Ежелгі жәдігерліктер мен жыраулар поэзиясының поэтикалық үндестіктері


Ежелгі жәдігерліктер мен жыраулар поэзиясының поэтикалық үндестіктері
Жоспар:
І. Ежелгі жәдігерліктер.
1) Жарыққа шығуы.
2) Ғылыми басылымның мақсаты.
3) Ерекшелігі.
4) Оқырманға ұсынылып отырған «Әдеби жәдігерлер» сериясының бірінші, екінші, үшінші және төртінші томдарындағы ұсынылған еңбектер.
ІІ. Жыраулар поэзиясы.
1) Халық поэзиясы.
2) Тарихи оқиғалар
ІІІ. Қорытынды!
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің құндылығын танытатын ежелгі түркі дәуіріндегі жазба ескерткіштер мен орта ғасырлық әдеби жәдігерлер осы күнге дейін толық көлемде жарық көрген жоқ. Кеңестік кезеңдегі белгілі шығыстанушылар мен түрколог ғалымдар көне түркі әдеби ескерткіштерін өз деңгейінде зерттеп жариялағанымен де, бұл басылымдарда белгілі себептерге байланысты ежелгі мұралардың маңыздылығын арттыратын мәтіндер берілмеді, көне әдеби жәдігерлерді дайындап жарыққа шығару ісі кенже қалып келді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде орындалатын «Әдеби жәдігерлер» атты ғылыми басылымды дайындап жарыққа шығаруды қолға алды.
Елімізде алғаш рет іске асырылып отырған «Әдеби жәдігерлер» сериясының басты мақсаты - халықтың ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен әдеби жәдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі халықтарына ортақ ежелгі және орта ғасыр әдеби ескерткіштері мен ХV-ХІХ ғасырлардағы әдебиет шығармаларын неғұрлым толық жариялау. Бұл ретте ғылыми және көпшілік кітапханалардың сирек қорларында сақталған барлық дерлік ежелгі және орта ғасырлардағы әдеби жәдігерлер, ХV-ХІХ ғасырлар әдебиетінің мәтіндері ғылыми басылым томдарына енетін болады. Серияда: а) 1917 жылға дейін кітап болып басылған әдеби жәдігерлер; ә) қолжазба күйінде сақталған мұралар; б) кеңестік кезеңде әкімшіл-әміршіл жүйе саясатына ілініп, цензураға түскен мәтіндер; в) түрлі себептермен тыйым салынып, осы күнге дейін ғылыми айналымға түспеген шығармалар бар.
Әдеби жәдігерлердің мәтіндері қолжазба күйінде болсын, баспа бетінде жарық көрген күйінде болсын, сол бастапқы қалпында жарияланады да, ешқандай редакторлық өңдеуге жол берілмейді.
Серияның басты ерекшелігі - ежелгі және орта ғасырларда түркі тілінде жазылған әдеби жәдігерлердің біраз бөлігі алғаш рет қазақ тіліне аударылып беріледі.
Ғылыми басылым томдары хронологиялық тәртіппен жарияланады. Алғашқы том көне түркі дәуірінен басталып, соңғы том ХІХ ғасыр кезеңімен аяқталады. Бірнеше томды құрайтын серияның әр томы редакциялық бас алқаның кіріспе мақаласымен ашылып, соңында жазылған түсініктемелерді, сөздік пен жер-су атауларын, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге байланысты түсініктерді, сондай-ақ, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйіндерді қамтиды.
Оқырман қауымға ұсынылып отырған «Әдеби жәдігерлер» сериясының бірінші томына сақ-ғұн заманындағы және Түрік қағанаты тұсындағы көне әдебиет туындылары, сонымен бірге ІХ-Х ғасырлардағы әдеби шығармалар беріліп отыр.
«Әдеби жәдігерлер» сериясының екінші, үшінші және төртінші томдарын орта ғасырда өмір сүрген аса көрнекті түркі ғалымы Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігі» («Диуани лұғат-ит-түрк») еңбегі құрайды.
ІІ. Жыраулық поэзия.
Жыраулық поэзия - ΧV-ΧVІІІ ғасырдағы қазақтың халық поэзиясы.
Біздің дәуірімізге негізінен ауызша жетті. ΧV ғасырдың орта шеңінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алады. Ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденеді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен - ақ кемелдікті көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзия сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар жыраулық поэзияда мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шеңдесіп жатады. Онда өмір мен болмыс, заман мен адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік жайлы сан - салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады.
Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы - туған елі, оған деген
сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді өмірді қалаған.
Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа
даңқы кеткен Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар, Шалкиіз жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп саналады. Елге, ер - азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт - бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті. Осы тұста өмір сүрген және әдеби мұралары бүгінгі күндерге там - тұмдап болса да жеткен ақын - жыраулар творчествосы сол заманның тұтас бір шежіресін құрастырады. Оларда ел өміріндегі елеулі оқиғалар, феодалдық қоғамның ащы шындығы, халықтың әдет - ғұрып, салт - санасы бейнелі тілмен көрініс тапқан. Демек, жыраулар поэзиясы - халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұра.
Толғамды ой - пікірлермен зерттелген жыраулық поэзия.
“Жырау” сөзінің мәні, жыраулар өнері туралы В. В Радлов, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов және кейінгі дәуір зерттеушілері сан пікірлер айтып, халқымыздың табан асты суырып салып өлең шығарғыш қасиеттерін таңдана сөз еткен.
Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? “Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінен, - дейді М. Әуезов, - ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария - Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді, әдейі көмескілеу, жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы немесе көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады”. Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық - көркемдік мәні терең ашылған.
Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден қойған. Ол “Ескі ақындық” деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, “Жыраулар поэзиясын” аса жоғары бағалаған.
Тақпақ пен мақал тағы артық,
Суырыпсалма жағы артық,
Айтады олар ойланбай,
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетей мен Марабай
Алды - артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландай.
Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында “терең сыр” барын таниды. Олардың жырында “қыран құстың ұшқаны”, “ақбөкеннің жүрісі”, “жайдақ желдің желісі”, “мөлдір судың аққаны”, “жел жетпейтін құландар жүйріктігі”, “адам жанының жайма шуақ кезеңі” - баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген.
Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та “Батыр Баян”поэмасында:
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда
Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр, -
деп аса қадірлеген. Демек, жыраулар поэзиясы халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұра.
Профессор Е. Ысмайлов жырау мен ақындар ерекшеліктерін жете зерттеп берді. Ол жыраулар да ақын, көркем сөз шығарушы өнерпаз, қазақ әдебиетінің көне өкілдері деп танытты. Жыраудың ақыннан өзгешелігі - шығармаларының сарыны мен тақырыбы бірыңғай болып келуінде. Адам баласы басындағы қайғыны, зарды, ел ішіндегі ауыртпашылықты толғау, әлеуметтік, елдік мәселелерді көтеру, тағы басқа әр түрлі өткен - кеткен күйлерді шерту, болашақты болжап, ақыл айтып, батагөйлік ету, шешендік түйіндер жасап, терең ой қозғау - жыраулардың дәстүрлі ерекшеліктері. Бірыңғай тарихи тақырыптарды, әлеуметтік -қоғамдық мәселелерді, қолбасы батырлар мен елбасы хандар ісін, халықтың жай - күйлерін, қонысын, өткені мен болашағын толғап, осы мәселелер төңірегіндегі өкініштер мен өксіктерге бой ұра, кейде тіпті олар өздерінің болжамдарын, ақыл - өсиеттерін қобыздың зарлы үніне қосып ұзақ толғаған.
Ә. Дербісәлин қазақ әдебиеті тарихын байыпты зерттеп, толғамды ой-пікірлер айтумен тынбай, көне дәуір әдебиеті туралы ғылыми құндылығы жоғары кітаптар жазып, кейінгі ұрпақтарға мұра етіп қалдырды. 1982 жылы шыққан “ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы” атты кітапқа байыпты алғы сөз жазды.
Жалпы қазақ әдебиетінің тарихы соңғы жылдарға дейін көбінесе XVIII ғасырдың соңғы тұсынан бастап зерттеліп кел гендігі мәлім. Яғни, қазақ әдебиетшілері арасында осы мәселе тұрғысында екі түрлі пікір қалыптасты. Көптеген зерттеушілер қазақ әдебиетінің тарихын Бұхардан бастап, оған дейінгі әдебиетті жоққа шығарды. Ә. Дербісәлин “ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” атты кітапта қазақ әдебиеті тарихында айтарлықтай үлесі бар, бірақ көптеген еленбей, ескерілмей кеткен ақындар шығармашылығын сөз еткен. Әсіресе, қазақ деп аталатын халықтың бір ұлыс құрамында қауымдасқан кезінен бастап қазақ атымен аталатын дербес әдебиеттің алғашқы өкілдері Асанқайғы, Қазтуған, Шалгез жыраулардың поэзиясына ерекше тоқталған. Ең алдымен сөз болып отырған дәуірдің поэзиясы фольклор емес, алғашқы тұстан бастап фольклордан іргесін бөлектеп, кәсіби әдебиет жасауға бағыт ұстаған, баяу да болса өзгеше бір көркемдік іздену, даралану, жолы, әрине, өмір мен өнердің даму заңдылығынан туған жыраулар мұрасы жаңаның басы емес, көненің жалғасы екендігін танытады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz