ақпарат
Отын түрлері, құрама бөліктері жайлы ақпарат
Отын түрлері туралы ақпарат
Отынның түрлері, құрама бөліктері
Отынның негізгі жану фазалары жайлы ақпарат
Жылу сызбасын толық жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz