Қант қызылшасын сақтау мен қант алу технологиясы



I Кіріспе
1.1 Жалпы қант қызылщасы туралы түсінік
II Негізгі бөлім
2.1 Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы
2.2 Қант қызылшасының химиялық құрамы
2.3 Қант қызылшасының зиянкестері мен аурулары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Қант қызылшасы (Betavulgarіs) — қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 100 – 125 күн. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Оның жапырағы мен сабағын өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар.Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткеніоның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады.
Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант заттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 – 4,5 мм және 4,5 – 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 – 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатараралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қантқызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмырқұрты мен тамыр биті көбейеді.
Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Betavulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.
1. Әрінов Қ.Қ. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау. Астана, 2001
2. Жанабаев Қ.Ш. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Алматы, 1994
3. А.И. Стародубцева, В.С. Сергунов. Практикум по хранению зерна. Москва, 1987
4. Б.А. Карпов. Технология послеуборочной обработки и хранения зерна. Москва, 1987

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы

Орындаған: Ағали Н.
Тексерген: Мухаметжанова О.Т
Тобы: АГ-213



Семей 2015
Жоспар
I Кіріспе
1.1 Жалпы қант қызылщасы туралы түсінік
II Негізгі бөлім
2.1 Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы
2.2 Қант қызылшасының химиялық құрамы
2.3 Қант қызылшасының зиянкестері мен аурулары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

1.1 Жалпы қант қызылшасы туралы түсінік
Қант қызылшасы (Betavulgarіs) -- қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 150 - 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 100 - 125 күн. Қант қызылшасы - құнарлы мал азықтық дақыл. Оның жапырағы мен сабағын өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар.Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткеніоның тамыр жемісінде 17 - 19%-дай қант болады.
Қант қызылшасы - жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант заттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 - 4,5 мм және 4,5 - 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 - 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатараралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қантқызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмырқұрты мен тамыр биті көбейеді.
Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Betavulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.

2.1 Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы
Қант қызылшасында егіс алқабынан жинап алғаннан кейін басқа да тамыр жемістілерге тән физиологиялық процестер: солу, қызу, тыныс алу т.б жүреді. Әсіресе, дер кезінде қолайлы жағдай жасалмаған қызылша тамырында ылғалдың бөлінуі жүреді де тамыр жеміс солып өзінің қасиетін жоғалтады. Сонымен қатар, тыныс алу қарқындылығына байланысты қызылша құрамындағы қанттың мөлшері кемиді.
Қант қызылшасын пайдалану мақсатына байланысты шаруашылық жағдайында немесе зауыттары маңындағы арнайы алаңдарда сақтаудың әр түрлі тәсілдері қолданылады.
Қант қызылшасын бурт-кагаттарда сақтау.
Әдетте, жаңа жиналып алынған қызылшаны одан қант алу үшін қант зауыттарына жөнелтеді. Ол жерде қызылшаны өндегенше аранйы алаңдарды бурт кагаттарда уақытша сақталады.
Кей кездері, мысалы, ауа райының қолайсыздығына автокөліктің немесе жұмыс күшінің жетіспеушілігіне және басқа да жағдайларға байланысты жиналған қызылша егіс алқабында қоюы мүмкін. Уақыт өткен сайын бұл тамыр жемістердің сапасы төмендеп, жарамсыз бөліктерінің көлемі артады.

Егіс алқабындағы қант қызылшасының тамыр жемісінің сапасына жатып қалу мерзімінің әсері, %.
Күн астында қалу ұзақтығы
Қант қызылщасын жинау кезіндегі ауа температурасы [0]С

8
19
2 сағат
4
12
1 күн
11
32
2 күн
27
66
4 күн
34
88

Кестеде келтірілген материалдардан 1 тәулік бойы ашық алқапта қалған тамыр жемістің 80С температурада 10 пайызы жарамсыз болса, ал 190С температурада барлық өнімінің 31-нен астамы жарамсыз болған. Сол себепті, оларды уақытша сақтауды ұйымдастыру қажет. Ол үшін егіс алқабында арнайы алаңдар - егіс кагаттары дайындалады.
Бұндай алаңдар мүмкіндігінше тегіс әрі су ағатындай бір жағына қарй еңіс болуы тиіс. Қызылшаны осындай алаңда трапеция формасымен ұйіп жинайды. Үйіндінің ұзындығы 20-30м, биіктігі 1,5-1,7 м, көлденеңі 3-6 м, трапецияның төбесінің көлденеңі 1,0-1,5 м шамасында болады.
Үйіндінің үстін ылғал топырақпен 15-20 см қалыңдықта жабады. Ал күн салқындаған сайын оның қалыңдығы 40-50см-ге дейін жеткізіліп, үсітіне сабан төсейді.
Қант зауыттары мен қызылша қабылдайтын орындарда қызылшаны арнайы ірі кагат алаңдарында жинап сақтайды. Бұндай алаңдардың көлемі қызылшаның салмағына байланысты болады да, әдетте, 1 гектарға шамамен 5-6 мың тоннадан келеді.
Қызылшаны сақтауда, әсіресе, шіріген немесе өздігінен қызған жерлерді уақытылы анықтап, оларды болдырмауда үйіндінің температурасын қадағалау орынды. Қолайлы сақтау температурасы 10С шамасында. Тепература бұл көрсеткіштен жоғары болғанда тыныс алу қарқындылығы артады да тамыр құрамындағы қанттың мөлшері азаяды.
Қант қызылшасын өндіретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайына байланысты қызылшаны сақтағанда қанттың шығыны тәулігіне 0,01-0,03 пайыздан аспауы тиіс.
Температура деңгейін түсіру мақсатында арнайы қондырғылардың көмегімен белсенді түрде желдетеді. Желдету кезінде құрғақ ауаның әсерінен қызылша солып қалмауы үшін ауаны ылғалдап отырған дұрыс.
Қант қызылшасын ор -траншеяда сақтау
Ауыл шаруашылығы жағдайында дән алуға арналған қызылшаны арнайы орларда сақтайды.
Ор - траншеялар тереңдігі 1м-ден аспайтын, көлденеңі м-ге жуық ұзынша келген арық - ор . Орды беткі жағына 15-20см жеткізбей тамыр жеміспен толтырады да үстін 30 см қалыңдықта топырақпен жабады. Қызылшаның температурасы қолайлы деңгейден төмендеген сайын үстін топырақпен немесе басқа материалдармен қосымша жауып отырады.
Қызылшадан қант алу күрделі физикалық-химимялық процесс. Алдымен тамыр клеткасындағы сахарозаны диффузия көмегімен бөліп алады да, әр түрлі химиялық, жылу физикалық әсермен қантты ажыратып, ақ, кристалл затқа айналдырады.
Қызылшаны қант зауыттарында өңдеуді жүргізу жүйелері:
1.Қызылшаны автомашинадан арнайы жартылай қазылып дайындалған бункер ыдыстарға төгіледі. Трубалармен келіп жатқан судың қысым ағынымен қызылша жуғыш аппаратқа жылжытылады.
2.Жуу. Бұл жерде қызылша әр түрлі қоспалардан сабақ, жапырақ, тас, құмнан ажыратылады, яғни жуып тазаланады.
3. Қызылша автоматты таразыда тартылып, өлшенеді.
4. .Қызылша арнайы кескіш аппаратта ұзынша етіп майдаланып туралады. Бұл жерде кесілген жолақтың ірілігі қатаң бақыланады. Жолақтың ені 4-6, қалыңдығы 1,2-1,5 мм-ден аспауы тиіс. Осы талап сақталған жағдайда, қантты бөлу қалыпты жағдайда жүреді. Тамыр жемістің құрамында солған, жарамсыз тамырлардың мөлшері артқан сайын оларды талапқа сай етіп жолақтап турау мүмкін болмайды да, оның диффузия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтық қант қызылшасын сақтау
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы
Қант қызылшасын сақтау тәсілдері
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы жайлы
Қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы
Тұқымды себуге дайындау және себу
Малазықтық қант қызылшасының сақталуы
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік
Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы
Қант қызылшасының маңыздылығы
Пәндер