Міндетті немесе қалауы бойынша сертификаттау


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Міндетті немесе қалауы бойынша сертификаттау. оның шарттары.

Тексерген: Жумадилова Г. А.

Орындаған: Ахметова А.

Тобы: ОП-215

CЕМЕЙ - 2015

Мазмұны:

  1. Сертификаттау
  2. Сертификаттау негіздері.
  3. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары
  1. Сертификаттау

Сертификаттау (куәландыру) - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. [1]

Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.

Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-әрекеттің бірі болғандықтан, бұл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар.

Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.

Сәйкесті растау нәтижесі - объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі.

Сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы. Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:

1. Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

2. Дайындаушының (орындаушының) айналысқа шығаратын өнімінің, көрсетілетін қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат - сәйкестік туралы декларация деп аталады.

3. Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

Сәйкестікті растау саласындағы құжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі деп аталады.

Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау ж. б. ) сипаттай отырып айңындау тәсілдері.

Сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.

Сынақ зертханасы (орталығы) - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы.

  1. Сертификаттау негіздері.

Сертификаттау- өнім, процесс, жұмыс, қызмет белгіленген нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін дайындаушыдан (сатушы, орындаушы) және тұтынушыдан (сатып алушыдан) тәуелсіз органмен жазбаша растау.

Сәйкестік сертификат - Мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелері бойынша берілген өнім, процесс, жұмыс, қызмет, техникалық реттемелер, стандарттар немесе басқа нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілгендігін көрсететін құжат.

Сәйкестік туралы декларация - өнім белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын жеткізушінің (өндіруші, сатушы) Мемлекеттік сертификаттау жүйесі бекіткен құжаты.

Сәйкестік белгісі - Мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелері бойынша осы өнім, процесс, жұмыс, қызмет нақты өнімге немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкестігіне қажетті сенімділікпен қамтамасыз етілгендігін көрсететін, белгіленген тәртіпте қорғалынған белгі.

Сертификаттаудың түрлері

Қазақстан Республикасында өнімдерді (процесстерді, қызметтерді, жұмыстарды) сәйкестігін растау ерікті немесе міндетті түрінде атқарылуы мүмкін.

Міндетті сертификаттау адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне еңгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың) басшылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.

Сертификаттаудың қатысушылары . Сертификаттау жүйелеріне қатысу түрлері: стандарттау жүйесіне жіберіледі; стандарттау жүйесіне қатысу; стандарттау жүйесіне мүше болу. Стандарттау жүйесіне жіберіледі дегеніміз- өтініш берушілер осы жүйенің ережелеріне сәйкес өнімді сертификаттаудан өткізуі мүмкін.

Сертификаттау жүйесінің қатысушысы- осы ережелерге сәйкес күші бар және жүйеде басқаруға қатысатын немесе басқаруға мүмкіндігі бар орган. Сертификаттау жүйесінің мүшесі- осы жүйе ережелеріне сәйкес күші бар және жүйе басқаруда қатысуға немесе басқаруға мүмкіндік беретін орган. Сонымен бірінші қатысу түрі әзірлеуші-өндірістерге, өнім жеткізушілерге жатады, ал қалған екі түрі сертификаттау органдарының ұлттық, аймақтық және халықаралық сертификаттау жүйелерінде жұмыс атқаруына қатысты.

  1. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары

«Сертификаттау туралы» заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (процестерді), жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды peттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттеpi мен жауапкершілігін белгілейді.

Сертификаттаудың мақсаттары

Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • адамдардың өмірi мен денсаулығын, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • өнімдер мен қызмет көрсетудің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
  • саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар рыногындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық сауда қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттің органы жүзеге асырады.

Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі

Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды: стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган; өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар; тіркелген сынақ лабораториялары (орталықтары) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызмет сапасын басқару
ЖШС КазЭкспо Аудит бойынша жүргізілген іс - тәжірибе
Сапа жүйесін сертификаттау, оның мақсаты мен принциптері. Сертификаттау объектісі
Сәйкестікті растау жөніндегі органға өтініш беру
ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты туралы
Жолаушыларды автомобильдік транспортпен тасымалдау қызметін сертификаттау. сәйкестік белгісі
Міндетті немесе қалауы бойынша сертификаттау. оның шарттары
Сертификаттаудың маңызды мәселелері
Экономика Метрологияның негізгі ұғымдары
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz