Қазақстандағы жануарлар биотехнологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы жануарлар биотехнологиясы.

Тексерген: Нуржанова. К. Х

Орындаған:Турсынгали Е А

Семей 2015 ж

  1. Қазақстандағы жануарлар биотехнологиясы.
  2. Жануарлардың биотехнологиялық қоры.
  3. Жануарлар биотехнологиясының бағыттары.

Қазақстандағы жануарлар биотехнологиясы. Казіргі уақытта Қазақстанда бір топ мамандар жануарлар биотехнологиясынан жұмыстар өткізе алады. Олар Қасымов К. Т., Тойшибеков М. М., Садыкулов Т. С., Аузбаев С. А., Малмаков Н. И., Салықбаев Т. Н., Джамалова Г. А. және т. б. Осы ғалымдар ғылыми жұмыстарын тек қана зертханада өткізбей тәжірибеде қолдану сұрақтарын қарастырады. Мысалы, 1997 жылдан бастап Алматы облысы «Мади» тұқым шаруашылығында дегресс қойларын көбейту ғылыми зерттеулері өткізіліп жатыр.

Жануарлардың биотехнологиялық қоры.

Мал шаруашылықта биотехнология әдістерін еңгізуге жануарлардың келесі биологиялық ерекшеліктері жағдай береді:

Жануарлардың жыныс жасұшаларының (гаметаларының) биологиялық банкі. Жануарлардың гаметаларының биологиялық банкі ұрғашылардың жыныс жасұшаларында (гонадаларда) орналасқан. Гаметалардың морфогенетикалық мүмкіншіліктері өте жоғары. Мысалы, тұған кезде ұрғашы қойлардың жыныс жасұшаларында 700 мың фолликулалар (гонаданың жасұшалары) болады; жыныс жасына келгенде 12000-86000 ұсақ фолликулалар және 100-400 үлкен фолликулалар болады. Еркек жануарлардың жұмыртқаларында сперматазоидтердің саны одан да көп (280-450 триллион) . Осындай қордан табиғи жынысу жағдайда көбеюге қатысатын гаметалардың (жұмытқа жасұшалары және сперматазоидтер) саны бірден туатындарға 5-10, көптен туатындарға 40-80 паралар.

Жануарлардың ұрықтарының имплантацияға (қайта отырту) дейін дамуы. Ұрықтандырылғаннан кейін ұрық ұрғашы малдың жыныс мүшелерінде бос жағдайда болады. Ұрықтандырылған жерден еңгізілетін жерге дейін ұрық бір неше күн жүреді: шошқаларда 2-3, қойларда 4-5, қояндарда 5-7, сиырларда 7-8 күн. Осы жағдаймен қолданып жануарлардың ұрықтарымен әр түрлі жұмыстар өткізеді.

Бірден туатын жануарларда бір жұмыртқалы егіздер туу . Бір жұмыртқалы егіздер келесі жағдайда туады: имплантация алдындағы кезеңде ұрықтың қабыршығына бір зақым келіп ұрық бөлініп кетіп, екі немесе бір неше ұрықтар жаратылады. Осындай егіздердің нәсілдік, биохимиялық көрсеткіштері бірдей, неге десек олар бір ұрықтандырылған жұмыртқалы жасұшадан шығады (тотипттенттік жағдай) . Осындай көріністің көмегімен көп жасұшалы ағзалардан биологиялық ұқсас ағзаларды алуға болатын болды. Осы жағдай тұқым мал шаруашылығына өте маңызды.

Малшаруашылықта тұқым дәнін тұдырып жетілдіру. Ауылшаруашылық жануарларды ұстап көбейткенде тұқым дәнін және пайдаланатын үйірді айырады. Тұқым дәніне жататын малда келесі көрсеткіштер болу керек: физиологиялық саулық, көбеюге жарамдық жоғары қасиеті, жоғары бағалы нәсілдік қасиеттері және сапалы ұрпақ. Биотехнологиялық зерттеуде осы жануарлар тобына жататындар берушілер (донорлар) және жасаушылар (ұрықтандырушылар) . Беруші - ол нәсілдік бағалы ұрықтарды беретін ұрғашы; жасаушы - ол еркек мал. Сондықтан, жануарлардың осы дәрежесі үйірдің көбейту жұмысына өте маңызды.

Жануарлар биотехнологиясының бағыттары .

Малшаруашылықта биотехнологиялық қорлар ашу үшін молекулярлы, жасұшалы, көбейту биотехнологияларымен қолданады.

Жануарларды көбейту биотехнологиясы - жануарлардың репродуктивтік қорларының генетикалық мүмкіншіліктерін жақсарту мақсатымен қолданылатын әдіс. Көбейту биотехнологиясында зерттеу пәні - жануарлардың репродуктивтік қасиеті ал зерттеу объекті - олар:

1. жануарлардың ағзаларының гормондары - гипоталамус, гипофиз, гонадалар арқылы зерттелетін;

  1. көбею мүшелерінің құрамы және физиологиясы.

Көбейту биотехнологиясында келесі әдістерді айырады:

  1. Суперовуляция- фолликулдарға өсуге және дамуға мүмкіншілік беретін, гормондардың көмегімен ұрғашы-донорларға әсер ететін әдіс.
  2. Жасанды ұрықтандыру- жануарлардың генотиптерін жақсарту үшін асылтұқымды еркек малдардың ұрықтарымен қолданып ұрғашыларға ұрық себу жұмыстары.

Генетиканың және жасанды ұрықтандыру технологиясының жетістіктерінің көмегімен малшылар жануарларды жетілдіру үшін қолайлы әдістер тапты, жоғары мүмкіншіліктері бар еркек жануарларды іріктеп алу жағдайлары туды, бүкіл популяциялардың генетикалық жақсарту екпіндері тездетілді.

  1. Ұрықтарды транспланттау- ұрғашы-донордан ұрғашы-реципиентке ұрық тасу әдісі. Малшаруашылықта транспланттау мақсаты - асылтұқымды ұрғашы жануарлардың генетикалық қорларымен қолдану.

Ұрықтарды транспланттау әдістің көмегімен ұрғашылардың көбею мүмкіншіліктері кеңейді, неге десек, олардың ана бездерінде аналық жыныс жасұшаларының қоры мол болады. Осы генетикалық қорды толығынан қолдану үшін келесі зерттеулер өткізілген: асылтұқымды аналардың ұрықтарын алып төмен генетикалық бағалы, көбею үдірісіне жарамды аналардың жатырларына транспланттау.

Осы технология жұмыс істегенде:

а) бір асылтұқымды анадан алынған ұрпақтардың саны көбейеді;

б) ағзаларды гамета және ұрықтар түрінде апарып жеткізуге және көп уақыт сақтауға болады;

в) гаметаларды және ұрықтарды іріктеп алып керек жынысты және керек физиологиялық-биохимиялық қасиеттері бар ұрпақтарды алады.

Осы айтылған технологияларды еңгізу үшін, ақырғы мақсаты ұрықтарды транспланттау болатын жұмыстардың кешенімен қолдану керек.

Көбейту технологиясы келесі кезеңдерден тұрады: донорларды, жасаушыларды, реципиенттерді іріктеп алу, донорларға суперовуляция өткізу, донорларды ұрықтандыру, ұрықтарды шығарып алу, алып шығарған ұрықтардың қасиеттерін бағалау, ұрықтарды реципиенттердің мүшелеріне еңгізу.

Кәзіргі уақытта көбейту биотехнологиясы молекулярлы және жасұшалы биотехнологиялардың әдістерімен тығыз байланысады.

Жасұшалы биотехнология - түрлі жасұшалы жұмыстар өткізу арқылы бағалы биологиялық қасиеттері бар ағзаларды алуды зерттейтін пән. Малшаруашылықта зерттеу объекті - жануарлардың репродуктивтік жасұшалары. Малшаруашылықта жасұшалы биотехнология өзіне бір бірін толықтыратын екі ғылыми бағыт кіргізеді:

1. Ұрық өсіру зерттеулер (ұрық дақылы) - гаметалармен ұрықтарға өмір сүруге және дамуға жағдай тұдыратын.

Ұрық өсіру зерттеулердің негізгі тапсырмалары:

а) гаметалардың және ұрықтардың селекциясы;

б) гаметаларды және ұрықтарды өсіру;

в) гаметаларды экстракорпоралды ұрықтандыру;

г) гаметалардың және ұрықтардың банкін ашу;

д) қоректік орталарды жасап қасиеттерін жақсарту.

2. Жасұшалы технологиялар - жануарлардың генотиптерін жақсарту үшін жасұшалардың және ядролардың деңгейінде жүргізетін жұмыстар.

Малшаруашылықта жасұшалы технологиялардың жұмыстары келесі:

а) соматикалық гибридизация;

б) клондау;

в) химералық жануарларды алу.

Молекулярлы биотехнология - жануардың ағзасында молекулярлы деңгейде жаңа генетикалық бағдарламаны алу мақсатын зерттейтін ғылым. Зерттеу объекті нуклеин қышқылы болады (ДНҚ және РНҚ молекулалары) . Молекулярлы биотехнология келесі екі бөлімдерден тұрады:

  1. Генетикалық инженерия- тек қана гендерді зерттейді. Генетикалық инженерияның тапсырмалары:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жануарлар биотехнологиясы» пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
Биотехнология ғылымы
Жануарлар биотехнологиясы
Жұмыс гипотезаларын тұжырымдау
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Өсімдіктердің биотехнологиясы
Өсімдіктердің биотехнологиясы. Өсімдік жасушаларын мәдени өсіру
Клеткалық инженерияның мәселелері
Жануарлар биотехнологиясы пәнінен тіректік дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz