ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат



Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің мәні, түрлері және үлгісі.
2. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен шығару.
3. Қазақстандағы жекешелендірудің кезеңдері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыс пен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерешеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды.социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процесс ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық қана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған элита да қабылдаған жоқ.
Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.
Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.
Яғни жекешелендірудің мәні — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.
1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері оқу құралы, Алматы: «Эверо» 2014 ж. 24-26 беттерден алынды.
2. Мәуленова Ж.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. – Алматы: «Экономика» , 2003ж.
3. ТемірбековаА.Б., Байшоланова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. – Алматы: «Экономика», 2008ж.
4. «Жекешелендіру туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы. 23.12.1995ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
“Ветеринариялық медицина” кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері.

Орындаған:
Ахмадиева А. Ж.

Тексерген: Қуантқан Б. Қ.
Тобы: ВМ – 401.

Семей, 2015 жыл
Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің мәні, түрлері және үлгісі.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен
шығару.
Қазақстандағы жекешелендірудің кезеңдері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы
басталған болатын.
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған
тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық
кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі
дағдарыс пен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән
ерешеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі,
дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы
жоғары болды.социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық
менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық
экономиканың негізін құратын процесс ретінде мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіруді халық қана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге
асырушы ретінде танылған элита да қабылдаған жоқ.
Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың
диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда
мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін
бастауға мүмкіндік берді.
Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың
мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың
акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген
кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін
арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.
Яғни жекешелендірудің мәні — меншік қатынастарын реформалау арқылы
мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол
бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты
болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру
үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік
өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың
менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын.
Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап
етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ,
ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі
толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет,
өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет
меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу
және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік
қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және
мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.

Негізгі бөлім.
1.Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің мәні, түрлері және
үлгісі.
Жекешелендіру – нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке
меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың
алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізілуі
нарықтық қатынастың пәрменділігіне байланысты болады. Жекешелендіру –
меншіктің барлық түріне мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі
мен құқығына қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен
байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды өнім түрлерін өндіруге деген
ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады.
Жекешелендірудің жолдары мен түрлері. Кәсіпорын – халық шаруашылығының
бастапқы ұясы. Материалдық және материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету
кәсіпорындарында жасалады. Сондықтан кәсіпорындар экономикасы, олардың
орталықпен, банктермен және басқа несие беретін мекемелермен қарым –
қатынасы өтпелі кезеңдегі теория мен практиканың қатты көңіл бөлетін
нысанасы болуы керек. Бұл орайда кәсіпорын іс – әрекетінің тиімділігін
арттыру үшін олардың мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс ырғағы бар мемлекеттік
кәсіпорындарды біршама кең көлемді дербестікке ауыстыру керек.
Кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде ең қиын оның әдістері мен
түрлерін (акцияландыру, жалға беру т.б.) анықтау ғана емес, сонымен бірге
мемлекеттік және жергілікті басқару мекемелерімен кәсіпорын арасындағы
қарым – қатынас механизмін жасау болып табылады. 1990 жылы мемлекетке
өндірістік қорлардың 90 - 95 пайызы тиесілі болған. 1992 жылдан бастап бей
мемлекеттендіру, жекешелендіру мен бәсеке туралы, монополиялық іс –
әрекетті шектеу туралы заңдардың қабылдауынан мемлекеттік кәсіпорындар
үлесінің едәуір азайғанын байқауға болады. Сонымен қатар орталық пен
кәсіпорын қарым – қатынас механизмін, бастапқыда ойлағандай, қалыптастыру
оңай болмай шықты.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Қазақстандық үлгісі.
Рыноктық экономикаға көшу мен меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді талап
етеді. Өйткені, шаруашылық субъектілер (иелері) рынокта өз жұмыстарына
өздері жауап беретіндей, соған әрдайым мүдделі, жұмыс нәтижесіне толығымен
иелік ететіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен көріну үшін
рынокта меншік иелері бәсеке жағдайында әрекет етіп, жұмысты тиімді
ұйымдастыруы шарт. Дәлірек айтқанда, қазіргі рынок көп меншіктілік жағдайда
ғана өз қызметін ойдағыдай атқара алады. Меншікті мемлекет иелігінен алу
мен жекешелендіру рынокқа көшу барысындағы аса маңызды мәселе. Біріншіден,
қазіргі күрделі де қиын жағдайда қалыпты әлеуметтік ахуалды жасауға
еңбекшілерді әлеуметтік қорғауға, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға
мемлекеттің күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне, осындай жағдайда
меншіктің бірқатар бөлігін ортақ мүдделерге сай пайдалана білетіндерге беру
тиімді болары даусыз. Екіншіден, өндірісті дамыту, бағаның өсуін тоқтатып,
өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенде ғана мүмкін
болады. Бәсеке – рыноктың қозғаушы күші ретінде әрекет ете бастағанға
дейін, халық шаруашылығын тұрақтандырып, инфляция құбылысын реттеу үшін,
қаржы – несие қатынастарын берік қолда ұстау қажет. Сондықтан, жоғары салық
ставкасы мен банк процентін енгізу керек болды. Әрине, мұндай жағдайда
экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайды, оның халыққа ауыртпалық
келтіретіні де белгілі. Ал, рыноктың қалыпты қызмет етуі үшін монополиялық
үстемдікті жою және жекешелендіру өте қажет.

2. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру кезеңдері және
мемлекеттік меншіктен шығару.
Соңғы жылдары Қазақстанда жекешелендіружәне мемлекеттік меншіктен
шығару жөнінде кешенді шаралардың жүзеге асырылуының нәтижесінде меншік
қатынастарында және коммерциялық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық-құқықтық
формаларында бірқатар өзгерістер болып өтті, соның ішінде:
• меншік формаларының көп түрлілігі;
• жеке меншіктің Қазақстан экономикасындағы меншіктің негізгі
формаларының біріне айналуы;
• халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік мемлекеттік меншік
монополиясын жеңу;
• нарық инфрақұрылымы мен меншіктің жаңа формаларына қызмет көрсететін
механизмдердің қалыптасуы.
Мемлекеттік меншіктен шығару – бұл мемлекеттің экономикадағы шамадан
тыс рөлін бәсеңдетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта қалыптастыру
жөніндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
ҚР-дағы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Қазақстандағы жекешелендіру бағдармаламысының теориялық мәселелері
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
Нарықтың пайда болу шарттары. Нарықтың атқаратын қызметтері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу жолдары
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Меншіктің экономикалық түрлері
Пәндер