Вирустардың нәсілдік қасиеттері. Мутация түрлері. Гендік инженерия



1. Вирустардың нәсілдік қасиеттері
2. Вирустардың өзгергіштігі
3. Вирустар генетикасының ерекшеліктері
4. Гендік инженерия
5. Мутация
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Вирустардың пайда болуы жөнінде бірнеше болжам бар.
1. Қайта (кері) айналу теориясы, демек эволюцияның кері өзгеруі, өте жетілген түрден жай, қарапайым түрге көшу. Бұл теория бойынша бактериядан, бір клеткалы организмнен шыққан содан клетка ішінде тіршілік етуге бейімделіп, бірте-бірте формасы мен қасиеттерін жоғалтып, бір ғана нуклеин қышқылы қалған. Дегенмен бұл теория вирустардың нәсілдік генетикалық материалының көптігін, дисьюнктивтік көбею жолын түсіндіре алмайды.
2. Басқа бір болжау — вирустардың клеткалы дүние пайда болғанға дейінгі тіршілік түрлері, содан кейін бірте-бірте торшалық, бертін келе — күрделі организмдер пайда болған. Бұл болжам да алдыңғы болжам сияқты әлгіндей сұрақтарға жауап бере алмайды.
3. Келесі болжам — вирустар клетка ішіндегі денелерден шыққан. Бұл болжамды кейде "құтырынған гендер" деп атайды Шынына келсек клеткада 3 түрлі генетикалық (нәсілдік) заттар бар Олар 1) хромосомдағы ДНҚ, 2) бактериялық плазмидтік ДНҚ, 3) митохондриялық ДНҚ.
Соңғы болжам бойынша вирустар плазмидтен пайда болған Вирустардың торшаның нәсілдік элементтершен шығуы мүмкін. Себебі, табиғат вирустарда ДНҚ мен РНҚ-ның әрбір түрін жаттығып көргеннен кейін клеткаларда олардың ең керекті түрін екі жіптен тұратын ДНҚ мен бір жіптен тұратын РНҚ-ны ғана қалдырған болуы керек. Демек, осының арқасында мынандай болжам пайда болған әртүрлі вирустар түрлі мерзімдерде клетканың әр түрлі нәсілдік элементтермен шыққан болуы керек. Осының салдарынан ғана бесаспап нәсілдік код вирустарға да, бүкіл жанды дүниеге де тән және олар жердің органикалық дүниесінен шыққан.
Вирустардың молекуларлық биология, генетика, гендік инженерия ғылымдары үшін маңызы өте зор. Себебі көрсетілген ғылымдардағы зерттеулерде вирустарды негізгі модель етіп қолдануға болады. Нуклеин кышқылының нәсілдік функциясы — нәсілдік (генетикалвіқ) кодты шешу және клеткадағы макромолекулалардың құралуын зерттеу тек вирустардың көмегімен шешілді.
Нәсілдік инженерияда вирустарды қолданудың теория және практика үшін де маңызы зор. Себебі нәсілдік қасиеттер зертханалық жағдайда зерттеген кезде нуклеин кышкылының фрагменттерін ферменттер арқылы кез келгең жерінен кесіп, керекті генді ғана алып, оны басқа организмнің нәсілдік нұсқасына еңгізуге болады.
1. Микробиология және вирусология. К.Х. Алмағамбетов, Н.М. Бисенова. Астана, 2005.
2. «Ветеринариялық вирусология» Ш.Б.Мырзабекова;Алматы, «Білім», 2004 ж.
3. Дарқанбаев Т.Б. Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИМТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Вирустардың нәсілдік қасиеттері. Мутация түрлері. Гендік
инженерия

Орындаған: Биязбаев.Е.О

Тексерген: Омарбеков.Е.О

Семей 2015

Жоспар

1. Вирустардың нәсілдік қасиеттері

2. Вирустардың өзгергіштігі

3. Вирустар генетикасының ерекшеліктері

4. Гендік инженерия

5. Мутация

6. Пайдаланылған әдебиеттер

Вирустардың пайда болуы жөнінде бірнеше болжам бар.
1. Қайта (кері) айналу теориясы, демек эволюцияның кері өзгеруі, өте
жетілген түрден жай, қарапайым түрге көшу. Бұл теория бойынша бактериядан,
бір клеткалы организмнен шыққан содан клетка ішінде тіршілік етуге
бейімделіп, бірте-бірте формасы мен қасиеттерін жоғалтып, бір ғана нуклеин
қышқылы қалған. Дегенмен бұл теория вирустардың нәсілдік генетикалық
материалының көптігін, дисьюнктивтік көбею жолын түсіндіре алмайды.
2. Басқа бір болжау — вирустардың клеткалы дүние пайда болғанға дейінгі
тіршілік түрлері, содан кейін бірте-бірте торшалық, бертін келе — күрделі
организмдер пайда болған. Бұл болжам да алдыңғы болжам сияқты әлгіндей
сұрақтарға жауап бере алмайды.
3. Келесі болжам — вирустар клетка ішіндегі денелерден шыққан. Бұл болжамды
кейде "құтырынған гендер" деп атайды Шынына келсек клеткада 3 түрлі
генетикалық (нәсілдік) заттар бар Олар 1) хромосомдағы ДНҚ, 2) бактериялық
плазмидтік ДНҚ, 3) митохондриялық ДНҚ.
Соңғы болжам бойынша вирустар плазмидтен пайда болған Вирустардың торшаның
нәсілдік элементтершен шығуы мүмкін. Себебі, табиғат вирустарда ДНҚ мен РНҚ-
ның әрбір түрін жаттығып көргеннен кейін клеткаларда олардың ең керекті
түрін екі жіптен тұратын ДНҚ мен бір жіптен тұратын РНҚ-ны ғана қалдырған
болуы керек. Демек, осының арқасында мынандай болжам пайда болған әртүрлі
вирустар түрлі мерзімдерде клетканың әр түрлі нәсілдік элементтермен шыққан
болуы керек.  Осының салдарынан ғана бесаспап нәсілдік код вирустарға да,
бүкіл жанды дүниеге де тән және олар жердің органикалық дүниесінен шыққан.
Вирустардың молекуларлық биология, генетика, гендік инженерия
ғылымдары үшін маңызы өте зор. Себебі көрсетілген ғылымдардағы зерттеулерде
вирустарды негізгі модель етіп қолдануға болады. Нуклеин кышқылының
нәсілдік функциясы — нәсілдік (генетикалвіқ) кодты шешу және клеткадағы
макромолекулалардың құралуын зерттеу тек вирустардың көмегімен шешілді.
Нәсілдік инженерияда вирустарды қолданудың теория және практика үшін
де маңызы зор. Себебі нәсілдік қасиеттер зертханалық жағдайда зерттеген
кезде нуклеин кышкылының фрагменттерін ферменттер арқылы кез келгең жерінен
кесіп, керекті генді ғана алып, оны басқа организмнің нәсілдік нұсқасына
еңгізуге болады.
Мысалы: кұтырық вирусының генін алып, Е. сол микробының клеткасына енгізсе,
ондай микроб вирустың белогын шығарады. Осының арқасында қауіпсіз вакцина
алуға болады. Мұндай вакциналарды гендік инженерия арқылы алынған вакцина
деп атайды.
Қазіргі кезде вирусология жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы вирусология
вирустардың табиғатын, шығу тегін, физикалық құрылымын, химиялық құрамын,
өсіп-жетілуін, нәсілдік қасиеттерін зерттейді және вирустардың клеткалармен
өзара байланыстарын, вирусқа қарсы иммунитетті, вирус ауруларын зертханалық
тәсілдер арқылы зерітеумен айналысады.

РНҚ-вирустар

Пикорнавирустар Денсаулық сақтау саласындағы аса күрделі мәселелердің
қатарына жедел ішек аурулары (ЖІА-ОКЗ) жатады. Ішек инфекциясымен
ауыратындардың саны ДДҰ-ның мәліметтері бойынша миллиондап есептеледі, ал
өлім туғызушылығы ЖІА тек қана жедел респираторлық аурулардан (ЖРА-ОРЗ)
төмендеу. ЖІА негізінде бактериялар қоздырады (шигеллалар, салмонеллалар,
вибриондар т.б.), бірақ ішек инфекциялардың 80%-ның қоздырғыштары
анықталмай қалып отырады. Міне, осындай жағдайдың көпшілігінде вирустар
себепкер болады. ЖІА-ның вирустық табиғаты өткен ғасырдың екінші жартысынан
бастап жан-жақты зерттеле бастады. Ауру қоздыруда олардың маңызы әртүрлі,
жиірек кездесетіні пикорнавирустар. Пикорнавирустар - РНҚ-ды вирустардың
ауқымды тобына жатады. Пикорнавирус деген сөздің түсіндірмесі бар: pico-
ұсақ, майда, RNA- рибонуклеин қышқылды деген мағына береді. Оларды
зерттеуде келесі тарихи жаңалықтар шешуші рөл атқарды:

1909 ж. – сал (полиомиелит) вирусы ашылды;

1948 ж. – Коксаки вирустары;

1951 ж. – ЕСНО вирустары;

1973 ж. – А гепатит вирусы;

1973 ж. – ротавирустар ашылды.

Вирустар генетикасының ерекшеліктері. Вирустық геномның құрылысындағы
ерекшеліктерге тұқымқуалаушылық ақпарат вирустың түріне байланысты ДНҚ – ға
да РНҚ – ға да жазыла беретіні жатады. Вирустардың мутациясы вирустың
нуклейн қышқылының репликациясы кезінде, немесе бактериялардағы сияқты
сыртқы орта факторларының және мутагендердің әсерінен спонтанды пайда болуы
мүмкін. Вирустық геномның фенотиптік мутациясы антигендік құрылымда,
сезімтал жасушада өнімді инфекция қоздыруға қабілетсіздікпен, өнімді
циклдың температураға сезімталдылығымен, сонымен бірге агарлы жабынды
астында жасуша дақылдарындағы вирустар түзетін таңдақтарының пішінінің және
мөлшерінің өзгеруімен көрінеді. Вирустардың қасиеттері сезімтал жасушаларды
бір мезгілде бірнеше вируспен жұқтырғанда өзгеруі мүмкін. Бұндай жағдайдағы
өзгеріс материалдар арасында әр вирусқа тән нуклеин қышқылдарының алмасуы
(генетикалық рекомбинация және генетикалык реактивация) кезінде немесе
генетикалық материалдың алмасуынан болмайтын процестер нәтижесінде
(комплементация және фенотиптік араласу) болуы мүмкін. Генетикалық
рекомбинация, көбінде ДНҚ – лы вирустарда жиі кездеседі. РНҚ – лы
вирустардың ішінде ол жағдай фрагменттелген геномы барларда, мысалы тұмау
вирусында кездеседі. Рекомбинация кезінде геномның гомологиялық
аймақтарымен алмасу жүреді. Генетикалық реактивация, әр түрлі гендерде
мутациясы бар туыс вирустар геномдары арасында байқалады. Генетикалық
материалды қайта бөлу нәтижесінде толық бүршікті геном қалыптасады.
Комплементация, жасушаға жұғатын екі вирустың біреуі мутация салдарынан
қызмет атқармайтын ақуыз синтездеген жағдайда кездеседі. Мутантсыз вирус
толық ақуыз синтездей отырып мутантты вирустағы жетіспеушілікті
толықтырады. Фенотиптік араласу, сезімтал жасуша екі вируспен аралас
жұқтырылғанда ұрпағының біразы екі вирусқа да тән фенотиптік қасиеттер
алады,ол кезде генотип өзгермейді.
‎Гендік инженерия, генетикалық инженерия  — генетикалық және
биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын
қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу; молек.
биологияның бір саласы. 
Гендік инженерия әр түрлі организмдер геномының бөлігінен
рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа
организм геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді.
Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ биохимигі Т. Берг
(Нобель сыйл. лауреаты) іске асырды. Ол маймылдың онноген вирусы SV-40-тың
толық геномын, бактериофаг — L геномының бір бөлігін және Е. Colі
бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты (гибридті) ДНҚ
алды. 1973 — 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн, Г. Бойер, т.б. түрлі
организмдерден бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді.
Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа организм ішінде жұмыс істей
алатынын дәлелдеді. Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір
клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға, екі немесе бірнеше эмбриондарды
қосып біріктіруге, оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды.
Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен
болатын немесе қолдан жасалатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олпрдың өзгергіштігі
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері туралы ақпарат
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігімутация түрлері гендік инженерия туралы ақпарат
Мутация түрлері. Гендік инженерия
Вирустар және мутация
Генетика және мутация
Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері.Гендік инженерия
Биотехнология және генетикалық инженерия
Вирустар туралы
Пәндер