Мыс және оның қорытпалары. Алюминий және оның қорытпалары жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Химия» кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Мыс және оның қорытпалары. Алюминий және оның қорытпалары.
Орындаған: Абекова Т. Б.
ХН - 221
Тексерген: Тілеуғали Е. Т.
Семей 2015 жыл
МазмұныКІРІСПЕ 3
1 Мыс туралы жалпы түсінік 4
2 Мыстың негізгі қорытпалары 4
3 Алюминий және оның қорытпалары6
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 12
КІРІСПЕ
Мыс (лат. Cuprum) - химиялық элемент. Элементтердің периодтық жүйесінің І - тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 29, атомдық массасы 63, 546. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 63 Cu және 65 Cu. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 4, 7; 10 - 3%. Негізгі минералдары: халькопирит, халькозин, ковеллин, малахит, азурит
Ертеден белгілі жеті металдың бірі болып табылады. Археологиялық деректерге сүйенсек мыс б. з. д. 4000 жылы египеттіктерге жақсы таныс болған. Адамдар металдардың ішінде алғашқы болып мысты рудадан тез еритін, оңай бөлінетін болғандықтан ерте кезден қолдана бастаған. Көне Грекия мен Рим мысты Кипр (Cuprum) аралынан алған, сондықтан Cuprum деп аталу осыдан шыққан.
Қазақстанда мыс шикізат көздері Орталық, Шығыс (Кенді Алтай) және Оңтүстік Қазақстаноблыстарында шоғырланған. Соңғы жылдары мыс -мырыш күрделі концентраттарын балқытып, ұсатып өңдеу, автогенді балқытып өңдеу тәсілдері Балқаш мыс зауытында жүргізілуде.
Мыс қорытпалары: дюраль (дюралюминий), берилий қоласы, аурихалк, қола, латунь (нибрасс, жез), мысты - никель, никельді латунь, томпак, нейзильбер.
Алюминий (лат. Aluminium), - ашудас, Al - элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, рет нөмірі 13, атомдық массасы 26, 9815. Бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі - алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат - боксит. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған. Алюминий - күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2, 7 г/см 3 ; балқу температурасы 660°С, қайнау температурасы 2500°С; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий - практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, құрылыста, т. б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы - дюралюминий. Оның құрамында 94% алюминий, 4% мыс және аздаған магний, марганец, темір, кремний болады.
1 Мыс туралы жалпы түсінік
Мыс (лат. Cuprum) - химиялық элемент. Элементтердің периодтық жүйесінің І - тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 29, атомдық массасы 63, 546. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 63 Cu және 65 Cu. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 4, 7; 10 - 3%. Негізгі минералдары: халькопирит, халькозин, ковеллин, малахит, азурит.
Пластикалық қызыл түсті металл, кристалл торы қырлары центрленген кубтық, тығыздығы 8, 94 г/см 3 , балқу температурасы 1084, 5°С, қайнау температурасы 2540°С, тотығу дәрежесі +1, +2.
Ертеден белгілі жеті металдың бірі болып табылады. Археологиялық деректерге сүйенсек мыс б. з. д. 4000 жылы египеттіктерге жақсы таныс болған. Адамдар металдардың ішінде алғашқы болып мысты рудадан тез еритін, оңай бөлінетін болғандықтан ерте кезден қолдана бастаған. Көне Грекия мен Рим мысты Кипр (Cuprum) аралынан алған, сондықтан Cuprum деп аталу осыдан шыққан.
Электротехникада мыс ең маңыздысы болып табылады. Мыс электрөткізгіштік жағынан күмістен кейінгі екінші орын алады. Мыс кабельдердің, электр қондырғылары мен жылу алмастырғыштардың ток өткізгіш бөлігін жасау үшін пайдаланылады. Бірақ қазіргі таңда алюминийден жасалған токтарды пайдаланы. Мыс түсті металдар қатарына жатады. Қорытпалардың (латунь, қола, мыс - никель, т. б. ) құраушысы ретінде қолданылады.
Құрамынан мыс алынатын табиғи шикізатқа 240 - тан аса минерал кіреді. Олардың ішінде өнеркәсіптік негізгілері: халькопирит (құрамындағы мыстың мөлшері 34%), борнит (63, 3%), ковеллин (66, 4%), халькозин (79, 8%), теннантит (57%), тетраэдрит (52, 3%), энаргит (48, 3%), куприт (88, 8%), тенорит (79, 8%), малахит (57, 7%), азурит (55, 3%), хризоколла (36, 1%), брошантит (56, 2%), атакамит (59, 5%) . Мысты құмтас кен орындарында мыстың мөлшері көп болады. Қазақстанда бұл кен типтері басты орында (мысалы, Жезқазған кен орны) . Минералдық және химиялық құрамдарына байланысты мыс кендерінің технологиялық сорттары сульфидтік, тотыққан, аралас болып ажыратылады. Сонымен қатар мыс кендері сом және сеппелі - тарамшалы болып бөлінеді. Қазақстанда мыс кендерінің ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Жаманайбат, т. б. жатады.
Қазақстанда мыс шикізат көздері Орталық, Шығыс (Кенді Алтай) және Оңтүстік Қазақстаноблыстарында шоғырланған. Соңғы жылдары мыс -мырыш күрделі концентраттарын балқытып, ұсатып өңдеу, автогенді балқытып өңдеу тәсілдері Балқаш мыс зауытында жүргізілуде.
2 Мыстың негізгі қорытпалары
Техниканың көптеген облыстарында мыс қосылған құймалар кеңінен қолданылады. Оның ішінде ең тараған түрлері қола мен латунь. Екі құймада көптеген материалдардың негізгі аты болып айтылады. Құрамына мырыш пен қалайыдан басқа никель, висмут және басқа да металдар қолданылуы мүмкін.
Мыс құймаларына (берилий және алюминий қоласынан басқа) термиялық өңдеу жүргізілмейді, олардың механикалық қасиеттерімен ұзақ тозбастығы химиялық құрамымен және оның қоспа құрылысына әсер етуімен анықталады. Мыс құймаларының қатаңдығы құрыштан төмен. Мыс құймаларының негізгі ерекшелігі төмен үйкелу коэффициентіне иелігі. Сонымен бірге көптеген құймалардың жоғарғы өткізгіштігімен және электрөткізгіштігінің коррозияға мықтылығымен түрлі орталарда қолданылуына жол ашады.
Дюраль (дюралюминий) : бұл алюминий мен мыс құймасы (мыс дюральда 4, 4%) . Беріктігі жөнінен болаттан кем түспейді. Ал салмағы одан үш есе жеңіл. Оны ұшақ жасауда кеңінен қолданады.
Берилий қоласы : мыстың берилиймен (1, 5 - 3%) қорытпасы, жемірілуге төзімді және өте берік. Одан сағаттың, басқада дәл механизмдердің, электрониканың, байланыс құралдарының, автомобильдердің бөлшектерін жасайды. Берилий қоласы ғылыми - техникалық резолюция дәуірінде пайда болды.
Аурихалк : қолаға қарағанда қымбат, мыс пен мырыштың құймасы (мыс 80% және мырыш 20%) . Құйманың түсі алтынға ұқсас болғандықтан аты содан шыққан.
Қола : мыс пен қалайының құймасы (әдетте 80% - тен 95% - ке дейін мыс болады) . Қазіргі кезде «мысты» тиындар - факты жүзінде қола, себебі таза мыс өте жұмсақ және тез тозады. Қалайы қолаға күміс түстес түс береді.
Латунь (нибрасс, жез) : мыс пен мырыштың құймасы. Құйманы пайдаланған кезде құрамындағы мырыш 3% - тен 30% - ке дейін және мыстың түсі қызылдан ашық сарыға өзгереді [3] . Латуньның құрамында никель болса, онда оны никельді латунь деп аталады. Қазіргі кезде Ұлыбританияда осындай құймалар бар 1 фунт тиынын пайдаланады. Латуньның Римдік аты - аурихалк.
Мысты - никель : мыс пен никельдің құймасы, бұл қазіргі кезде тиындарды алуда пайдаланатын әдеттегі құйма. Құрамында 16 - 25% никель.
Никельді латунь : мысты құйма, құрамында мырыш пен көп мөлшерде никель бар. Ұлыбританияда фунт ретінде пайдаланылған. Құрамы 79% Cu, 20% Zn және 1% Ni.
Томпак : мысты құйма. 1942 - 1943 жылдары Канадада 5 центті тиын алу үшін пайдаланған (88% мыс және 12% мырыш) .
Нейзильбер : мыстың никель мен мырышты құймасы. Мыстың ең жақсы құймасының тобына никель мен мырыштың болуымен сипатталады. Оның ерекшелігі коррозияға жақсы тұрақты, әдемі күміс түстес, жоғары тұтқырлы және жарамды, суық пен ыстық күйде иілгіш болып келеді. Нейзильбер ауада тотықпайды, тұзды ерітінділерде және органикалық қышқылдар тұрақты. Нейзильберді медициналық құралдарды, техникалық ыдыстарды, телефон аппараттарын, булы және сулы арматураларды, санитарлық тәртіпке сай бұйымдарды, тиянақты механиканы, тұрмыстық ыдыстар мен көркем бұйымдары жасауда қолданылады.
3 Алюминий және оның қорытпалары
Алюминий күмістей ақ жұмсақ металл. Созылғыш, жайылғыш қасиеттері алтыннан ғана төменірек. Электр өткізгіштігі мыстан төменірек, бірақ мыс және алюминийден жасаған электр өткізгіш сымдарды, көлденеңін емес, салмағын салыстырса, алюминий жеңіл, сондықтан ол электропровод жасауда мыстың орнына жұмсалады. Алюминий өте жеңіл, айталық темірден үш есе жеңіл, сондықтан транспорт құралдарын жасауға таптырмайтын металл.
Алюминий өте жұмсақ болғандықтан оның түрлі құймалары қолданылады. Алюминийдің дуралюмин, магналий, силумин құймалары бар.
Алюминий (лат. Aluminium), - ашудас, Al - элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, рет нөмірі 13, атомдық массасы 26, 9815. Бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі - алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат - боксит. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған. Алюминий - күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2, 7 г/см 3 ; балқу температурасы 660°С, қайнау температурасы 2500°С; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий - практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, құрылыста, т. б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы - дюралюминий. Оның құрамында 94% алюминий, 4% мыс және аздаған магний, марганец, темір, кремний болады.
Алюминий III периодтың элементі, мұның алдында осы периодтың р-элементтері-Cl, S, P, Si таныстық, енді мұнан кейін S-элементтер Mg мен Na-ға көшеміз. Осы бағытта айтылған элементтердің валенттік электрондары кеміп, онымен қатар бос тұрған валенттік орбитальдар саны өсе береді. Осының салдарынан қос электронды байланыстың беріктігі әлсіреп, орнықпаған /локализацияланбаған/ электрондар арқылы туатын байланыстар өсіп, одан металдық байланыста тууға бейімділік күшейеді.
Міне, период ішімен р- элементтерден S элементтерге қарай жылжығанымызда валенттік электрондардың азаюынан, әуелі молекулалық кристалдық торы бар металл еместерден (Ar, Cl 2 , P 4 ), атомдары тізбектелген (S∞) қабыршақты (Р2 ∞) каркас түзген (Si3∞), структуралы металл еместер арқылы, металл тәріздес кристалдық структураларға келеміз.
Осы структурасы өзгерген бағытта, химиялық байланыстың типі, оған тәуелді жай заттардың қасиеттері де өзгеріп отырғанын көрдік, соған тағы мысал Ar, Cl, S - диэлектрик, кремний - шала өткізгіш, ал Al, Mg, Na - металл (өткізгіш) .
Алюминий бор сияқты р- элемент, сыртқы валенттік электрондарының саны бірдей болғандықтан ұқсастығы да көп, алайда сырттан екінші қабат өзгеше, әсіресе алюминийде 3d орбитальдардың бар болуы, оның үстіне атомдардың қарамының әр түрлі болуы олардың қасиеттерінде айырмашылық тудырады.
Алюминий бор сияқты тотығып, оң үш валенттік көрсетеді, теріс валенттік білдіруі бордан да сирегірек.
Алюминий нағыз амфотерлі элемент. Алюминий қосылыстарының көпшілігінде sp3- гибрид және sp3d2- гибридтану күйінде де жиі болады.
Алюминийдің бордан айырмашылығы, оның Al-O-Al тізбегі B-O-B сияқты су әрекетінен үзіліп кетпейді, сондықтан алюминийдің оттекті қосылыстары тұрақты, табиғатта да жиі кездеседі.
Жер қыртысында бар металдардың ең көбі алюминий. Бұл қосылыс түрінде болады. Алюминий алуға жарайтын қосылыстар боксит Al 2 O 3 *xH 2 O, алунит K 2 SO 4 *xAl 2 (SO 4 ) 3 *yAl 2 O 3 *zH 2 O, нефелин 4Na 2 O*4Al 2 O 3 *9SiO 2 . Бұлардың ішінде әзірше алюминий алу үшін көбірек қолданылып келе жатқаны боксит. Бокситке бай жерлер Қазақстанда (Торғай алабында), Орал тауында, Башқұрстанда бар, сонымен қатар Хибинда апатитпен аралас нефелин бар, Сибирьде де алюминий кендері көп.
Алюминий кендері жер қыртысын түзуші атпа жыныстармен де, шөгінді жыныстармен де байланысты.
Атпа жыныстар гранит-далалық шпат, слюда және кварц. Далалық шпат пен слюда алюмосиликат
хЭ 2 О 3 * ySiO 2 *zH 2 O (Э= Al, Cr, Fe ) деп аталады.
Бұл алюмосиликаттар күйреп каолин түзеді, мысалы:
K 2 O*Al 2 O 3 *6SiO 2 +CO 2 +2H 2 O=K 2 CO 3 +Al 2 O 3 *2SiO 2 *2H 2 O+4SiO 2
Каолин күллі саздардың негізі, мұнда алюминий мен кремний ажыраспайқалады. Алюмосиликаттар күйрегенде көбінесе, ақтық продукт осы каолин болады.
Кей жағдайда алюмосиликаттардың күйреуі одан да әрі жүріп алюминий кремнийден ажырасып, әр қайсысы жеке гидраттар түзіп, сол гидраттар қоспасы түрінде болады; сонда алюминий Al 2 O 3 *xH 2 O боксит түріне айналады. Атпа жыныстардың күйіреуінен осылайша келіп шөгінді жыныс - боксит түзіледі.
Алюминийдің табиғи минералдарымен адамзат өте ертеден таныс. Мысалы, біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырда египеттіктердің калий мен алюминий сульфатынан тұратын минералды тастарды өндіріп, оны байланыстырушы және тері өңдеуші зат ретінде пайдаланғаны белгілі. Оны ертедегі римдіктер де өндіріп, осы мақсатқа қолданған. Олар бұл минералды алюмин деп атаған. Оны және осы сияқты минералдарды европалықтар квасцы деген. Демек, квасцы - латын тіліндегі алюмин дегенге тең. Жалпы, квасцы (алюмин) дегеніміз екі металл сульфаттарының белгілі бір мөлшерде, қатынас тарда араласа, біріге кристалдануы, біріге қатаюы. Квасцы (алюмин) Орта Азия мен Қазақстанда ашудас (түбірі -«ашулы тас», «ащы тас») деген атпен белгілі де ол мал емдеу, тері еңдеу, ұрт ойылғанда шайып, емдеуге т. б. қолданылған.
Ашудас жайлы алғашқы жазба деректер алхимия дәуіріндегі ықпалды оқымысты және дәрігер Парацельс (1493-1541) еңбектерінде кездеседі. Бертін келе 1746 жылғы Пошт еңбектерінде ашудас минералы толығырақ сипатталған. Ал, неміс оқымыстысы А. Маркграф 1754 жылы ашудастан суда ерімейтін, түссіз, ұнтақ «жер» затын алғанын жариялайды. Оның «жер» деп жүргені қазіргі алюминий оксиді еді. Кейінірек осы ұнтақты зат кәдімгі жер, балшық құрамынан да табылады. Міне, осыған байланысты алюминий оксидіне глинозем деген ғылымын атау қойылады. Глинозем жер қыртысының, тау жыныстарының, сол сияқты кәптеген құнды минералды тастардың құрамында болады. Ал, әйгілі француз оқымыстысы А. Лавуазье ашудастан (квасцыдан) «жер» (глиноземді) қосылысын, яғни саз балшық аталатын алюминий оксидін алып, жан-жақты зерттей келіп, 1789 жылы оның құрамында әлі белгісіз металл бар деген пікірді атайды. Осыдан бастап жаңа металды іздеу басталады.
Кезінде бірнеше химиялық элементтерді ашып, артында өшпестей ат қалдырған ағылшын оқымыстысы X. Дэви жаңа элемент, қанатты металл - алюминий алуға арналған ғылыми-техникалық ізденіс керуенін бастады. Ол он тоғызыншы ғасырдың басында, 1808- 1810 жылдары әр түрлі ашудастардан саз балшықты (алюминий оксидін) тазартып алады да, оны электролиздеу арқылы алюминий алмақ болады. Сан рет тәжірибелерді қайталап, оларды өзгертіп ттегенмен жаңа металды ала алмайды. Бірақ, ол белгісіз элементті ала қалған жағдайда оны «алюминий» деп атауға ұйғарады. Ол өзінің бұл ойын замандастарына айтып, жазып қана қоймай ғылымн еңбектерінде жариялайды.
Іле-шала, бұл істі сол кездегі танымалы швед ғалымы Я. Берцелиус жалғастырады. Ол да алюминийді электролиздеу жолымен алуды көздеіт, түрлі зерттеулер жүргізгенімен, мақсатына жете алмайды. Зерттеулері сәтсіздікке душар болғанына қарамастан, ол саз балшық құрамында жаңа элементтің бар екенін нұсқап, оны «алюмий» деп атауды ұсынады. Алайда, әлі алынбаған белгісіз элементтің аты, оның езі жоқ болғанына қарамастан оқымыстылар арасында X. Дэви айтқандай «алюминий» деген атаумен басымырақ айтылып, жазылыл, қалыптасады. Осы түста айта кететін бір жай бар. Ол қанатты металл атауының Россияда орнығуы. Мұнда кейбір ғалымдар «алюмий» десе, келесі топтағылар - «глиноземий», ал үшіншілері -«алюминий» - деп жүрді. Ол тек 1862 жылдан бастап «алюминий» болып бекітілді.
Бертін келе, он тоғызыншы ғасырдың бірінші ширегінен кейін, аты бар да заты жоқ элементті іздестірудің келесі және шешуші кезеңі басталды. Оның көш басында дат оқымыстысы Г. Эрстед (1777-1851) тұрды. Ол 1825 жылы алюминий тотығымен көмірді қызарғанша қыздырып, олар арқылы хлор газын жіберіп, тұңғыш рет сусыз алюминий хлоридін алады. Сосын оған калий амальга- масын қосқанда, калий хлориді мен алюминий амальгамасы шығады. Енді алюминий амальгамасын қыздырғанда сынап буланып, үшады да кішкене тигельде алюминий калады. Ол суда ерімейтін, күңгірт түсті ұнтақ зат болатын. Әрине, бұл таза болмағанымен, жаңа металл алюминий еді. Ол ез тәжірибесін ғалымдар мен мамандар арасында беймәлімдеу журналда жариялайды да, өзінің негізгі бағыты электромагнитизммен шұғылданып, алынған ұнтақты - алюминий металын сипаттауға мұршасы болмайды. Екі жылдан кейіи 1827 жылдың көктемінде неміс химигі Фридрих Велер Копенгаген қаласына келіп, онда Эрстедпен әңгімелеседі. Осы кездесу кезінде Ф. Велер әлі оқымыстылар арасында белгісіз элементпен Эрстедтің шұғылданбай жүргенін біліп және оның бұл бағыттағы тәжірибелерімен нақтылы танысып оралады. Ол өз еліне келісімен алюминий элементін алуға арналған ғылыми-зерттеу жүмыстарына асқан үқыптылықпен қызу кіріседі. Ол сусыз да аса қүрғақ алюминий хлоридін және калийді платинадан жасалған тигельге салып, оны мұқият бекітіп қыздырады. Олардың арасындағы химиялық реакция нәтижесінде калий хлориді мен алюминий металы түзіледі. Мұнда да алюминий таза металл күйіше де болмай, қалайы сияқты аппақ жылтырауық ұнтақ қалпында болады. Ф. Велер тез арада алюминийдің азын-аулақ сипатын анықтап, 1827 жылдың ноябрінде жариялайды. Міне, осы жылды әлемнің оқымыстылары мен ғылым тарихын зерттеушілер алюминий элементі ашылған, табылған жыл деп жүр.
Алюминий металының таза қалпында алынуы Ф. Велердің атын әйгілі етіп, лауазымын көтерді. Ол, мұнан кейін де көптеген жылдар бойына ұнтақты емес, бүтін, саф күйіндегі металл алу үшін көп еңбектенді. Тек, 1845 жылы ғана үлкендігі жүгерідей ғана металл түйірін алады.
Өткен он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, алюминийді өндірістік жағдайда кәптеп алуға арналған ғылыми-технологиялық жұмыстар, ізденістгр басталады. Өйткені, оны лабораториялық жағдайда алу игерілгенді.
Сонымен 1854 жылы неміс оқымыстысы Бунзен натрийдің хлорлы алюминат тұзын балқытып, оны электролиздеп ендіруді ұсынды. Демек, таза алюминий өндірісінде екі бағыт пайда болады. Оның бірі Велер әдісі де, екіншісі Бунзендікі.
Бұл ретте жұлдызы жарқырай жанған кісі - француз оқымыстысы және өнеркәсіпшісі Сен-Клер-Девилль болды. Ол Велер әдісіне негізделген кішкене өндіріс ұйымдастырып алюминий металын өндіреді. Ал, 1855 жылы Парижде қымбат та кереметтей, жаңа да сирек заттарға арналған керме ұйымдастырылды. Онда әлемнің әр түкпірінен әкелінген жаңалықтар болатын. Мұнда әкелінген, Шамасы бір килограммдай ғана алюминийден әзірленген металл түйірі мен қаңылтыры келушілерді таң қалдырды. Ол кезде алюминий алтыннан да қымбат әрі өте аз болатын, және оны «болашақ күмісі», «Девилль күмісі» десетін. 1859 жылы Девилль өзінің кішкентай ғана заводында 1680 килограмм алюминий ендірді. Бұдан басқа әлі әлемде бір де өндіріс орны жоқ болатын. Ол кезде алюминийден қасық, шанышқы сияқтылармен қатар сан алуан әшекейлік зергерлік заттар жасалып, онымен әскери және мемлекеттік тулар безендірілетін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz